Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбер. Қайырлы таң,Алтын күн! Қайырлы таң,Жер –ана! Салеметсіңдер ме,достарым! Салеметсіздер ме қонақтар! Балалар жылылылық шеңберіне жиналып,бір- бірімен,қонақтармен амандасады. -Балалар,бүгін біз оқу іс-әрекетімізде үй жануарларымен танысатын боламыз. Алдымыздағы бейне таспадан нелерді көріп отырсыңдар? | -Балалар шаттық шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге іс-қимыл жасайды. Жақсы қөңіл күй сыйлады. Түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі. |
Ұйымдастыру-іздестіру | Балалар,үй жануарларын тамашалау үшін жайлауға барғыларың келеме? Олай болса,барлығымыз бірге атамызбен апамызға жайлауға қонаққа барайық. Ол үшін біз қазір автобусқа мінеміз,өйткені жайлау алыста. Музыка қосылады. -Ал,балалар міне жайлауға да келіп қалдық, ары қарай апа мен атаның үйіне жету үшін біз жаяу барамыз. Балалар жолда көптеген тастар жатыр екен,олардан өтуіміз үшін бірнеше тапсырмаларды орындауымыз қажет. 1.тапсырма. 1.Үй жануарларының адам өміріне пайдасы мен маңызы. 2.Үй жануарларының өнімдерін ата. Дұрыс, балалар,үй жануарларының адам өмірінде маңызы зор,еті мен сүті-ас, жүні мен терісінен көптеген киімдер тігеді,тоқиды,сондықтан оларды адамдар күтіп баптайды. 2. тапсырмаға келдік. Балалар мұнда сендерге жұмбақтар берілген,ендеше жұмбақтың шешімін табайық. Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар Кішкене ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар. Жоғарыға шығып ойнайды, Ойынға бір тоймайды. Болсадағы сақалы , Секеңдеуді қоймайды . 3.тапсырма Балалар сендер үй жануарлары жайында тақпақтар, білесіңдерме? Ме-ме деген әні бар, Байқамасаң жамырар, Селтеңдеген лағым, Бір тынымсыз жануар.(Мөлдір.) Мінезі жайлы сиырмын, Байлығымын бір үйдің, Етім дәмді сүтім бал, Сырымды менің ұғып ал. (Айхан.) Күмбір-күмбір әні бар, Желкілдеген жалы бар. Желдей жүйрік құлыншақ. Желмен шапқан жануар.(Айназ.) Мө-мө деген әні бар. Үй маңынан табылар. Мөңіреген бұзауым, Маған үйір жануар.(Азиза) 4.тапсырма. Мақал-мәтелдер. Айхан. Ақсақ қой-түстен кейін манырайды. Екі қошқардың басы-бір қазанға симас. Айназ. Ақсақ қой –жатып семірер. Арық қой-тырысқақ Аш адам-ұрысқақ. -Балалар,жолдан шаршап келе жатқан шығарсыңдар,бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті. Қуыр қуыр қуырмаш Балапанға бидай шаш Қуыр қуырмаш, Әжең келсе есік аш Қуыр қуыр қуырмаш Балапанға бидай шаш Қуырқуыр қуырмаш Қасқыр келсе мықты бас, Міне басты бас бармақ Қолдағы үлкен саусақ Ол барады жылқыға Құлындарды бағуға. Балан үйрек саусақ Сиыр бақташқа ұқсас Бұзауларға жол көрсет Ауылға кел берекет Қуыр қуырмаш Балапанға бидай шаш Қуыр қуыр қуырмаш Әжең келсе есік аш. Ал түйеге бар қара Ортан терек ойнама Ботақандар жоғалса Әжелердің айқасы. Шылдыр шүмек асыға Қошақандарға қара Қасқырлардан қорғап Қораға алып кел жинап Кішкентай бөбек саусақ Сенің жұмысың қайда Менің тірлігім сондай Ойнап жүрмін шаршамай. Ойын. Балалар,бізге келесі тапсырмада мынандай ойын берілген екен. «Дәмін тауып көрші?» Үстел үстіндегі үй жануарларынан алынатын өнімдердің дәмін татып ажыратады. Дидактикалық ойын. «Енесін тап».Үй жануарларын өз орнына орналастыру. Билингвальды компонент: сиыр-корова,түйе-верблюд,жылқы-лошадь,қой-овца,ешкі-коза. 5.тапсырма. Балалар,тыңдаңдаршы,жануарлар дыбыстайтын сияқты.Үн таспадан үй жануарларының дыбысын ажырату. Балалар,міне бізде жайлауға да келіп қалдық.Осымен оқу-іс әрекетіміз аяқталды. | Иә. Балалар екі қатарға қойылған орындықтарға отырады. Балалалар қызығушылықпен тындап отыр. Балалар өз жауаптарын айтты. Ия, табайық Түйе Қой Ешкі Балалар үй жануарлары туралы өздері білетін мақал –мателдерін айтады. Тәрбиешінің іс- қимылына қарап балалар бірге жасайды. Балалар өнімдердің дәмін татып ажыратты. Балалар суретке қарап үй жануарла- рының төлдерін тапты. Балалар тәрбиешінің орыс тілінде айтылған сөздерді қайталады. Балалар жануарлардың дауысын ажыратты. |