kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аяласаң табиғатты аяла

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла
Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбие сағатының құрылымы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
ІІІ.Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)

1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа
2.Тіршілік көзі –су
3. Табиғат байлығы – өсімдіктер
4.Орман сәні –құстар
5.Табиғаттың сұлу мүсіні –жануарлар
Мұғалім: – Армысыздар құрметті  ұстаздар және оқушылар! «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген cөздер  құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі.Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар…

Ал,табиғатты қорғау дегеніміз не?Ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау.
Табиғат  тірі және өлі табиғат болып бөлінеді.

Тірі табиғат - олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан — жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады.
Өлі табиғат — қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді. Сондықтан олар бір — бірімен тығыз байланысты. Олай болса,оқушылардың табиғат туралы өлең –шумақтарына кезек берейік.
1.Раушан Атамекен жанға жайлы сая бау,
                 Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
                  Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
                  Туған жердің табиғатын аялау.
2.Құрмет Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
                 Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
                 Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
                 О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
3.Мадина:Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
                 Бір-бір ағаш және гүл егейік.
                 Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
                 Таза ауа үшін терімізді төгейік.
4.Хамит:  Қадір тұтіп табиғат қасиетін,
                 Әділдіктің алдында бас иетін.
                 “Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
                  Бабам айтқан орынды өсиетін.
5 Дамир:  Ашық болса менің байтақ аспаным,
                  Туған жерім бітпейтін мол дастаным.
                  Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
                 Керегі не, керегі не басқаның
6.Бахадир:Туған жерім өзіңе не жетеді,
                  Далам мені мәпелеп тербетеді.
                  Құшағыңда ең алғаш перзенттерің
                  Балғын жырын бұлақтай селдетеді.
Өте жақсы !Рахмет балалар!
Балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Табиғатты аяла» деп аталады.
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.
« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.
Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы: « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады.Ендеше,ауа туралы не білеміз?Ортаға салайық.  Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
1-оқушы.Айғаным: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат
.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ. Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.Бірақ ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім жауап бере алмайды. Автокөліктен завод фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сол ауадан дем алған қаншама адам ауруға ұшырады.Табиғат дем ал деп ауаны сыйлайды. Өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта ауаны ластама.

Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы,

Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы кімге керек боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған куні.

Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес.Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықтымаңыздылығыбарекен?
2-оқушы: Рустем: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су.“Судың да сурауы бар’’дейді дана халқымыз.Қазақсан Республикасында мол сулы өзендер көлдер теңіздер бар. Осы мол суды өлшеусіз есепсіз  пайдалану судың азаюына әкеп соғап отыр. Соның салдарынан Арал Теңізінің суы азайып,ол тартылып қалды, Арал аймағының жағдайы осындай болды, Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып балықтар улануда, Міне, бұл адамның қолымен жасалған қатыгездік.
Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!

Мұғалім:Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?
3-оқушы:Ануар:Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.Өсімдіктердің кейбір турлері азайып бара жатқандықтан олардың 300ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді.

Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,

Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не,балалар?(Құстар)
Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтамыз?
4-оқушы Аяулым:Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.Қазақстанда құстардың 480 түрі бар.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса -қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға  суға шомылса, күн жылиды
.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

 Мұғалім:
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?( жануарлар)
Табиғаттың сұлу мүсіні, көрікті келбеті –жануарлар
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Яғни ол «Мейірімділікті табиғаттан үйрен»  деп аталады.
 

Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» ойыны. Әр бала бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!.
Бұлақтай мөлдір таза бол Жұлдызың жарық болсын! Айың оңыңнан тусын!

Көңілің көлдей шалқысын! Гүлдей жайнай бер! Таудай талап бер!
Қызғалдақтай
құлпыра бер!.т.б.
Мұғалім: Адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. Бірі тіршіліктің анасы – табиғат-ана, екіншісі – адамның анасы. Екеуі де сондай мейірімді. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Табиғат қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.
Мұғалім:
Сабақты қортындылау кезеңі:Балалар,«Аяласаң табиғаты аяла» атты сабақты қорытындылау үшін тақтаға табиғаттың суреті плкатқа салып ілінген.Мен қазір сендерге қағаздың қиылған гулді беремін.Сендер өз тілектеріңді,өз ойларыңды   осы гул бейнеленген қағазға жазып әр қайсың жапсырасыңдар.
Гүлдей бер, Жер-Ана!Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!Күнің жарық болсын!т.б.Құрметті қонақтар,оқушылар! Қорыта келгенде,Елбасының жолдауында “туған жер табиғатын қорғай отырып,салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз,”- делінген сондықтан осы Елбасының жолдауын орындау үшін бәріміз бір кісідей ауламызды,көшемізді,гул егіп,ағаш отырғызып көркейтейік,көгалдандырайық. Қоршаған ортаны,табиғатты,табиғат-ананы,суйейік,аялайық,қорғайық қамқоршы болайық!

.Хормен :
2030 - дың біз барысымыз

,Жеңістікке бастайды әр ісіміз.

Өркенниетті елімізді көркейтейтетін,

Табиғатты аялау парызымыз.

Мұғалім:Ал балалар енді сабақты қорытындылау бекіту пысықтау мақсатында енді кезекті әнге берейік.

‘’Құстар’’ әні орындалады

Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Сау болыңыздар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аяласаң табиғатты аяла»

Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла
Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбие сағатының құрылымы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
ІІІ.Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)
1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа
2.Тіршілік көзі –су
3. Табиғат байлығы – өсімдіктер
4.Орман сәні –құстар
5.Табиғаттың сұлу мүсіні –жануарлар
Мұғалім: – Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген cөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі.Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар…

Ал,табиғатты қорғау дегеніміз не?Ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау.
Табиғат тірі және өлі табиғат болып бөлінеді.

Тірі табиғат - олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан — жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады.
Өлі табиғат — қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді. Сондықтан олар бір — бірімен тығыз байланысты. Олай болса,оқушылардың табиғат туралы өлең –шумақтарына кезек берейік.
1.Раушан Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
2.Құрмет Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
3.Мадина:Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
4.Хамит: Қадір тұтіп табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.
5 Дамир: Ашық болса менің байтақ аспаным,
Туған жерім бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі не басқаның
6.Бахадир:Туған жерім өзіңе не жетеді,
Далам мені мәпелеп тербетеді.
Құшағыңда ең алғаш перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай селдетеді.
Өте жақсы !Рахмет балалар!
Балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Табиғатты аяла» деп аталады.
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.
« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.
Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы: « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады.Ендеше,ауа туралы не білеміз?Ортаға салайық. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
1-оқушы.Айғаным: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат
.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.Бірақ ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім жауап бере алмайды. Автокөліктен завод фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сол ауадан дем алған қаншама адам ауруға ұшырады.Табиғат дем ал деп ауаны сыйлайды. Өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта ауаны ластама.

Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы,

Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы кімге керек боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған куні.

Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықтымаңыздылығыбарекен?
2-оқушы: Рустем: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су.“Судың да сурауы бар’’дейді дана халқымыз.Қазақсан Республикасында мол сулы өзендер көлдер теңіздер бар. Осы мол суды өлшеусіз есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғап отыр. Соның салдарынан Арал Теңізінің суы азайып,ол тартылып қалды, Арал аймағының жағдайы осындай болды, Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып балықтар улануда, Міне, бұл адамның қолымен жасалған қатыгездік.
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!

Мұғалім:Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?
3-оқушы:Ануар:Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.Өсімдіктердің кейбір турлері азайып бара жатқандықтан олардың 300ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді.

Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,

Бөленіп күннің нұрлы шуағына .

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)
Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтамыз?
4-оқушы Аяулым:Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.Қазақстанда құстардың 480 түрі бар.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса -қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды
.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

Мұғалім:
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?( жануарлар)
Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті –жануарлар
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Яғни ол «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» деп аталады.


Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» ойыны. Әр бала бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!.
Бұлақтай мөлдір таза бол Жұлдызың жарық болсын! Айың оңыңнан тусын!
Көңілің көлдей шалқысын! Гүлдей жайнай бер! Таудай талап бер!
Қызғалдақтай
құлпыра бер! .т.б.
Мұғалім: Адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. Бірі тіршіліктің анасы – табиғат-ана, екіншісі – адамның анасы. Екеуі де сондай мейірімді. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Табиғат қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.
Мұғалім:
Сабақты қортындылау кезеңі:Балалар,«Аяласаң табиғаты аяла» атты сабақты қорытындылау үшін тақтаға табиғаттың суреті плкатқа салып ілінген.Мен қазір сендерге қағаздың қиылған гулді беремін.Сендер өз тілектеріңді,өз ойларыңды осы гул бейнеленген қағазға жазып әр қайсың жапсырасыңдар.
Гүлдей бер, Жер-Ана!Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!Күнің жарық болсын!т.б .Құрметті қонақтар,оқушылар! Қорыта келгенде,Елбасының жолдауында “туған жер табиғатын қорғай отырып,салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз,”- делінген сондықтан осы Елбасының жолдауын орындау үшін бәріміз бір кісідей ауламызды,көшемізді,гул егіп,ағаш отырғызып көркейтейік,көгалдандырайық. Қоршаған ортаны,табиғатты,табиғат-ананы,суйейік,аялайық,қорғайық қамқоршы болайық!

.Хормен :
2030 - дың біз барысымыз

,Жеңістікке бастайды әр ісіміз.

Өркенниетті елімізді көркейтейтетін,

Табиғатты аялау парызымыз.

Мұғалім:Ал балалар енді сабақты қорытындылау бекіту пысықтау мақсатында енді кезекті әнге берейік.

‘’Құстар’’ әні орындалады

Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Сау болыңыздар







МКМ Бақанас мектеп интернаты






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аяласаң табиғатты аяла

Автор: Сұлтанбекова Айнұр Токаевна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 375832

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Аяласаң, табиғатты аяла."
    ["seo_title"] => string(27) "aialasan_tabig_atty_aiala_1"
    ["file_id"] => string(6) "396563"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488284114"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Аяласа? - таби?атты аяла!"
    ["seo_title"] => string(22) "aialasantabigattyaiala"
    ["file_id"] => string(6) "281670"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453564616"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Т?рбие са?аты . Та?ырыбы: Таби?атты аяла"
    ["seo_title"] => string(42) "t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-tabig-atty-aiala"
    ["file_id"] => string(6) "316608"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460119048"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Аяласа?, таби?атты аяла "
    ["seo_title"] => string(25) "aialasan-tabig-atty-aiala"
    ["file_id"] => string(6) "169215"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423387590"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "ТАБИ?АТПЕН СЫРЛАСУ "
    ["seo_title"] => string(20) "tabig-atpien-syrlasu"
    ["file_id"] => string(6) "207115"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430332201"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства