kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Блум таксаномиясы бойынша "Таби?атты аялайы?" атты Т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Таби?атты аялайы?» 
Ма?саты: 
1.Білімділік: о?ушыларды? ?орша?ан орта?а деген махаббат ??ндылы?тары жайлы т?сініктерін ке?ейту; 
2.Дамытушылы?: шы?армашылы? ?абілеттерін, жа?сылы? жасай білу іскерліктерін, ойлау ?абілетін дамыту, ?з ойын еркін жеткізе білуге да?дыландыру 
3.Т?рбиелік: таби?атты ?ор?ау?а, елін, жерін с?юге, мейірімділікке, ізгілікке т?рбиелеу,экологиялы? т?рбие беру, Таби?ат-Ана?а с?йіспеншілікпен ?арау?а жетелеу; 
К?рнекі ??ралдар: интерактивті та?та?а ?зірленген слайдтар, таби?ат туралы на?ыл с?здер, ?ле? шума?тары, ?абыр?а газеті, г?лдер, суреттер, «?зін-?зі тану»ба?дарламасы бойынша дайындал?ан видео фильм, 
Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі емес саяхат т?ріндегі ой-тол?ау саба?ы 
Саба?ты? ?дісі: ??гімелеу, т?сіндіру,с?ра?-жауап,тілек айту,пікірлесу, шы?армашылы? ж?мыстар 
Т?рбие са?атыны? ??рылымы: 
І б?лім 
І. ?йымдастыру 
ІІ. Т?рбие са?атыны? та?ырыбын айтып, ма?сатын хабарлау; 
ІІІ.Таби?ат дегеніміз не?(саяхат-шолу) 
1.Тіршілік атаулыны? бар арманы –ауа 
2.Тіршілік к?зі –су 
3. Таби?ат байлы?ы – ?сімдіктер 
4.Орман с?ні –??стар 
5.Таби?атты? с?лу м?сіні –хайуанаттар 
Сергіту с?ті: «Мейірімділікті таби?аттан ?йрен!» -«Мейірімді ж?рек» ойыны 
ІІ б?лім 
IV. Ой-тол?ау (?й тапсырмасы) 
а) «Мен таби?атты с?йемін немесе таби?атпен сырласу» 
?) « Егер таби?ат?а тіл бітсе.» 
б) «Егер мен суретші болсам.» 
в) «Егер мен а?ын болсам.» 
V. «Ж?ректен ж?рекке» таби?ат?а тілек айту 
VI.Саба?ты ?орыту.?н шашу «Таби?ат» 
Саба?ты? барысы: 
(О?ушылар д??геленіп отырады,орталарына ?демі г?л шо?тары ?ойыл?ан) 
І. ?йымдастыру: 
?айырлы, к?н, балалар! К?нде та?ерте? сендер ояна салысымен, терезені ашып Таби?ат-Ана?а к?з салып ?арайсы?дар.Д?л б?гінгі к?ні таби?ат-Ана бізді несімен ?уанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Таби?ат -Ана?а саяхат?а бірге шы?у?а ша?ырамын. Келісесі?дер ме? ?те керемет! 
Б?гінгі саяхатымызды? та?ырыбы: «Таби?атты аяла» деп аталады. 
Ма?сатымыз: Біз б?гін, сендермен бірге ?орша?ан орта?а деген махаббат ??ндылы?тары жайлы т?сінігімізді ке?ейтеміз, таби?атты с?юді,?ор?ауды, таби?ат-Ана?а с?йіспеншілікпен ?арауды ?йренеміз. Біз б?гін, таби?атпен сырласамыз, оны т?сінуге тырысамыз. Біз б?гін, Таби?ат-Анадан мейірімділікті ?йренеміз! 
Таби?ат адамзатты?, жалпы тіршілік атаулыны? ежелден ?мір с?ріп келе жат?ан ортасы, алтын бесігі. Таби?ат-с?лулы?ты? таусылмас к?зі.Ендеше біз б?гінгі саба?ымызды таби?атпен амандасудан бастаймыз.Барлы?ымыз орнымыздан т?рып мына ?ле? жолдарын бірге айтайы?! 
І слайд 
?айырлы к?н, к?нім, далам, орманым, 
?айырлы к?н, г?лім, ??сым, к?лдерім. 
?айырлы к?н, ?сімдіктер, ж?ндіктер 
?айырлы к?н, бар тіршілік иесі! 
?те жа?сы!Барлы?ымыз орындарымыз?а отырамыз.Балалар, жалпы таби?ат дегеніміз не ? Олар?а нелер жатады? 
 

О?ушылар: Ауа, су,?сімдіктер, хайуанаттар, ??стар,балы?тар. 
ІІ слайд 
ІІІ.Ендеше, саяхатымызды? бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулыны? бар арманы –ауа» деп аталады. С?з кезегі о?ушылар?а беріледі. 
1-о?ушы. Таби?ат байлы?тарыны? ішіндегі тіршілік атаулыны? ?мір ?зегі –ауа. 
Тіршілікте не дейсі? ?ой е? ?ымбат, 
Тіршілікте адам ?ымбат, сен ?ымбат. 
Ал адам?а ауа ?ымбат б?рінен, 
Ауа ?ымбат, алат??ын дем ?ымбат. 
Расында да ауадан ?ымбат еш н?рсе жо?. Адам бар –жо?ы бір-екі минут ?ана дем алмай т?ра алады. Сонды?тан дана хал?ымызда « Ауадай ?ажет» деген с?з бар. Біра? сол ауамыз ?аншалы?ты таза екеніне ешкім толы? жауап бере алмайды. ?зімізді? Семей ?аламызды алып ?араса?, ?аланы? ?стінен ?ою б?лт сия?ты т?манды к?реміз.Авток?ліктен, завод, фабрикадан шы??ан т?тіндер ауамызды? м?лдірлігін б?зады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролы? ?ару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем ал?ан ?аншама адам ауру?а ?шырады. Сонда адам баласы біріншіден, Таби?ат-Ананы ренжітсе, екіншіден ?зіне -?зі ?астанды? жасады.Д?ниеге келген с?би м?гедек болып жары? д?ниені ?ксікпен ?ткізді. Мен с?зімні? со?ында адамдар?а былай демекпін: Ей, адамдар, Таби?ат –ана са?ан дем ал деп ауаны сыйлады, ?йткені ол ?те мейірімді. Сен оны? сенімін а?та, ауаны ластама! 
Болмасын ауа ешкімні? арман -м??ы, 
Ауадан ас?ан жан жо? жал?анда ?лы. 
Ойлашы кімге керек боламыз біз, 
Ж?тудан таза ауаны ?ал?ан к?ні. 
М??алім: Ия, балалар, ауасыз ?мірді елестету м?мкін емес.Ауаны ластамау ?р?айсымызды? борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету м?мкін бе? 

ІІІ слайд 
Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік к?зі –су» деп аталады. Суды? ?аншалы?ты ма?ыздылы?ы бар екен ? 
2-о?ушы: Таби?атты? к?ркін ажарландырып, жер бетін саялы ба??а айналдыратын байлы? к?зі –су. «Суды? да с?рауы бар» дейді дана хал?ымыз. ?аза?стан Республикасында мол сулы ?зендер, к?лдер те?іздер бар осы мол суды ?лшеусіз, есепсіз пайдалану суды? азаюына ?кеп со?ып отыр. Мысалы Арал те?ізіне Сырдария ?зені мол су ?кеп ?оректендіріп отырды. Кейінгі уа?ытта осы ?зен суын к?п м?лшерде к?ріш, ма?та ?сіруге пайдаланды. Соны? салдарынан Арал те?ізіні? суы азайып, ол тартылып ?алды. Тартыл?ан су астынан т?зы шы?ып, кеуіп, ?шып ауа ??рамына кіруде. Арал айма?ыны? жа?дайы осындай болды Ал Каспи те?ізі м?найды? ?алды?ымен ластанып, балы?тар улануда. Міне б?л да адам ?олымен жасал?ан ?атыгездік. К?п жерлерде ауыз су жеткіліксіз. 
Ойлау керек Арал жайын, ел жайын, 
П?к таби?ат тозып жатыр жыл сайын. 
?зімізді асыраушы таби?аттай –Ананы 
Азаматты? ары?менен аялау?а т?р дайын! 
Сонымен су –таби?атты? жаны, ?ара жерді? с?ні дедік. Ал таби?атты ?демілікке б?леп т?р?ан не? Ол –?сімдіктер. 
IV слайд 
Келесі ?шінші аялдамамыз «Таби?ат байлы?ы –?сімдіктер» деп аталады.Таби?ат байлы?ыны? бір тобы –жер бетіндегі ?демі ?сімдіктер.Олар туралы не айтамыз? 
3-о?ушы: ?сімдіктер, а?аштар таби?атымызды т?рлендіріп т?р?ан т?кті кілем сия?ты. Хал?ымыз ?сімдікті ?мір ?зегі деп алып, одан ?ам?орлы?ын еш аяма?ан. «?ке?нен мал ?ал?анша тал ?алсын» деген к?рнекті с?з соны? ай?а?ы. Ысырапсыз пайдалан?анды?тан ?сімдіктерді? кейбір т?рлер азайып бара жат?анды?тан оларды? 300-ге жуы?ы ?ызыл кітап?а енгізілді. ?ызыл Кітап?а енген ?сімдіктерді за?сыз жинаса оларды? ?рбір данасына 360 те?ге к?лемінде айып т?лейді. (Б?л 2005 жыл?ы 12 ?ырк?йектегі №1186 ?аза?стан Республикасыны? ?аулысы). Елімізде сонымен ?атар « Жасыл ел» ба?дарламасы бойынша к?птеген істер ат?арылып жатыр. Мені? ойымша, ?рбір азамат оларды ?ор?ауды? ма?ызын саналы т?рде ??ынбаса, бізді? керемет жасыл ба?ымызды еш?андай тиым салу ??т?армайды. Сонды?тан мен осы отыр?ан барлы?ы?ызды ?з ?лкелері?ізді? ?сімдіктерін біліп, оларды ?ор?ау?а ша?ырамын. 
К?зін ашып, ба? ?сір б?ла?ы?а, 
Айналсын ??тты ?оныс т?ра?ы?а. 
Жай?алсын ?лкемізде саялы ба?, 
Б?леніп к?нні? н?рлы шуа?ына. 
М??алім: Расында да, ?лкемізді саялы ба??а айналдыру ?р?айсымызды? ?олымыздан келеді. 
Ал сол ?демі таби?атымызды ?сем ?нге б?лейтін не,балалар?(??стар) 
V слайд 
Олай болса келесі аялдамамыз «Орман с?ні ??стар» деп аталады. Б?л туралы не айтасы?дар? 
4-о?ушы. Таби?атты? с?ні де, ?ні де ?алы?тай ?ш?ан ??стар.Оларды? ?сем ?ндері бойымызды бал?ытып, еріксіз еліктіреді. Олар –бізді? ?анатты достарымыз. Олар –таби?ат са?шылары. Егістікті?, бау-ба?шаны? сенімді серігі. Сонды?тан ата-бабамыз ??старды ?адірлеп, ??рметтеген. Олар батыр ?лдарын с???ар?а, с?лу ?ыздарын а??у?а те?еген. 
?аза?станда ??тарды? 480 т?рі бар екен. Соны? ішінде азайып кеткен ??стар ?ызыл кітап?а енгізіліп, ?ор?ау?а алынды. Ата-бабамыз ??сты аса ?адірлеген.Ертеде жо??ар шап?ыншылы?ы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап ?аша ж?нелген екен.Сол ауылда Т?ле би атамыз ?ана ?оз?алмай,киіз ?йін жы?папты.?алма?ты? ?скер басы себебін с?раса,Т?ле би ?йіні? т?бесін к?рсетіпті. «?арлы?аш ша?ыра?ыма ?я салды,балапандары ?лі жас, ?ша алмайды» депті.Жас ?скер басы Т?ле биді? адамгершілігіне риза болыпты. Содан Т?ле би атамызды «?арлы?аш би» атапты, ал ?арлы?ашты «?улие ??с» деп ата?ан екен. 
?аза?тар ??стар?а ?арап ауа райын да болжай білген. 
• ??с ж?нін ?рпитсе, жа?быр жауады, ауа райы ?згереді. 
• Сары шымшы? ыс?ырса- шынымен к?з бол?аны. 
• ?ар?а ?ар?ылдаса -?ар жауады. 
• Жыл ??сы ?аптап кетсе -к?ктем ерте келеді. 
• К?кек ?атты ?рі жиі ша?ырса –к?н жылиды. 
• Сауыс?ан ша?ылдаса, ?она? келеді. 
• Ерте к?ктемде ?ар?а су?а шомылса, к?н жылиды. 
Айтса? ?німіз, арда?таса? с?німіз, таби?атты? к?ркі ??старды ?ор?ау ?р?айсымызды? парызымыз. 
??старды таби?атты? ?ні десек, таби?атты? с?нін келтіретін та?ы да нелер деп ойлайсы?дар?(Хайуанаттар) 
VI слайд 
Ендеше келесі аялдамамыз «Таби?атты? с?лу м?сіні хайуанатар» деп аталады. 
5-о?ушы:Таби?атты? с?лу м?сіні, к?рікті келбеті – хайуанаттар. Хал?ымыз ежелден-а? жануарларды к?зіні? ?арашы?ындай аялап, ?ам?орлы??а ал?ан к?здері м?лдіреп т?р?ан ?ыздарын «Ботаг?з» деп ата?ан.Б?гінде орманны? с?нін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соны? бірі ?аза? жерінде тас д?уірінен бері тіршілік келе жат?ан ?ажайып хайуанаттар ?кілі –А?б?кен болып табылады. Оны халы? к?біне киік деп атайды. Оны? м?йізіні? ?зінен ?кпе ?абынуын, ж?рек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік ?асиеті бар екен. Ал еті ?те тез сі?етін же?іл тама? болып табылады. ?аза?та киікті «?асиетті а?, киелі а?» деп атауы осыдан болса керек. Біра? осы ?асиетті а? б?гінде ?те аз ?алды. Мысалы 1991 жыл?ы есеп бойынша оны? ?оры 700-900 мы?дай болса, ал со??ы 2009 жыл?ы есеп бойынша 30,7 мы?дай ?ана болды. А?б?кенні? азаюыны? басты себебі –а?ды за?сыз брокеньерлік жолмен аулауды? жаппай етек алуы. 
Б?гінде а?б?кенді, жалпы ?ара??йры?, ??лан, ар?ар т.б а?дарды ?ор?ау ?шін 
«Дарвин», «Интас» сия?ты ?орлар, т?рлі ?оры?тар ??рылып,т?рлі ж?мыстар жасауда. Мені? ойымша, адамдарды? осындай ?ам?орлы?ыны?, мейірімділігіні? ар?асында орманымыз ?айтадан ?демі а?дар?а толатынына сенемін. 
М??алім: 
?те жа?сы, балалар біз таби?атты? тамаша туындыларына саяхат жасады?. Таби?ат-Ана адамзат баласына бар ?ажетті н?рсені? барлы?ын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар ?ажеттіне жаратсын деп м?лдір су берді, ?ажайып жасыл ?лем сыйлады, орман-то?айымыз ?демі болсын деп ??сы мен ?демі а?дарын берді, ?ыс?асы біз ?мірге ?ажеттіні? б?рін Таби?ат- Анадан алады екенбіз. 
Ол ?андай мейірімді,?зі ?андай дархан,ке? болса да, ж?регі де д?л сондай ?айырымдылы??а, мейірімділікке толып т?р. Олай болса біз, балалар д?л ?азір Таби?ат-Анадан ?йренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынны? аты: «Мейірімді ж?рек» деп аталады. 
VII слайд ( «?зін-?зі тану»п?ні бойынша) 
Сергіту с?ті «Мейірімділікті таби?аттан ?йрен» немесе « Мейірімді ж?рек»ойыны. ?р бала бала ?асында?ы к?ршісіне, досына оны? жа?сы ?асиетін білдіретін с?здерді жазып ж?рекшені ?сынады. Мысалы: Сен мейірімдісі?, Сен ?демісі?, Сен а?ылдысы?!.т.б. 
ІІ б?лім 
IV. Ой-тол?ау 
VIII слайд 
А)«Мен таби?атты с?йемін немесе таби?атпен сырласу» 
(Б?л тапсырмалар о?ушылар?а алдын-ала берілген болатын, мына беріліп отыр?ан ша?ын шы?армалар соларды? ішінен та?дап алын?аны) 
Лаура: «Таби?ат! Сен д?ниедегі е? с?лусы?, е? ?демісі?! Сені? ж?пар ауа? да, ж?гірген а?ы? да, айналаны ?сем ?нге б?леген ??сы? да ?демі! Мен сенен ?демілікті ?йрендім. Осындай ?демілікті? ортасында ?мір с?рген адамзат баласыны? ?аншалы?ты ба?ытты екенін білсе? ?ой. Мен кей кездері армандаймын, шіркін, а?ын бол?анымда ?ой, сені? ?рбір тасы?ды да, топыра?ы?ды да жыр?а ?осар едім деп. 
Айдын к?лде а??у ?андай ?демі 
С???ар ??сты? сам?а?аны ?демі 
Даланы ?нге б?леген ??старым ?андай ?демі 
М?лдіреген к?здері киігім ?андай ?демі 
А? к?рпеге оран?ан ?ысым ?андай ?демі. 
Масатыдай ??лпыр?ан к?ктем ?андай ?демі 
Асыр салып ойнайтын жазым ?андай ?демі. 
Сары т?ске боял?ан к?зім ?андай ?демі. 
Осылайша таби?ат?а бір ?арап 
Таби?атпен сырласуда ?демі. 
Жер-Ананы аяласа? жан-т?нмен 
Бола

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Блум таксаномиясы бойынша "Таби?атты аялайы?" атты Т?рбие са?аты»




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы мектеп – лицейі
















Орындаған: Сыпашева Жансая



















Т.Рысқұлов 2015 ж.



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатты аялайық» 
Мақсаты: 
1.Білімділік: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; 
2.Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру 
3.Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; 
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, гүлдер, суреттер, «Өзін-өзі тану»бағдарламасы бойынша дайындалған видео фильм, 
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой-толғау сабағы 
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек айту,пікірлесу, шығармашылық жұмыстар 
Тәрбие сағатының құрылымы: 
І бөлім 
І. Ұйымдастыру 
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау; 
ІІІ.Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу) 
1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа 
2.Тіршілік көзі –су 
3. Табиғат байлығы – өсімдіктер 
4.Орман сәні –құстар 
5.Табиғаттың сұлу мүсіні –хайуанаттар 
Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!» -«Мейірімді жүрек» ойыны 
ІІ бөлім 
IV. Ой-толғау (Үй тапсырмасы) 
а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу» 
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» 
б) «Егер мен суретші болсам...» 
в) «Егер мен ақын болсам...» 
V. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту 
VI.Сабақты қорыту.Ән шашу «Табиғат» 
Сабақтың барысы: 
(Оқушылар дөңгеленіп отырады,орталарына әдемі гүл шоқтары қойылған) 
І. Ұйымдастыру: 
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет! 
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Табиғатты аяла» деп аталады. 
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! 
І слайд 
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 
Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады? 

Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар... 
ІІ слайд 
ІІІ.Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі. 
1-оқушы. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. 
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, 
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. 
Ал адамға ауа қымбат бәрінен, 
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. 
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама! 
Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы, 
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы. 
Ойлашы кімге керек боламыз біз, 
Жұтудан таза ауаны қалған күні. 
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе? 

ІІІ слайд 
Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ? 
2-оқушы: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспи теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. 
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын, 
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын. 
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы 
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын! 
Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер. 
IV слайд 
Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз? 
3-оқушы: Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын. 
Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа, 
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа . 
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ , 
Бөленіп күннің нұрлы шуағына. 
Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. 
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар) 
V слайд 
Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар? 
4-оқушы. Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. 
Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен. 
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. 
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. 
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. 
• Қарға қарқылдаса -қар жауады. 
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. 
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. 
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. 
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. 
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз. 
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар) 
VI слайд 
Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні хайуанатар» деп аталады. 
5-оқушы:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы. 
Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін 
«Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін. 
Мұғалім: 
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. 
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады. 
VII слайд ( «Өзін-өзі тану»пәні бойынша) 
Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б. 
ІІ бөлім 
IV. Ой-толғау 
VIII слайд 
А)«Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу» 
(Бұл тапсырмалар оқушыларға алдын-ала берілген болатын, мына беріліп отырған шағын шығармалар солардың ішінен таңдап алынғаны) 
Лаура: «Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін білсең ғой. Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп. 
Айдын көлде аққу қандай әдемі 
Сұңқар құстың самғағаны әдемі 
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі 
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі 
Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі. 
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі 
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі. 
Сары түске боялған күзім қандай әдемі. 
Осылайша табиғатқа бір қарап 
Табиғатпен сырласуда әдемі. 
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен 
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі! 
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек берейік: 
Алина: Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың. Жер- ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты , әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң , болашақ ұрпағың қалай күн көреді? «Судың да сұрауы бар» деп адамдар өздерің айтатын едіңдер ғой. Бүгін мен сендерге осындай сұрақ қоямын. Жауап беріп көріңдерші- деуші еді табиғат. 
«Егер мен ақын болсам...» (Бұл бөлімде сыныптағы өлең шығаратын оқушылардың өлеңдері тыңдалды. Сонымен қатар басқа ақындардың табиғатқа арнаған өлеңдерін оқушылар тебірене оқыды) 
Өзін-өзі тану» пәні бойынша дайындалған «Табиғат менің -Жер анам» атты видео фильмді көріп, ол туралы оқушылардың пікірлері тыңдалды. 
Гүлдей бер, Жер-Ана! 
Аспаның ашық болсын! 
Аспаныңды бұлт торламасын! 
Тоғайың аң мен құсқа толсын! 
Суың мөлдір, таза болсын! 
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! 
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын! 
Күнің жарық болсын!т.б. 
Хормен : 
Табиғат сені сүйеміз, 
Басымызды иеміз! 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Блум таксаномиясы бойынша "Таби?атты аялайы?" атты Т?рбие са?аты

Автор: Сыпашева Жансая Скандаровна

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258558


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства