2015 жыл?ы 29- с?уірде Бейнеу селосы Манашы орта мектебінде «Заман талабына сай білім беру ба?ыттарыны? тиімділігі» та?ырыбында ауданды? де?гейлі курстан ?тіп келген м??алімдерді? т?жірибе алмасу семинары болып ?тті. Семинарды ?ткізуді? ма?саты: ?атысушылар?а заман талабына сай білім беру ба?ыттарыны? тиімділігін, о?ыту мен о?уда?ы белсенді ?діс- т?сілдер туралы т?сінік беру; топ?а б?лу ж?не топты? ж?мысты ?йымдастыруды? ?діс- т?сілдерімен таныстыру; практикалы? тапсырмалар ар?ылы о?ыту мен о?уда?ы белсенді ?дістерді к?рсету болып табылды. Семинар ж?мысына 24 м??алім
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Біржан сал Абай ауылында »
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
(Дөңгелек үстел)
«Ең бастысы — әрбір мемлекеттік құрылыстың жанындағы істі, лауазымды тұлғалар пайдаға батпайтындай етіп қою керек». Бұл пікірді антикалық дана Аристотель айтқан. Ол уақыттан бері екі мың жарымдай жыл өтті, бірақ ең зұлым әлеуметтік жауызыдық – сыбайлас жемқорлықты құрту адамзаттың әлі де қолынан келмеді. «Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) — пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тарихы 1992 жылдың басынан басталды – «Қылмыстың ұйымдасқан түріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 17.03. 1992 ж. № 684 Жарлығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің әртүрлі тәсілдері мен жолары бар: алдын ала сақтандырудан өте тиімділікке дейін. Шет елде АҚШ-та 60 – 70 жылдары орын алған және «Шейх» операциясы атымен тарихта қалған. ФРБ агенттері «ақша қаптары» шығыс атын жабылып әрекет ететіндер ірі шенеуніктердің, конгрессмендердің, штат губернаторларының кеңселері мен кабинеттерінде пайда болды және оларға пара беріп, адалдықтарын және сатқындықтарын тексерді. Сол жолғы жанжал әсерлі болды, көптеген адамдардың өз мансаптарын тастауға, жоғары дәрежесі лауазымдарымен қош айтысуларына тура келді. Бүгінгі күні Сингапур мен Гонгконгте қылмыс үшін жазалағаннан, ең дұрысы оның алдын алу принципі бойынша әрекет етеді. Бұл елдерде алдын алу шараларына тіреу етіледі. Оның үстіне сыбайлас жемқорлыққа айыпталушыға кінәсідік презумциясының принципі қолданылмайды, ол өзінің кіріс көздерін түсіндіруге міндетті. Германия мен Францияда сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар 6 жылдан 10 жылға дейін сотталуы немесе пара сомасынан екі есе көп айыппұл төлеуі мүмкін. АҚШ-та осындай қылмыс үшін жазалау мерзімі 5 -жыл бас бостандығынан айырады (немесе 10 мың долларға дейін айыппұл). Жапонияда жеті жыл түрме. Ең қатал жаза қазіргі Қытай елінде қолданылады. 1980 жылдардың басында қатаң экономикалық қылмыс жасалған үшін Қытай қылмыстық кодексінде «ату баптары» күрт көбейді. Қазір Қытайда сыбайлас жемқорлықтық үшін өмірлік сотталу немесе өлім жазасын алуға болады. Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға, анықталған сомадан пайыздық ақы төленеді. «Табысты хабарлаушылардың» көпшілігі – бұзушылықтардың әріптестері. Жаңазеландиялық үлгі, мемлекеттік органдар қызметкерлері еңбекақысының жоғарылығымен сипатталады. Бонустар мен мадақтау жүйесі кең қолданылады. Әлбетте, сыбайлас жемқорлықтық мәселені бірден шешіспейсің. Бірақ бұл жерде тоқтап қалуға да болмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шын мәнісінде, бөлек пара алушыларға қарсы күреске қарағанда әлде қайда кең. Қылмыстық қудалау немесе заңнаманы жетілдіру шараларымен ғана жағдайды өзгертуге болмайтыны ойландырады. Ауруды, оның себептеріне әсер ету арқылы ғана жазасың. Керісінше жағдайда, біз бірыңғай оның нышандарын алуға душармыз. Осы күресте ең бастысы, қоғамдық институттармен максималды қызмет істеген кезде ғана табысқа сене аламыз. Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде «қылмыс» ұғымымен қатар бір мәндес ретінде «қылмыстық қол сұғушылық» ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады. Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды қоғамдық қатынастар танылады. Біз жұмысымыздың алдынғы тарауында қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы бойынша жүргізу қабылданғанын айқындап айтқан болатынбыз. Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және саралау процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың орындалысының барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін ескеру қажет. А) Жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік мән-жайлары, қылмыстың жалпы құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы бойынша жүйеленеді және топтасырылады яғни аталған құрам, нақты қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық негіз қызметін атқарады. Б) Жасалған іс-әрекетпен барынша ұқсас болып табылатын нақты құрамның заңды белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары да аталған төрт элемент бойынша жіктеледі. Тек логикалық заңдарын, оның категорияларын және тәсілдерін пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой қорытудың жемісі болып табылады.
Жақсы сөз – жарым ырыс
Жақсы сөз – жарым ырыс Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді. Жылы жылы сөйлесең, жылан інінен шығады. Мұның барлығы ата-бабадан қалған асыл сөздер. Қазақ жұртының жақын туысына, көршісіне деген ыстық ілтипаты сөз мәнерінен көрінеді. Кездескен адамдар бір-біріне «Ассалаймағалейкум!» деп сәлем береді. Бұл «Сізге нұр жаусын» деген сөз. Сәлем алушы «Уағалейкуміссалам!» дейді. Мағынасы «Сізге де нұр жаусын». Таңертеңгілік немесе таң атып келе жатқанда кездескен адамдар «Қайырлы таң» деп тілектестік білдіреді. Наурыз күні «Ұлыс құтты болсын», «төрт түлік ақты болсын» деп айтуды ұмытпаған жөн. Жаңа жылда «Жыл құтты болсын», «Бақыт, табыс жылы болсын» деп құттықтайды. Халық әдетінде әрбір істі, тамақты «біссімілла» деп бастайды. Үйге келген кісі шаңыраққа сәлем беріп кіреді. Үй иесі сәлемін алып, жасы кіші болса қайта сәлем беріп, «хош келдіңіз», «төрге шығыңыз» деп ілтипат көрсетеді. Кешкілік үйге келгендер «кеш жарық» деп кіреді. Қазақ әрбір сәтті күнде, қуанышта, мәжілісте, тойға келгенде «құтты болсын» деген игі сөзді қосып айтады. Тойға жиналғандар «той тойға ұлассын» деп құттықтайды. Мұны қабыл алғандар «айтсын», «айтқаның келсін», «бірге болсын» деген жылы сөздермен қарсы алады. Мәжіліске немесе бірнеше адам бас қосқан жерге келген адам «орта толсын» дейді. Үйдегілер «кемісі сізбен толсын» деп орын ұсынады. Жұмыс немесе іс басына келген адам «іске сәт» десе, оған «айтсын-ақ» деп жауап береді. Жаңа үйленген жастарға «құсың құтты болсын», «отау берік болсын» дейді. Ас үстіне келгендер «ас тәтті (дәмді) болсын» деп айтады. Жаңа қоныстанып жатқандарға «қоныс құтты болсын» деп жөн сұрасады. Көшіп бара жатқандарға « көш өң болсын», «көш көлікті болсын» деп тілек білдіреді. Жолаушыдан «қайда барасыз?» деп сұрау дұрыс емес. «Жол болсын», «жолдасың Қыдыр болсын», «сапарың сәтті болсын» деу керек. Ол «әлей болсын» деп жөнін айтады. Зат, бұйым сатып алғандарға «игілігіңе тұтын» делінеді. Киім сатып алғанға «киімің күйрек, жаның берік болсын» деп айтады. Соғым сойған үйге «бұйыртып жегізсін» дейді. Жаңа туған айды көргенде «ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деп бата жасайды. Ағып түскен жұлдызды көргендер «менің жұлдызым жоғары» деп тәубаға келеді. Алғаш күн күркірегенде «жер көк болсын», «ақ көп болсын» деп тілек тілейді. Мал төлдетіп жатқандарға «төл көбейсін» дейді. Егін егіп жатқандарған «бір дәнің мың дән болсын» дейді. Адам түшкірсе «жәрәкімалда» дейді. Жел шығарып қойған адамды «шөремді бер» деп құлағынан тартып, ұялтады. Ауырған науқастың көңілін сұрап «тез сауығыңыз», «дертіңе шипа берсін» деп тілектестік білдіреді. Кешкілік аурудың көңілін сұрамайды. Ересек адам қайтыс болса «иманды болсын» деп бет сипайды. Қайтыс болған адам туралы айтқанда «жер хабар бермесін» дейді. Ашу үстіндегі кісіге «пәленшеге, бір ашуыңызды маған беріңіз» деп басу айтады. Тіл, көз тимес үшін «тіл аузым тасқа», «тіпә-тіпә» деп қояды. «Шаңыраққа қараңыз!» Бұл астамсыған, артық сөйлеп, орынсыз мінез көрсеткен адамға айтылатын ескерту. Оқи отырыңыз: Қасиетті деп нені атаймыз?
Үлкендер жастардың пікірімен санасқаны дұрыс па? (дебат)
16-қараша күні елордамыз - Астана төріңде үлкен іс-шара өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді жастардың "Жас Отан" ЖҚ бастарын қосу арқылы, болашаққа көзқарастарын біліп, ортаға ойлары тасталды. Ресми ақпарат көздерінің жариялануы. Бұл жиналысқа елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтан басқа, саяси қазағымыздың нағыз май-қаймақтары, қоғам қайраткерлері және жалпы жастардың келешегіне бей-жай қарамайтын азаматтар жиналды. Сөйлеген жастар, жылтырлағанның барлығын алтындай елестеп, өмірде болып жатқан өзгерістерге жалған көзқараспен қарайтыны сияқты сыртынан қоғамға солай елестетілді. Қазіргі таңда, жастарды қолдау шаралары біршама көбейді. Әйткенмен, саны өсіп, сапаның жоғарылмауы өкінішті жағдай. Үкімет тарапынан жастарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар құрылғанымен, оны аяғына дейін жеткізу, іске асыру барысында жетілдіру және ең бастысы асырылуын қадағалап нәтижесін көру әлі де болса көз шұқып көрсететіндей бірден бір бағдарлама өз жемісін көрсеткен жоқ. Мәселен, "Дипломмен ауылға" - бастамасы игі, өте керемет бағдарлама. Бірақ, ауылға барам деушілердің көбісі тек сол ауылдан шықкандар немесе өте кішкентай пайызды көрсететін еліміздің патриоттары, ауылды көтерем деушілер. Өзінің еркімен барам деушілердің әлі де болса саны аз болғаны жайлы шартты түрде шетке қойсақ, одан басқа өзекті мәселелер жетерлік. "Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі", "Айнабұлақ" инфрақұрылымды дамыту бойынша сияқты іс-әрекеттерді еліміз іске асырса да, оның нәтижесі не болды?! Сапасы қандай?! Толықтай іске асты ма?! . . .Хабар немесе сол сияқты мемлекеттік телеарналардан әдемі, бетке ұстар, үлгілі, қалаға жақын бір-екі ауылды көрсетуден басқа ештеңе бұқара халық көрген емес. Егер сол шалғай жерде, одан бұрын кейбір аудандарда тіпті қалаға жақын ауылдардың тұрғындарынан: "Соңғы 20 жылда өмірлеріңізде қандай өзгерістер орын алды, ауыл жанданып, жаңа тыңыс алып, алға итермелеу күш алды ма?!" - Жоқ, әрине. Тек бағы жанған, не қазіргі замаңның мақалына сай келген "Таңысы бардың шансысы бар"-дегендер ғана ауылдың тұрмыстық жағдайы жақсарылды. Еліміз сонау уақыттан бері, ата-тегіміз көшпелі халық болуына байланысты, ауылдар бізде өте жетерлік, сәйкесінше сонда тұратын халық та көп. Бірақ қозғап тұрған ойым олардың өмірлерінің жағдайы толыққанды немесе қанағаттарлық жағдайға дейін өзгермей, жақсармай, біз аламызда ол жерге жас маман иелерін әкелі тығып жүрміз. Сәкесінше, шалғай жерге келген жас маман басқа жерде үйреншікті болып тұрған нәрселерден алыстатылып, негізгі осы жерде енді қалай өмір сүрем деген ойы - мамандырығлан білімін, алға қойған мақсатарын басып, біліктілігін төмеңдетеді. Сонда, дамыту, жетілдіру бойынша іске асырылған, бірақ оң нәтиже бермеген сол баяғы мемлекеттік бағдарламаға жауапты тұлғалар қайда қалды?! Неге жауаптылар жазасын алған жоқ?! Ең бастысы, біздің кемшілігіміз нақты нәтижелі бастаған ісімізді аяқтамаймыз да, келесіге көшеміз . . . Жалпы бұл съезд тек барлығын мақтаушыларға арналған болатын. Неге осындай жиындарда әлі де болса, жастарымыз бар мәселелерін ашық айта алмай жүр. Біз өз мәселелерімізді шешу үшін осындай тетіктерді керек кезінде пайдалана алмасақ, онда сол күйде жүре бермек ойымыз бар сияқты . . . Сонда даму, алға қарай жетелеу қайда қалды?! Намысымыз қайда жастар?! Жасырын емес, жастарға үлкен қиындықтар туғызып, еркін өмір сүріп тұруға кедергі болып тұрған мәселелер жетерлік. Соны осындай жерлерде ашық айтуға құлшынып, қорықпай өз қолымызбен шешуге де ат салысайық. Басымызды көтеріп, тізеден нық аяққа тұратын кез келді!!! Жарқын болашағымызға сеніп, бар күш жігерімізді салайық Қазақстан жастары!!!
Мен қоғамның бір бөлшегімін
(Әңгімелесу) Әңгімелесудің мақсаты: оқушыларды әлеуметтік философияның негізгі мәселелерімен таныстыру, қоғамды философиялық тұрғыдан қарастырудың мәнін ұғындыру. Негізгі сұрақтар: 1. Қоғам жүйе ретінде 2. Қоғамдық сана және оның құрылымы 3..Адам мәселесі, адамның әлеуметтілігі, психологиясы, биологиясы
1.Әлеуметтік философия материяның ұйымдық әлеуметтік формасы ретінде қоғам мәселесін қарастырады. Оның объектісі-әлеуметтік әлем. Әлеуметтік философияның қарастыратын мәселелері: социумның жалпы даму заңдарын әлем құрылымының біртұтас жүйесі ретінде қарастыру; адамдардың рухани әлемі, оның ұжымы, бұқаралық санасы мен қоғамдық болмыстың спецификасын ашу; әлеуметтік құбылыстарға деген адамдардың құндылықты қатынастары. Қоғам-ұйымының әлеуметтік формасы. 19-20 ғғ. батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам – еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген, қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам-ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э. Дюркгейм), қоғам-әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын, индивидтердің өзара әрекеті (М. Вебер). Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға жылжытқан К. Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар. Ол негіз-материалдық игіліктерді өндіру. Сондай-ақ қоғам дегеніміз-қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді. Онда адамдар өз өмір әрекеттерінің процесінде болады. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз Маркстің пікірінше, белгілі-бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Қоғамның тарихы антогонистік (феодалдық, капиатлистік) және антогонистік емес (алғашық қауымдық құрылыс, социалистік) болып бөлінеді. Қоғамдық қатынаста қоғам дамуына тығыз байланысты жүйелер бір-бірімен өзара байланыста болып жатады. Олар саяси, құқықты, діни, адамгершілікті, эстетикалық, экономикалық қоғам салалары. Социумның дамуның ең басты күші-халық. Халық-бұқаралық түрде адам әрекеттерінің қоғамда негізделуіндегі адамдардың, әлеуметтік топтардың жиынтығы. Халық қоғамның өндіруші, материалдық әрі рухани құндылығы. Қоғамдық-экономикалық формациялар белгілі тарихи дәуірдегі тұтас қоғамдық құбылыс. Оның өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін формация дейміз. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Тарихта бір формация екінші бір формациямен алмасып отырған. Оның негізі өндіріс тәсілінде жатыр. Олай болса олардың өзгеріп, дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі. 2.Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізін алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал-саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар. Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады. Олар саяси, құқылық, моральдық, діни, эстетикалық, философиялық қатынастар болып бөлінеді. Айталық, әрбір қоғам алдында оның өзіне тән мақсат, міндеттер қойылады. Соған сәйкес адамдарды бейімдеу, ұйымдастыру, жұмылдыру қажет болады. Диалектикалық көзқарастың қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. progressus – ілгері қозғалу, табыс деген сөзден алынған). Прогресс – қоғамның материалдық күш-қуатының артуы, оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан-жақты жетілуіне қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарыға қарай өрлей дамуының түрі, сипаты. Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі айрықша екені белгілі. Екінші жағынан алғанда, ғылым – қоғамның өзі дүниеге келтірген, өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы мен әдістері туралы сөз еткенде міндетті түрде логика, методология және әдіс деген ұғымдардың мазмұнын ашып көрсету қажет. Ғылым логикасы деп материалистік диалектиканы түсінеміз. Өйткені, ғылыми танымдағы негізгі мақсат – толық емес, дәл емес білімнің толығырақ, дәлірек білімге айналуы, жаңа теорияға көтерілу, яғни ғылыми таным – қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс. Қоғамдық дамуды талдайтын философиялық категория-қоғамдық болмыс және қоғамдық сана. Қоғамдық болмыс-әлеуметтік болмыспен бірдей. Әлеуметтік болмыс дегеніміз адамдардың біріккен болмысы, яғни қоғамдық қатынасқа ерікпен және еріксіз түрде қатынас жасауындағы саналары мен еріктен тыс қатынастар жиынтығы: өндіруші, таптық, ұлттық, жанұялық, саяси және т.б. Қоғамдық сана-қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күйінің, тілегінің, идеалдары мен принциптерінің, теориялары мен көзқарастарының жиынтығы. Қоғамдық сана қоғамдық болмысқа абсолютті түрде тәуелді болады. Қоғамдық сана белгілі-бір өзіндік ерекшеліктерде болса, қоғамдық болмыс жалпы ерекшеліктерді береді. Қоғамдық сананың жеке түрлері мынадай: саяси сана-әлеуметтік топ, саяси партия, мемлекет арасындағы билік мәселесіне байланысты саяси қатынастағы адамдар көзқарастары; құқықтық сана-қарапайым, күнделікті көзқарастардың, психологиялық формалардың социумда құқықты қатынаста болуы мен құқықтың рөлі мен орнын түсіндіретін идеялар жүйесі; моральдық сана-қоғамда қалыптасқан баға, идеал, теория, жақысылық пен зұлымдық, әділеттілік сияқты теорияларды береді; діни сана-құдаймен негізделген, сенімге бағытталған адамдардың сезімі мен догмалық теориялары.
3. «Адам» түснігі барлық адамдарға тән биологиялық, психологиялық, әлеуметтік аспектілерді қамтиды. Биологиялық түр мен әлеуметтік топтың жалғыз өкілі индивид. «Индивид» -«тұлғаға» өту жолындағы алғашқыбаспалдық. Екінші баспалдақ «индивидуалдылық», оның мазмұнына жеке адамға тән (психофизиологиялық құрылым, қоғамдағы рөлі мен орны,іс-әрекетінің бағыты, т.б.) қасиеттер кіреді. «Тұлға» дегеніміз-белгілі-бір өмірлік мұраты, мәдени деңгейі, қоғам алдындағы өз құқығы мен міндетін білетін адам. Тұлға қоғам түсінігімен тығыз байланыста болады. Адам тіршілігі ең басты сапа болғандықтан, оның үш компоненті бар: биологиялық компонент тәндік, анатомиялық ерекшелік, жүйке жүйесі сияқты адам мүшелері мен денсаулығының күйін анықтайды; психологиялық компонент адам психикасындағы ой, ақыл, сезім, елес, түйсік, мотв, ес сияқты мінездемелерін айқындайды; әлеуметтік компонент моральдық принциптерді, құндылықтар жүйесін, әлеуметтік тәжірибені, адам шеберлігі мен икемділіктерін қоғаммен байланыста қарастырады. Адам – феномен. Оның табиғатын түрлі ғылымдар, айталық, антропология, тарих, филология, саясаттану, этнография, саяси экономия, психология, дәрігерлік т.б. ғылымдар, сондай-ақ философия зерттейді. Ғылымда адам басты проблема болғанмен, көп жағдайда ол соңғы кездерге дейін тап, тап күрестері, өндіріс әдісі, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар, бизнес және қондырма, революция т.б. проблемалар көлеңкесінде қалып келді. Енді адам проблемасы арнайы қаралатын болды. Ең алдымен айтарымыз, адамда екі түрлі: табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) сипат болады. Әрине, адамның басты қасиеті оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды адам еткен еңбек дейтін болсақ, сол еңбек нәтижесінде адамның санасы, тілі пайда болады. Олай болса еңбек, сана, тіл – бәрі де қоғамдық құбылыс, олар қалыптасқан, даму тарихы бар.
Сайыстың тақырыбы: «Білгірлер отауы зияткерлік » сайысы Сайыстың мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету. Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Ойын толқын, айналған қатты ағысқа, Табылғандай танымда, жат дауыста. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста. Ойын толқын жатқанда асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер! Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер! Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік. Сайыскерлер екі топқа бөлінген. 1. «Білгірлер» тобы 2. «Талаптылар» тобы Сайыс мынадай турлардан тұрады: 1-ші тур – «Кім білімді?» 2-ші тур – «Полиглот» 3-ші тур – «Ғажайып алаң» 4-ші тур – «Кім тапқыр?»
Білімнің ұшқырлығын танытатын, «Бәйге» тур да сайыскер жаңылмағын. Уакыт деген зымырап, өтіп кетер, Асып, тасып, асықпа, қалыспағын. 1-ші тур «Кім білімді?» Сендерге ортақ 10 сұрақ беріледі. (Барлық сұраққа 3 минут, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай 1.Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. су 2. Нөл температурада су неге айналады? мұз 3. Ең кіші планета? Меркурий 4. Ең жоғары ғылыми атақ ? Академик 5.Теңізде қандай тастар табылмайды? құрғақ 6.Елеуішпен су әкелуге бола ма? болады, қар мен мұзды 7.Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? көлеңке Қармен бір жүргенде, сықырлайды ол неге? сынады Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. бор 10. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? Интернет
1. Қан қысымын өлшейтін аспап? Тонометр 2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? Модем 3. Жылдың 4 мезгілінде де, мазасызданады ол неге? Жел 4.Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? Найзағай 5. Ақпаратты өңдеу құрылғысы? Жүйелік қорап 6. Құсжолы қандай пішінде болады? Шиыршық 7.Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? Бәйтерек 8.Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым? Экология 9.Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз? Темірқазық 10. Абылай ханның шын аты Әбілмансұр
Келді кезек «Полиглот» шешуге, Жауаптарын беруге үш тілдерде. Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз, Жақсы баға шәкірт саған несібе. 2-ші тур «Полиглот» 2 топқа 5 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай, 3 минут уақыт беріледі)
1-топ 1. Жіпке ілдім мен өзім, Кіп-кішкене күн көзін (шам, лампочка, lamp) 2. ... кеме, білім теңіз? (мектеп, школа, school) 3. Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да Ұзындығы жазулы тұр бойында? (сызғыш, линейка, ruler) 4. Отқа жанбас суға батпас (Мұз, лёд ,ice) 5.Тілден ұшып, Құлаққа қонады. (Сөз,слова, word) 2-топ 1. Шөлдесе су деймейтін (түйе-верблюд-camel) 2. Оқусыз ... жоқ, білімсіз күнің жоқ (білім, знание, knowledge) 3. 5%-дық спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады? (йод, йод, iodine) 4. Көп пернелі кұрылғы. (пернетақта, клавиатура, keyboard) 5. Ашылып, жабылады, Әр үйден табылады. (Есік,дверь, door)
Мәңгі бақи есте қалар, Ғажайып бір сайыс болсын. Білімдірек шәкірт озар, Қиынырақ сұрақ болсын. 3-ші тур «Ғажайып алаң» Әрбір пәннен 3 сұрақтан. (Дұрыс жауапқа ұяшықта көрсетілген ұпай беріледі) Қазақ тілі 10. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? Сын есім 20. Сөз құрамын зерттейтін сала? Морфология 30. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі? Диалог Математика 10. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? 5 минут 20. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? тең 30. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? Бұрыш
Дүниетану 10. күнге ең жақын орналасқан планета? Меркурий 20. Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас. Жұмбақтас 30. Ең терең көл? Байкал Информатика 10. Компьютердің негізгі бөліктерін ата? Жүйелік қорап, Монитор, Пернетақта 20. Ақпаратты шығару құрылғысы принтер 30. Ноутбук қандай компьютер Тасымал
Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес. Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға. 4-ші тур «Кім тапқыр?» (Салт дәстүр, Өнер, Спорт, Еркін тақырыптарда 3 сұрақтан қойылады. Әр сұраққа 5 ұпай беріледі) І. Салт-дәстүр 1. Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген көйлегі? Ит көйлек 2. Ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бір түрі Наурыз жыры 3. Байғазы деген не? балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай берілетін сыйақы ІІ. Өнер 1. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? Әміре Қашаубаев 2. Айтыстың көне түрі Бәдік айтыс 3. Қазақша күресте екі палуанның қатар жығылуы не деп аталады? Итжығыс ІІІ.Спорт 1. ҮІІ қысқы Азия олимпиадасы қай елде өткізіледі? Қазақстан 2. Спорттық жарыстың шешуші кезеңі Финал 3. Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы? Ж. Үшкемпіров ІҮ. Еркін тақырыпта 1. Ата Заң күні қашан? 30 Тамыз 2. Қазақстан Республикасының туының авторы Ш. Ниязбеков 3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 5. «Тұлғаны таны» ойыны 1. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл) 2. Құрманғазы Сағырбайұлы кім? (күйші) 3. Құрманғазының шәкірті? (Дина Нұрпейісова) 4. Ұлттық ғылым Академиясының академигі? 5. Шоқанның туған жылы (1835) 6. Абай Құнанбайұлының туған жері. (Семей) 7. Семейде туған 3 кемеңгер. (Абай, Шәкәрім, Мұхтар) 8. Қазақтың әлемге әйгілі балуаны? (Қажымұқан) 9. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры – ұшқыш. (Т.Бигельдинов) 10. Жауынгер – жазушы, батыр. (Б.Момышұлы) 11. Шығыстың қос жұлдызы. (Әлия, Мәншүк) 12. Тұңғыш ағартушы – педагог. (Ы.Алтынсарин) 13. Қазақ Тіл білімінің атасы – (А.Байтұрсынов) 14. 1836-1837 жылдары көтеріліс басшылары. (Исатай, Махамбет) 15. Абайдың әжесі, анасы. (Зере, Ұлжан) (Сайыс қорытындысы шығарылады).
Қорытынды: Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды. Баршыңызға сәттілік тілеймін!