«Темір» жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ахмет Қымбат Ілесбекқызы
Оңтүстік Қазақстан обылысы
Отырар ауданы
«Темір» жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ахмет Қымбат Ілесбекқызы
Сыныбы:5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Табу
Сабақтың мақсаты: білімділік- жаңа сабақты меңгерту өткен материялдармен байланыстыра оқушының білімдерін бекіту, жинақтау;
Дамытушылық -дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік –оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге, үлкенді сыйлауға, өз елінің дәстүрін, әдет-ғұрпын, салт-санасынбілуге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі : ашық сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, мақал-мәтел айту жарысы, жаттығу, талдау
Пәнаралық байланыс: әдебиет, этнопедогогика
Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері 2 мин
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар, біз әдебиеттен ертегілер тақырыбын өткен едік.Ал енді бүгінгі сабағымызда сол «Ер Төстік» ертегісінің жаңа нұсқасымен танысып көрейік. Салт-дәстүрімізбен де жақын танысамыз. Төстік Кенжекейді келін етіп түсіру үшін алдында бірнеше тапсырмалар бар екен, сол тапсырмаларды орындау арқылы Төстікке көмектесейік.
1. «Сиқырлы қақпа» 5 мин
1 2. « Мыстанның өрнегі» Ертегіде ылғи жағымсыздығымен көрінетін Мыстан кемпір бұл жолы да Төстіктің алдына өрмек тоқып қойыпты. Сол өрнекті шешіп көрейік(Үй тапсырмасын пысықтау, жаттығуларды тексеру).
1. Биік тау - аласа тау
2.Ашық есік - жабық есік
3.Жаңа үй - ескі үй
4.Сұлу қыз -ұсқынсыз қыз
5.Жас жігіт - кәрі шал
6.Батыл - қорқақ 1
7.Ер жүрек - су жүрек
8.Батыл - қауқарсыз 4 мин
Өрмекші торы
Сергіту сәті: « Жұлдыздарға жету» Төстік ауылының шетіне келіп демалып отырып
Аспанға қарайды. Аспандағы жұлдыздар жарқырап тұр екен. Төстік «Шіркін, мына жұлдыздардың біреуін алсам ғой» деп армандайды. Қане, балалар, біз де армандап көрейік. Қолымызды жоғары созайық, аспандағы жұлдызды алайық! Жұлдыздарды алу жолында аянбайық! Жұлдызымыз әрдайым жарқырап тұрсын.
Төстік алдында тұрған кедергілерден өтіп Кенжекейге үйленді. Сөйтіп олар жаңа өмір бастады. Ендеше бізде жаңа сабағымызды осы жерден бастаймыз.
Жаңа сабақ 10 мин
Оқулықтан «Табу» туралы теориялық мәлімет ұсынылады.
Сөйтіп Ерназардың шаңырағында ұлан-асыр той басталады.
Өткен сабақтармен байланыс.
2. «Тойбастар» Қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрі: әр тойда дағдылы тойбастар жырымен басталады.
Әдетім той бастайтын әуел баста,
Сұлу сөз жарысады қарындасқа.
Шабытын көкірегіне жел берген соң,
Бұл тойды кім бастайд менен басқа.
«Ер Төстік» ауыспалы мағыналы сөз.
(ауыспалы мағыналы сөзді табу)
Аямай жанын дос етер,
Жолдастықты ақтаса.
Алдыңа алдап жоқтаса
Ерінбей жүріп боқтаса. (синоним сөзді табу)
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
«Жасау» қазақтың ертеден келе жатқан ғұрпы. Жас келіннің артынан киім- кешек дүниесін сандыққа салып берген. Кенжекейдің артынан келген жасауды біз де корейік, жаттығулар орындайық.
1. Оқулықпен жұмыс 3-мин
1).101-жаттығу. Ауызша орындау, оларды табу екенін дәлелдеңдер.
Еліктеуіш сөздер, сан есім, есімдік, зат есім, етістік, шылау, сын есім, үстеу.
3.Тыйым сөздердің мағынасын ашу.
Малды теппе,
4. «Мені түсін» ойыны қорытынды.
«Шашу»-қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Зор қуаныш күндері құрт, кәмпит, күміс теңгеден шашу шашқан. Бізде шашудан құр қалмайық. Шашу сұрақтарын алайық.
1. Табу дегеніміз не?
2.Қыздарға байланысты қандай табу сөздерін білесіңдер?
3.Табиғаттың қатал құбылыстарына байланысты қандай табу сөздерді білесіңдер?