II. Негізгі бөлім «Ұйқының баланың тұлғалық дамуына әсері» шағын лекция+ Педагог: Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті және Американдық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман толыққанды ұйқының денсаулық үшін маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті. тез салмақ жинауға әкеледі. Ғылыми фактілер орта жолақта сағат 22.00-ден 24.00-ге дейінгі, тропикалық өңірде сағат 23.00-ден 01.00-ге дейінгі, полярлық шеңберден тыс жерде сағат 21.00-ден 23.00-ге дейінгі ұйқының пайдалы екенін көрсетеді. Көптеген мәдениеттерде күндізгі ұйқы немесе сиеста кеңінен таралған. Тұрақты күндізгі ұйқы адамның көңіл-күйін жақсартатыны, жұмыс қабілеттілігін арттыратыны, ағзаға қажетті энергияның орнын толтыратыны, стрестен арылататыны және түрлі аурулардың қаупін азайтатыны белгілі. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта тек мансаппен және үй шаруашылығымен айналысатын ата-аналардың ғана емес, олардың балаларының да ұйықысы жеткіліксіз. Топтық жұмыс. Ата-аналарды топтарға бөлеміз, ол үшін киндер сюрприздегі ойыншықтарға арналған шағын пластик 4кейстерді қолдануға болады, тең мөлшерде белгілі бір түсті қағаздар болады. Қандай да бір затты, фигураны, драже кәмпитін және т.б. пайдалануға болады. Әрбір ата-ана кейсті таңдап, оны ашқаннан кейін командалар ұсынылған әдіс бойынша бөлінеді. «Ұйқының функциялары» жаттығуы. Мақсаты: ата-аналардың баланың уақтылы және толыққанды ұйықтауын ұйымдастырудың тиімді дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттыру. Ата-аналарға ватман мен маркерлер ұсынылады. Педагог: «Ұйқы функциясы» дегеніміз не? (ата аналардың жауаптары). Сіздің міндетіңіз – ұйқының қандай функциялары бар екенін талқылап, ватманға жазу. Талқылау. Талқылаудан кейін ата-аналар жадынама алады. Суретте пазлдың 8 бөлшегі бейнеленген. Пазлды таңдаңыз. Ұйқының бала ағзасы үшін маңызды екенін анықтаңыз. Нәтижені көрсетіңіз. Әрбір пазл мынадай тұжырымдарды қамтиды: Орталық пазлда «Ұйқы функциясы» деген жазуы бар. Келесі пазлдар: • Ағзаның демалуы. • Қалыпты тіршілік ету үшін ағзаның органдары мен жүйелерін қорғау және қалпына келтіру. • Ақпаратты қайта өңдеу, бекіту және сақтау. • Жарықтың өзгеруіне бейімделу (күн-түн). • Адамның қалыпты психоэмоционалдық жағдайын сақтау. • Ағзаның иммунитетін қалпына келтіру. • Адам ағзасының ресурстық жағдайын қалпына келтіру • Эмоционалдық теңгерімді қалпына келтіру. |