kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка урока

Нажмите, чтобы узнать подробности

9 сыныпқа арналған Қостанай қаласының колледжі сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока»

Сынып:9 күні:22.01

Сабақтың тақырыбы: Қостанай қаласының колледждері.

( Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі)

 Сабақтың мақсаты: 

 Білімділік: Қаламыздың колледж туралы мәлімет беру, оларды танып-білуге үйрету.

 Дамытушылық: оқушыны өз сүйікті мамандығы туралы ойын толық жеткізе білуге баулу, ойлау, сөйлеу, есте сақтау  қабілеттерін дамыту, тақырып бойынша сөздік қорын молайту.

 Тәрбиелік: мамандықты дұрыс таңдауға баулу, кәсіптік бағдар беру, өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.

 Жұмыс түрлері: жеке, жұппен, топпен жұмыс.

 Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі

 Сабақтың барысы:

  І.Ұйымдастыру кезеңі

 1.Амандасу.

Кезекшімен сұхбат

 Лексикалық минут.

 –          Біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қалай аталады?

 –          Біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз Қазақстан Республикасы деп аталады?

 –          Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

 –          Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет.

 –          Қазақстан тәуелсіз Республика болып қашан жарияланды?

 –          Қазақстан тәуелсіз Республика болып 16 желтоқсан 1991 жылы жарияланды.

 –          Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қай тіл?

 –          Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі.

 Жақсы.

Үй жұмысын тексеру. Шығарма «менің мамандығым»

Сұрақ-жауап арқылы тексеру.

 – Ал, мектепте қандай білім алады? (орта)

 –Мамандық алу үшін қандай оқу орындарында оқу керек? (колледж, университет, академия)

 –Колледжде қандай білім алады? (орта арнаулы)

 –Университет пен академияда қандай білім алады? (жоғары)

 –Қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (мұғалім, дәрігер, аспаз, заңгер, суретші, құрылысшы, кітапханашы, күзетші, шекарашы, тәрбиеші, сыршы, ұшқыш, ғарышкер, жүргізуші, шаштараз, сәулетші, балташы, даяшы, зергер, орманшы, кенші,  т.б.)

Ми шабуыл:- Елімізде неше облыс бар?

- Біз сіздермен қандай облыста тұрамыз?

- Қостанай қаламыздың қандай колледждерін білесіздер?

 Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қостанай қаласының колледж»деп аталады. Сабағымыздың мақсаты: осы тақырып бойынша сөздік қорымызды молайта отырып, тіл ұстартамыз..

 Қазір 1-2 деп топқа бөліңіндер.

Санап алдық па? Жақсы. Енді кім 1 номер таңдағандар, мына үстелге отырасыңдар; 2 санды оқушылар екінші үстелге отырасызар 

Балалар, тақтада

 ІІ. Жаңа сабақ.

 Жаңа сөздермен жұмыс.

Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысайық.

 Жаңа сөздерді хормен қайталайық.

 Жаңа сөздерді сөздіктеріне жазып алыңдар.

 Жаңа сөздерді бекіту.

 а) 1 топ Сөз тіркестерін құру.

ә) 2 топ сөздермен сөйлем құру. 

А)Мәтінмен жұмыс.1 топ шығу тарихы.

Қостанай индустриалды –педагогикалық колледж.

Қостанай индустриалды-педагогикалық техникумы 1966 жылы 03 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 1323–р. бұйрығымен құрылды. Бірінші директор болып Соловьев Василий Кузьмич тағайындалды. Белгілермен марапатталды:«КСРО-ның кәсіптік білім берудегі үздігі», «ҚазКСР кәсіби білім берудің үздігі». ҰОС ардагері. 1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 2-ші және 3-ші дәрежелі Даңқ ордені және көптеген медальдарға ие. Алғашқы студенттер жиынтығы 1966 жылы 1 қыркүйекте енгізілді. Техникум ғимараты салынғанша, студенттер (шіркеу жанында) орналасқан № 62 кәсіптік лицей ғимаратында  оқыды, 1967 жылдың басында ауыл шаруашылық техникасына ие болып, қазандықты іске қосты, жылдың соңында оқу ғимараты мен асхана бөлінді.

Жатақхана құрылысы 1968 жылы аяқталды. Екінші директор болып Кузнецов Алексей Ильич тағайындалды, 1973 жылдың ақпанынан бастап, 1988 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс жасады (зейнетке шықпас бұрын).

Өзінің жұмысы кезінде оқу шеберханасы, № 2 жатақхана, колледж қызметкерлері үшін тұрғын үй салынып, колледж аумағын көгілдендіру.

1977 жылы техникум техникалық мамандар – қоғамдық тамақтану технологтарын, кәсіптік оқу орындарында жұмыс істеуге арналған өндірістік  шеберлерін дайындауға кірісті.

1988 жылдың қыркүйегінді балама сайлау  шешімімен Қостанай индустриалды-педагогикалық техникумының директоры болып   Колпаков Виктор Петрович сайланды.

Виктор Петрович колледждер директорлар төрағасы және облыстық маслихат депутаты қызметін атқарған. Белгілермен марапатталды: «ҚазКСР ағарту үздігі»«ҚазКСР Өндірістік-техникалық білім беру үздігі».

Екі мерейтойлық медальдармен марапатталды, 2006 жылы «Ы.Алтынсарин» медалімен мараптталды, 2012 жылы «Құрмет»медалімен марапатталды.

Бұл уақытта техникум екі жатақханамен, асханамен, спорттық алаңмен, шаңғы орталығымен соның ішінде 160 жұптық шаңғыға, стандартты емес гимнастикалық жабдықтар, спорттық қалашықпен, волейбол алаңымен, 1000 және 500 метр жүгіру жолына ие болған.

Тамақ пісіру технолгиясы мамандығының теориялық білімін бекіту үшін Қостанай қаласының қоғамдық тамақтандыру мекемелері сонымен қатар пионерлер лагері және механикаландырылған бригадалары пайдаланылып, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары өндірістік практикасын өту үшін Урицкий ауданының барлық совхоздары пайдаланылды.

1993 жылдың 28 сәуірінде Қостанай индустриалды – педагогикалық техникумы, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі болып қайта құрылды.

1996 жылы Аманқарағай ауылынан «Дене тәрбиесі және АӘД мұғалімі» бөлімшесі колледжге аударылды. 1997 жылы осы мамандыққа бірінші  оқушылар тіркеуі іске асырылды.

Колледж өндірістік қызметтің келесі түрлерін өткізді: ауыл шаруашылығының барлық түрлерін, жүк тасымалдаушылығын, ағаш және металл бұйымдарын өндіру, дәнекерлеу жұмыстарын, той, мерейтой өткізу,  макарон кондитерлік және нан өнімдерін өндіру сонымен қатар компьютерде оқыту, т.б.

Ең басты өндірістік әрекет дәнді дақылдар өнімдерін өңдеу еді.

2 топ. Қостанай индустриалды –педагогикалық колледж.

1999 жылы 13 қаңтарында колледж Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Қостанай индустриалды – педагогикалық колледжі» болып өзгерді

Колледжде жоғары білікті мамандарды даярлаудың жақсы оқу-материалдық базасы құрылды.

Колледжде білікті педагогикалық ұйым құрылып, соның ішінде 60-тан астам мұғалімдер және өндірістік оқыту шеберлері, жоғары білімдері бар және үлкен жұмыс тәжірибесіне ие.

2000 жылы 0317002- «Әлеуметтік педагогика» мамандығы ашылды.

2004 жылы колледжде «Жерге орналастырушылық», Кәсіптік оқыту мамандығы «Есептеу техникасын бағдарламамен қамтамасыз ету және автоматтандыру жүйесі» мамандандыруымен жаңа мамандықтар ашылды.

2005 жылы Кәсіптік оқыту мамандығы «Дәнекерлеу өндірісі» мамандандыруымен жаңа мамандығы ашылды.

2007 жылы «Әлеуметтік жұмыскер»,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті бекіткен эксперименталды оқу жоспарында жұмыс жасайтын мамандығы ашылды.

Колледж жұмыссыздарды жұмыспен қамту орталығы арқылы оқыту мен қайта даярлауды жүргізеді. Өткен кезеңде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша колледж 800-ге жуық түлектері шығарды.

2012 жылдың 08 мамырында МҚКК «Қостанай индустарилды-педагогикалық колледжі», Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы КМҚК  «Қостанай индустарилды-педагогикалық колледжі» болып атауы өзгертілді

Сергіту сәті.

 Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.

Ең жасыл————(эколог, бақташы, орманшы, гүл өсіруші)

Ең тәтті—————(аспаз, кондитер)

Ең ақшалы————(банк қызметкері, экономист)

Ең күлкілі—————(клоун, әзілкеш)

Ең жауапты ———— (сот, бухгалтер)

Ең салмақты———— (мұғалім, заңгер)

Ең қарым-қатынасы күшті—— (бизнесмен, кәсіпкер)

2 тапсырма. Мәтін бойынша Суреттер үлестіріліп Постер құру 2 топта жасайды. Оны қорғау.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

 Велосипед әдісі бойынша оқушылар бір-біріне сүрақ қояды.

2.Сабағымызды қорытындылау үшін біз шартты рай мен қалау райды қолдана отырып, өз ойымызды білдірейік. Ол үшін рай категориясын еске түсіріп алайық.

 

ш.р                                                                                         қ.р

 Егер мен...... оқуға түссем, мына мамандықты таңдар едемі...... -1-ші топ

 ш.р                                        қ.р.

 Егер колледжге түссем, жақсы оқығым келеді. – 2-ші топ

 ш.р                                                                                    қ.р.

 IV. Үй тапсырмасы: «Қазақстанға қажет мамандар» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.

 V. Бағалау. Қол шапалақтау арқылы қандай топ қалай жұмыс істегенін көрсетейік.

 1-ші топ; 2-ші топ. Рақмет, барлықтарың  жақсы жұмыс істедіңдер.

 VI. Рефлексия.

 Менің сабақта алған әсерім. (балалар стикерлеріне жазып оқиды, тақтадағы ағашқа іледі)

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка урока

Автор: Турсынбаева Мирамкуль Аманжловна

Дата: 29.01.2018

Номер свидетельства: 453464

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "разработка урока "Решение уравнений с модулем" "
    ["seo_title"] => string(50) "razrabotka-uroka-rieshieniie-uravnienii-s-moduliem"
    ["file_id"] => string(6) "119189"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1413364206"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "Методическая разработка урока "Размещение и выкладка товаров в торговом зале" "
    ["seo_title"] => string(87) "mietodichieskaia-razrabotka-uroka-razmieshchieniie-i-vykladka-tovarov-v-torghovom-zalie"
    ["file_id"] => string(6) "204701"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429711951"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) "разработка урока  по теме «Использование информационных технологий  на уроке окружающего мира»"
    ["seo_title"] => string(106) "razrabotka-uroka-po-tiemie-ispol-zovaniie-informatsionnykh-tiekhnologhii-na-urokie-okruzhaiushchiegho-mira"
    ["file_id"] => string(6) "320454"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461079038"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Разработка  урока физики в 9 классе по теме «Силы в природе». "
    ["seo_title"] => string(61) "razrabotka-uroka-fiziki-v-9-klassie-po-tiemie-sily-v-prirodie"
    ["file_id"] => string(6) "124298"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414677354"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Методическая разработка урока " Распространенное определение. Реклама" "
    ["seo_title"] => string(77) "mietodichieskaia-razrabotka-uroka-rasprostraniennoie-opriedielieniie-rieklama"
    ["file_id"] => string(6) "168784"
    ["category_seo"] => string(8) "nemeckiy"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423301716"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства