kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ішек?уыстылар типі" 7 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биология п?нінен саба? жоспары:

Сынып: 7

 К?ні: _____________

Саба?ты? та?ырыбы: Ішек?уыстылар типіне жататын ж?ндіктерді? негізгі ерекшеліктері.

Саба?ты? ма?саты: ішек?уыстыларды?  басты ерекшеліктері ж?нінде о?ушылар  толы? ма?л?мат алады.

Міндеттері:

1.Білімділік: о?ушылар?а ішек?уысты ж?ндіктерді? кез келген тірі а?залар?а т?н процестері мен ?рекеттері туралы  о?ушылар  ??ым ?алыптастырады.

2.Т?рбиелік: та?ырыпты о?и отырып, о?ушыларды таби?атты с?юге, аялай білуге ?йрету, экологиялы? т?рбие  алады.

3.Дамытушылы?: о?улы?пен дербес ж?мыс істеу іскерлігін одан ?рі дамыту, е? бастысын тауып, ?орытынды жасау ?исынды ойлай біледі.

 І. ?йымдастыру кезе?і.

ІІ. Жа?а материалды о?ыту.

Ішек?уыстылар – денесі екі ?абатты жасушалардан ??рал?ан, бір ?ана ?уысты, к?пжасушалы жануарларды? ішіндегі ?те ?арапайым ??рылысты ж?ндіктер. Денесінде тек бір ?ана ішек ?уысы бол?анды?тан, б?л ж?ндіктер ішек?уыстылар деп аталады. Ішек?уыстыларды? ?азір ?ылым?а 9000-?а жуы? т?рлері белгілі. Б?лар к?бінесе те?ізде, тек азда?ан т?рлері т?щы суларда тіршілік етеді. Ішек?уысты жануарлар омырт?а жотасы болма?анды?тан, ж?ндіктер тобына жатады.

Ішек?уысты ж?ндіктер типі негігі 3 клас?а жіктеледі: гидрат?різдестер (гидроидтар), таба?шат?різдестер (сцифоидтар) ж?не к?п?армалауышты маржандар (полиптер).

Т?щы су гидрасын негізге ала отырып, дене ??рылысы мен тіршілік ?рекеттеріне толы?ыра? то?талайы?.

Тіршілік ортасы: Суы таза, оттегіне бай баяу а?атын ?зендерде, к?л, то?анда, к?бінесе сынып т?скен су ?сімдіктеріні? б?та?тарында.

Сырт?ы ??рылысы: Ж?ндіктен г?рі ?сімдікке к?бірек ??сас. Денесінде ?армалауыштары болады, саба?шасы ж?не бір н?рсеге бекінетін табаны болады. ?армалауыштары ауыз ?уысыны? айналасына орналасады.  ?апшы? т?різді денесі 2 ?абат жасушалардан т?рады: сырт?ы –эктодерма (тері-б?лшы?ет, атпа, аралы?, ж?йке, безді, сезімтал  жасушалар орналасады), ішкі – энтодерма.

?оректенуі: Гидра – жырт?ыш ж?ндік. ?са? шаянт?різділермен, балы?ты? кішкене шаба?ымен ?оректенеді.  Жемін ?армалауыштары ар?ылы аузына апарып, ж?тады. Ас ішкі ?абатта (энтодерма) ?орытылады.

Тыныс алуы ж?не з?р шы?аруы: Арнаулы м?шелері болмайды. Б?кіл денесі ар?ылы суда еріген оттегін ішке сі?іріп, ?ажетсіз СО2-ды сырт?а шы?арады. З?ршы?аруы да б?кіл денесі ар?ылы ж?зеге асады.

К?беюі: жыныссыз ж?не жынысты.  Жазда жа?сы ?оректенген кезде гидраны? денесінен томпай?ан б?ршіктерді к?руге болады. Гидраны? жыныссыз к?беюі осы б?ршіктер ар?ылы, я?ни б?ршіктену деп аталады. Томпа?тан пайда бол?ан б?ршік созылады да, ?шынан ?армалауыштары т?зіледі. Аз уа?ыт ?ткен со? б?ршік гидраны? денесінен ?зіліп, жас гидра?а айналады. Ал жынысты к?беюі жыныс жасушалары ар?ылы ж?реді. К?зде к?н сал?ында?ан ша?та гидраны? ?орегі азаяды да, сол кезде оны? тіршілік етуі нашарлап, денесінен б?ршікке ??самайтын ?сінділер пайда бола бастайды. Б?л ?сінділер тек сырт?ы ?абатынан т?зіледі де, ауыз?а та?ау жердегі ?сіндіде аталы? жасуша – сперматозоидтар, ал табанына таман аналы? жасуша – ж?мырт?а жасуша пайда болады. ?сіп жетілген сперматозоидтар шапша? ?оз?алып, аналы? жыныс жыныс жасушасына ж?зіп барып, жасуша?а енеді де ядро?а ?осылады.

К?пая?ты ж?ндіктер – полиптер. Т?щы су гидрасы да к?пая?ты ж?ндіктерге жатады. К?пая?ты ж/р ?сіресе те?ізде к?бірек мекендейді. М?селен, Арал ж?не Каспий те?іздерінен жеке, кейде шо?ыр болып тіршілік ететін, актинияны к?руге болады. Оны? денесі – кеспелтек ба?ана т?різді, т?менгі табан жа?ымен су ішіндегі н?рсеге бекініп, ?сті?гі к?пая? т?різді ?армалауыштарымен ?орегін а?дып, ?имылсыз отырады. Актинияны ?демі г?л екен деп ?аласы?. Ол - ?те жырт?ыш ж?ндік. Атпа жасушаларымен ?лсіреткен балы?ты ?армалауыштарымен ?армап, ж?та салады.

К?пая?ты маржан – шо?ырлас ?а??алы ж?ндік. К?пая?ты маржан те?із суынан ?рт?рлі к?птеген минералды т?здарды жинап, ?ызыл т?ске боял?ан ж?не ?ктен ??рал?ан б?та?ты ?а??а т?зеді. Жартасты н?рсеге бекінген ондай б?та?ты ?а??аны? биіктігі 40 см-ге дейін жетеді. Ма?ызы: ?ызыл маржанды ?йелдерді? ?шекей б?йымдарын, ал?а, монша? дайындау?а пайдаланады.

Тропиктік те?іздерде шо?ырлас к?пая?тыларды? кейбір т?рлері ?те к?п жиналып, ?ктенген б?та?тары су бетіне к?терілген кезде ?рт?рлі аралдар т?зеді. М?ндай су астында пайда болатын маржанды жартас риф деп аталады. Маржандардан 3 т?рлі риф т?зіледі: тос?ауыл риф (жа?а?а ?атарласа созыл?ан ?ктенген ?а??алар т?зеді), жа?алы? риф (жа?а?а ?ласып жатады), ше?берлі риф немесе атолл (су бетіне ше?берленген б?та?тар ?сіп шы?ады). М?ндай аралдарды? ?айсысы болмасын кемелер ?шін ?те ?ауіпті.

Еркін тіршілік ететін – медуза. Олар – м?лдір денелі, ?олшатыр т?різді ж?ндіктер. Медузаны? аузы ?олшатыр т?різді к?мбезді? асты??ы жа?ында болады. Ауызды? айналасында ?армалауыштары бай?алады. Жапон те?ізінде тіршілік ететін шаршылы медузаны? атпа жасушасынан адамны? денесінде ед?уір к?йік пайда болып, одан дене ауырсынады. Медуза –жыртыш.

 

ІІІ.О?ытыл?ан та?ырып бойынша білімді ж?йелеу ж?не ?орытындылау.

  1. К?пжасушалылар?а ?андай ж?ндіктер мен жануарлар жатады?
  2. Су астында ?а??аларды? ?йіндісінен пайда болатын т?зілістер ?алай аталады? Т?рлері.
  3. Планула мен медузаны? айырмасы неде?
  4. Ішек?уыстыларда е? ал?аш ?ай ж?йе пайда болады?

IV. ?й тапсырмасын с?рау.

Ж?мыс д?птері бойынша ?ткен тарау бойынша ж?мыс.

V.?й тапсырмасы. § 41, 177 беттегі 99 суретті салу.

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ішек?уыстылар типі" 7 класс »

Биология пәнінен сабақ жоспары:

Сынып: 7

Күні: _____________

Сабақтың тақырыбы: Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: ішекқуыстылардың басты ерекшеліктері жөнінде оқушылар толық мағлұмат алады.

Міндеттері:

1.Білімділік: оқушыларға ішекқуысты жәндіктердің кез келген тірі ағзаларға тән процестері мен әрекеттері туралы оқушылар ұғым қалыптастырады.

2.Тәрбиелік: тақырыпты оқи отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, аялай білуге үйрету, экологиялық тәрбие алады.

3.Дамытушылық: оқулықпен дербес жұмыс істеу іскерлігін одан әрі дамыту, ең бастысын тауып, қорытынды жасау қисынды ойлай біледі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа материалды оқыту.

Ішекқуыстылар – денесі екі қабатты жасушалардан құралған, бір ғана қуысты, көпжасушалы жануарлардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жәндіктер. Денесінде тек бір ғана ішек қуысы болғандықтан, бұл жәндіктер ішекқуыстылар деп аталады. Ішекқуыстылардың қазір ғылымға 9000-ға жуық түрлері белгілі. Бұлар көбінесе теңізде, тек аздаған түрлері тұщы суларда тіршілік етеді. Ішекқуысты жануарлар омыртқа жотасы болмағандықтан, жәндіктер тобына жатады.

Ішекқуысты жәндіктер типі негігі 3 класқа жіктеледі: гидратәріздестер (гидроидтар), табақшатәріздестер (сцифоидтар) және көпқармалауышты маржандар (полиптер).

Тұщы су гидрасын негізге ала отырып, дене құрылысы мен тіршілік әрекеттеріне толығырақ тоқталайық.

Тіршілік ортасы: Суы таза, оттегіне бай баяу ағатын өзендерде, көл, тоғанда, көбінесе сынып түскен су өсімдіктерінің бұтақтарында.

Сыртқы құрылысы: Жәндіктен гөрі өсімдікке көбірек ұқсас. Денесінде қармалауыштары болады, сабақшасы және бір нәрсеге бекінетін табаны болады. Қармалауыштары ауыз қуысының айналасына орналасады. Қапшық тәрізді денесі 2 қабат жасушалардан тұрады: сыртқы –эктодерма (тері-бұлшықет, атпа, аралық, жүйке, безді, сезімтал жасушалар орналасады), ішкі – энтодерма.

Қоректенуі: Гидра – жыртқыш жәндік. Ұсақ шаянтәрізділермен, балықтың кішкене шабағымен қоректенеді. Жемін қармалауыштары арқылы аузына апарып, жұтады. Ас ішкі қабатта (энтодерма) қорытылады.

Тыныс алуы және зәр шығаруы: Арнаулы мүшелері болмайды. Бүкіл денесі арқылы суда еріген оттегін ішке сіңіріп, қажетсіз СО2-ды сыртқа шығарады. Зәршығаруы да бүкіл денесі арқылы жүзеге асады.

Көбеюі: жыныссыз және жынысты. Жазда жақсы қоректенген кезде гидраның денесінен томпайған бүршіктерді көруге болады. Гидраның жыныссыз көбеюі осы бүршіктер арқылы, яғни бүршіктену деп аталады. Томпақтан пайда болған бүршік созылады да, ұшынан қармалауыштары түзіледі. Аз уақыт өткен соң бүршік гидраның денесінен үзіліп, жас гидраға айналады. Ал жынысты көбеюі жыныс жасушалары арқылы жүреді. Күзде күн салқындаған шақта гидраның қорегі азаяды да, сол кезде оның тіршілік етуі нашарлап, денесінен бүршікке ұқсамайтын өсінділер пайда бола бастайды. Бұл өсінділер тек сыртқы қабатынан түзіледі де, ауызға тақау жердегі өсіндіде аталық жасуша – сперматозоидтар, ал табанына таман аналық жасуша – жұмыртқа жасуша пайда болады. Өсіп жетілген сперматозоидтар шапшаң қозғалып, аналық жыныс жыныс жасушасына жүзіп барып, жасушаға енеді де ядроға қосылады.

Көпаяқты жәндіктер – полиптер. Тұщы су гидрасы да көпаяқты жәндіктерге жатады. Көпаяқты ж/р әсіресе теңізде көбірек мекендейді. Мәселен, Арал және Каспий теңіздерінен жеке, кейде шоғыр болып тіршілік ететін, актинияны көруге болады. Оның денесі – кеспелтек бағана тәрізді, төменгі табан жағымен су ішіндегі нәрсеге бекініп, үстіңгі көпаяқ тәрізді қармалауыштарымен қорегін аңдып, қимылсыз отырады. Актинияны әдемі гүл екен деп қаласың. Ол - өте жыртқыш жәндік. Атпа жасушаларымен әлсіреткен балықты қармалауыштарымен қармап, жұта салады.

Көпаяқты маржан – шоғырлас қаңқалы жәндік. Көпаяқты маржан теңіз суынан әртүрлі көптеген минералды тұздарды жинап, қызыл түске боялған және әктен құралған бұтақты қаңқа түзеді. Жартасты нәрсеге бекінген ондай бұтақты қаңқаның биіктігі 40 см-ге дейін жетеді. Маңызы: қызыл маржанды әйелдердің әшекей бұйымдарын, алқа, моншақ дайындауға пайдаланады.

Тропиктік теңіздерде шоғырлас көпаяқтылардың кейбір түрлері өте көп жиналып, әктенген бұтақтары су бетіне көтерілген кезде әртүрлі аралдар түзеді. Мұндай су астында пайда болатын маржанды жартас риф деп аталады. Маржандардан 3 түрлі риф түзіледі: тосқауыл риф (жағаға қатарласа созылған әктенген қаңқалар түзеді), жағалық риф (жағаға ұласып жатады), шеңберлі риф немесе атолл (су бетіне шеңберленген бұтақтар өсіп шығады). Мұндай аралдардың қайсысы болмасын кемелер үшін өте қауіпті.

Еркін тіршілік ететін – медуза. Олар – мөлдір денелі, қолшатыр тәрізді жәндіктер. Медузаның аузы қолшатыр тәрізді күмбездің астыңғы жағында болады. Ауыздың айналасында қармалауыштары байқалады. Жапон теңізінде тіршілік ететін шаршылы медузаның атпа жасушасынан адамның денесінде едәуір күйік пайда болып, одан дене ауырсынады. Медуза –жыртыш.

ІІІ.Оқытылған тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.

  1. Көпжасушалыларға қандай жәндіктер мен жануарлар жатады?

  2. Су астында қаңқалардың үйіндісінен пайда болатын түзілістер қалай аталады? Түрлері.

  3. Планула мен медузаның айырмасы неде?

  4. Ішекқуыстыларда ең алғаш қай жүйе пайда болады?

IV. Үй тапсырмасын сұрау.

Жұмыс дәптері бойынша өткен тарау бойынша жұмыс.

V.Үй тапсырмасы. § 41, 177 беттегі 99 суретті салу.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ішек?уыстылар типі" 7 класс

Автор: Масалимова Жулдыз Аскарбековна

Дата: 08.12.2014

Номер свидетельства: 140876


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства