Просмотр содержимого документа
«Те?із ?німдерін ??деу»
Тақырыбы: Теңіз өнімдерін өңдеу.
Өткен сабақ бойынша білімдерін пысықтау.
1. Балық мөлшеріне қарай қалай бөлінеді?
2. Қабыршақты балықтың механикалық-аспаздық өңдеу әдістерін жолдары қалай жүреді?
2. Балықты жылумен өңдеудің қандай әдістері бар?
3. Балық котлет массасынан қандай шала фабрикаттар дайындалады?
4. Аунатпалардың түрлерін ата
5. Балықты тартымдау үшін қалай өңдейді ?
Шаян тәрізділер
Краб
Асшаян
Шаян
Омар
Лангуст
Былқылдақ денелілер
Кальмар
Мидия
Трепанга
Теңіз тарағы
Мидия
Екі жақтаулы былқылдақ денелі . Тағам ретінде еті жұмсағы мен шапаншасы пайдаланылады.
Тағам дайындау үшін консервіленген немесе ракушкасындағы тірі мидияларды қолданады, сыртын қырып, бірнеше сағат суға салып қояды, 20 мин қайнатып пісіреді, қабығын аршып етін ыссы суда жуады, пісіреді. Оларды салаттар, салқын және ыстық екінші тағамдар, тіскебасарлар, көжелер, тартымдар дайындайды. Жас мидияны 15-17˚С t-да 3-5 сағат сақтайды.
Краб
Тамақтандыру кәсіпорынына крабтың қалбырланған,тірі күйінде, тұтас пісірілген күйінде,бөлінген күйінде түседі.оны аркасын төмен қаратып, қалбырларынан ажыратып, желбезегін алып, сыртқы қабығын алып, ішіндегі ақ етін ине арқылы алады.Крабтардан салаттар, тіскебасарлар, екінші ыстық тағамдар, гарнир ретінде , балық тағамдарын әсемдеу үшін, тұздықтардың құрамына қосу үшін қолданады .
Креветка
Құйрық жағында орналасқан құрсағы жеуге жарамды болып келеді, жас-тоңазытылған, пісірілген-тоңазытылған күйінде әкелінеді.
Тоңазытылған креветкаларды ауада не суда жібітеді, жуады,шала тұздықтайды, 3-4 мин қайнаған суда пісіреді. Креветкалардан салаттар, тіскебасарлар, пісірілген екінші тағамдар, тағамдарды әсемдеу үшін қолданады.
Шаян
Тамақтандыру орындарына тірі күйінде әкелінеді, оларды жуып, қайнаған тұзды суға салып, дәмдеуіштермен пісіріп алады. Пісірілген шаяндарды табиғи күйінде тіскебасар ретінде пайдаланады.
Омар
Массасы 5-10кг болатын теңіз шаяндары. Жас-тоңазытылған, пісірілген-тоңазытылған, күйінде әкелінеді, ауада немесе 1-3 сағат суда жібітеді. Оларды пісірілген немесе қуырылған күйінде, салқын тағамдармен ыстық тіскебасар дайындау үшін пайдаланады.
Лангуст
Массасы 5-10кг болатын теңіз шаяндары. Жас-тоңазытылған, пісірілген-тоңазытылған, күйінде әкелінеді, ауада немесе 1-3 сағат суда жібітеді. Оларды пісірілген немесе қуырылған күйінде, салқын тағамдармен ыстық тіскебасар дайындау үшін пайдаланады.
Кальмар
Массасы 350-750г болатын былқылдақ денелер. Тамақтандыру орындарына бөлшектелінбеген, тоңазытылған және консервіленген күйінде әкелінеді. 2-3 күн сақталынады. Тоңазытылған кальмарларды 18-20 ˚ С t-да ауада немесе суда жібітеді, бөлшектеп өңдейді.Басын және терісін алу үшін 4-5 қайнатады, салқын сумен жуып алады, әрі қарай тағам дайындау үшін етін шала тұздықтап, суға екі минут пісіреді. Кальмарларды салқын және ыстық тағамдардың алуан түрін дайындау үшін пайдаланады.
Трепанга
Тікен терілер.Тамақтандыру орындарына кептірілген, тоңазытылған, пісірілген және консервіленген күйінде әкелінеді. Кептірілген күйінде жуып тәулік бойы суын ауыстырып тұрады. Массасы 5 есе артады, содан соң ішін жарып тазалайды.Оны жұмсарғанша 2-3сағат пісіреді. Оларды салқын, тұздықтар, екінші тағамдар дайындау үшін қолданады .
Теңіз тарағы
Қос жақтаулы былқылдақ дене.Тамақтандыру орындарына жас, тоңазытылған, пісірілген және консервіленген күйінде әкелінеді.
Шала тұздықтап 7-10 мин қайнаған суда дәмдеуіштермен пісіреді, салқындатып турайды.Ыстық және салқын тағамдардың барлық түрлерін дайындайды .