kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 11класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: оқушыларға  отбасылық өмірдің маңыздылығын ұғындыру арқылы қиянат жасамау  құндылығының мәнін ашу.

 Сабақтың  міндеттері:

  • Оқушыларға қамқорлық  жасаудың   маңызды екендігін ұғындыру;
  • Оқушылардың бойындағы шыдамдылық  қасиеттерін дамыту;
  • Оқушыларды қамқорлыққа, мейірімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 11класс»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Ембі №2орта мектебі

Тақырыбы: Отбасы-өмір аясы

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, шыдамдылық ,мейірімділік

Сыныбы: 11 кл

Оқушы саны:23

Мұғалім: Джубанышева Ж.Қ

Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасылық өмірдің маңыздылығын ұғындыру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға қамқорлық жасаудың маңызды екендігін ұғындыру;

  • Оқушылардың бойындағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды қамқорлыққа, мейірімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу;



Ресурстар (материалдар дереккөздер)

Сабақтын барысы:

  1. Ұйымдастыру кезені.

5 «Т» ережесін ұстану

Тыныштық

Тәртіп

Талап

Татулық

Тазалық

Сабақтығы жағымды күйге келу.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайлап отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінеміз.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңызбен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.

Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.

РАХМЕТ!


Сабақ барысын талдау:


«Волшебная компазиция»

әуені

2.Үй тапсырмасын тексеру.

№17сабақтағы Шыңғыс Айтматовтың 77-79 беттегі «Мұрап» әңгімесін оқып келу

Сұрақтар:

- Тоқанның ержеткендігін неден білуге болады?

- Қартайдың отбасына қандай сипаттама берер едің?

- Отбасы берекесінің сыры неде?

- Жақсылық жасауды қандай түрде жеткізе аласың?

- Жақсылық қандай жетістікке жеткізеді?


Оқулық 11кл

3. Дәйексөз

« Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді...»

Махатма Ганди

1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2 . «Қиянат жасамау» нені білдіреді?

2 рет қыздарға айтқызу, 2 рет ұлдарға айтқызу.

Барлығы бірге айтып шығады. Дәптерге жазып алу.

Тақтаға жазу





4.Әңгімелеу.Мұғалім сыйы.

« Жақсылық дәні» аңыз- әңгіме

Ертеде шөл далада бір отбасы өмір сүріпті.Олар отырықшылдыққа қарағанда, дала кезіп айдалада тұрғанды ұнатады екен.Бұл отбасы өзінің күн көрісіне шүкіршілік, өмірдің қиындығына сабырлық етіп ғұмыр сүріпті. Сол жылы осы өлкеде қатты қуаңшылық болып,шіліңгір ыстыққа жан баласы шыдамапты. Үйдегі бала-шағаның іштеріне ыстық түсіп,ауырып науқасқа ұшырайды.Азық та, су да таусылады.Соңында бір-екі бидайдың дәні мен тек бір адамның шөлін басатын су қалыпты.

Сонда да ерлі-зайыптылар қиыншылыққа төзімділік,шыдамдылық, сабырлық танытып үміттерін үзбепті. Бір күні алыстан бір қара көрініп, арып-шаршаған біреу келеді.Келуші шөлде адасқан,бір жолаушы екен. Үйге жете бере «Су, су!»- деп құлап түседі. Өздері қиын жағдайға душар болған ерлі - зайыптылар «Бір адамды тірілткен, бүкіл адамзатты тірілткенмен пара - пар» деп, қалған бір жұтым суын жаңағы жолаушыға ішкізеді. Жолаушы есін жиып, әлденген соң үй иесінен жөн сұрасқан соң өз жөніне кетеді.

Ал, аштық пен кенесесі кепкен, шөлдеп өлуге шақ тұрған үй иесі тыстан ат тұяғының дүбірін естиді. Үйге бірнеше адам кіріп келеді. Киімдеріне қарағанда патшаның нөкерлері сияқты. Олар «Бұл маңда Ахмет деген кісінің үйі бар ма екен?» деп сұрайды. Отағасы «Ахмет менмін. Бұл жерде бізден өзге ешкім жоқ», дейді.

Нөкерлер «Біз осы аймақтың билеушісі ханның адамдарымыз. Хан сізге есік алдында тұрған сыйлықты жеткізуді бұйырды», дейді.

Аң – таң болған үй иесі тысқа шықса есік алдында жүк тиелген 10 түйе, 5 жылқы байлаулы тұрған екен.

Таң – тамаша болған отағасы «Бұны ол не үшін тарту етті?», деп сұрайды.

Нөкерлер «Біздің патша тұтқыннан қашып келе жатқанда су беріп, өлім аузынан алып қалғаныңыз үшін тарту етті», деп жауап беріпті.

Сұрақтар:


-Мәтіндегі отбасының жағдайы туралы не айтуға болады?

-Басына іс түскен адамға қалай көмек берді?

-Шыдамдылықтың арқасында қандай сый - сияпатқа ие болды?


- Сіздерге жақсылық жасағанда қандай күйде боласыңдар?

- Қандай адамның ойы,сөзі,іс-әрекеті бір?

- Өздеріңнің жақсы іс -әрекеттеріңізбен бөлісіңіздер.

Самопознание kz/журналы

2015жыл желтоқсан

5.Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.


«Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды» тақырыбында эссе жазу.

Эссені оқытып,шығармашылық бұрышқа ілу.


6.Топпен ән айту.

« Ата-ана парызы»

Әні:Ә.Темірханов

Сөзі:С.Исақаев


Жастық шағың жайнап өскен,

Ата- ананың арқасы.

Ата-анаға қамқор болар,

Ұл-қызының баршасы.

Біз сіздерге қарыздармыз,

Бізге аппақ пейілің.

Өздеріңдей жан бере алмас,

Сәбиіне мейірім.


Қайырмасы:


Тіршіліктің бесігінде,

Атсын арай таңдарың.

Қыз ұзатып, келін алу,

Ата ананың арманы.

Қыз ұзатып, келін алу,

Ата ананың арманы.


Тал шыбықтай қызың өссін,

Жібек мінез есіліп.

Ұлың болсын ел қорғаны,

Мерейіңді өсіріп.

Аттарыңа кір келтірмеу,

Перізенттік парызым.

Үш арқалап Мекке ассам да,

Өтелмейді қарызым.

Қайырмасы:

Бұл өмірде орындалсын,

Ата-ананың арманы

Қайырмасы:


Kivvi.kz

Әннің мәтінін бір бетке жазып оқушыларға таратып беру.

7.Үй тапсырмасы

17-сабақтың жұмыс дәптеріндегі 42- беттегі 1-тапсырманы орындау.

18-сабақ. 80-82беттегі Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе»романын оқып келу.



Оқулық 11кл.

8.Сабақтың қорытынды минуты.

Баяу әуен қойылады.

Еркін жайғасайық. Көзімізді жұмамыз.Сіздер нұрлы күнсіздер.Әрқашан жадырап,айналаға шуақ шашып жүріңіздер. Көзімізді ашамыз.

Рахмет! Сау болыңыздар!




«Волшебная компазиция»

әуені




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 11класс

Автор: Джубанышева Жанар Куандыковна

Дата: 16.03.2017

Номер свидетельства: 400838

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Өмірдің мәні (Сабақ жоспары, 7-класс, 6-сабақ)"
    ["seo_title"] => string(43) "omirdin_m_ni_sabak_zhospary_7_klass_6_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "513764"
    ["category_seo"] => string(9) "iskusstvo"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1559890797"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) ""Өзін-өзі тану" пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: "Сөйлесе білу де өнер" 5 класс"
    ["seo_title"] => string(80) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary_tak_yryby_soiliesie_bilu_die_onier_5_klass"
    ["file_id"] => string(6) "384241"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485452281"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) ""Адал дос" тақырыбында "Өзін-өзі тану" пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(59) "adal_dos_tak_yrybynda_ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "435313"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509294878"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Ішек?уыстылар типі" 7 класс "
    ["seo_title"] => string(29) "ishiekk-uystylar-tipi-7-klass"
    ["file_id"] => string(6) "140876"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418035030"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ. Тақырыбы: Жер-Ана"
    ["seo_title"] => string(48) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_tak_yryby_zhier_ana"
    ["file_id"] => string(6) "465117"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522926089"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства