Астана ?аласы
№35 мектеп-лицейіні?
бастауыш сынып м??алімі
Т?лебай К?гершін Балтабай?ызы
Сыныбы: 1
Саба?ты? ма?саты: ?й жануарларыны? ?ыс?ы тіршілігі
1. Білімділік ма?саты: ?й жануарларыны? ?ыс?ы тіршілігі туралы ??ым беру.
2.Дамытушылы? ма?саты: С?ра?-жауап, ??гіме ж?ргізу ар?ылы тіл байлы?тарын молайту. Сипаттау, талдау, салыстыра білу да?дыларын дамыту. Ауыл шаруашылы?ы туралы т?сінік беру.
3.Т?рбиелік ма?саты: ?й жануарларын к?тіп баптау?а, ?йрету. Е?бек?ор, ?ам?оршы болу?а т?рбиелеу. Патриотты? т?рбие беру.
Саба?ты? к?рнекілігі: ?й жануарларына байланысты суреттер, плакат, тыйым с?здер, слайдтар .
Саба?ты? типі: топты? ж?мыстар, баяндау, с?ра? – жауап, ой т?йіндеу.
Саба?ты? ?дісі: сын – т?р?ысынан ойлау технологиясын ?олдану ?дісі
Саба? жоспары:
1. ?йымдастыру кезе?і. - психологиялы? дайынды?
2. ?й тапсырмасын тексеру. - с?ра? – жауап ар?ылы
3. Жа?а саба?. - тапсырмалар, м?ліметтер
3. Сергіту с?ті. - ойын
4. О?улы?пен ж?мыс. - о?ушыларды? тізбектей о?уы
- с?здік ж?мысы
5. Д?птермен ж?мыс.
6. ?орытынды.
7. Ба?алау.
8. ?йге тапсырма.
Саба?ты? барысы:
I. ?йымдастыру кезе?і.
Психологиялы? дайынды?.
- С?леметсіздер балалар? Б?гін бізде ерекше саба? ?ткелі т?р. Бізге ?она?тар келіп отыр. Саба?ымызды жа?сы к??іл-к?ймен бастау ?шін бір-бірімізге ?арап к?лімдейік, ?она?тар?а ?арап к?лімдейік. Осындай жа?сы к??іл к?ймен саба?ты бастайы?. Саба?ты т?рт топ?а б?ліп ж?ргіземіз. Берілген тапсырмаларды, ж?мыстарды ынтамен, белсенділікпен, тияна?ты орындау?а тырысы?дар. Саба? со?ында ?р топ?а ат?ар?ан ж?мыстары?а, ?здері?ді ?стаулары?а байланысты ата? беріледі.
II. ?й тапсырмасын тексеру.
С?ра? – жауап ар?ылы ?й тапсырмасы пысы?талады.
- Алды??ы саба?та ?андай та?ырыппен танысты??
- Аю ?айда ?ыстап шы?ады? Оны? ?йі не деп аталады?
- Тыш?ан ше?
- То?ылда?ты неге «орман д?рігері» деп атайды?
- Ж?ндіктерді? тіршілігі жайлы не білесі?дер?
III. Жа?а саба?
1 – тапсырма. Ж?мба? шешу. Оларды? суреттері слайд ар?ылы к?рсетіледі.
1) Кезікті бір жануар
?стінде екі тауы бар. (т?йе)
2) ?амыс ??ла?, тоста?ан т?я?,
Мінсе? ?анат, с?ті д?рі, еті тама?. (жыл?ы)
3) Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (сиыр)
4) Кішкентай ?ана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (?ой)
5) Басында тая?ы бар,
Т?рт ая?ы бар.
Екі ??ла?ы бар,
Иегінде са?алы бар. (ешкі)
- Б?л жануарларды бір с?збен не деп атаймыз?
- Т?рт т?лік мал, ?й жануарлары, малдар.
- Не себепті т?рт т?лік дейміз, мына жерде бес жануарды? аты жазыл?ан?
- Себебі ?ой мен ешкі бір топ?а жатады, ?йткені ол екеуі де ?са? мал?а жатады.
2–тапсырма. Сол ж?мба?ты? шешуіне байланысты ?р топ?а ?й жануарларыны? суреті таратылады. ?р топ со?ан ?арап не білетінін айтады.
1-топ «Т?йе» Т?йені? ?ркештері болады. Бір, екі ?ркеші бар т?йе болады.
Бір ?ркешті т?йені «нар» дейді. Т?йені? т?лін
бота деп атайды. Т?йені адамдар к?лік ретінде
пайдаланады. Т?йені? с?тін ш?бат деп атайды.
Ш?бат ?те пайдалы. Т?йе ш?лге шыдамды. Ол
бір рет жа?сылап ішіп алса, бір апта бойы сусыз
шыдай алады. Адамдар т?йені? терісін де
пайдаланады. Ол ауыр ж?кті де жа?сы к?тереді. Сол себепті б?рын ?аза?тар к?шіп – ?онып ж?ргенде т?йені к?лік ретінде пайдалан?ан.
2-топ. «Жыл?ы» ?аза? хал?ы жыл?ыны ?те жа?сы ба?алайды. Оны? етін, с?тін тама? ретінде пайдаланса, ал ?зін к?лік ретінде пайдаланады. Оны? с?ті ?ымыз деп аталады. ?ымыз адам а?засына ?те пайдалы. ?ыста ?аза?тар жыл?ыны со?ым?а сояды. Жыл?ыны? т?лін ??лын деп атайды.
3-топ. «Сиыр» Адамдар сиырды? с?тін, етін, терісін де пайдаланады.
Сиырды? с?тінен айран, ?айма?, май, ірімшік, ??рт, жент сия?ты ?німдер алынады. Оны? т?лін б?зау деп атайды.
4-топ. «?ой, ешкі»
?ойды? т?лі – ?озы, ешкіні? т?лі – ла? деп аталады. ?ой мен ешкіні? етін, ж?нін, терісі пайдаланады. Суы? тиіп ауырса ?ойды? майын емге пайдаланады. ?ойды? етін тама??а пайдаланса, ж?нінен киім, ш?лы?, ?ол?ап то?у?а болады. Терсінен тон жасайды. Ал ешкіні? ж?ні т?біт деп аталады. Одан да осындай киімдер то?ылады. Ешкіні? с?ті де пайдалы. ?ой момын болса, ешкі керсінше тентек болып келеді.
- Балалар, сендер ?й жануарларыны? пайдасы туралы айтып берді?дер. Б?л мал шаруашылы?ына жатады. Бізді? жеріміз бай. Онда биік таулар, ну орман мен ?зен–к?лдер, жазы? дала да к?п. Сонды?тан мал шаруашылы?ымен айналысу?а ?олайлы.
- Ал сендер осы жануарларды? к?тімі жайлы не білесі?дер? (жауап алынады)
Ендеше б?гінгі саба?та осы ?й жануарларыны? ?ыс?ы тіршілігі туралы айтамыз.
- ?ыс?ы тірішілігі туралы не айтар еді?дер? (жауап алынады)
Сергіту с?ті.
Балалар сендер шараша?ан боларсы?дар, ?азір «?ар ла?тыру» деп аталатын ойын ойнаймыз.
- ?ар ла?тырып ойнап к?рді?дер ме?
- Оны ?ай жыл мезгілінде ойнау керек?
- ?ыста ойнайтын та?ы ?андай ойын т?рлерін білесі?дер?
Ендеше ойынымызды бастайы?. Алдарында жат?ан а? ?а?аз?а жа?сы с?здер жазып екі топ бір – біріне ла?тыру керек. ?р о?ушы ?зіне т?скен ?а?азды ашып о?ып береді. (ойын барысында музыка ойнап т?рады)
М??алімні? т?сіндіруі.
?й жануарларын адамдар ба?ып, к?теді. Ауылды жерлерде ?й жануарларына арнайы жылы ?оралар салынады. Онда жем – ш?п салатын, су ??ятын орындары болады. Малды? ?ыс?ы азы?ын адамдар к?зде дайындап ?ояды. ?ыста ?й жануарларын к?біне ?орада ?стайды. Ал ауа райы ашы?, жылы к?ні малдарды дала?а таза ауа?а шы?арады. Жыл?ы мен ?ой ?арды теуіп ашып, оны? астында?ы ш?пті жейді. Ал к?ктемде малдар ?ріске шы?ады. ?й жануарлары т?лдейді.
М??алім о?ып береді. С?здік ж?мысы ж?ргізіледі.
А?ыр – жем – ш?п салатын жер.
Науа – су ??ятын зат.
О?ушылар іштей о?иды.
Осыдан кейін о?ушылар?а тізбектете о?ытамын.
3 – тапсырма.
?р топ?а м?тін бойынша с?ра?тар таратылады.
1-топ. ?й жануарлары ?алай ?ыстап шы?ады?
2-топ. Адам ?й жануарларын ?ыста ?алай к?теді?
3-топ. Адам ?й жануарларын не ?шін ?сіреді?
4-топ. Адам ?й жануарларына ?андай ?ам?орлы? жасау керек?
Д?птермен ж?мыс.
- Балалар сендер білесі?дер ме осы т?рт т?лікке байланысты к?птеген тыйым с?здер бар. Б?гінгі саба?та соны? бірнешеуімен танысамыз.
Малды теппе.
Ат?а теріс отырма.
Малды аттама.
Т?нде малды санама.
А?ты т?кпе.
(та?тадан хормен о?ытамын.)
4 – тапсырма.
?р топ?а келесі тапсырмалар ?сынылады.
1-топ. Т?рт т?лікке байланысты ма?ал – м?телдер айтады.
2-топ. Т?рт т?лікке байланысты ша?ын ертегі ??рап айтады.
3-топ. Т?рт т?лікке ?атысты сурет салады.
4-топ. Венн диаграммасын ?олданып ?й жануарлары мен жабайы жануарларды салыстырады.
IV. ?орытынды:
С?ра? – жауап ар?ылы ?орытындыланады.
- Б?гін ?андай та?ырыппен танысты??
- ?й жануарларыны? ?ыс?ы тіршілігі туралы не білді?дер?
- ?здері?е б?гінгі саба?тан ?андай жа?а ма??лмат алды?дар?
- Балалар, б?гінгі та?ырыбымыз?а байланысты саба?ымызды ?здері? білетін ?андай ?ле?мен ая?тау?а болады?
- ?рине «?оша?аным» ?німен, ендеше б?ріміз ?осылып осы ?нді орындап берейік.
Саба?ты? басында ескертілгендей ?р топты? ж?мыс ат?аруларына ?арай топтар?а ата? беріледі.
«Білімді» топ
«Белсенді» топ
«Тату – т?тті» топ
«Шапша?» топ
V.Ба?алау. Саба??а ?атысуларына ?арай жеке о?ушылар ба?аланады.
VI. ?йге тапсырма: 81-82 б. (о.м.) ?р жануар?а байланысты та?па? тауып, жаттап келу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?й жануарларыны? ?ыс?ы тіршілігі 1-сынып »
Астана қаласы №35 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Төлебай Көгершін Балтабайқызы
Сыныбы: 1
Сабақтың мақсаты: Үй жануарларының қысқы тіршілігі
1. Білімділік мақсаты: Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы ұғым беру.
2.Дамытушылық мақсаты: Сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу арқылы тіл байлықтарын молайту. Сипаттау, талдау, салыстыра білу дағдыларын дамыту. Ауыл шаруашылығы туралы түсінік беру.
3.Тәрбиелік мақсаты: Үй жануарларын күтіп баптауға, үйрету. Еңбекқор, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Үй жануарларына байланысты суреттер, плакат, тыйым сөздер, слайдтар .
Сабақтың типі: топтық жұмыстар,баяндау, сұрақ – жауап, ой түйіндеу.
Сабақтың әдісі: сын – тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану әдісі
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. - психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру. - сұрақ – жауап арқылы
3. Жаңа сабақ. - тапсырмалар, мәліметтер
3. Сергіту сәті. - ойын
4. Оқулықпен жұмыс. - оқушылардың тізбектей оқуы
- сөздік жұмысы
5. Дәптермен жұмыс.
6. Қорытынды.
7. Бағалау.
8. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Сәлеметсіздер балалар? Бүгін бізде ерекше сабақ өткелі тұр. Бізге қонақтар келіп отыр. Сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастау үшін бір-бірімізге қарап күлімдейік, қонақтарға қарап күлімдейік. Осындай жақсы көңіл күймен сабақты бастайық. Сабақты төрт топқа бөліп жүргіземіз. Берілген тапсырмаларды, жұмыстарды ынтамен, белсенділікпен, тиянақты орындауға тырысыңдар. Сабақ соңында әр топқа атқарған жұмыстарыңа, өздеріңді ұстауларыңа байланысты атақ беріледі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмасы пысықталады.
Алдыңғы сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Аю қайда қыстап шығады? Оның үйі не деп аталады?
Тышқан ше?
Тоқылдақты неге «орман дәрігері» деп атайды?
Жәндіктердің тіршілігі жайлы не білесіңдер?
III. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Жұмбақ шешу. Олардың суреттері слайд арқылы көрсетіледі.
1) Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
2) Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)
3) Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (сиыр)
4) Кішкентай ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
5) Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Екі құлағы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
- Бұл жануарларды бір сөзбен не деп атаймыз?
- Төрт түлік мал, үй жануарлары, малдар.
- Не себепті төрт түлік дейміз, мына жерде бес жануардың аты жазылған?
- Себебі қой мен ешкі бір топқа жатады, өйткені ол екеуі де ұсақ малға жатады.
2–тапсырма. Сол жұмбақтың шешуіне байланысты әр топқа үй жануарларының суреті таратылады. Әр топ соған қарап не білетінін айтады.
1-топ «Түйе» Түйенің өркештері болады. Бір, екі өркеші бар түйе болады.
Бір өркешті түйені «нар» дейді. Түйенің төлін
бота деп атайды. Түйені адамдар көлік ретінде
пайдаланады. Түйенің сүтін шұбат деп атайды.
Шұбат өте пайдалы. Түйе шөлге шыдамды. Ол
бір рет жақсылап ішіп алса, бір апта бойы сусыз
шыдай алады. Адамдар түйенің терісін де
пайдаланады. Ол ауыр жүкті де жақсы көтереді. Сол себепті бұрын қазақтар көшіп – қонып жүргенде түйені көлік ретінде пайдаланған.
2-топ. «Жылқы» Қазақ халқы жылқыны өте жақсы бағалайды. Оның етін, сүтін тамақ ретінде пайдаланса, ал өзін көлік ретінде пайдаланады. Оның сүті қымыз деп аталады. Қымыз адам ағзасына өте пайдалы. Қыста қазақтар жылқыны соғымға сояды. Жылқының төлін құлын деп атайды.
3-топ. «Сиыр» Адамдар сиырдың сүтін, етін, терісін де пайдаланады.
Сиырдың сүтінен айран, қаймақ, май, ірімшік, құрт, жент сияқты өнімдер алынады. Оның төлін бұзау деп атайды.
4-топ. «Қой, ешкі»
Қойдың төлі – қозы, ешкінің төлі – лақ деп аталады. Қой мен ешкінің етін, жүнін, терісі пайдаланады. Суық тиіп ауырса қойдың майын емге пайдаланады. Қойдың етін тамаққа пайдаланса, жүнінен киім, шұлық, қолғап тоқуға болады. Терсінен тон жасайды. Ал ешкінің жүні түбіт деп аталады. Одан да осындай киімдер тоқылады. Ешкінің сүті де пайдалы. Қой момын болса, ешкі керсінше тентек болып келеді.
- Балалар, сендер үй жануарларының пайдасы туралы айтып бердіңдер. Бұл мал шаруашылығына жатады. Біздің жеріміз бай. Онда биік таулар, ну орман мен өзен–көлдер, жазық дала да көп. Сондықтан мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы.
- Ал сендер осы жануарлардың күтімі жайлы не білесіңдер? (жауап алынады)
Ендеше бүгінгі сабақта осы үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы айтамыз.
Қысқы тірішілігі туралы не айтар едіңдер? (жауап алынады)
Сергіту сәті.
Балалар сендер шарашаған боларсыңдар, қазір «қар лақтыру» деп аталатын ойын ойнаймыз.
- Қар лақтырып ойнап көрдіңдер ме?
Оны қай жыл мезгілінде ойнау керек?
Қыста ойнайтын тағы қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Ендеше ойынымызды бастайық. Алдарында жатқан ақ қағазға жақсы сөздер жазып екі топ бір – біріне лақтыру керек. Әр оқушы өзіне түскен қағазды ашып оқып береді. (ойын барысында музыка ойнап тұрады)
Мұғалімнің түсіндіруі.
Үй жануарларын адамдар бағып, күтеді. Ауылды жерлерде үй жануарларына арнайы жылы қоралар салынады. Онда жем – шөп салатын, су құятын орындары болады. Малдың қысқы азығын адамдар күзде дайындап қояды. Қыста үй жануарларын көбіне қорада ұстайды. Ал ауа райы ашық, жылы күні малдарды далаға таза ауаға шығарады. Жылқы мен қой қарды теуіп ашып, оның астындағы шөпті жейді. Ал көктемде малдар өріске шығады. Үй жануарлары төлдейді.
Мұғалім оқып береді. Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Ақыр – жем – шөп салатын жер.
Науа – су құятын зат.
Оқушылар іштей оқиды.
Осыдан кейін оқушыларға тізбектете оқытамын.
3 – тапсырма.
Әр топқа мәтін бойынша сұрақтар таратылады.
1-топ. Үй жануарлары қалай қыстап шығады?
2-топ. Адам үй жануарларын қыста қалай күтеді?
3-топ. Адам үй жануарларын не үшін өсіреді?
4-топ. Адам үй жануарларына қандай қамқорлық жасау керек?
Дәптермен жұмыс.
- Балалар сендер білесіңдер ме осы төрт түлікке байланысты көптеген тыйым сөздер бар. Бүгінгі сабақта соның бірнешеуімен танысамыз.
Малды теппе.
Атқа теріс отырма.
Малды аттама.
Түнде малды санама.
Ақты төкпе.
(тақтадан хормен оқытамын.)
4 – тапсырма.
Әр топқа келесі тапсырмалар ұсынылады.
1-топ. Төрт түлікке байланысты мақал – мәтелдер айтады.
2-топ. Төрт түлікке байланысты шағын ертегі құрап айтады.
3-топ. Төрт түлікке қатысты сурет салады.
4-топ. Венн диаграммасын қолданып үй жануарлары мен жабайы жануарларды салыстырады.
IV. Қорытынды:
Сұрақ – жауап арқылы қорытындыланады.
Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы не білдіңдер?
Өздеріңе бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағұлмат алдыңдар?
- Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты сабағымызды өздерің білетін қандай өлеңмен аяқтауға болады?
Әрине «Қошақаным» әнімен, ендеше бәріміз қосылып осы әнді орындап берейік.
Сабақтың басында ескертілгендей әр топтың жұмыс атқаруларына қарай топтарға атақ беріледі.
«Білімді» топ
«Белсенді» топ
«Тату – тәтті» топ
«Шапшаң» топ
V.Бағалау. Сабаққа қатысуларына қарай жеке оқушылар бағаланады.
VI. Үйге тапсырма: 81-82 б. (о.м.) Әр жануарға байланысты тақпақ тауып, жаттап келу.