kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жолаушы вагондарының электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету (лекционный материал для групп с казахским языком обучения в техническом колледже)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырып: «Жолаушы вагондарының электржабдықтарына техникалық қызмет көрсету».

Жоспар:

I. Жолаушы вагондары паркі.

II. Жолаушы вагондарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жүйесі.

III. Техникалық қызмет көрсету пункттері.

IV. Шекаралық ауыстыру пунктерінің жұмысы.

V. Вагондарға техникалық қызмет көрсетудің мерзімдері.

I.Барлық жолаушы вагондары паркі белгілі бір кәсіпорындарға бекітілген. Олар: жолаушы вагондары депосы, вагон учаскелері және жолаушыларға қызмет көрсету дирекциялары. Бұл кәсіпорындар вагондардың автоматтандырылған және қол режиміндегі жүріснің есебін, вагондарды жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету мерзімін реттеу, жоспарлы-ескертулі жөндеу әрі техникалық қызметті сапалы жүргізуге жауап беру сияқты жұмыстарды атқарады.

II. Жолаушы вагондарын жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсетудің келесі жүйесі бекітілген:Поездардың жүру жолында және әрбір рейске шығар алдында жолаушы вагондарының құрастыру және айналым стансаларында техникалық қызмет көрсету пункттерінде құрам мен поездар вагондарына техникалық қызмет  көрсету. (ТҚ-1)Жолаушы поездарын құрастыру пункттарында жазғы және қысқы тасымалдаудың басталуы алдында вагондарға техникалық қызмет көрсету. (ТҚ-2)Техникалық қызмет көрсету – жолаушы вагондарының басты түйіндерінде біріңғай техникалық ревизия жүргізу.  (ТҚ-3)Құрастыру және айналым пунктінде немесе жүру жолында вагонды құрамнан ажыратып, арнайы жөндеу жолдарына қою, вагон депосына өткізу арқылы ағымды жөндеу жүргізу (ТЖ)Деполық жөндеу (ДЖ) – кейбір бөлшек түйіндерін (узлов) модернизациялау (жаңғырту) немесе жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру үшін жасалатын жоспарлы жөндеу.Капиталды жөндеу (КЖ-1) – вагон ресурстарын ауыстыру, келеңсіздіктерін қалпына келтіру немесе тозған детальдары мен түйіндерін жөндеу, модернизациялау үшін жасалатын вагондарды жоспарлы жөндеу.Капиталды жөндеу  (КЖ-2) – вагон келеңсіздіктерін қалпына келтіру мен ресурстарын ауыстыруды,  кузовты металына дейін жартылай ашып, жылуизоляциясы мен электрсымдарын ауыстыру арқылы вагондарды жоспарлы жөндеу.  Қажет болған жағдайда  базалық жүйені ауыстыру, конструкция элементтерін және басты түйіндерді модернизациялау арқылы жөндеу жүргізу.КВР – жолаушы вагондарын кузовтар мен арбалардың қалыпқа келтірілген (восстановленных) конструкцияларын қолданып, ішкі жабдықтарын жаңарту және заманға сай интерьер (қажетті жабдықтар) жасау арқылы жолаушы вагондарын жөндеу.

III. Жолаушы вагондарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өткізу үшін жолдарда техникалық қызмет көрсету пункттері (ПТО) ұйымдастырылған.  Тех.қызмет көрсету пункттерінде экипировкалы жөндеу және арнайы жолдары бар. Олар ағымды жөндеу мен біріңғай тех. ревизия  жүргізу үшін арналған.Вагондарға тех.қызмет көрсету вагондарды қараушыға (осмотрщик)  қойылатын нұсқаулық (инструкция) талаптарына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар тех.қызмет көрсету поез бригадаларының сұраныстары бойынша да, «Магистральді теміржолдар жолаушы вагондары» тех.қызмет көрсету нұсқаулығы (инструкция)бойынша жүргізіледіЖолдарда вагон жабдықтарының тех.жағдайының дұрыстығына поез  электромеханиктері (ПЭМ), поез басшылары (начальники) және жолсеріктер жауап береді. Вагон электрожабдықтарына тех.қызмет жолаушы поездары бригадаларының айналым пункттерінде жүргізілсе, ағымды жөндеуді айналым пункті жұмысшылары поез бастығы сұранысы (механик-бригадир) бойынша жасайды. Құрастыру пункттерінде ( в пунктах формирования) тех.қызметті осы пункт жұмысшылары жүргізеді.

IV.  Шекаралық ауыстыру пункттерінде жылыту сезонында (в отопительный сезон) поез электромеханигі (ПЭМ) локомотивтік бригадамен бірлесіп басты вагонның жоғарывольтті магистралін қосып немесе ажыратады, сонымен қатар осы магистральді поезды құрастырып-бұзғанда да қосып немесе ажырату жұмыстарын атқарады.Ауыстыру пунктерінің жұмысшылары жерге тұйықталған шунттарды вагон кузовының рамасынан ажырату, оларды арбаларға және генераторлар мен букс қызуын бақылау жүйесіне қосу жұмыстарын жүргзеді, ал ПЭМ атқарылған жұмыстардың сапасын тексереді.Жол үстінде немесе айналым пунктінде қандай да бір жабдық істен шыққан жағдайда поез бастығы (механик-бригадир) немесе ПЭМ ПТО өкілдерімен бірлесіп ФМУ-73 актісін толтырады. Актіде вагон номері, оның трафареті жайлы мәлімет, жабдықтарды ауыстыру себептері, ауыстырылған жабдықтың заводтағы нөмірі, клейма, шығарылған мерзімі және т.б, мәліметтер көрсетілуі қажет. Жол үстінде поез бастығы немесе ПЭМ  нормадан ауытқулар немесе жабдықтан бас тартулар жайлы мәліметтерді рейс парағына еңгізіп отырады. Рейс парағын жол аяқталғаннан соң (после соездки) құрастыру пунктінде анализ (сараптама) жасап, 3 ай бойында сақтау үшін өткізеді.

V. Вагондарға тех.қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдері бар.1. Тех.қызмет көрсету пункттерінде және жолаушы вагондарын айналым мен құрастыру пункттерінде поездар мен құрамдардағы вагондарға әрбір рейске шығар алдында, поездарға жол үстінде тех.қызмет көрсету. (ТҚ-1)    ТҚ-1 жолаушы вагондарын құрастыру пунктерінде тәулігіне үш айналымға дейін  жасайтын  жолаушы вагондарына, ауыл мен қалааралық вагондарға (вагоны пригородного сообщения) тех.қызмет депо бастығы (учаске бастығы) бекіткен график (кесте) бойынша өткізіледі.Ұзақ мерзім тұрып қалу, вагон жөндеу немесе вагон құрастыру заводтарынан келгеннен соң вагон электржабдықтарына ТҚ-1 тех.қызметі көрсетіледі.2. Жазғы және қысқы тасымалдау алдында жолаушы ваг ондарына ТҚ-2 тех.қызметі көрсетіледі.Жолаушы вагондарының электржылыту жүйесі аймақтар бойынша келесі мерзімдерде өткізіледі:5 қыркүйек – 15 мамыр аралығында Байқал – Амур, Шығыс Сібір, Алысшығыс (Дальний Восток), Батыс Сібір, Кемерево, Краснояр, Свердоловск, Оңтүстік Урал аймақтары;20 қыркүйек – 5 мамыр аралығында Куйбышев, Горький, Мәскеу аймақтарында;1 қазан – 5 мамыр аралығында Приволжский, Солтүстік Кавказ, Шығыс-оңтүстік аймақтарында.3. ТҚ-3 – біріңғай тех.ревизия.ТҚ-3 басты жолаушы вагондары түйіндерін құрастырғаннан соң, жоспарлы жөндеу немесе алдыңғы ревизиядан кейінгі 6 айдан соң жасалады.4. Ағымды жөндеу (текущий ремонт - ТР) вагондарды поез құрамынан ажыратып (жол үстінде болсын немесе құрастыру және айналым пункттерінде) ағымды жөндеу жүргізу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Дуйсенов Азиз Серикбаевич

Дата: 09.01.2018

Номер свидетельства: 448739


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства