kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоспар

1.1 Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы.

    1. Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшаның тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру – балардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі.  Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты – табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау- экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңызды. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді, бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайрымдылыққы тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және  пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, мектеп алды даярлықтарға байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат, мұражайларға бару, мақсаттық серуен, телебағдарламалар, бейнефильмдер, табиғат туралы көркем әдебиеттер, суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау, музыка тыңдау, дидактикалық ойындар, мақал мәтелдер.

Экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

-табиғаттағы әр түрлі оқиғалар бейнеленетін немесе табиғатты қорғау,көренйту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын,

-балабақша алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жузеге асыру,сондай-ақ,заттарды қайта өңдеу,(ойыншықтар,кітаптарды және т.б жөндеу) іс-әрекетті;

-табиғатта алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелу өнерінің туындыларын жасау;

-табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жанауарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау – бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитып кешенді іс-әрекет;

-тәжірибе жасау – бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабақтасып  келген іс-әрекет жүзіндегі танымдық іс-әрекет;

-тіл, сйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, диологқа қатысу;

-табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөніндегі пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;

-табиғат жайындағы мазмұнды телехабарларды, көріп тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет жасау;

-бақылау –өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету:

     Бақылау – табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен қоршаған ортамен  тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады.

Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру – өсімдіктер мен  жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың  сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты.

Бақылау балаларға табиғат  жөніндегі нақты  түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі. Ал баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді.

Балалармен экологиялық бағытта іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерін игеруін қамтамасыз етеді.

Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету – әр әдіс түрінің тәжірибе мен млдельденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендермен және құрдастарымен арадағы қарым-қатынасы күрделіленіп, іс-әрекетінің мазмұны мен формасы нығайып жетіле түседі. Негізінен бұл жастағылардың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады. Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды ынталылықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Табиғаттағы пайдалы жұмыс түрін орындауда ынталанушылық көрініс татабады. Табиғат аясында тәрбиеші ұсынған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау дағдыларының дамуы баланың оқу ісіне, білім алуына бейімделуіне ықпал етеді. Кішкентай балаларға қарағанда мектеп алды даярлық жастағылардың ұғыну, қабылдау әрекеті неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, тәрбиеші көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады.

Мекиеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастыруда олардың жас кезеңдерінің, ыңғайлы кезең екендігін, нақты компоненттерді тірек ете отырып(мотивациялық-құндылық, эмоционалдық-сезімдік, іс-әрекеттік) шешімін іздестіруге болатынын дәлелдейміз.

Балабақшада балалар табиғатпен жан-жақты терең таныстырып отыру тек экология оқу іс-әрекетінде ғана емес, тіл дамыту оқу іс-әрекетінде де өз жалғасын табуы қажет.Ол үшін балалардың жасына, тәрбиеленетін тобына байланысты.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:

-педагогтар экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

-баларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата-аналарына насихаттау;

-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Біз табиғи факторлар – су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар өлі және тірі табиғат арасында организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғат пен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор ьолып табылады.Ол әр түрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу онерін дамытады.

Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы  баланың бойындатабиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;

2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;

3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойыншықтарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;

5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.

Тәрбиеші – педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологтялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық салалардықалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде мектеп алды даярлықтар тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгерщілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншіліккежәне соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптасады.

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді.

Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болуымен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенінушқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейріммен аялау  арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлщегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсінуге әрекет жасап көр.

Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы.Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен-кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейрімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық.

«Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді», демекші, барша байлықтың анасы- Жер, жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарды игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны  түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру»

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі







КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:

Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру





Орындаған:Халматова.Р.

Тобы:МДО-181/Б

Қабылдаған оқытушы:Нурметова.Д.



















Ақсукент 2020ж



Жоспар

І .Кіріспе

1.1 Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы.

1.2 Әртүрлі жастағы балалардың табиғатпен таныстыру ерекшелігі мен міндеттері.

1.3 Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі, қалыптасу жолдары.

2.2 Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту.

2.3 Тәжірибелік жұмыс

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





























Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Адам өмірі абиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінің сан алуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсуіне ерте заманның өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат - бұл әртүрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.

Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Зертттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру.

Зерттеудің міндеті:

-Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.

-Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.

-Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы Республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламада «Баларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. К.Д.Ушинский – баланы табиғат пен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын , сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен

Ал табиғатпен таныстыру – балардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.

Қорщаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты.Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылық пен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, мектеп алды даярлықтардың өнегесі арқылы дүниені таниды көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге , табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірмен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

    1. Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшаның тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру – балардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты – табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау- экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңызды. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді, бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайрымдылыққы тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге , мектеп алды даярлықтарға байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат, мұражайларға бару, мақсаттық серуен, телебағдарламалар, бейнефильмдер, табиғат туралы көркем әдебиеттер, суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау, музыка тыңдау, дидактикалық ойындар, мақал мәтелдер.

Экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

-табиғаттағы әр түрлі оқиғалар бейнеленетін немесе табиғатты қорғау,көренйту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын,

-балабақша алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жузеге асыру,сондай-ақ,заттарды қайта өңдеу,(ойыншықтар,кітаптарды және т.б жөндеу) іс-әрекетті;

-табиғатта алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелу өнерінің туындыларын жасау;

-табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жанауарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау – бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитып кешенді іс-әрекет;

-тәжірибе жасау – бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс-әрекет жүзіндегі танымдық іс-әрекет;

-тіл, сйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, диологқа қатысу;

-табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөніндегі пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;

-табиғат жайындағы мазмұнды телехабарларды, көріп тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет жасау;

-бақылау –өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету:

Бақылау – табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады.

Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру – өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты.

Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі. Ал баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді.

Балалармен экологиялық бағытта іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерін игеруін қамтамасыз етеді.

Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету – әр әдіс түрінің тәжірибе мен млдельденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендермен және құрдастарымен арадағы қарым-қатынасы күрделіленіп, іс-әрекетінің мазмұны мен формасы нығайып жетіле түседі. Негізінен бұл жастағылардың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады. Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды ынталылықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Табиғаттағы пайдалы жұмыс түрін орындауда ынталанушылық көрініс татабады. Табиғат аясында тәрбиеші ұсынған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау дағдыларының дамуы баланың оқу ісіне, білім алуына бейімделуіне ықпал етеді. Кішкентай балаларға қарағанда мектеп алды даярлық жастағылардың ұғыну, қабылдау әрекеті неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, тәрбиеші көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады.

Мекиеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастыруда олардың жас кезеңдерінің, ыңғайлы кезең екендігін, нақты компоненттерді тірек ете отырып(мотивациялық-құндылық, эмоционалдық-сезімдік, іс-әрекеттік) шешімін іздестіруге болатынын дәлелдейміз.

Балабақшада балалар табиғатпен жан-жақты терең таныстырып отыру тек экология оқу іс-әрекетінде ғана емес, тіл дамыту оқу іс-әрекетінде де өз жалғасын табуы қажет.Ол үшін балалардың жасына , тәрбиеленетін тобына байланысты.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:

-педагогтар экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

-баларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата-аналарына насихаттау;

-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Біз табиғи факторлар – су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар өлі және тірі табиғат арасында организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғат пен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор ьолып табылады.Ол әр түрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу онерін дамытады.

Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойындатабиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай , аялай білуге үйретеді. Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;

2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;

3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойыншықтарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;

5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.

Тәрбиеші – педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологтялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық салалардықалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде мектеп алды даярлықтар тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгерщілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншіліккежәне соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптасады.

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық , еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді.

Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болуымен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенінушқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлщегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсінуге әрекет жасап көр.

Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы.Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен-кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейрімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық.

«Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді» , демекші , барша байлықтың анасы- Жер , жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарды игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.

1.2 Әртүрлі жастағы балалардың табиғатпен таныстыру ерекшелігі мен міндеттері.

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру – олардың санасында қоршаған табиғат жөніндегі білімдерді беру құралы, мұның өзі сезімдік тәжірибеге және табиғатқа деген дұрыс көзқарасқа негізделген. Балаларды табиғатпен таныстыру процесінде өзара тығыз байланысты білімді және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады.

Табиғатқа деген ынта-ықыласты да тәрбиелеу қажет. Тәрбиеші жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы түріне, қимылына, қылықтарына балалардың назарын аударып, қалай бақылау керектігін көрсете отырып, балалардың табиғат жөніндегі білімін ғана емес, жануарларға деген көзқарастарында қалыптастырады.

Балалар табиғатта болып, еңбек етуін олардың денсаулықтарын нығайту мен денелерін жетілдіру үшін пайдалану керек. Табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралы болып табылады.

Сәбилер тобындағы балалардың табиғатпен таныстырудың міндеттері:

1. Балаларға жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы мен белсенді сөйлеуін жетілдіру.

2. Балаларды қолжетімді табиғат құбылыстарымен таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықтарын қалыптастыру, тіршілік иелеріне оң қарым-қатынас ын тәрбиелеу, қарапайым эстетикалық сезімдерін ояту қажет.

Сәбилер тобында табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыруда баланың айналасында өмір сүретін жануарлармен таныстыру аса маңызды.

Кіші топта әнші құстарға, аквартумдағы балықтарға құстарға және (ит, мысық, көжек, тотықұс) бақылаулар жүргізу, 2 жасқа қарай бірнеше жануарлардың болмысын сүреттейтін, ойыншықтардан(құс, тауық, мысық, ит) танып көрсетуге, оларды атауға, дауысын еліктеуге үйрету, осы белгілермен қатар нақты атауларын беру. Балалармен бірге жануарлардың кейбір ерекше белгілеріне, дене мүшелеріне (басы, құйрығы), қимылына (жүгіреді,ұшады) назарларын аудару қажет.

Бір жарым жастан асқан балалармен бірге табиғат құбылыстарын бақылау, оларды атай білуге ынталандыру, белсенді сөздік қорларын толықтыруғп көп көмегін тигізеді.

Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратады, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аударады. Екі жасқа қарай тәрбиешінің нұсқауымен белгілі түстегі гүлді тауып алуға, мектеп алды даярлық адамның көмегімен гүлдерді, ағаштар мен шөптерді көрсетуге үйренеді.

Балалар күнделікті өздері көріп, жеуге болатын, (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкеністер мен жемістер туралы түсініктерін бекітіп, оларды болмысынан және суреттерден тануға жаттығады.

Су туралы түсініктерін бекітуде: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынады, және суға шомылады деген сияқты ұғымдармен танысады.

1 жас 6 айдан асқан балалар ды құмның қасиетімен таныстыруда: құрғақ болса сусылдайды; ылғал болғанда, пішінді жақсы сақтайтындығын меңгереді.

Жыл соңында бағдарламалық материялдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

-бірнеше жануарларды табиғи болмысын, суреттерден танып көрсету және олардың аттарын атау, дауыстарын келтіру;

-табиғат құбылыстарын атауды;

-ағаштар, гүлдермен шөптерді ажырату, оларға қамқорлықпен қарауды;

-белгілі түстегі гүлді тауып алу, мектеп алды даярлықтардың көмегімен гүлдер мен шөптерді көрсетуді;

-балаларға күнделікті көріп, жеуге болатын (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкеністер мен жемістерді ажырату , оларды табиғи түрлері мен суреттерден тануды;

-су туралы түсініктерін бекіту: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынып, шомылатынын;

-құмның қасиеттерін білу: құрғақ болса сусылдайды, ылғал болғанда пішінді жақсы сақталатынын білу тиіс.

Ортаңғы топ балаларын табиғатпен таныстыру міндеттері:

1.Қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру.

2. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту

3. Қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.

Балалардың өсімдіктер, жануарлар, адамдар (олардың жаны бар, тамақты,сумен ауаны сонымен қатар қамқорлықты да қажет ететіндігі )және өлі табиғат нысандары (су, ауа, жер-олпрдың да қамқорлықты қажет ететіні) туралы түсіндіріледі.

Табиғат нысандары мен құбылыстарын (жануарлар мен өсімдіктер, жапырақтың түсуі, қардың жаууы, жауын-шашын, жел) бақылауға және осы нысандар мен құбылыстардың (күзде құстар жылы жаққа ұшып, жануарлар қысқа дайындала бастайды, көктемде қар ериді) арасындағы байланыстарды көре білуге ортаңғы топта меңгереді.

Балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктермен мекендеушілерге (құстар мен балықтар) қолдарынан келгенше қамқорлық жасауға үйрету және балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарау үлгілерін (гүлдер мен жапырақтарды жұлмау, бұтақтардыы сындырмау, қыста құстарға жем беру) көрсету қажет.

Ортаңғы топ балаларын табиғатта, ауа райында, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға дағдыландыру арқылы табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелейміз.

Ортаңғы топта жыл мезгілдерін бақылауда:

- Күзгі табиғатты бақылап, өзгерістерін – күннің қысқарғанын, ауа райы суытып жауған жауын-шашыннан соң жерде шалшықтар пайда болатынын, күн сирек көрініп аз жылытатынын, жапырақтардың түсіп, құстар жылы жаққа ұшып кететінін белгілеу.

- Қысқы табиғатты бақылап, өзгерістерін- жылдың ең суық мезгілі екенін және қар жауатынын белгілеу. Қармен ойнап, аққала соғуға болады. Ол жылы жерде тез ериді. Қарда із қалдырып, таяқшамен сурет салуға болады. Мұз, қатты, жылтыр, жылы жерде тез ериді.« Жаңа жылдық шырша» - ең сүйікті қысқы мереке.

-Көктемгі табиғатты бақылап өзгерістерін белгілеу: күн жылып қар ерийді, күннің көзі жарқырап, өсімдіктер мен ағаштардың жапырақтары өсе бастайды. Жаңбыр жауады. Қөқтемгі жұмыстар басталады:жер жыртады, гүлдер мен көкеністердің тұқымдарын сеуіп, жеміс ағаштарын отырғызады. Малдарды өріске айдайды.

- Жазғы табиғатты бақылап қарапайым өзгерістері жылы жіне ыстық, күннің көзі жарқырайтынын, шөптер өсіп, гүлдер гүлдейді, ағаштағы жапырақтар үлкен болып өсетінін белгілеу. Жаңбыр жауады. Жазғы жұмыстар: гүлдерді, көкеніс пен жеміс ағаштарды суарады.

Сонымен қатар, көкеністер (сәбіз,қияр, қызанақ) мен жемістер (алма, алмұрт, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту және ағаштарды: қайың, жыңғыл, терек, шыршаны танып, атай білуге үйренеді.

Гүлдерді – түймедақ, бақбақ, бөлме гүлдері- фикус, қазоты, қынагүлді танып, атай біледі. Ағаштың діңін, бұтағын, жапырағын, ал гүлдердің сабағын, жапырағын, гүлін тауып, атай білуге үйренеді.

Осы жаста өсімдіктерді күту тәртібі: суару және қайта отырғызу ережелерімен (балалардың бақылаулары) таныстыру қажет.

Ортаңғы топ балаларын жануарлар әлемімен таныстыруда:

-Үй жануарлары (ит, мысық, ешкі, сиыр) мен жабайы аңдар (аю,қоян, түлкі) туралы түсініктерін кеңейту.

- Құстар туралы (әтеш, тауық, балапандар, торғай, сауысқан) түсініктерін кеңейту.

- Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылауға (тотықұс, балықтар, тасбақа), қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауды үйрету.

-Құстар мен жануарлардың мекені, қоректенуі, қозғалыстары мен қалай дыбыстайтыны туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

-Жануарлар мен құстарды күтудегі ересектердің еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру.

-Табиғаттағы жануарлар мен құстарды табиғат бұрышын мекендеушілердің өмірімен салыстырып, бақылауға үйрету.

Ересек тобында балаларды табиғатпен таныстыруда қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылығын арттырып, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістертуралы түсініктерін кеңейтуге, қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеуге әсер етеді.

Ересек тобындағы балаларды табиғатпен таныстырудың міндеттері:

-балалардың өсімдіктер, жануарлар, адамдар (олардың жаны бар, тамақты,сумен ауаны сонымен қатар қамқорлықты да қажет ететіндігі )және өлі табиғат нысандары (су, ауа, жер-олпрдың да қамқорлықты қажет ететіні) туралы түсініктерін кеңейту.

-табиғат нысандары мен құбылыстарын (жануарлар мен өсімдіктер, жапырақтың түсуі, қардың жаууы, жауын-шашын, жел) бақылауға және осы нысандар мен құбылыстардың (күзде құстар жылы жаққа ұшып, жануарлар қысқа дайындала бастайды, көктемде қар ериді) арасындағы байланыстарды көре білуге үйрету.

-балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктермен мекендеушілерге (құстар мен балықтар) қолдарынан келгенше қамқорлық жасауға үйрету және балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарау үлгілерін (гүлдер мен жапырақтарды жұлмау, бұтақтардыы сындырмау, қыста құстарға жем беру) көрсету.

Ересек топта табиғатты маусымдық өзгерістермен таныстыру:

-Табиғаттағы , ауа-райындағы, жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға талпындыру.

- Табиғат құбылыстарын бақылауға, себеп-салдарына тән сұрақтар қоюға, қоршаған табиғатқа қызығущылық білдіруге тәрбиелеу.

- Табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына (жаңбыр, қар, тұман, бұршақ, қырау) бақылау нәтижелерін айта білуге үйрету.

-Табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу.

Ересек топ балалары жыл мезгілдерімен таныстыруда:

Күзгі табиғатты бақылау, қарапайым өзгерістерді атау: күн қысқарады, ауа райы суытады жаңбыр жауып, жерде шалшық сулар пайда болады, күн сирек шығып жылуы да аз болады, жапырақтар түседі, құстар жылы жаққа ұшады, жәндіктер болмайды, жабайы аңдар ұйқыға кетеді.

- Қысқы табиғатты бақылау, қарапайым өзгерістерді атау: өте суық жыл мезгілі, қар жауады. Қардан аққала жасап, құрылыс соғып ойнауға болады. Ол күн жылынғанда еріп кетеді. Қар ұлпасы өзгеше әдемі. Қардың үстіне таяқшамен сурет салуға, із қалдыруға болады. Мұз қатты, тайғанақ, жылы жерде еріп кетеді. Қыс мезгілінде ең сүйікті мереке «Жаңа жыл шыршасы» Табиғат құбылыстары: қар жауу, аяз.

-Көктемгі табиғатты бақылау,қарапайым өзгерістерді атау: күн жылына бастайды, қар ериді, күннің көзі жарқырайды,шөп шығады,қарлығаштар ұшып келеді, жаңбыр жауады. Қөқтемгі жұмыс басталады:жер жыртып,егін егеді. Гүлдер мен көкеністердің ұрықтарын егіп, жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызады. Малдарды өріске жібереді.

- Жазғы табиғатты бақылау өзгерістерді атау:күн тек жылы болып қоймай, сонымен қатар ысиды, күн жарқырайды, шөптер өседі, ағаштардың жапырақтары үлкейеді , жазғы жаңбыр жауады. Құстар мен жәндіктер көбейеді. Жайлауда жер көгеріп құстар қаптайды. Жеміс-жидектер піседі. Адамдар әр түрлі жұмыстар істейді: гүлдер мен көкеністерді, жемісағаштарын суарады. Малды өрісте бағады.

Ересек топ балалары көкеністер (сәбіз,қияр, қызанақ, қырыққабат, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, апельсин, мандарин, лимон) туралы түсініктерін кеңейтеді. Ағаштарды: қайың, жыңғыл, терек, шыршаны танып, атай білуге үйреніп, гүлдерді – түймедақ, бақбақ, бөлме гүлдері- фикус, қазоты, қынагүлді танып, атай біледі. Ағаштың діңін, бұтағын, жапырағын, ал гүлдердің сабағын, жапырағын, гүлін тауып, атай білуге үйренеді.

Сонымен қатар, ересек топ балалары өсімдіктерді күту тәртібімен : суару және қайта отырғызу ережелерімен (балалардың бақылаулары) танысады.

Өсімдіктер әлемінің өзіндік ерекшелігі мен оның тіршілік ету ортасымен байланысы туралы түсінік, кейбір өсімдіктердің өсіп жетілуі (орманда, бақта, бақшада өсетіні)туралы түсінік алуы керек.

Өсімдіктердің сыртқы ортаға бейімделуін:олардың жапырақтары, көшеті, мұртшалары, сабағы арқылы көбейетіні, өсімдіктердің жарыққа қарай жылжи алатыны, өрмелейтіні, жармасатыны, бұрылатыны, кейбір өсімдіктердің шүлі кешке жабылып, таңертең ашылатыны туралы түсініктер кеңейеді.

Сонымен қатар, ересек топта балалар өсімдіктер түрлері (жапырақты, қылқан жапырақты, дәрілік, өсімдіктерді жеуге жарайтыны және улы) болатыны туралы, өсімдіктердің иісі болады, гүлдейді, жеміс береді деген сияқты ұғымдармен меңгереді. өсімдіктердің өсуі мен жағдайының жақсы болуына жарық,ылғал, ауа, қалыпты температура қажет екендігін, адамдардың күтімінсіз, бөлме және бау-бақша өсімдіктерін ауырып, солып, қурап, сарғайып, өліп қалатынын түсінеді. Бөлме және бау-бақша өсімдіктерін өсіруге, оларды күтіп баптауға талпынады.

-Ересек топта үй жануарлары (қой, жылқы, есек, шошқа,түйе, ит, мысық, ешкі, сиыр) туралы ұғымдарын қалыптастыруды жалғастырып, жабайы аңдар (аю,қоян, түлкі, тиін, кірпі, қарақұйрық, қосаяқ) туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Бұл жаста жануарлар мен құстардың немен қоректенетіні, қалай қозғалатыны, қандай дыбыс шығаратыны туралы қарапайым ұғымдарын қалыптасып, мектеп алды даярлықтардың жануарлар мен құстарға жасаған қамқорлығы туралы қарапайым ұғымдары қалыптаса бастайды.

Кейбір қосмекенділер (құрбақа), бауырымен жорғалаушы (кесіртке, тасбақа), жәндіктер (көбелек, қанқыз, құмырсқа, инелік) туралы түсінік алып, жануарлардың тіршілігіне қорек, ауа, су, жылу керектігітуралы ұғым бекиді...

Түрлі жануарлардың ерекшеліктерінің сипаттамасы туралы түсінік беру:

Еркешеліктерін: желбезек, құйрық, тұмсық, тіл, жүн, қауырсын, қабыршық, сауыт, құлақтар, қанат, тұяқ.

Қозғалу тәсілдерін: секіреді, ұшады, өрмелейді, жүзеді,жүгіреді, шабады.

Мекендейтін ортасын: өзен, теңіз, шөл, ін, апан, ағаш діңі.

Жануарлардың қорғануын: жиырылады, ызылдайды, тістейді, айқайлайды, қашады, бүркенеді

Жануарлар төлдерін қалай қорғайтынын: қоректендіреді, қамқорлық жасайды, әдеттендіреді.

Қоршаған ортамен таныстыру- мектепке дейінгі мектеп алды даярлық жастағы балалардың психикасыныңдамуы мен жеке басының қасиеттерінқалыптастырудың қажетті шарты.

Қоршаған ортамен таныстыру бөлімінің мазмұны метеп алды даярлықтар тобындағы мектепке дейінгі білімнің этномәдени қағидасына сәйкес іске асады. Бала ерте жастан бастап өз елінің мәдениетінің қайнар көзінен сусындап өсуі керек.

Бағдарламалық мазмұнды жүзеге асыра отырып, педагог балалардың ой-өрісін заттар, адамдар және олардың еңбегі, өздері жайлы білімдермен кеңейтуі керек. Бұл міндеттерді шешу балалардың ақыл-ой қабілеттерін және тілін дамытады.

Балаларды қоршаған ортадағы заттар мен бұйымдар жасалған материалдардың қасиеттерін анықтауға және атауға жаттықтыру қажет.

Балалар заттарды салыстыруды, олардың елеулі белгілерін көрсетуді, материалы, сапасы, қолданылуы бойынша топтастыруды үйренеді.

Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механиздері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Балада ой –санамен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат алады. Абстракты даму біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептеуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануыментаныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарының реалистік тұрғыда ұғыну, білуге құлшынысы, байқап көре білуі, логикалық ойлауы табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.

Мектеп алды даярлық бала санасына экологиялық түсініктер мен адам- табиғаттың бір бөлігі екендігін жеткізіп, адамның өмірі оның жеке басының жағдайы мен қоршаған әлеммен үйлесімді байланысында екендігін түсінетіндей құндылықтар жүйесін қалыптастыру қажет.

Мектеп алды даярлық топ балаларын табиғатпен таныстыру міндеттері:

1.Мектепке дейінгі мектеп алды даярлық жастағы балалардың қабылдауына сай келетін қарапайым экологиялық білім беру.

2.Табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру.

3.Табиғи нысаналар мен құбылыстарды бақылыу дағдыларын қалыптастыру.

4.Табиғат аясында өзін-өзі ұстаудың қарапайым жорлдары мен күнделікті өмірде табиғатты жүйелі түрде пайдалану дағдыларын дамыту.

5.Өзінің табиғатқа қарсы жасаған іс-әрекетінің аяғы немен аяқталатынын көру, сезіну дағдыларын қалыптастыру.

6.Табиғат әлеміне адамгершілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Мектеп алды даярлық топ балаларына «Өлі және тірі табиғат» туралы түсінік беруде:

-Өлі табиғат заттарын адам қолыменжасалған заттардан ажырата білуге үйрету.

-Тұман, найзағай, бұршақ, шық, қырау, тамшы, кемпірқосақ және т.б. табиғи құбылыстар туралы білімдерін кеңейту.

-Судың қатты , сұйық, газ тәрізді үш күйде болатындығымен таныстыру.

-Көмір, құм, балшық, мұнай, гранит, сияқты табиғаттың материалдарымен және олардың қасиеттері мен қажеттіліктерімен таныстыру. Оларды ажыратып, атай білуге үйрету.

Табиғаттағы маусымдық күз мезгіліндегі өзгерістерді (күн қысқарады, түн ұзаратынын, жапырақтар түсуін, тұман, қырау, жаңбыр, жел , шыбын-шіркейлердің біртіндеп жоғалуын,жыл құстарының жылы жыққы ұшып кетуін, кейбір жануарлардың ұйқыға кетуін, астық жинау, қысқа жеміс-жидектерді дайындау), қыс мезгіліндегі маусымдық өзгерістерді (күн қысқарып, түн ұзартатынын, аяз, қар жаууын, өзендер мен су қоймаларына мұз қатуын, қарлы жер, жапырақсыз ағаштар мен бұталар, қалалар мен елді мекендер көшелерін қардан тазалау, жабайы аңдар мен қыстап қалған құстарды қоректендіру), көктемдегі маусымдық өзгерістерді (күн ұзарып, түн қысқара бастайтынын, жыл құстары ұшып келетінін, жәндіктер пайда бола бастайтынын, кейбір жабайы аңдар қысқы ұйқыдан оянып, жан-жануарлар төлдейтіні, дәнді дақылдар мен көкеністерді сеуіп, көшеттерін отырғызады), жаздағы маусымдық өзгерістерді (күн өте ұзақ, түн қысқа, күннің ысуын, өсімдіктердің өсуін, жануарлардың, жәндіктердің, құстардың тіршілігін, бақшадағы мәдени өсімдіктерді күтіп баптауда) мектеп алды даярлық топта бақылап ерекшеліктерін ажыратып ыйта білу дағдылары қалыптасады.

Мектеп алды даярлық топ балаларын өсімдіктер әлемі туралы білімдері кеңейтуде ағаштар, бұталар, шөптер туралыұғымдарын қалыптастырып, қыс мезгіліндегі өсімдіктер тіршілігімен танысады. Ағаштар мен бұталардың бірнеше түрін ерекшеліктеріне қарай (жапырағына, жемістеріне, діңіне) ажыратып атай білуге үйренеді.

Жемістер мен көкеністер туралы түсініктерін кеңейтіп, оларды ажыратып, жемістерді бөлек, көкеністерді бөлек топтастыруға, аььарын дұрыс атай білу керек.

Осы жаста өсімдіктердің тірі табиғатқа жататындығын, оған да басқа тірі денелер сияқты өсіп жетілуі үшін арнайы жағдайлар (топырақ, жарық, жылу, су) керек екндігін түсінулері, өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсінеді.

Өсімдіктің көбею жолдарымен (тұқым, қиынды бұтақшалары, түйін т.б.) өсімдіктердің дұрыс жетілуіне кері әсер ететін жағдайлармен (жарықтың, жылудың, ылғалдылықтың, тыңайтқыштардың жетіспеушілігі т.б.) танысады. Өсімдіктердің өсіп жетілу жолдарымен (тұқым, бүршік жару,жапырақтары мен сабағы гүл), өсіру тәсілдерімен жәнеоларды күтіп-баптау (жерге отырғызу, суару, жерді қопсыту, отау, құнарландыру) түрлерімен танысады. Өсімдіктерлердің әр алуан жерлерде (дала, шалғын, орман, бау-бақ және т.б.) өсетіні туралы түсініктерін қалыптастыру және кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерімен (жолжелкен, өгейшөп, мыңжылдық, түймедақ) және олардың емдік қасиеттерімен танысады. Аймақтың табиғат ерекшеліктеріне тән өсімдіктері (түйетабан, сексеуіл, бетеге, қараған, ебелек, (қаңбақ), жүзген) туралы біледі.

Сонымен қатар, Қызыл кітапқа енген өсімдіктермен таныстыру, олардың қандай жерде өсетіндігі жайлы түсінік беруі қажет. Жеуге жарамды (қозықұйрық, ақ саңырауқұлақ, қайыққұлақ, қызғылтсары, саңырауқұлақ) және улы саңырауқұлақтардың кейбір түрлері туралы түсінік беру.

Балалардың өсімдіктер әлеміне ұқыпты қарауға, өсімдіктерсіз тіршілік атаулы өмір сүре алмайтындығы туралы түсінік беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Күз-қыс, көктем-жаз маусымдық кезеңінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшелітерін сипаттап (мекендейтін жері, түсі, азығы, қысқа дайындығы, кейбір аңдардың қысқы ұйқыдын тұруы, түлеуі, ұя салу, көбеюі) атай білуге үйренеді.

Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейтіп, Қазақстанды мекендейтін жабайы аңдармен (құлақты кірпі, саршұнақ, қарсақ, даладағы тасбақа, қосаяқ, құлан), олардың сыртқы келбетімен, мекендейтін жерімен, Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген жануарлармен (арқар, киік, барыс,қарақұйрық) таныстыру, оларды сыртқы келбетіне қарап ажырата білуге үйренеді.

Қазақстанда қыстап қалатын (бозторғай, сауысқан, қарға, сарышымшық, кептер) және жыл құстары (көкек, қарлығаш, қараторғай, ұзақ) туралы ұғымдарын қалыптастырып, оларды белгілеріне қарай ажыратып, атай білуге үйренеді.

Үй жануарлары мен үй құстарының түрлерімен, олпрдың ерекшеліктерімен таныстыру әрі қарай жалғасады. Мысалы: түйе, қой, жылқы, сиыр,ешкі, тауық,қаз,күрке тауық және т.б. Үй жануарларының адам өміріне қажеттілігін, олардың өсірудің маңыздылығын түсіндіріледі.

Қазақстанның өзен-көлдері, ондағы балықтар (жайын, тыран, алабұға, көксерке, сазан) туралы түсініктерін қалыптастыру, оларды ерекшеліктеріне, тіршілігіне қарай ажырата білуге үйретіп, кейбір жәндіктердің түрлері мен тіршілігі, олардың мекендейтін жерлері туралы түсініктері қалыптасады.

Бүкіл тіршілік атаулының бір-бірімен тығыз байланысы мен «азық тізбегі» туралы түсінік беру арқылы жануарлар әлемінің адам өміріндегі маңызын түсінеді.

Мектеп алды даярлық топ балалары жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігін себептерін түсіндіріп, тірі табиғат бұрышындығы жануарлар мен өсімдіктердікүту ережелерімен танысады және оларға қамқорлықпен ұқыпты қарауға дағдыланады.

Табиғат аясында өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелері:

-ағаштардың жапырақтарын,

-ұяларды бұзбау,

-қоқыс тастамау жжәне т.б. сақтауды үйрету.

Табиғатты шамасы келгенше:

-табиғат аясындағы демалыстан кейін қоқыстарды жинау,

-бұлақ көзін ашу,өсімдіктер мен жануарларға қамқорлықпен қарау,

-тірі табиғат бұрышындағы объектілерді күтіп баптау,

-қыстап қалатын құстарға көмек беру және қорғау,

-табиғатты сүю сезімдерін ояту.

Табиғат аясындағы демалыста, еңбек ету барысыында қоршаған орта өзінің іс әрекеті арқылы әсер ететіндігі туралы түсінік беру қажет.

1.3.Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балаладың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкерлердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі, оны балалардың өздері жасауында ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен, табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындар өте маңызды орын алады. Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың Дидактика мүшелерін (есту, көру, ойлау, сөйлеу), сонымен бірге, шығармашылық қабілетін дамытуда таптырмас ойын болып табылады. Дидактикалық ойындарды ойлап тауып, онф ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тиімді пайдалану тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды жан- жақты дамытуда қатып қалған әдіс-тәсіл жоқ.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда көбіне дидактикалық ойындар қолданылады. Дидактикалық ойындар баршамызға белгілі қоршаған ортаны, айналадағы дүниені таныстыруда мақсатты түрде пайдаланылады.

Дидактикалық ойындар балаларға қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының өзгерістерін, оның қалай пайда болатынын қызықты да естен шықпайтындай етіп қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғаш ойналған ойын керемет бір ғажап ойын сияқты болып көрінеді. Себебі бұл кездегі балалар өздері алғаш көрген жаңа дүниені, затты ешқашан ұмытпайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дүние дидактикалық ойындар мен ойындарды біріктіре отырып қалыптастыру тәрбиешісінің біліміне, біліктілігіне , шығармашылық қабілетіне, креативтілігіне байланысты.

Жалпы дидактикалық ойындарға келетін болсақ дидактикалық ойындар негізінен мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетінің дамуына үлкен көмек көрсетеді. Дидактикалық ойындар қоршағае ортаны тану, білу, түйсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың даму деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын қоршаған болмысты тану соғұрлым мол болады. «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам?» сынды түрлі зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып, мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылуға, дидактикалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда дидактикалық ойындар өтілген тақырыптарды пысықтауға өте тиімді. Мысалы, балаларды үй жануарларымен таныстыруда төрт түлікке, жабайы аңдар, үй құстары және т.б. байланысты мынадай дидактикалық ойындарды қолдана аламыз:

1.«Қайсы ненің дауысы?»

Мақсаты: баланың есту, зейіні, тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: магнитафон немесе теледидар, жан-жануарлардың дауысы бар диск.

1)Бұл ойында балаларға төрт түліктің даусы магнитафоннан немесе теледидардан естіледі. Балалар әр жануардың даусын естіп,оны ажырата бастайды.

2)Дәл осылай жабайы аңдардың даусын ести отырып,олардың да даусын ажырата алуы керек.

3)Үй құстарының дауысын да ажырата алуы қажет.

4)Табиғат құбылыстарының дауысын жарата білуі керек.

2. «Не екенін тап?»

Мақсаты: балалардың сипап сезу арқылы Дидактика қабілеттерін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: жеміс-жидектер, көкөністер

Балалардың көздерін байлап, қолдарына жемістерді немесе көкөністерді ұстап, сипап сезу арқылы балалар қолында тұрған заттың атын айтады.

3.«Суреттерді дұрыс құрастыр» ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар: құстардың қиылған суреті

Балалардың алдына үй құстарының қиылған суреттері беріледі. Ол суретте құстың басы,денесі,қанаты және аяқтары бөлек-бөлек қиылған болады. Балаларға берілетін тапсырма суреттерді дұрыс жинастыру.

4.«Суреттің жұбын тап» танымдық ойыны.

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін ,есте сақтауын және тілін дамыту.

Қажетті құралдар:Магниттік тақта,магниттер, 12 жұп суреттер: анар-алма, шәйнек-кесе, қораз-әтеш, аққу-шағала, шегіртке-құмырсқа, күрек-тырма, қызғалдақ-раушан, ешкі-қой, қасқыр-аю, картоп-сәбіз, кітап-дәптер, қаламсап-қалам.

Суретке қарап сурет пен сөздерді байланыстыр

5.«Ауа,су және жарық» шығармашылық ойыны

Мақсаты: Берілген суреттегі сурет пен сөздерді байланыстыра отырып,сөйлем құрастыру. Баланың ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.

Ерте,ерте,ертеде,осыдан көп жыл бұрын құстар шөлдеп,қаталапты,ағаштар қурап қалыпты,гүлдер солады. Шөлдеген құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде берген жел күнге келеді. Күн көлдердің,көлшіктердің суын қыздыра бастады. Су тамшылары буға айналып,аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір-бірімен қосылып,бұлтқа айналды. Жерге жаңбыр жауды. Жер рақаттана демалды. Жаңбыр суына шөлі қанған өсімдіктер мен құстар қуанды.

6.«Кім табады?» дидактикалық ойын

Мақсаты: балалардың тез ойлау, тілін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Бұл ойында балаларға ұшатын құстар мен ұшпайтын құстарды ажырату қажет.

Қажетті құралдар: Магниттік тақта,магниттер, сонымен бірге құстардың суреттері: үкі, жапалақ, қарлығаш, қарға, сауысқан, бүркіт, бөдене, қырғауыл, түйеқұс, тауық, қораз, торғай, шымшық, қаз, үйрек, және т.б



7. «Суретті есіңе сақта» ойыны.

Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.

Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.

Ойынның өтілуі барысы:

Педагог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді. Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.

8. «Көкөністер» ойыны.

Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.

Ойынның өтілу барысы:

Педагог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөнеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.

9.«Түлкінің балалары мен бүркіт»

Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.

Ойын барысы: Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады .

Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.

Мектеп жасына дейінгі балалрдың танымдық шығармашылық қабілетін дамытуда қолданылатын тиімді әдістердің бірі – танымдық-шығармашылық ойындар болып табылады.

Дидактикалық ойындар баланың дүниетанымын қалыптастыруда алатын орны маңызда да ерекше екені сөзсіз. Себебі танымдық-шығармашылық ойындар баланы таным қабілеті арқылы табиғатты, қоршаған ортаны таныса, шығармашылық ойындар арқылы бала таныған заттарының қандай қызмет атқарып, қандай қасиетке ие екендерін айта білу, сөйлеу, сөзбен сөзді байланыстып сөйлеуге үйреніп дағдыланады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізеді. Ойын тәрбиешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.

Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту- тәрбиелеу үрдісімен байланысты. Осы оқу іс-әрекеттерді тиімді дұрыс пайдалану мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып, білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу іс-әрекетінде алған білімдерін іс жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.

Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады. К. Ушинский бұл жөнінде былай деген:

«Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдану керек».

Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс-көкеністермен таныстырып болған соң, «Қайсысы артық, неге?», «Не өзгерді?», «Дәмінен айыр?», «Дауысынан айыр» т.б. ойындар ойналады. «Егерде мен үлкен болсам» ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.

Ойын алаңында қимылды ойындар да ұйымдастырылады «Аю мен түлкілер», «Қасқыр мен қояндар» т.б. ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, дауысын салады. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы дамиды. Олар ойындарда бірнеше құбылысты біріктіреді, жаңасын қосады, кейде өмірден, ертегіден қосып алады. Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамытуда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.







ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі, қалыптасу жолдары.

Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі балабақшадан қаланатыны белгілі. Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәриелеу – біздің міндетіміз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету, тәрбиелеу деген сөз.

Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады.

Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп сұлулықты сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие көркем өнер құралы ғана емес қоғамдық өмірдің, оқудың еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.
Көркем шығарманы табиғат әсемдігін адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез құлқын мәдениеттілігін көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына эстетикалық сезімдеріне үлкен әсер етеді.

Әсемдікті сезіну баланың өмірін байтып, бір-біріне достық қарым-қатынас мәдениетін, талпынысын, белсенділігін тудырады. 
Эстетикалық тәрбиенің бала дамуының алғашқы сатысы, бала дүниеге келгенінен бастау жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің негізі болып табылады.

Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау – «жақсы, әдемі, алмынау – жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын,қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Бұнда оқыту ісі ерекше роль атқарады. Сабақта балалар көркем әдебиет, музыка, кескіндеу туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезіну талғамы қалыптасады. Бұның өзі болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады. 

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысындағы мәселелердің бірі-балалардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер балабақша қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан балалардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.

Балабақша тәрбиешілері  эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Тәрбиеші эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.

Бала өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы  бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы,  бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.

Баланың  эстетикалық  мәдениеті  және  белсенділігі  тұтас  педагогикалық  процесте  дамиды.  Сондықтан  оның  барлық  еңбегі, демалысы  эстетикалық  бағытта  тиімді  ұйымдастырылса,  ол  өз  өміріне  әдемілік  элементтерін  енгізе  алады.

Эстетикалық тәрбие жайлы көптеген ғалымдар өз ойларын , пікірлерін қалдырып кеткен болатын, солардың бірі: В.Н.Шацкаяның «Балалардың жанұядағы эстетикалық тәрбиесі» атты кітабы балаалрға берілетін эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырады. Кітапта баланың эстетикалық мүмкіндігі мен қабілетін тәрбиелеуде мына мәселелерге назар аударылған:
- көркем өнерге, табиғатта, қоғамдық өмірде, адамдардың тұрмыстық қатынастарында әсемдікті дұрыс тануды тәрбиелеу;
- құбылыстарды, түрлі сезім, сенімдерді: талғамдар балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдауын, оның бірте-бірте қалыптасуын дамыту;
- баланың көркемдік қабілетін дамыту, білімнің іскерлігін қалыптастыру.

А.И.Буров «Эстетикалық тәрбиенің жүйесі мәселелері» атты мақаласында балаларға эстетикалық білім бере отырып, тәрбиелеу процесін іске асыруда тәрбиеші тарапынан танып-білуге тиісті үш бағыт ұсынады:
1. тәрбиешіде жұмыс істеу үшін, қажетті оқу-тәрбие материалдары болуы.
2. эстетикалық тәрбиенің кезеңдік мөлшерін ескертіп, эстетикалық тәрбие қортындысын бағдарламалай     білу.
3. осы негізге лайық педагогикалық процесті құрып, оқу-әдістемелік құралдардың анықтамаларын жасау.

Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Мектеп жасына дейінгі балалар әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығы және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді.

Тәрбиеші суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған оқиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірбиесін меңгеру қажет.
Халық әрдайым әсемдікті іздеуін қолдан жасады, оны өмірге, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінуге тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Сонымен, бала күнделікті үйде, балабақшада, мәдениет мекемелерінде эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп білуі керек, бірак тек таңданып қана қоймай, қолынан келгенін өзіде тұрмысына ендіруі, іс-әрекетінде бейнелеу, сурет салу, кию, жапсыру, тігу, мүсіндеу тазалық әдемі киіну т.б тиіс. Сонда ғана эстетикалық тәрбие мақсаты ойдағыдай жүзеге асады.

2.2 Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту.

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», - деп данышпае ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы ән-күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Ал, В.А.Сухомлинскийдің: «Музыкалық тәрбие-бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу»- деп тегін айтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал-мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде б.з.д. жеткен халық шығармалары күні бүгін де сазды- эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы болып саналады.

Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәндегі ақыл-ойымен қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Балабақшалардағы саз жетекшілері, сазды-эстетикалық тәрбие беруді мектеп жжасына дейінгі мемлекеттік стандартқа сай «Балбөбек» бағдарламасына сүйене отырып, жоспарлап қызықты да көңілді етіп өткізуге тырысады.

Заман ағымына байланысты түрлі жаңалықтарды тәжірибемізге енгізе отыры, ән-күй сабағымен қатар, тақырыптық сауық кештерін, ертеңгілік сәттерді жиі ұйымдастыру арқылы, ондай бағдарламаларды бала көңілінен шығып отыратынын байқадық. Әр сабақтың үлгі жоспарымен таныстыру, қайталау, бекіту, жаңа ән, би үйретумен жүзеге асады.

Балаларға арналған саз-қуанышты сезімдер әлемі.

Баланың музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту, әннің сөзін анық, дұрыс айту, ән мен сөз арасындағы бірлестігінән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білу, әнге деген сүйіспеншілігін, әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру,дамыту- саз жетекшісінің шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.

Саздық қозғалыс сабағында білімді, тәжірибелі педагог, балаларды еркін қозғалысқа, биге үйретеді. Сол арқылы балалардың шығармашылық көріністерін қалыптастырады.

Саздық тәрбиенің негізгі мақсат міндеттерінбаланың жас ерекшелігі, шама-шарқын ескеріп, жеңіл саздық репертуарлардан бастап, біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асырылады.

Ән айта білу – бұл үлкен мәдениет. Біз балаларға ән айтудың өзіндік сырын, техникасын, тыныс алу кезеңдерін, дауысты жоғары көтеру сәттерін, сезімдік ерекшеліктерін түрлі сазды- танымдық, сазды- дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыруға тырысамыз.

Саз жетекшілері ән- күй сабағындағы ауысып отыратын іс-әрекетті тиімді қолдана отырып жұмыс жүргізеді.

Ән-күй сабақтарында, саз жетекшілері түрлі сазгерлердің өмірі мен және түрлі шығармалары мен үнемі таныстырып отырады. Белгілі адамдарға арналған ертеңгіліктер, түрлі ойын сауықтар өткізіледі. Мысалы: «Абай мен Пушкин», «Күй сүйемін» т.б. Саз сабақтарында өткізілетінбарлық іс-әрекеттердің нәтижесі- мерекелік ертеңгіліктерден көрініс алады.

Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар мен тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадында керемет естеліктерқалдыратыны мәлім. барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене қатысып, мейрімділікке, кейіпкерлердің әрекетін дербес бағалау шеберлігіне үйренеді. Сондықтан мерекелік шараларды балабақша қабырғасында неғұрлым әсерлі , тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп өткізудің мәні зор.

Саз жетекшісі жұмысының тағы бір негізгі шарты- балалардың жылдан-жылға саздық деңгейін дамуы және сазға деген көзқарасын қалыптасуын анықтау. Сазға икемділік диогностикасы- саз жетекшісінің ең маңызды және жемісті жұмыстарының бір бөлігі. Жеке диогностикалық сабақтар әр баланың саздық даму деңгейін, ал сазға икемділік диагностикасы- жеке баланың және бүкіл топтың саздық шығармашылығын анықтайды. Баланың диогностикалық негізін саз жетекшісі оның жас мөлшеріне байланысты сараптайды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму стратегиясында көрсетілгендей, жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірінен саналады. Ендеше , экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жүргізу – бүгінгі күннің өмірлік талабынан, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде мынадай екі ұстанымдар басшылыққа алу ұсынылады.

а. Балаларға табиғат туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның әдемілігін көріп сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту:

ә. Балалардың табиғат туралы білімдерін тереңдетіп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту

2.3 Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Ақсу-Жабағлы қорығы

Мақсаты: балалардың туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Сондай- ақ балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім берудің негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама түсініктерді қалыптастыру.

Сабаққаи керекті құрал- жабдықтар:Әр түрлі жабайы жануарлар (қуыршақтар), шыршалар, құстар, гүлдер, қозқұйрықтар, атрибурттар, табиғи материалдар, пластелиндер, тақтайшалар, сүрткіштер, әртүрлі бояулар, ақ қағаздар, қылқаламдар, сахналауға бүлдірген және Қоян бала

Әдістемелік тәсілдер:хабарлама, информациялық, көрсету, айтқызу, үйрету, сұрақ- жауап, ойын пайдаланылады.

Сабақ балалардың:Ән әуенімен топқа кіріп,қонақтармен сәлемдесуінен басталады.

Тәрбиеші:Балалар ,біздің еліміз қалай аталатынын білесіңдер ме?

- Егеменді Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші: - Кім Қазақстан туралы тақпақ айтады?

1- Бала

Қазақстан жеңісті ала гүлдер,

Қазақстан жеңісті, тасқынды лала гүлдер,

Қазақстан әлемді елеңдетіп,

Байқоңырдан зулаған қоробьдер.

2-бала

Халықтың жетілгені,

Қуырштың білінбейді кетілгені

Үй тігіп ,ірге қалап бекінгені.

3-бала

Алын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу,неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.



Тәрбиеші:-балалар ,бүгін біз Ақсу Жабағлы қорығына саяхатқа барамыз.Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

_ Көктем мезгілі

Тәрбиеші:Көктем мезгілінде неше ай бар?

Үш ай. Наурыз, сәуір, мамыр айлары.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде ауа райы қандай?

Күн жылы,арықтарда су көбейеді,жаңбыр жие жауады,шөптер, гүлдер шығады, ағаштар бүршік атады, құстар жылы жақтан ұшып келеді,аюлар ұйқыларынан оянады.

Тәрбиеші: -Дұрыс .Ал ,көктем туралы кім тақпақ айтады?

1-Бала

Қар еріді күн шықты,

Күндер туды шуақты.

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем секілді.

2-бала

Белгісіндей көктемнің

Наурыз - басы болыпты.

Аман аты, қалыпты,

Сүйікті аты көктемнің

Тәрбиеші:балалар ,тағы бір айтып кететін жай,қорыққа бару үшін біраз нәрселерді еске түсірейік.

1-Бала: Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие бұлақ», «әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған.

2-бала: Ал ,қарлығаш, аққусияқты құстарды қасиетті санап, жақсылықтың жаршысы,бақыттың бастамасы,игіліктің иесі деп ұғып,ұясын бұздырмай,қорғаған,ал балапандарын алуға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

3-бала: « Гүлді үзбе», «Құмырсқаның илеуін бұзба» деген сөздер біздің санамызға сіңіп, адамгершілік сезімізді оятады.

4-бала: Қорқыт ата өсиет етіп қалдырған « қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын,қанаттарың қырқылмасын»- деген ұғымдарды,туған жер ьабиғатын аялай біл деен аталы сөздеп қабылдаймыз.

5-бала: Ертеде Жоңғар шапқыншылығы кезінде елі мекендеген жерінен босып,қаша жөнелген кезде Төле би үйін жықпай, жұртта отырып қалғанда қалмақтың әскер басы көріп, оның себебін сұрайды.Сонда данышпан шаңырағында қарлығаштың ұя салғанын, соның қызылшаққа балапандары қырылып қалмау үшін үйін жықпай отырғанын айтады.Мұны естіген әскер басы ақсақалдың адам баласы сүйсінер қасиетіне риза болып,оның өзіне де қарлығаш балапандарына да тимепті деген аңыз бар.Сондықтан да Төле би атаны халық қастерлеп, « Қарлығаш әулие» «Қарлығаш би» деп құрметтеген.

Тәрбиеші: Дұрыс ақ екен . Осы табиғаттағы өлі және тірі табиғатты кім атап береді екен?

1 –бала: Тірі табиғат:Адам,жануарлар, жәндіктер, микробтар, құстар.

2-бала: Өлі табиғат: Күн,ауа,су,тас.

Тәрбиеші:-Табиғат туралы кім тақпақ айтып береді?

1 –бала:

Табиғатты сүю парыз,

Сүю үшін қорғау парыз.

Табиғатсыз күнің жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

2-бала:

Табиғаттың бауырысың, досысың,

Аянбау да керек шығар дос үшін.

Екеуінің араңдағым байланыс

Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.

Сахналау қойлымы көрсетіледі.

Құстарды атқалы бүлдірген жүгіріп жүреді.

Бала:- Тоқта, бүлдірген, құстарды атпа.сенің мұның жарамайды.Құстарды атуға болмайды,жануарларды өлдіруге болмайды.Гүл үзуге, ағаштарды сындыруға болмайды. Оны сен неге білмейсің?

Бүлдірген: - Кешіріңдер, балалар, енді мен құстарды атпаймын, балапандарды өлтірмеймін.

Тәрбинші:-Жарайды,бүлдірген , енді бұл әдетіңнен тиыл, сен біздің балалармен бірге саяхатымызды жалғастыр.

Бүлдіргіш:- Жақсы.Мен де балалардан жақсы әдеттерді үйренейін.

Тәрбиеші: -балалар, қарандаршы,мына жақта орындықтар, үстелдер тұр.Кәнеки, көрелік. Бұл аңдар мектебі екен. Қарандар табиғи материалдар да бар көріеді.Содан біз қазір осы табиғи материалдардан орманнан қандай жануарлар,құстар көрдік, солардың мүсіндерін жасайды.

Мақал- мәтелдер айтылады

Табиғат- төл анамыз

Тынысымыз- ауамыз



Орман – ел дәулеті, жер сәулеті



Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын



Ағаш ексең аялап,басыңда болар сая бақ.



Сахналау қойлымы көрсетіледі. Қоян бала жылап жүгіріп келеді

Қоян: -Балалар ,мен жолдан адасып қалдым. Көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: -Тоқта ,Қоян бала,сенің атаң мен әжең қайда тұрушы еді?

Қоян: Жайлауда.бірақ мен жолды ұмытап қалыппын.

Тәрбиеші:Ешнәрсе етпес, біздің балалар саған шамалап сурет салып берер, сол кезде есіңе түсер.

Балалар жабылып сурет салады.

Қоян:-Рахмет, балалар .Көп көп рахмет.

Мен сендерге ризамын.

« Сиқырлы қорап» ойыны ойнайды.

Балалардың бәрі қосылып, «Жайлауда » әнін орындап, ата мен әженің ауылына қоянмен қосылып жүріп кетеді.



















































ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өзіне-өзі басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс.

Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерінжүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.

Мектепке дейінгі бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғат пен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екені мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынадай мақсат тұрады:балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын өсімдіктерін таныту қорғауға әсемділігін көруге сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу. Сондықтан балалабақшаның алға қойған міндеттері.

-Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.

-Мектепке дейінгілердің экологиялық көзқарастарын кеңейту және жүйелеу.

-Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.

-Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.

Қорыта келгенде баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанын кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. 1.Құлшанова С Табиғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993.№6

  2. Керімбаева Р Табиғат. Бала. Тәрбие.\\Отбасы және балабақша

  3. Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша 1996.№11-12/

  4. Көбеева Н «Бала және табиғат» \\ Үйелмен және балабақша.-1993.№5.

  5. Веретенникова С.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру. Мектеп, 2003.

  6. Ерте жастағы (1 жастан бастап 3жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы.- Астана, 2010.-88б.

  7. Мектепке дейінгі кіші жастағы (5 жастан бастап 6жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы – Астана, 2010.-89б.

  8. Мектепке дейінгі кіші жастағы (5 жастан бастап 6жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы.- Астана, 2010.-115б.

  9. Веретенникова С.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру: Педагогика училищелерінің оқушыларына арналған оқулық/С.А:Веретенникова.-Алматы: Мектеп, 1983.-255 бет.

  10. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің бағыттары //Ұлт тағлымы.-2003.-№2.19-21б.

  11. .Аймагамбетова К.А.ЖунусоваК.Ж. Методическое руководство к учебнику «Познание мира».Алматы,2000.

  12. Керімбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие.\\Отбасы және балабақша

  13. Қоқанбаева Р.И. экологиялық тәрбиен беру.

  14. Аймағанбетова.К.А. Дүниетануды оқытудың теорялық негіздері.Алматы,2000ж

  15. Горощенко В.П. Табиғаттануды оқыту методикасы.Алматы1985ж

  16. Груздева Н.В.,Морозова Г.Н. Думаем, играем, творим, познавая окружающий мир.М.1994

  17. Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері: Халықаралық ғылыми практикалық конференция материялдары-Алматы,2003.-286-289

  18. Қ. Аймагамбетова, З.Ф.олейник.Дүниетанудағы арналған үлестірмелі материялдар.Алматы.Атамұра.1998.-63б..

  19. Ишмухаммедова Н.Б.Сезонные экскурсии с основами Экологии Алматы,1995.

  20. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан 2030» жолдауы.

  21. Меңжанова А.К. Балаларды көркем шығармалар арқылы адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу – Алматы: Рауан, 1991.

  22. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика  – Астана, 2000.

  23. В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика – Алматы,1982.

  24. . Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы - Астана, 2004.

  25. Керімбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. - 1997.№ 1-3.50-52б.

  26. Қалықбаева З. Табиғат- тал бесігің.\\Отбасы және балалабақша.-1995.№ 6.30б.

  27. WWW.Coogle.kz

  28. Қоқанбаева Р.И. Экологиялық тәрбие беру.\\Отбасы және балабақша.-2006.№5.20-22б.

  29. Ыдрысова Ж. Табиғатқа ынтызарлық сезімді ояту.\\Отбасы және балабақша.-1997.№

  30. Қонақбаева Р.Д. Блаларды эстетикалық тәрбиеге баулу.\\Отбасы және балабақша.-2008.№2.29-30б.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Khalmatova Roza Shukhratqizi

Дата: 04.11.2020

Номер свидетельства: 562420


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства