Оқушылардың таприоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау.Сөз щеберлігіен өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіріп қабілеттерін дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Жастарда патриоттық рух бар ма?» тақырыбында дебат ойыны
Дебаттың мақсаты: оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау.Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: дебат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер , суреттер, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Дебатқа лайықты психологиялық жағдай орнату.
І кезең: «Белес» ; ІІ кезең : «Асу»; ІІІ кезең: «Шың»
Әр кезеңнің арасында 3 минут уақыт аралығында қарсылас топторға сұрақтар қою.
Мұғалім дебатты бастайды.
Қ. Кеменгеровтың бір шумақ өлеңі:
Маған керек емес ертегі,
Ертегіні өз басым да шертеді.
Тарих керек іргетасы халқымның,
Іргетассыз қаланбайтын ертеңі!
Армысыздар құрметті оқушылар, көрермендер! Бүгінгі жиналған қауым, жастарымыздың тіл байлығы мен тарихымыздың рухани құндылықтарына негізделген «Жастарда патриоттық рух бар ма?» атты тақырыпта дебатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтеді.
Дебатымызға қатысушы 8 бен 9-шы сыныптар арасынан құрылған 2 топты ортаға шақырамыз.
«Жалын» және «Дауыл» топтары.
Әр топтың екі спикерлері бар. Әр спикердің міндеті бар.
спикер топтың таңдаған позициясы жайлы айтады,
спикерлер өз позициясын дәлелдемелермен нақтылайды және қарсыласушы топтың осал жақтарын атап көрсетеді.
Спикер кортындылай отырып, өз позицияларының дұрыстығын тағы да нақтылай отырып, оппонеттердің дәлелдемелерінің аздығын нақтылай түседі.
Дебатымызға әділ төрелігін айтып, қай топ өзінің таңдаған бағытын қаншалықты дәлелдә түрде уақыттан аспай қорғағаны жайлы шешім қабылдап, қорытынды шешім қабылдап, қорытынды шешім айтып, бағалайтын әділқазылар мүшесімен таныс болайық!
Мұғалім: Дебатымыздың 1 кезеңі бойынша ортаға шыққан топтарымыздың өзара амандасуы, жереби арқылы таңдаған позицияларымен танысу. Әр топқа 6 минуттан уақыт беріледі.
топ «Жалын» жақтаушы топ
топ «Дауыл» даттаушы топ
Мұғалім: Дебатымыздың 2 кезеңі бойынша топтың 2 спикерлерінің 5 минут уақыт ішінде ой-пікірлерін неғұрлым мәдениетті шешендік сөзбен, нақыл сөздермен, нақты дәлелдемелермен, ғұлама адамдардың айтқан пікірлерімен жеткізе білдіруіне аса көңіл бөледі. Уақыттан аспауын қадағалау.
Сөз кезегін топ мүшелеріне беруге рұқсат етіңіздер.
3-Кезең «Шың» Мұғалім: Қатысушы топтардың 3- спикерлеріне сөз кезегін береміз. Сол биік шыңға өзінің позициясын жетік дәлелдеп, сөз өнеріне асқан шеберлік көрсеткен топ қана шыңға шыға алады. Бар күшімізді 3 кезеңді бастаймыз.
Мұғалім: Сонымен құрметті оқушылар, көрермеңдер , әділқазылар алқасы өз позицияларын жақтаудағы ұстанымдарын қорытындылай келе,дебатымыздың қорытынды шешімін шығаруға сөз кезгін әділқазылар алқасына береміз
Қатысушы топтарды марапаттау,құттықтау.
Машенова Алмагүл Әлімқызы. Знаменка жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашысы