3.Сабақтың тақырыбын түсіндіру | | Жалаң сөйлем— тек тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі. Жалаң сөйлем тек қана бастауыштан немесе тек қана баяндауыштан тұруы, я болмаса қос тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнен болуы да мүмкін. Жалаң сөйлемнің басты белгісі — бір тұрлаулы мүшенің немесе екі тұрлаулы мүшенің жай сөйлемге тән хабарламаны қамти алатындығы және сөйлемнің тұтастығы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, жалаң сөйлем сөйлемнің басқа түрлерінен ерте қалыптасқан. Жалаң сөйлем сөз таптарының қатысына қарай есімді де, етістікті де бола береді. Мысалы: жаңбыр жауды, ол келді, Айнұр бара алмады- етістікті тіркес. Ол студент, мен ұстазбын, ол сымбатты- есімді тіркес. | Тыңдаушылар аталмыш қорларды мұқият бақылап қажетті кезеңдерді түртіп алады. Мысалдар келтіреді. | Интер тақта,лекция |
4.Топтардағы жұмыс | | «Кубизм» стратегиясы бойынша тапсырмалар орындау. Бірінші беті:«САЛЫСТЫРЫҢЫЗ». Венн диаграммасы арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын тап. Жақты және жақсыз сөйлемдерді салыстыр. Екінші беті: «АЯҚТАҢЫЗ». Оқушыларға толымсыз сөйлемдер жазып беріп, оларды толымды сөйлемдерге жасап аяқтау тапсырылады. Маған келіп тұр. Иә, кешке барамын. Жаннұр айтқан жоқ. Үшінші бетте: «АНЫҚТАҢЫЗ». Белгілі бірнеше жалаң сөйлемді алып, олардан бірнеше үлгіде жайылма сөйлем жасау.Үлгі: Төртінші бетте: «СӘЙКЕСТЕҢДІРІҢІЗ». Екі қатарға толымды, толымсыз сөйлемдерге сәйкес болатын мысалдар жазу, сызықша арқылы оқушылар қай сөйлем қай сөйлем түріне сәйкес екенін анықтайды. Толымды Асан келді Толымсыз Айгүл Астанадан ағасымен келді Толымды Мұғалім емтихан сұрақтарын берді Толымсыз Анам кеше дүкеннен кеш келді Толымды Мен емтихан тапсырдым Толымсыз Апам ертең қалаға бармақшы Бесінші бетте: «СУРЕТТЕҢІЗ». Әр заттың түріне, қасиетіне қарап суреттеу керек. Не болмаса сыныптағы оқушының мінезін, түр-әлпетін суреттеу. Алтыншы бетте: «ТАЛҚЫЛАҢЫЗ». Қолданыңыз не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз. Атаулы сөйлемді оқытқанда қызығушылықты ояту үшін мындай қызықты тапсырмаларды беруге болады: 1. Қанша атаулы сөйлем табар екенсің? 2. Мына сөздерден атаулы сөйлем құрап көр. (тақтада әртүрлі әріптер беріледі) 3.атаулы сөйлемді орыс, ағылшын тіліне аудару,т.б. Жалаң сөйлем түріне 3- сынып оқулығынан қмж дайындап сабақ үлгісін көрсету. | Ой бөліседі, пікір алмасады,қорытынды жасайды. | Стикерлер, маркерлер, А4 қағаз, 3-сынып оқулығы |