магниттің қасиеттерімен танысады, магниттердің кейбір заттарды тартатынын түсінеді.
Сабақтың мақсаты:
1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;
1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
Алдыңғы оқу:
1.5.5.1 адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру
Жоспар
Жоспарланғануақытесебі
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Дерек-
көздер
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
Басы
І.Ұйымдастыру.
Оқушыларды топтарға бөлу.
ІІ.Кіріспе тапсырма. Блиц-турнир.
Оқулықтағы сұрақтарға жауап беруді ұсыну.Топтарға “Элекр ” тақырыбында бірнеше тапсырмалар ойластыруды тапсыру. Оқушылар ерте кездегі адамдар қандай жағдайда өмір сүргенін, үйлерін қалай жылытқанын естеріне түсіреді. Олар ежелгі адамдар жылыну үшін алау жақты деген қорытынды жасайды.
Үлестір
мелі дөңге
лектер, батареялар
Ортасы
ІІІ.«Миға шабуыл» стратегиясы
Оқушылардың ой-пікірлерін білу.
– Балалар! Менің қолымдағы не? Бұл жәй қолғап емес, «сиқырлы» қолғап.
-Қолғапты киіп үстел үстіндегі заттарды қозғау.
Не байқадыңдар? Кейбір заттар қолғапқа жабысып қалады. -Неге?
(бір оқушыға қолғапты кигізу)
ІY.Жаңа сабақ
Қолғаптың ішінде бір нәрсе бар, көрейік не бар екенін.Қолғаптың ішінен мынадай тас шықты.Бұл магнит-темір заттарды өзіне тартып алатын және темірге жабысатын қасиеті бар. -Бұл тас қайдан шықты?Магнус деген қойшы, қой бағып жүріп қолындағы таяғының басы үшкір темір екен, тасқа жабысқан соң ол бірнеше тасты алып келіп көршілерін таңқалдырған екен.Содан кейін магнит деп атай бастаған.
Интернет-ресурстар
http://www.bilimland.kz/kk/homeарқылы магнит туралы көрсету.
Сендердің әрбіреуіңде әртүрлі пішінді және көлемді магниттер бар. Оларды қолдарыңа алып, не сезетіндеріңді айтыңдаршы?
-Суық, қатты, темір, ауыр
-Балалар магнит барлық заттарды тарта ала ма екен?
Біз енді осыны тексеріп тәжірибе өткізейік Ү. Мағынаны тану. «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы
Тәжірибе: Үстел бетінде әртүрлі заттар жатыр, ойыншақ, ағаш қарындаш, пластмасс түймелер, темір заттар, түйреуіш, шеге, темір қасық, кішкентай магнит Магнитті әр заттқа кезек-кезек жақындатамыз. Әр бала өзіне ұнаған затты таңдап, оны магнитпен тексереді.Магнитке тартылатын заттарды бір қағазға, тартылмайтын заттарды бір қағазға саламыз. Қорытынды: кейбір темір заттар магнитке тартылады,ал темір емес заттарға магнит өрісі әсер етпейді.Бұларға:ағаш,пластмасса, мата, және т.б. осы заттарды атап шығып, олар неден жасалғанын айтамыз.
Магниттің ғажайып қасиетін әрі қарай зерттейміз.
Зерттейік
Топпен жұмыс: Магниттің күшін анықтау 1 топ- құмда жоғалған заттарды (шуруп, кнопка, пластмаса, скрепка,резина бөлшектері) магнит арқылы табу 2 топ-су құйылған шыныдағы заттарды қолын суға малмай, шыныны төнкермей алуға бола ма? 3 топ- қатты қағаз бен партаның арғы жағынан магнитті жылжыту 4 топ-шынының сыртынан тексеру
Магниттер заттарды тарта алады.Сонымен қатар олар бір-біріне тартылады. Кейде магниттер бір-бірінен тебіледі. Оларды ажырату үшін бір жағын көк түске, екінші жағын қызыл түске бояған. Бірдей түстер бір-бірінен тебіледі, әр түсті жақтар бір-біріне тартылады.
Сергіту сәті:
Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне арқаларын тигізіп тұрғызу.
“Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” “Тартыламыз!” деп жауап бере алады.
Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне тартуға тырысады.
“Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” “Тебілеміз!” деп жауап бере алады.
ҮІ. Ой толғаныс. «Тақырыптық түйінді сөздер» стратегиясы.Сөздер банкасына салады.
Ағаш, қағаз, шыны,
пластик,су,топырақ
ҮІІ. Дәптермен жұмыс
Сиқырлы магнит.Зерттеу барасында магнитке тартылған материалды V белгісімен көрсету