kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін - өзі тану сабағының жоспары ( 5 сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сынып оқушыларына арналған Өзін - өзі тану пәніннің сабақ жоспары.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін - өзі тану сабағының жоспары ( 5 сынып)»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары 26

Мерзімі : 14. 03.2017 ж

Мұғалімі: Жансугурова А.Д.

Сынып: 5

Оқушылар саны: 20

Сабақтың тақырыбы: Кеңпейілділік пен жомарттық

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: барлығынан жақсылық көру, қарапайымдылық, жақсыдан жаманды ажырата білу

Мақсаты: кеңпейілділік пен жомарттық туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
1. Адам өмірінде барлығынан жақсылық көру түсінігін кеңейту;

2. Оқушылардың өзара қарапайымды болуға , тұжырымды ой айтуға жетелеу,сөздік қорларын дамыту

3. Оқушыларды сабақ барысында барлығынан жақсылық көруге, жақсыдан жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Ресурс

(құралдар,

Материалдар)

Оқулық, дәптер


1.Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасу(қолымызды жүрегімізге қойып, басымызды иеміз) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және (5 зат)оқу құралдарын тексеру. 5 «Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті: (Баяу музыка қосылады)«Орманға саяхат»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

3 мин

2. Үй тапсырмасын тексеру

Кеңпейілдік пен жомарттық танытып жүрген адамдары болса, солар туралы жазып келу берілген. Оқушылар өз жұмыстарын оқиды, талқылап, ризашылығымызды білдіреміз.

5 мин

3. Дәйексөз

Жомарт бол! Жомарттық сені сүйкімді етеді.

Ахмед Иүгінеки

Дәйексөзді ұлдар 1 рет, қыздар бір рет айтады.Бірге 2 рет қайталап, жаттап алады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіні сұралады, дәптерге жаздырылады.

5 мин

3. Мұғалімнің сыйы

«Алма ағашы» әңгімесі

Ерте-ерте-ертеде әдемі үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала сол алма ағаштың көлеңкесінде үнемі келіп ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ержетіп ағаштың көлеңкесінде ойнамайтын болды. Бір күні келеді, бірақ көңіл күйі жоқ болады.«Менімен ойнашы!», деп сұрайды ағаш.«Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін енді», жауап береді жігіт, – «Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ».«Қап, менде де ақша жоқ… Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, ақша жасай аласың».Жігіт қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, қуанып сол жерді тәрк етеді. Қайтып ол жерге оралмады. Ағаш көңілсіз болады. Бір кезде ол қайтып келеді – кешегі жігіт енді ер болды! Ағаш оны көріп қатты қуанады.«Менімен ойнашы!», сұранады ағаш…«Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, бала-шағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба?»«Кешір… Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады… »Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам ұзақ уақыт көрінбей кетеді.Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың алдына келеді.«Балам, кешір. Саған беретін ешнәрсем қалмады. Алма да жоқ…»«Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім да қалмады..»«Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ…»«Ойын үшін тым кәрімін…», дейді адам.«Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұнайтады. Барым – кәрі, өліп бара жатқан тамырларым ғана», деді ағаш көзге жас алып. «Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты…» «Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой…» – дейді ағаш қуанып. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп қуанады…

Сұрақтар:

1.Әңгімеде қандай кейіпкерлер болды? Бұл мәтінде не түсіндіңдер?

2. Әңгіменің басты мағынасы,мәні неде? Бала ағаштан қандай жақсылық көрді? Бала ағаштың кеңпейілділігін бағалай білді ме?

3. Сендердің кеңпейілдік танытқан кездерің болды ма? Балаға қандай тілек айтар едіңдер?

10 -15 мин

4. Шығармашылық жұмыс Топпен жұмыс. Сабақтың барысында 2 түс стикерлері беріледі. Сол екі түспен олар екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа тапсырма: Бүгінгі тақырыбымызға байланысты синоним сөздерді жазып, оларды келесі топқа рөлге кіріп көрсету.

Екінші топқа тапсырма: Бүгінгі тақырыбымызға байланысты ертегі құрастырып, сахналау .

10 мин

5. Топпен ән айту

«Жақсы адамдар» әні

Әні мен сөзі: А.Оралов

1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктең өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар,жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар,жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

2.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегінде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар,жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар,жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

3. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Жақсы адамдар.

5 мин

6. Үйге тапсырма

«Табиғат не үшін қажет?» тақырыбына төменде берілген мамандық иелерінің көзімен қарап, айтып беру

1.Ғалым

2.Дәрігер

3.Суретші

4.Диқан

2 мин

7. Сабақтың қорытынды сәті

Соңғы тыныштық сәті

Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!

- Мінеки, балалар, біздің тағы да бір қызықты, өнегелі сабағымыз аяқталғалы тұр.

Мен ойлаймын біз бүгінгі сабақта біраз маңызды адами құндылықтармен таныстық. Балалар сабағымыздың соңғы тыныштық сәтінде мен мынадай «алтын сандық» алып келдім. Мына сиқырлы сандықты ашып, ішінен сіздер ақкөңіл, жайсаң мінезді, кеңпейіл, жомарт адамның суретін көресіңдер. Оған жақсылап қарап күліп алып, сабағымыздан көтеріңкі көңіл күймен қайтайық! (сандық ішінде айна)

2 мин








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Өзін - өзі тану сабағының жоспары ( 5 сынып)

Автор: Жансугурова Асель Даулетовна

Дата: 30.03.2017

Номер свидетельства: 405009

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "?зін –?зі тану саба?ыны? жоспары"
    ["seo_title"] => string(35) "ozin-ozi-tanu-sabag-ynyn-zhospary-1"
    ["file_id"] => string(6) "282527"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453712631"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "?зін –?зі тану саба?ыны? жоспары 8 сынып"
    ["seo_title"] => string(41) "ozin-ozi-tanu-sabag-ynyn-zhospary-8-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "282550"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453714077"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?зiн-?зi тану саба?ыны? жоспары "
    ["seo_title"] => string(33) "ozin-ozi-tanu-sabag-ynyn-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "170328"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423545160"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Жер - ана тақырыбы өзін-өзі тану сабақ жоспары 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(56) "zhier_ana_tak_yryby_ozin_ozi_tanu_sabak_zhospary_4_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "411056"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492961420"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?зін-?зі тану саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(24) "ozinozitanusabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "285245"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454127776"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства