kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жануарлардың қандай түрлері болады?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жануарлардың қандай түрлері болады?

Уй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жануарлардың қандай түрлері болады?»

Күні: 24.10.2018ж

Мектеп: №23 мектеп-лицей

Пәні: Жаратылыстану

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Айгерим

Тақырыбы: Жануарлардың қандай түрлері болады?

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.2.2.2 Жабайы және үй жануарларын ажырату


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Жабайы және үй жануарларын атау және олардың қалай дыбыс шығаратынын білу

Көпшілік оқушылар:

  • Оқушыға белгілі жабайы және үй жануарларын ажыратып және олардың төлдерін атап, тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтау

Кейбір оқушылар:

  • Үй және жабайы жануарлардың айырмашылықтарын деректерге сүйеніп түсіндіру

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Бағалау критерийлері

  • Жабайы жануарларды және үй жануарларын ажыратып, олардың айырмашылықтарын салыстырады.

  • Үй жануарларының төлдерін атайды, оларды күтіп баптау керектігін біледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойында ұлтжандылық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін оятып, төрт түлік малға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Күтілетін нәтиже

  • Үй және жабайы жануарлардың кейбір түрлерімен танысады;

  • Жабайы жануарлардың үй жануарларынан қандай ерекшелігі бар екенін түсінеді;

  • Үй жануарларының тұратын жерімен сиырқорамен, атқорамен, қойқорамен, иттің үйшігімен танысады;

  • Үй жануарларын қалай күту керектігін біледі;

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа тән тірек –сөздер: үй жануарлары, жабайы жануарлар, төрт түлік, төлдер, күтім, қора, үйшік, қоректенеді, тіршілік етеді.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, еңбекке баулу

АКТ қолдану дағдылары



Бастапқы білім

Жалпы жабайы және үй жануарларын біледі

Ресурстар

Қима суреттер, үлестірмелі парақшалар «Орман», «Үй», үй жануарлары, олардың қорасы, күтуге арналған құралдар бейнеленген үлестірмелі материалдар.

Барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі

1 минут













Топтастыру

3 минут














«Ой қозғау»

4 минут












Негізгі кезең

1 минут Белсенді оқу





8 минут



















































Белсенді оқу

5 минут

Психологиялық ахуал орнату.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге.


Ойын – үйренудің ең тиімді тәсілі. Балаға ұнайтын іс-әрекет.

«Жапырақ теру» ойыны арқылы топқа бөлемін.

Мақсаты: Оқушылардың топта бірлесе жұмыс жасауын қалыптастыру.

Ойынның шарты: Оқушылар қазір жылдың қай мезгілі (Күз) дұрыс айтасыңдар, мен сіздерге күз мезгіліндегі әр түрлі жапырақтардан теріп әкелдім, әр оқушы жапырақтарды бір-бірден алады теру арқылы топқа бөлінеді. (Оқушылар қолдарындағы таңдаған жапырақтың келесі бетіндегі суреттерге қарап өз топтарын тауып, орындарына жайғасады.)

І топ - Құлыншақ

ІІ топ - Ботақан

ІІІ топ - Қошақан

Мұғалім: -Бұл жануарларды білесіздер ме?

  • Олардың төлдерін қалай деп атаймыз?

  • Олар туралы не айта аласыздар?

  • Олар қайда тіршілік етеді?

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Жануарлар дүниесі

Фотосуреттерге қара. Жануарларды ата.

(Жануарларды қандай топтарға бөлуге болады? Қандай топтар шықты? Неліктен?)

Бүгінгі сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру:

-Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата біліп, айырмашылығын және оларды күту қажет екенін білетін боласыздар.


«Бірлескен оқу» әдісі

Т. Мақсаты: Үй жануарларын асырау үшін қора, баспана керектігін түсіну, қамқорлық жасау, қорғау

«Мекенін тап»

І топ Құлыншақ:

Тапсырма:- Суреттегі әр жануар қай жерде тіршілік етеді? Жануарлардың әрқайсысын өз қорасына (баспанасына) орналастыр.

-Неліктен ол қораға (баспанаға) орналастырдың?

Орман, қора, аю, күрке, жылқы, ит, ін, қой, түлкі, қасқыр, тиін суреттері топтарға беріледі.

Дескриптор:

  • Жануарларды баспаналарға орналастырады.

  • Баспана туралы өзі білетін, көргендерін дәлелдеп айтады.

ІІ топ Ботақан:

Тапсырма:

  • Жануарлар немен қоректенеді? Жануарларды қоректену сипатына байланысты сәйкестендір.

  • Жануарларды күтіп- баптайтыны туралы айт.

Дескриптор:

  • Дұрыс сәйкестендіреді.

  • Үй жануарларының күтімі туралы әңгімелейді.

ІІІ топ Қошақан:

Тапсырма: - Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?

  • Үй жануарларының төлдерін тап, сәйкестендір және оларды ата.


Дескриптор:

-Үй жануарларын атайды.

- Үй жануарларының күтімі туралы әңгімелейді.

- Жабайы жануарлар өз бетінше тіршілік етеді, ал үй жануарларына адамдар көмектесетінін дәлелдейді.


Қ.Б Мадақтау сөздері. Жарайсың! Тамаша! Бәрекелді!



Ұ. ж: «Жасырынған бейне»

Мұғалім: белсенді тақта арқылы жануарлардың бейнесін жасыру.(Оқушылар жасылынған бейнені тауып атайды)

Ж.ж. Парақшалар таратылып беріледі, фигуралардан жануардың бейнесін тауып құрастыру.

Мақсаты: Жұптағы оқушылар бір –бірімен пір таласып бірігіп жұмыс жасайды.

Дескриптор:

  • Төлдерді атай алады.

  • Жануарлардың бейнелерін таба алады.

  • Жасырынған төлдің атын таба алады.

Қб: Мұғалімнің бағалауы: «Жылы лебіз»

Толық орындады: -Сіздер, менің жүйрік шабатын, құлыншақтарымсыңдар!

Жартылай орындады: - Сіздер, менің, қошақандарымсыңдар!

Әлі де көмек керек: - Ал, Сіздер, менің асықпай басатын, ботақандарымсыңдар!

Дағды қалыптасады: жұпта жұмыс істей білу, білесе жұмыс жасау, пікірін тыңдау.
















Қима суреттер,

Топ атаулары,

төлдер


















Орман

Үй


Қима суреттер





Сәйкестендіру кестесі

Жаңғақ жылқы

Шөп тиін

Саңырауқұлақ тауық

Жем-шөп қоян

Сәбіз сиыр
























Сергіту сәті

3 минут








Жаңаны қолдану кезеңі

7 минут



Сергіту сәті

Пай-пай-пай

Жайылып жүр тай

Ай-ай-ай

Ұшып кетті торғай

Микрофон әдісі

«Үй жануарларының сипаты»

Мақсаты: үй жануарларының қандай өнімдер беретіндігін түсіну.

1-топ – сүт беретін жануарды сипаттау

2-топ – үй құстарының дыбысын(тауық) сипаттау

3-топ- қымыз беретін жануарды сипаттау .

1. Әр топты жеке-жеке, ол жануар туралы білетіндерін айтады.




Саралау әдісі.

«Орман» және «Үй» ойыны.

Мақсаты: сабақта алған білімдерін жинақтау, саралау.

Ойын шарты: мұғалім жануарларды атайды суретін көрсетеді. Оқушы оны жабайы жануар деп санаса «Орман», үй жануары деп ойласа «Үй» белгісін көтереді.

Керекті сөздер және суреттері: сиыр, ешкі, қасқар, кірпі, тауық, бұғы, түлкі, мысық, аю.

Қб: Оқушыларды ынталандыру үшін мұғалімнің мадақтау сөздері: Жарайсың, тамаша, бәрекелді.








Сиыр

Тауық

Жылқы суреттері



Әр оқушының қолына үлестірмелі түрлі түсті қиындылар беріледі. «Орман» деп санаса қызыл түсті және «Үй» деп санаса жасыл түсті көтереді.







Рефлексия

3 минут


Ж. Мақсаты: Оқушы тапсырманы тереңірек түсініп орындай отырып, шығармашылығы, өзіне деген сенімі, оқуға деген уәжі артады.

«Жануарлар қалашығы» ойыны.

Тапсырма: - Оқушы өздері қалаған бір жануарды таңдап алып зерттеу.

Дескриптор:

  • Таңдап алған жануарлары туралы ақпараттар іздестіріп (суретін салады, сипаттайды, салыстырады),

Қб: Әр топ бір - біріне баға береді. «Мадақтау сэндвичі». 3-бөліктен тұрады. 1-не ұнады; 2- не нәрсені жақсарту керек; 3- келешекте қолданамын. Бірлесіп жұмыс жасау, өзара әрекеттестікке түсу арқылы үйрену.

Дағды қалыптасады: Қолдану, талдау, сыни ойлау қарым-қатынас дағдылары қалыптасады.



үй жануары мен жабайы жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтып, сурет салып қорғайды.

Кері байланыс

5 минут


Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі

Жасыл түс- сабақ түсінікті болған ,

сары түс – бойынша әлі де білуім керек деген мәселелерді,

қызыл түс – мүлдем түсіне алмаған мәселелерді түсіну дәрежесін анықтауға болады.




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау –

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Саралау әдісі - әр оқушының оқудағы қажеттіліктері ескеріліп сараланады. Осы тапсырманы жоспарлаған кезде мен оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жоспарладым. Неліктен? Өйткені, тапсырманы орындағанда оқушы білмеуі мүмкін. Менің көмегім қажет болса, көмек көрсетемін, осы арқылы мен оқушыға ақпаратты меңгеруге жетелеймін немесе қабылдауға ықпал етемін. Сондықтан да соған негіздеп мен «Жануарлар қалашығы» ойындары арқылы тапсырма бердім.

Тапсырманы неге саралауға алып отырмын деген сұрақ? Өйткені, сыныбымда деңгейлі оқушылар болғандықтан тапсырмаларды әр түрлі деңгейде беремін. Қабілеті орташа оқушыларды қабілеті жоғары оқушыға қарай жетелеймін. Мен оқу мақсатыма жету үшін стратегияларды қолданамын. Оқушы тапсырманы тереңірек түсініп орындай отырып, шығармашылығы, өзіне деген сенімі, оқуға деген уәжі артады. Мына мақсатқа қол жеткізу үшін Сэнквейн әдісі мен Венн диаграммасын алдым. Осы арқылы мен оқушыны саралаймын, мақсатқа жетуге жетелеймін.

Қабілеті орташа оқушылар:

Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Ойлану және жауаптар алу мақсатында жетелеуші сұрақтар қою арқылы баланың тапсырманы диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы бағыт беремін. Олар үй жануары мен жабайы жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ауызша айтып, ермексазбен мүсінін жасайды, суретін салады. (қабілетіне қарай)

Бұл тапсырмалар арқылы саралау әдісінің әрбір оқушыға мақсатқа жетуіне ықпал жасаймын. Оқушының тақырып бойынша түсінігі мен дағдылары тереңдейді.


Бағалау – Жұппен жұмыста мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы:

  • «Жылы лебіз» Толық орындады: -Сіздер, менің жүйрік шабатын, құлыншақтарымсыңдар!

  • Жартылай орындады: - Сіздер, менің, қошақандарымсыңдар!

  • Әлі де көмек керек: - Ал, Сіздер, менің асықпай басатын, ботақандарымсыңдар!

Бағалауды неге осы тапсырмаға алдым?

Кері байланыс беру арқылы мен қабылдауы төмен оқушыларды мадақтау арқылы ынталандыру үшін алып отырмын.

Топпен жұмыс кезеңінде «Мекенін тап» ойынының тапсырмаларын топ басшылары берілген дескриптор арқылы бағалайды.

«Жануарлар қалашығы» ойынының тапсырмаларын орындауда әр топ бір - біріне баға береді. ««Мадақтау сэндвичі»» әдісі арқылы бағаланады. 3-бөліктен тұрады.

  • 1-не ұнады;

  • 2- не нәрсені жақсарту керек;

  • 3- келешекте қолданамын. Бірлесіп жұмыс жасау, өзара әрекеттестікке түсу арқылы үйрену.

Кері байланыс «Жайлау» Бағдаршам әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл оқушының берген кері байланысында

  • Жасыл түс- бойынша сабақты түсінікті болған жәйттерді,

  • Сары түс – бойынша әлі де білуім керек деген мәселелерді,

  • Қызыл түс – мүлдем түсіне алмаған мәселелерді түсіну дәрежесін анықтауға болады.

Қалыптастырушы бағалау – кері байланыс арқылы, топтар бір-бірін бағалау, мұғалімнің мадақтау сөздері, рефлексия беру кезінде жүзеге асты.

Сергіту сәттері,

белсенді іс-әрекеттер кезде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.

Таңдап алған жануарлары туралы ақпараттар іздестіріп

5 жолды өлең құрастырады.

Венн диаграммасын құрып, үй жануары мен жабайы жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазып, ермексазбен мүсінін жасайды, постер қорғайды.


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?




Бүгін оқушылар не білді?





Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты нақты бір сабаққа алынған. Осы мақсатта оқушылар жабайы және үй жануарларын ажыратады. Күтілетін нәтижем нақты, соған ғана жоспарлап отырмын. Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары блум таксаномиясы арқылы қол жетімді болу үшін дұрыс әдіс – тәсілдер қолданылды.


  • Үй және жабайы жануарлардың кейбір түрлерімен танысты;

  • Жабайы жануарлардың үй жануарларынан қандай ерекшелігі бар екенін түсінді;


  • Үй жануарларының тұратын жерімен сиырқорамен, атқорамен, қойқорамен, иттің үйшігімен танысты;

  • Үй жануарларын қалай күту керектігін білді

Саралау әдісі, белсенді оқыту әдістері арқылы барлық оқушылар оқу мақсатына жетті.


Саралау нақты, жүйелі жүргізілді. Мұғалімнің қолдауы арқылы, кері байланыс жасай отырып, барлық оқушы оқу мақсатына жетті.


Уақыт берілген тапсырмалар кезеңіне сәйкес нақты бөлінді.


Сабақ жоспарына ешқандай түзетулер енгізілмеді. Сабақ жоспары толығымен сақталынды.

Қорытынды бағамдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Берілген тапсырмаларды оқып жұпта, топта талқылағаны.

2: 1. «Жасырынған бейне»

2:«Жануарлар қалашығы» ойындары. Ойын – үйренудің ең тиімді тәсілі. Балаға ұнайтын іс-әрекет.

1: Кейбір оқушылар үй жануары мен жабайы жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазып дәлелдеп қорғайды.

2: «Бағдаршам» әдісі кері байланыс

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Келесі сабақта жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазып дәлелін нақты жеткізе

алмаған оқушыларға көңіл бөлу қажет.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жануарлардың қандай түрлері болады?

Автор: Ахметова Айгерим Кайратовна

Дата: 17.03.2019

Номер свидетельства: 503378

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Жаратылыстану 1 сынып Жануарлардың қандай түрлері болады?"
    ["seo_title"] => string(60) "zharatylystanu_1_synyp_zhanuarlardyn_k_andai_turlieri_bolady"
    ["file_id"] => string(6) "455589"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518026014"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?"
    ["seo_title"] => string(52) "zhyl_miezghildieri_zhanuarlarg_a_k_alai_sier_ietiedi"
    ["file_id"] => string(6) "386848"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486027686"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Aдамдар жануарлардан не алады?"
    ["seo_title"] => string(33) "adamdar_zhanuarlardan_nie_alady_1"
    ["file_id"] => string(6) "432727"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1508174863"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "4-сыныпта ?аза? тілі п?нінен ашы? саба?. М?тінні? т?рлері "
    ["seo_title"] => string(60) "4-synypta-k-azak-tili-p-ninien-ashyk-sabak-m-tinnin-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "204537"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429689013"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Жануарлардың қандай түрлері болады?"
    ["seo_title"] => string(37) "zhanuarlardyn_k_andai_turlieri_bolady"
    ["file_id"] => string(6) "418475"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495703608"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства