Халы? м?расыны? танымдылы? т?рбиесіні? м?ні – ?лан?айыр д?ние. Ол т?тасымен ал?анда жас ?рпа? ?шін ?ана емес, адам ?міріні? барлы? кезе?інде м?нді, адамзатты? рухани-эстетикалы? ?уатыны? ?айнары. Оны? ішінде тікелей бала т?рбиесіне ба?ыттал?ан, баланы? жан д?ниесіні? ?алыптасуына, рухани мар?аюына негіз болатын д?ст?рлер к?п-а?.
?аза? хал?ыны? да, бала т?рбиесі ж?нінде, атам заманнан жиып терген мол т?жірибесі бар. Халы? ?з бойында?ы е? жа?сы ?асиеттерін жеткіншек ?рпа??а к?нделікті т?рмыста ?йретіп, бала бойына сі?іріп отыр?ан.
Дайынды? кезе?і. Ж?мысты ж?ргізу ?шін т?мендегідей істер жасау керек.
О?ушыны, ата-ананы жете зерттеу;
Педагогика тарихы жайында?ы е?бектерд? о?ып шы?у;
К?нделікті басылымдарды о?ып отыру;
Тарихи шы?армаларды та?ы бір о?у;
Та?ырыпты? альбомдар, буклеттер жасау;
Д?кендерден ?ажетті кітаптар, к?йтаба?тар сатып алып отыру;
Жеке адамдарды? а?ыл-ке?есін ты?дай;
М?ражайлар?а барып ?ажетті экспонаттарды зерделеу.
?р адамда ?з анасынан бас?а болу керек ??діретті т?рт ана:
Ту?ан жері – т?п ?азы?ы, айбыны
Ту?ан тілі – сар?ылмайтын байлы?ы.
Ту?ан д?ст?р, салт санасы – тірегі
Та?дырына шуа? шашар ?немі, - деген ?ле? жолдары мені? ж?мысыма н?с?ау беріп т?р?андай. К?нделікті саба?, т?рбие жоспарыма атал?ан т?рт тарма?ты? біреуін негіз етуге тырысамын.
Ананы? бесік жырынан басталатын т?рбие халы?ты? т?рбиені? бастау б?ла?ы болып табылады. Сонды?тан да жас жеткіншекке халы?ты? мазм?ны бай т?рбесін, ?дет-??рпын, салт-д?ст?рін тере? ?алыптастыратын т?лім-т?рбиелік ж?мысыны? бір б?лшегін «Тал бесік» деп атадым.
О?ыту процесінде ?аза? тілі п?ніне арнап к?птеген карточкалар жасадым.жасал?ан карточкалар?а номер ?оймаймын. Оны? бер жа?ына тапсырманы жазамын. О?ушы карточканы ал?анда бірінші сыны? м?йіз екенін айтып, сосын тапсырманы орындайды. Б?ны сыныпта ою тапсырма деп атаймыз.
Ою тапсырма?а (карточка?а) «Тал бесіктен», «С?з тоспай с?йлеме», «??сты? ?ясын, ??мырс?аны? илеуін б?зба», «Есікті керме, боса?аны баспа» т.б. осы сия?ты с?йлемдер алын?ан. Б?л с?йлемдерді болымсыз етістік та?ырыбын ?ткенде, с?зге дыбысты? талдау жаса?анда, септік жал?ауына жатты?у ж?ргізгенде де пайдалану?а болады.
?аза? мектебінде о?итын ?р о?ушы ?аза? тілін жете біліп шы?уы ?шін ?р саба?та ?мыт бола баста?ан с?здерге к??іл б?ліп отырамын.
Ата-?оныс, жер-су аттары. Ер т?рман аттары (?зе?гі, ауызды?, т?сау) т.б.
Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды Халы?ты? педагогикамен о?ыту ж?не т?рбиелеу»
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №23 орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Копбергенова Нурбиби Сабырбаевна
Оқушыларды Халықтық педагогикамен оқыту және тәрбиелеу
Халық зердесіне үңілсек ұрпақ тәрбиесі қай елдің, қай кезеңнің болсын өзекті мәселесі болып отыр. Бұл көкейтесті мәселе ғасырлар бойы тек халықтың өткен тәжірибесіне сүйенгенде ғана сәтті шешімін тауып отырған. Ол халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен біте қайнасып, тархи кезеңдер ерекшелігіне, қоғамдық даму сатыларына қарай жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.
Халық мұрасының танымдылық тәрбиесінің мәні – ұланғайыр дүние. Ол тұтасымен алғанда жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңінде мәнді, адамзаттың рухани-эстетикалық қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын дәстүрлер көп-ақ.
Қазақ халқының да, бала тәрбиесі жөнінде, атам заманнан жиып терген мол тәжірибесі бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған.
Халықтың тілін, салтын, дәстүрін бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу үшін халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмысына негіз еьіп алуды жөн көрдім. Бұл ауқымы кең жұмыс ата-анамен тығыз ынтымақта ғана нәтижелі болмақ.
Дайындық кезеңі. Жұмысты жүргізу үшін төмендегідей істер жасау керек.
Оқушыны, ата-ананы жете зерттеу;
Педагогика тарихы жайындағы еңбектердң оқып шығу;
Күнделікті басылымдарды оқып отыру;
Тарихи шығармаларды тағы бір оқу;
Тақырыптық альбомдар, буклеттер жасау;
Дүкендерден қажетті кітаптар, күйтабақтар сатып алып отыру;
Жеке адамдардың ақыл-кеңесін тыңдай;
Мұражайларға барып қажетті экспонаттарды зерделеу.
Әр адамда өз анасынан басқа болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны
Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт санасы – тірегі
Тағдырына шуақ шашар үнемі, - деген өлең жолдары менің жұмысыма нұсқау беріп тұрғандай. Күнделікті сабақ, тәрбие жоспарыма аталған төрт тармақтың біреуін негіз етуге тырысамын.
Ананың бесік жырынан басталатын тәрбие халықтық тәрбиенің бастау бұлағы болып табылады. Сондықтан да жас жеткіншекке халықтың мазмұны бай тәрбесін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін терең қалыптастыратын тәлім-тәрбиелік жұмысының бір бөлшегін «Тал бесік» деп атадым.
Оқыту процесінде қазақ тілі пәніне арнап көптеген карточкалар жасадым.жасалған карточкаларға номер қоймаймын. Оның бер жағына тапсырманы жазамын. Оқушы карточканы алғанда бірінші сынық мүйіз екенін айтып, сосын тапсырманы орындайды. Бұны сыныпта ою тапсырма деп атаймыз.
Ою тапсырмаға (карточкаға) «Тал бесіктен», «Сөз тоспай сөйлеме», «Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба», «Есікті керме, босағаны баспа» т.б. осы сияқты сөйлемдер алынған. Бұл сөйлемдерді болымсыз етістік тақырыбын өткенде, сөзге дыбыстық талдау жасағанда, септік жалғауына жаттығу жүргізгенде де пайдалануға болады.
Қазақ мектебінде оқитын әр оқушы қазақ тілін жете біліп шығуы үшін әр сабақта ұмыт бола бастаған сөздерге көңіл бөліп отырамын.
Ата-қоныс, жер-су аттары. Ер тұрман аттары (үзеңгі, ауыздық, тұсау) т.б.
Осындай үлгіде «Киіз үй жабдықтары», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық тамақ түрлері» сөздердің топтамасы бар. Бұл сөздерді мағынасын түсіндіріп, сабақтың мақсатына қарай пайдаланамын.
Дыбыстық талдау жасатамын, сөздік диктант жаздырамын. Тәуелдік, септік, көптік жалғауларына жаттығу жүргізгенде осы сөздерді қамтып отырамын. Аталған сөздерді тірек сөздер ретінде алып, сөйлемдер, шағын әңгімелер құратамын.
Ұлттық ойын түрлері «Қазақтың ою-өрнектері» деген топтамаға кірген. Ақсүйек, алтыбақан, соқыртеке түйемойын сақина , қошқар мүйіз, бұғы мүйіз т.б. сөздерді біріккен сөздерді оқытқан кезде айдаланамын, мағыналарын түсіндіріп отырамын.
Қазақ халқының күнделікті тұрмысында қолданылған заттарды таныту «Баба мұра, армысың!» деген айдармен жүргізілді. Бұл саладағы материалдарды жинақтап, төмендегі мазмұнда бірнеше буклетер жасадым. 1) киіз үй; 2) қазақша жыл қайыру; 3) қазақтың ою-өрнектері; 4) ұлттық саз аспаптар; 5) дала көркі мал.
Альбомдар түрі. 1. Өнер көзі – халықта; 2. Ұлттық саз аспаптары; 3. Ұлттық киім үлгілері, қоржын тігілді. Қоржынға сабаққа тиісті үлестірмелі «ою тапсырмаларды», асықтарды салып қоямын. Асыққа цифрларды жазамын да сандардың құрамын не көбейту кестесін, қайталау кезінде қолданамын. Мысалы оқушы «4» жазуы бар асықты алса, төрттің құрамын не төрттің көбейту кестесін айтады. Асықтарға септік жвлғауларының аттарын қысқартып жазамын. Алған оқушы тиісті сөзіне осы септік жалғауларын айтады. Немесе мақал айтқызамын, бірақ мақалдың ішінде тиісті септік жалғауында тұрған зат есім болғанын талап етемін.
Мысалы, ал оқушы «І.С.» деген асықты алып,
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті, - деген мақалды келтіріп «еңбектің, жалқаудың» деген сөздер ілік септігіндегі сөздер деп жауап береді.
Ата-ананың көмегімен жасалған киіз үйдің макетін сабағымда оқушының сөздік қорын молайту үшін және қазақтың қонақ күту рәсімін үйрету мақсатында қолданамы.
Ең алдымен киіз үйдің неше қанаттан тұратынын айтамын. «Киіз үйдің жабдықтары» деген сөздер топтамасына кіретін уық, шаңырақ, түндік, кереге, басқұр, аяққап, иін бау, жел бау т.б. сөздердің мағынасын ұғындырамын.
«Киіз үй» буклеттерінен суреттерін көрсетемін. Осы сөздерді буынға бөлгіземін, сөздік диктант жаздырамын, тірек сөздер етіп алып әңгіме құратамын.
Аңыз кейіпкері Қожанасыр, Алдаркөсе, Жұмбақбай атай макеттері және қазақтың ұлттық бұйымдары: сандық, бесік, домбыра, ұршық, қазан, ошақ, мосы макетері жасалынды.
«Маңғыстаудың бір бөлшегі» деген атпен «Шыңырау құдық» макеті жасалынды. Онда Шыңырау құдық 80-100 м тереңдіктен су шығатыны оны қолмен, қауғамен су тартудың мүмкін еместігі, оны түйені пайдаланып су тартатындығын, қауғаны малдың терісінен тігетінін, оның ішіне 5-6 шелек су кететіндігін макет арқылы айтып көз алдарына елестетіп отырамын.
Көшіп жүрген қазақ халқы жердің тозып етпеуін қатты қадағалап отырған. Жерін де, суын да қадірлеген.
«Балдырған» журналында жарық көріп келе жатқан «Батырлар жырынан» үзінділерді мәнерлеп оқуға негіз етіп алып отырамын.
Мұндағы мақсатым – ауыз әдебиетінің бай мұрасымен оқушыны табыстыру.
Бұл жерде жырдағы қиын сөздермен сөздік жұмысын жүргіземін.
Заман талабына сай ұлттық тәрбие беру басты міндетміз болғандықтан күнделікті оқу тәрбиесі барысында осы мақсатты басшылыққа аламын. Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмысымды осы мазмұнда жүргізіп келемін.