Ортасы . | Тақырып сырын ашу (1 слайд) Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады. Мысалы, он, екі, бес, мың – негізі сан есімдер; ондаған, мыңдаған, алтыншы, екеу – туынды сан есімдер. Екі я одан да көр түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады. Мысалы, екі мың он үш, 25 т. б. Сөздердің қосарлану мен қайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы, қырық - елу, алпыс - жетпіс, 2. Дәптермен жұмыс: 159 жаттығу. Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар. Үлгі, дара сан есімдер күрделі сан есімдер жүзінші, бесінші, үшінші, мың тоғыз жүз қырық екінші Тапсырма тексеріліп бекітіледі. 3. «Сергіту» ойыны. Дара сан есімдерді атағанда оң қолдарыңды көтересіңдер, күрделі сан есімдерді атағанда екі қолдарыңды бірдей көтересіңдер. Екінші, қырық - елу, тоғыз жүз бір, жетеу, жүздеген, үш - үштен, бесеу, он бүтін жүзден елу бір, тоқсан, жүз шақты. 4. “Этномәдени сұрақтар” - ауызша жұмыс түрі Сандарға байланысты халқымыздың ұғымында 1, 3, 5, 7, 9, 40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды. 1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене) 2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7, 9) 3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі) 4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты) 5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) 6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта) 7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма) 8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет) 9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек) 10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан) 5. Бейнесюжетпен жұмыс (интертақта) Артық болмас білгенің…. Оқушылар, сендер елімізде және әлемде болып жатқан оқиғаларды қайдан біле аласыңдар? Әрине, баспасөз құралдары мен телехабарлардан. Ендеше қазір сендердің назарларыңа бүгінгі жаңалықтардан үзінді көрсетемін. Соны мұқият тыңдап шығыңдар. Сендердің есте сақтау қабілеттеріңді байқау үшін, мынадай жұмыс беремін. Бейнесюжетте айтылған жаңалықтан сан есімдерді өздері тіркескен зат есімдерімен бірге есте сақтап, дәптерлеріңе жазып алыңдар. Тапсырма тексеріліп, бекітіледі. 6. Әдебиетпен байланыс. Халық ауыз әдебиетінде және жекелеген авторлар шығармаларында көптеп кездесетін шығарманың бір түрі – санамақтар. Қазір кеспе карточкаларды таратамын. Карточкаларда санамақтың бір - бір жолынан жазылған. Мен белгі берген кезде сан реті бойынша оқып шығасыңдар. Бір дегенім – білім алу. Екі дегенім - елін сүю. Үш дегенім - үлгілі болу. Төрт дегенім - төзімді болу. Бес дегенім - бірлікте болу. Алты дегенім - ақылды болу. Жеті дегенім - жетістікке жету. Сегіз дегенім - сезіне білу. Тоғыз дегенім - толғану. Он дегенім - осының бәрін ойға алу. Қорытынды ой толғау. | . | Тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары. |