kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Адал дос" тақырыбында "Өзін-өзі тану" пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект урока по предмету "Самопознание" в 3 классе

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Адал дос" тақырыбында "Өзін-өзі тану" пәнінен сабақ жоспары»

Өзін-өзі тану

3 сынып

Cабақтың тақырыбы: Адал достық

Мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • адал достықтың мәнін түсіндіру;

  • өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • достықты қадірлей білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың тегі: интербелсендірілген сабақ

Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, ойын, тренинг

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, суреттер, ақботаның қоржыны.

Сабақтың барысы:

1.Шаттық шеңбері

Әр балаға карточка беріледі.

Тапсырма «Ойды аяқта»

  • Күн шуағын шашқанда біз… сеземіз; (жылуын)

  • аспандағы бұлттар сондай аппақ және нәзік … секілді; (ұлпа, мамық)

  • ұстазым бізді мақтағанда біз өзімізді ... сезінеміз; (қуанышты)

  • біздің досым ... айбатты; (арыстандай)

  • біздің көңіл-күйіміз ... шаттыққа толы . (көктемнің шуақты күндеріндей)

2. Өсиет-әңгіме

-Балалар, бүгін біздің сабағымызға ақ бота Данышпан қарияның сәлемдемесін алып келіпті. Ендеше, соны ашып көрейік, не жазылған екен? (Мұғалім ашып оқиды)

Данышпан

Ертеде бір ақылды кария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

  • Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:

  • Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.

  • Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

  • Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.

  • Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой, - депті жігіт. Қарт күліп:

  • «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, — депті.

3.Сабақтың тақырыбын шығару

-«Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенде нені түсінесіңдер?

  • Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі –адалдық.

  • Біз сабақта адал достық туралы әңгімелесеміз.


4. Мәтінмен жұмыс.Жаңа ақпарат

А)Мәтінді түсініп рольге бөліп оқу.

Ә) Сұрақ-жауап

- Адал достық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Аңыз-әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

- Сендердің де адал достарың бар ма? Олардың адалдығын қай іс- әрекеттерінен байқадыңдар?

Б) Балалардың жауаптарын түйіндеу (мұғалім)

  • Адал дос дегеніміз өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп, көмектесетін,қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.(слайдтар)

5. Тыныштық сәті

- Балалар ыңғайланып отырып,денелеріңді бос ұстаңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны те­рең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

- Балалар, қазір біз сиқырлы елге саяхат жасаймыз. Бұл ел сендердің жүректеріңде орналасқан. (кідіріс) Осы елдің иесі – кіп-кішкентай адам екен. Оның аты сенің есіміңмен бірдей. Алақаныңды жүрегіңе қойып, оның соғысын тыңдап көр. (кідіріс) Ол сендерге: « Мен мұндамын, мен сенімен біргемін,»- дейді. Ол өмір бойы сенімен бірге болады. Жүрегің саған әрқашан да дұрыс жолды көрсетеді. Жүрегімізгі рахмет айтайық.

(1-2-3. Рахмет).

  • Жүректеріңнің тезірек соққанын байқадыңдар ма? Ол сендерді естіп тұрғанын білдіргені. Қандай керемет! Осы күйлеріңді естеріңе сақтаңдар!

  • Ал енді сыныпқа оралайық. Ақырын көздеріңді ашып, қолдарыңды биікке көтеріп, терең тыныс алып, бойларыңды жазыңдар. Жарайсыңдар!

6. Сергіту сәті «Мен қандаймын?»

- Менің 3 жақсы қасиетім бар деп, допты жерге ұрып 3 сөз айт.

7. Жағдаяттарды талдау. Топтық жұмыс

1-топ.

Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек:

  • Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Ақылбекке айтты...

Сұрақ:

-Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

2-топ.

Төртінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.

Сұрақ:

Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?



3-топ.

Қаңтардың қара суығы. Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді.

Мұхиттың тобығы шығып ауруханада көп жатты.

Сұрақ:

-Сендер Мұхиттың досы болсаңдар не істер едіңдер?

8.Шығармашылық жұмыс

Әңгімені жалғастыр

Алтын құс

Ерте замандарда кішкентай ауыл үстінде алтын құс айналып ұшып жүріпті. Сол ауылда Толыбек пен Арман деген ойын жасындағы балалар болыпты. Екеуі ауыл үстінен алтын құс ұшқан кезде, ойындарын тастай салып:

  • Алтын құс ұшып барады, алақай! - деп оны едәуір жерге дейін шығарып салады екен.

Алтын құс жалт-жұлт еткен қанатымен көгілдір көкте еркін ұшып, көзден таса болғанша, екеуі көз алмай қарайтын.

Сол алтын құс күндердің күнінде ауыл үстінен ұшып, көк жапырағы жайқалған, басынан талай тарих өткізген шынар ағашының басына келіп қонады. Күндей жарқылдап отырғанда, шынардың қою көлеңкесі де сейіледі екен.

Шынар ағашына келген Толыбек пен Арманның ойы әдемі алтын құсты ұстап, торға салып қою болатын.

  • Балалар құсты ұстай ма? Жалғасы қалай болады деп ойлайсыңдар?


Алтын құс шынардың түбінде тұрған екі баланың әңгімесін толық естиді. Бірі «тұзақ құрып ұстайық» десе, екіншісі «жем беріп, қолға түсірейік»,- деп дауласады.Осы сөздерді естіген алтын құс адам тілімен үн қатыпты:

  • Балалар, мені қолға түсіріп, тор ішінде ұстағаннан не пайда? Күні ертең ер жетесіңдер. Мұхиттан да, таудан да өтерсіңдер. Сонда ел мен елдің, адам мен адамның достығынан, татулығынан артық еш нәрсе жоқ екендігін білесіңдер. Сондықтан табиғатты, достықты қадірлеңдер, - деп ұша жөнеліпті.

Күн соңынан күн өтіпті. Жылдар желдей есіп, жылжи беріпті. Құмға аунап, ой-қиялы шарықтап өскен Толыбек пен Арман ер жігіт болыпты.

Бірде ел басына бұлт үйіріліп, ел шетіне жау бүйірден тескенде Толыбек пен Арман сап түзеп, ел қорғауға аттаныпты.

  • Олар еліне аман-сау оралды ма? Алтын құспен кездесе ме? Ертегі немен аяқталады?


Олар батырларша жаумен алысып, жеңіп, екеуі де елге аман-сау оралған екен. Жол бойында қираған қала мен мерт болған батырларды, өртенген гүл бақшаларды көріп, елдің бейбіт өмір сүруін тілейді.

Ұзақ жүріп ауылға жетер жолда екеуі тұрган зәулім шынарды көреді.

Сол мезетте шынардың төбесінде отырған алтын құс қанатын қомдай түсіп:

  • Жүздеріңді көріп, қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Кішкентай кездеріңде дос едіңдер. Енді, мінеки, ер жігіт болыпсыңдар. Әлі де жұптарың жазылмапты. Достықтың алмас қамалы жоқ. Ылайым бұдан былай да достықтан айнымаңдар, - деп қанатын қағып-қағып ұша жөнеліпті.

Достықты, татулықты ту етіп ұстаған алтын құска екеуі де риза болып, қол бұлғап қоштасады.

Толыбек пен Арман қолтықтасқан күйі туған ауылына келіпті. Достықты қадірлеп ғұмыр кешіпті.

Түйіндеу

  • Әңгіме неге үйретеді? Қандай ой түйдің?

9. Қорытындылау

«Адал достыққа» тән қасиеттерді тақтада ілулі тұрған плакатқа жаз.

(Қуаныш, өзара сыйластық, шыншылдық,сүйіспеншілік, мейірімділік, кешірімділік,

жауапкершілік...)

10. Жүректен жүрекке

- Махаббатқа толы жүрек жылуыңды жаныңда тұрған досыңа жібер.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Адал дос" тақырыбында "Өзін-өзі тану" пәнінен сабақ жоспары

Автор: Кашаева Ляззат Шамильевна

Дата: 29.10.2017

Номер свидетельства: 435313

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕК".Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(62) "mieiirimgie_toly_zhuriek_ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "395157"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487922835"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) ""Кешірімді бала - кішіпейіл бала" ?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары 2-сынып "
    ["seo_title"] => string(79) "kieshirimdi-bala-kishipieiil-bala-ozin-ozi-tanu-p-ninien-sabak-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "208021"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430729065"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?аза? ?дебиетінен саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-diebiietinien-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "184526"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426064033"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) ""О?у?а ??штарлы?" ?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары 2-сынып "
    ["seo_title"] => string(69) "ok-ug-a-k-u-shtarlyk-diebiiettik-ok-u-p-ninien-sabak-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "208025"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430729390"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ар – намыс керек адамға"
    ["seo_title"] => string(24) "ar_namys_kieriek_adamg_a"
    ["file_id"] => string(6) "411184"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493015877"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства