Сынып: | 1 «Ғ» |
Пәні: | Дүниетану |
Сабақтың тақырыбы: | Жолаушы |
Оқу мақсаты: | Жолаушы сөзіннің мағынасын түсіну, көлік түрлерін білу. |
Табыс критерийлері |
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: |
Мәтінді оқып, тақырыпты түсінеді. | Бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады, салыстырады. | Жаңа көліктің түрлерін ойлап табады. |
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Мақсаты | Мұғалім не істейді | Оқушылар не істейді | Ресурстар |
1 мин | Ұйымдас тыру кезеңі. | Оқушылардың назарын сабаққа аудару. | Сабаққа дайынды ғын тексеру. | Оқушыларды түгендеу, зейіндерін шоғырландыру; | Оқушылар оқу құралдарын түгендейді. | слайд |
2 мин | Психологиялық ахуал тудыру | «Кездесу» | Оқушылардың бір-бірімен тығыз қарым- қатынас орнату | Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарауйды | Баланың қасиетін айтады. | музыка |
2 мин | Топтастыру | Топқа бөлу: 1-топ: машина 2-топ: ұшақ 3-топ: кеме 4-топ: поез 5 топ: автобус | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату. | Балалар, бүгінгі сабақта біз Қазақстанға саяхат жасап, еліміздің гүлденуіне үлесімізді қосатын боламыз. Ол үшін мына түрлі көлік бөліктерін алып, қалған бөлікерді тауып топтаса қояйық. | Оқушылар көлік бөліктерін тауып, сол бойынша топтастырып отырды. | Үлестірмелі қағаз |
3мин | Үй тапсырмасы | Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ қою арқылы) | Өткен тақырыпты пысықтау | -Балалар, саяхатқа немен шығамыз? Қандай көлікпен? Балалар, біздің уақытымыз тығыз. Тез жету үшін қандай көлік түрімен барғанымыз дұрыс? Ұшаққа міну үшін не қажет? Билетті тегін ала аламыз ба? Балалар, билетті алуымыз үшін үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік. Үй тапсырмасына дайынбыз ба? 1. Көше дегеніміз не? 2. Көше қиылысы дегеніміз не? 3. Қаладағы көлік түрлері қандай? 4. Ауылдағы көлік түрлері қандай? 5. Бағдаршамның міндеті не? | Көлікпен Автобус, пойыз, ұшақ, т,б. Ұшақпен Билет Жоқ, сатып алуымыз қажет. Дайынбыз. 1. Көлік жүретін жол. 2. Көшелердің бір - бірін қиып өтуі. 3.Автобус, поезд, машина, ұшақ 4. Ат, ат арба, ат шана, трактор, түйе, комбайн 5. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолдан дұрыс өтуін реттеп тұрады | слайд |
2мин | Қызығушылықты ояту | Баяу әуен үнімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. | Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру | -Дұрыс.Ал енді біз сендермен саяхатқа барамыз. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеміз. Аялдамадан бәріміз үлкен туристік автобусқа мінеміз. Теміржол вокзалына жеткен соң, пойызға мініп портқа қарай жол тартамыз. Содан үлкен кемеге мініп, әуежайға көл арқылы жүзіп барамыз.Әуежайдан Қазақстан Ан-24 ұшағына мініп көк аспанды бір айналып, Жерге қонақтаймыз. Көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айтып бөлісеміз. | Балалар көздерін жұмып, демалады. Баяу әуен үнімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. (автобус, поезд, ұшақ) | Музыка дыбыс |
3мин | Мағынаны ажырату | Жұмбақ шешкізу | Оқушылардың қабілеттерін шыңдау | -Балалар, жаңа біздер саяхаттап жүргенде бізге белгісіз біреу ашық хат тастап кетіпті. -Ашып көреміз бе? Ой, балалар, мұнда жұмбақтар бар екен. Қане, мұқият тындайық. 1. Құстан аумайды, Көкке зулайды. (Ұшақ) 2. Күндіз - түні күрсінеді, Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз) 3. Арқасында ауыл жүр, Ала тайым шауып жүр. (Автобус) 4. Төбесінде ебелек, Ұшады өзі керемет. /Тікұшақ/ 5. Сымға асылып, жүр асығып. /Троллейбус/ Міне, балалар, біз жұмбақты шешу арқылы елімізді көркейтіп жатырмыз. Жұмабқтың шешуі болған сөздерді кімдер жүреді? Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жолаушы» | Әр оқушы өз ойын айтады. Солардың ішінен біреуі тақырыпты тауып алады. Бүгінгі тақырыбымыз «Жолаушы». Себебін түсіндіреді. Адамдар, оларды жолаушы дейді | Ашық хат |
5мин | | Мәтінмен жұмыс: | Оқушылардың ойларын білу. Тақырыпты ашып алу. | 1. Дауыстап оқу (кезекпен) 2. Теріп оқу. | 1топ. Көлік туралы айтылған сөйлемдерді тап 2топ. Жолаушылар не себептен жолға шыға- тыны туралы айтылған сөйлемдерді тап 3топ. Ұшақ туралы айтылған сөйлемді тап 4топ. Нақыл сөзді тап 5топ. Өз жерінде қандай қатынас көлік- тер барын ата. | слайд |
2мин | Мағынаны тану | Мәтін мазмұнымен жұмыс: | Мәтіннің мағынасын ұғындыру | 1. Жолаушылар қайда барады? 2. Олар немен жүреді? 3. Олар не үшін жолаушылайды? 4. Алыс ауылдар мен қалалар арасына нелер жүреді? 5. Баратын жеріңе тез жету үшін қандай көлікпен жүрген тиімді? Неге олай деп ойлайсың? | - Алысқа сапар шегеді. - машинамен, атпен, түйемен, жазда ат - арбамен, қыста ат – шанамен. - біреулер алыстағы туыстарына қыдырып барады, біреулер сауда жасау үшін барады. -автобус, машина, поезд Себебі ұшақпен тез барасың. Бірақ бағасы қандай болады? (бағасы қымбат, оны кез - келген адамның қалтасы көтере бермейді. Ал автобуспен, пойызбен жүру ұзақ болса да, бағасы арзан) | слайд |
9 мин | Ой толғаныс | Топтық жұмыс
Жеке жұмыс | Оқушының сыни ойлауын дамыту | 1-топ Суретпен жұмыс 1. Әуежайдағы ұшақты күтіп отырған баланың ұйықтап отыруы 2. Автобустағы баланың үлкенге жол беруі. 3. «Мен жолаушы болсам...» 2-топ. «Болашақ көліктер» моделін жаса. 3-топ. Қоғамдық көлікте өздерінді қалай ұстау керексіңдер?. 4-топ. Сөйлемді дұрыс құрыңдар. 5 топ. «Біз қайда баруымыз керек?» Біз пойызға мінуіміз керек, қайда барамыз? Біз ұшақпен ұшуымыз керек, қайда барамыз? Біз автобуспен ауылға барғымыз келді, қайда барамыз? Біздің қалада қандай қатынас көлік түрлері бар? Ал жолға шыққан жолаушыларға қандай тілек айтылады? (Өз ойларын топ ішінде ортаға салып, бір оқушы берілген тақырыптары бойынша топ арасында қорғап шығады.) | 1-топ. Суретке қорытынды: 1. Жолға шыққанда мұқият болу керек, әйтпесе жүгіңді, ақшаңды ұрлап кетуі мүмкін немесе кететін уақытыңнан қалып қоюың мүмкін. 2. Автобуста үлкен кісілерге жол беру керек. Өйткені олардың аяғы ауырады, көп тұра алмайды, бұл үлкенге құрмет деп аталады Әр бала өзі жолаушы болса қайда баратыны туралы айтып өтеді. 2-топ. «Болашақ көліктер» моделін коллаж арқылы жасағандарын қорғайды. 3-топ. Үлкендерге орын беру, айқайламау, итермеу, тамақ жемеу, қалдықтарды лақтырмау, т.б. 4-топ. Көше, адам, әр, тәртібін, сақтағаны, жөн. Оңға, өткенде, керек, қарау, солға, жолды. Сары, бар, түстері, жасыл, бағдаршамның, қызыл. 5 топ. (темір жол вокзалына), (әуежайға) (автовокзалға) (ұшақ, автобус, пойыз). (Жолдарың болсын, сапар оң болсын!) Тест | А-3 желім, маркерпарақ |
1мин | Үй тапсырмасы | | Оқушының ойлау қабілетін шыңдау. | Үйге тапсырма бердім. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алды. | |
2мин | Рефлексия | Бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс | Оқушылардың сабақ барысы туралы пікірін білу | Үлестірмелі қағаздан жасалған бағдаршам таратып беремін. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін бағдаршам түстерімен көрсетті | Үлестірмелі қағаз дар |
2мин | Бағалау | Топтық бағалау | Бағалау шарты: Көңілді смайлик «5» Көңіл-күйі орташа «4» Көңілсіз-«3» | Топ бір-бірін «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды
| Смайлик арқылы бағалайды. | Бағалау парақ шалары |
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар: |
Не сәтті болды? | Мозайка құрастыру арқылы топтастыруы, үй тапсырмасын саған сауал, маған жауап демекші, сұраққа жауап беру арқылы пысықтауы, психологиялық сәт арқылы саяхатқа шығуды көліктердің дыбыстардың сүйемелдеу арқылы елестетуі, жұмбақ жасыруы, шығармашылық тапсырмалардың түрлендіруі сәтті болды. |
Не сәтті болмады? | Уақытты үнемдеп, тиімді пайдаланар едім, өйткені тапсырмалардың уақытқа сай жоспарламағанымды байқадым. |
Нені жақсартуға болады? | Дарынды және талантты балаларға берілген тапсырма түрлерін нақтылау. Себебі тапсырма тек сұрақтар қоюмен шектелген. |
Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым? | Тапсырма аясын кеңейту, сыни ойлау қабілеттерін жақсарту мақсатында көп жұмыстану қажет деп ойлаймын. |
Нені өзгертуге болады? | Әлі де болса сыныптың ынтымақтастық атмосферасын толыққанды қалыптастыру, кейбір оқушыларды назардан тыс қалдырмау, яғни үнемі көңіл бөліп отыру, жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма беру. |