kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары

Сабақ: Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Мектеп: Рудный қаласы әкімдігінің

               «№7 мектеп-гимназиясы» КММ

Күні: 25.10.16.

Оқытушының аты-жөні: Бектенова Г.С.

Сынып:1 «Б»

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.2.3 Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру.

1. 1.2.1 Қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Бағалау  критерийі

Білім алушы
·Жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделетін жануарларды анықтайды.
·Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделу жағдайларын сипаттайды.

· Оқушылар Қазақстанның жануарлары мен құстарының қоныс аударуы/қысқы ұйқыға кетуі туралы біледі.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

- сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіреді;

- қысқы ұйқыға кететін жануарды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты тиіннің тіршілігін әңгімелейді;

- қысқа қорек жинайтын жануарды анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

- жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты жыл құстарының тіршілігін сипаттайды;

- жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты аюдың тіршілігін сипаттайды;

- қыста терісінің түсін өзгертетін жануарды анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: академиялық тілді пайдалана отырып, жануарлардың негізгі белгілерін тұжырымдап түсіндіреді.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

• жануар, өсімдік;

• жабайы және үй жануары;

• қорек;

• маусым, жыл мезгілдері;

• қысқы ұйқы;

• миграция (көші-қон)

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:
·Неліктен кейбір жануарлар қыc мезгілінде ұйқыға кетеді?
·Неліктен кейбір құстар күз мезгілінде оңтүстікке қарай
ұшып қетеді?

Ширату жаттығуы

Хайуанат бағында жануарлардың төлдері қалай оянатындарын қимылдармен көрсету. Таңертең ерте хайуанат бағында төлдер оянып жатыр:

  • Борсықтар көздерін ашады;
  • Аламандар ұрттарын уқалайды;
  • Кішкентай тиіндер жуынады;
  • Түлкінің күшіктері керіледі;
  • Түйеқұс балапаны жүгіреді;
  • Күркетауық балапаны қанатын қағады;
  • Мазасыз маймылдар оңға-солға айналады;
  • Кішкентай қонжықтар аунайды.

Алдыңғы білім

- Жануарлардың қандай түрлері болады ?

- Үй  жануарларының  пайдасы қандай?

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

Ресурстар

Басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,  жалпы жан- жақты дайындығын тексеру. Сабаққа назарын аудару.

Психологиялық дайындық:

Армысың, Алтын күн!

Армысың, Алтын жыр!

Армысың, Көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым!

-Ал қазір оқушылар бір сәтке көзімізді жұмып хайуанат бағында жүргенімізді елестетейік. (ширату жаттығуы)

-Сонымен балалар ширату жаттығуында нелердің іс-әрекет қимылдарын жасадық.

-Дұрыс ендеше бүгінгі сабақта біз нелер жайында өтеміз?

 –Жануарлар.

Алдыңғы білім тексеру.

- Жануарлардың қандай түрлері болады ?

- Үй  жануарларының  пайдасы қандай?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Оқушылар өздері ұнататын жыл мезгілдеріне сай 4 түске (сары, ақ, жасыл, қызыл) 4 топқа бөлініп отырады.

Топ ережесі:

1.Тәртіп сақтау;          2.Уақытты тиімді пайдалану;

3.Басқаның пікірін тыңдау;     4.Ұйымшылдық көрсету.

Шеңбер құру

Қимылдар жасау

Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады

Топ ережесін пайдалану

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?»

Сабақ жоспары


Сабақ: Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Мектеп: Рудный қаласы әкімдігінің

«№7 мектеп-гимназиясы» КММ

Күні: 25.10.16.

Оқытушының аты-жөні: Бектенова Г.С.

Сынып:1 «Б»

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.2.3 Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру.

1. 1.2.1 Қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Бағалау критерийі

Білім алушы
Жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделетін жануарларды анықтайды.
Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделу жағдайларын сипаттайды.

 Оқушылар Қазақстанның жануарлары мен құстарының қоныс аударуы/қысқы ұйқыға кетуі туралы біледі.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

- сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіреді;

- қысқы ұйқыға кететін жануарды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты тиіннің тіршілігін әңгімелейді;

- қысқа қорек жинайтын жануарды анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

- жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты жыл құстарының тіршілігін сипаттайды;

- жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты аюдың тіршілігін сипаттайды;

- қыста терісінің түсін өзгертетін жануарды анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: академиялық тілді пайдалана отырып, жануарлардың негізгі белгілерін тұжырымдап түсіндіреді.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

• жануар, өсімдік;

• жабайы және үй жануары;

• қорек;

• маусым, жыл мезгілдері;

• қысқы ұйқы;

• миграция (көші-қон)

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен кейбір жануарлар қыc мезгілінде ұйқыға кетеді?
Неліктен кейбір құстар күз мезгілінде оңтүстікке қарай
ұшып қетеді?


Ширату жаттығуы

Хайуанат бағында жануарлардың төлдері қалай оянатындарын қимылдармен көрсету. Таңертең ерте хайуанат бағында төлдер оянып жатыр:

  • Борсықтар көздерін ашады;

  • Аламандар ұрттарын уқалайды;

  • Кішкентай тиіндер жуынады;

  • Түлкінің күшіктері керіледі;

  • Түйеқұс балапаны жүгіреді;

  • Күркетауық балапаны қанатын қағады;

  • Мазасыз маймылдар оңға-солға айналады;

  • Кішкентай қонжықтар аунайды.

Алдыңғы білім

- Жануарлардың қандай түрлері болады ?

- Үй жануарларының пайдасы қандай?

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

Ресурстар

Басы

5 мин


















Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, жалпы жан- жақты дайындығын тексеру. Сабаққа назарын аудару.

Психологиялық дайындық:

Армысың, Алтын күн!

Армысың, Алтын жыр!

Армысың, Көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым!

-Ал қазір оқушылар бір сәтке көзімізді жұмып хайуанат бағында жүргенімізді елестетейік. (ширату жаттығуы)

-Сонымен балалар ширату жаттығуында нелердің іс-әрекет қимылдарын жасадық.

-Дұрыс ендеше бүгінгі сабақта біз нелер жайында өтеміз?

–Жануарлар.

Алдыңғы білім тексеру.

- Жануарлардың қандай түрлері болады ?

- Үй жануарларының пайдасы қандай?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Оқушылар өздері ұнататын жыл мезгілдеріне сай 4 түске (сары, ақ, жасыл, қызыл) 4 топқа бөлініп отырады.

Топ ережесі:

1.Тәртіп сақтау; 2.Уақытты тиімді пайдалану;

3.Басқаның пікірін тыңдау; 4.Ұйымшылдық көрсету.






Шеңбер құру






Қимылдар жасау



Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады



Топ ережесін пайдалану

Ортасы

20-25 мин


  1. Кіріспе тапсырма.

4 топқа төрт жыл мезгіліне байланысты үлестірмелі парақшаларды беру. Олар әрбір жыл мезгілінің ерекшеліктерін, белгілерін атауы керек. (тағы бір рет қыстың жаздан қалай ерекшеленетінін нақтылау).

-Жануарлар қыстада жаздағыдай тіршілік ете ала ма?-«Жоқ, себебі, шөп, жәндіктер жоқ әрі суық»

-Тиін қысқа қалай дайындалады?(қор жинайды)

-Қор жинайтын тағы қандай жануарларды білесіндер?(аралар, борсықтар, аламандар, сұр тышқандар)

-Сонымен балалар әрбір жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері болады. Жануарлар жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне бейімделіп отырады.

2. Деректер

Жаздың соңы мен күздің басында тиіндер, тышқандар, боршатышқандар, аламандар қысқа қорек дайындайды. Аюлар, сарышұнақтар, борсықтар, кірпілер қысқа ұйқыға кетеді. Қыста суық кезде және азықтың жоқ кезінде жануарлардың күш-қуат шығынын азайту үшін дене температурасы төмендеп, жүректің соғу жиілігі баяулайды.

Кейбір жануарлар өрістейді. Өрістеу — бұл жануарлардың алыс қашықтыққа маусымдық қоныс өзгертуі. Албырт балығы уылдырық шашу үшін жылы суға кетеді. Негізінен, маусымдық қоныс өзгерту құстарда жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының аумағында миллиондаған суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстар, сондай-ақ ұшып өтетін құстар ұя салады.

3.Зерттейік

Әр топқа жем үлгілерін тарату. Адам немесе жануарлар қоректенетін азық-түліктерді қосуға болады. Түрлі жануарлар суретінің ішінен қысқа қор жинайтын жануарларды алып, артығын алып тастау қажет. Тиін жәндіктермен де қоректенеді, бірақ оны қысқа сақтау мүмкін емес, ол нанды да жейді, бірақ табиғи жағдайда оны табу қиын. (әр топ өз таңдауын түсіндіреді)

-Олар қорларын қай жерде сақтайды? (көбінесе індерінің бір тармағындағы арнайы қоймаларда, аралар-омартада)


4.Құстар

Құстар туралы бейнеролик көрсету. Суреттегі құстарды таныстыру. Олар туралы мәлімет беру.

Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілік етеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.

Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйрек­терінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Сол­ түстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.


Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екіжағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.


Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей.Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл­. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті.


Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының асты сұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг-дан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.

-Құстардың бұл тобы қалай аталады?

-Құстар күзде қайда ұшып кетеді?

-Оларға қыста не жетіспейді?

-Бұл жерде қай құс артық? Неге?

(Дәптер/19-бет) Шешуін тап. Құстарды сипаттау арқылы құсты тауып, тор көзге сандарды ретпен қою.

5.Сергіту сәті. «Қызыл гүлім-ай» бейнероликтегі қимылды қайталау.

6.Орман жануарлары.

Орман жануарлары туралы бейнеролик көрсету. (ағылшынша аттарын сұрау) Оқулықтағы екі қатардағы суреттерді салыстыру.

-Бұлардың әрқайсысы қалай қоректенеді?

-Олардың әрқайсысы немен қоректенеді?

-Қай жануар үшін қыста азық табу қиын?

-Оқушылар жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі бұл жай ұйықтау емес, олардың ағзасының үнемдеу режіміне ауысуы. Қасқыр мен түлкі жыртқыштар. Олар қыста қорек таба алады. Бұлан –бұтақтармен және қабықпен қоректенеді. Қоңыр аю, борсық, кірпі қысқы ұйқыға кетеді.

-Қыста жүнін өзгертетін қандай жануарды білесіңдер? Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді.  Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай облысында сирек кездеседі.

(Дәптер/18-бет) Қысқы орман. Ұйқыға кететін жануарлардың суретін боя. Қанша жануарларды боядың? Санмен жаз. Смайлик жабыстырып оқушыларды ынталандыру.

7.Сен білесің бе?

Суыр өмірінің басым бөлігін ұйқымен (6 айдан-9 айға дейін) өткізеді. Біздің елімізді мекендейтін суырлар тамыздың соңында ұйқыға кетіп, наурыздың басында оянады.


Жыл мезгілдері суреттері













Слайдта суреттер
























Бейнеролик

Оқулық-28 бет






Суреттер




















Дәптер -19 бет



Бейнеролик


Бейнеролик

Оқулық-29 бет














Дәптер -18 бет


Соңы

7 мин






Жаңа сабақты қорытындылау.

(Дәптер/19-бет) Қысқа дайындық.

Суретті дұрыс сөзбен байланыстырып сызу. Суреттерді бояу.

Рефлексия:

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Қандай тапсырма ұнады?

Есте сақта! Күзде жануарлар қысқа дайындалады: қор жинайды, жылы жаққа қоныс аударады, ұйқыға кетеді.

Бағалау:

Барлық оқушы өздерін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.


Дәптер -19 бет







Оқушылар басбармақтарын көрсетеді



Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-

Денсаулық және қауіпсіздік.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Саралау, оқыту өз бетінше тапсырмалар орындау кезінде мұғалім қолдауының алмасуы арқылы іске асады.


-Дұрыс әрі нақты жауап беру;

-Азық қорын жинайтын жануарларды атау,

-Ұйқыға кететін жануарларды атау;

-Құстардың қоныс аудару себебін айту.



Дүниетану пәнімен пәнаралық байланыс бар. Презентация қолданылады, Интерактивті тақтаны 20 - 25 минуттан артық қолдануға болмайды.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе

жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1:

2:



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Автор: Бектенова Гаухар Суйментаевна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 386848

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?""
    ["seo_title"] => string(54) "zhyl_miezghildieri_zhanuarlarg_a_k_alai_sier_ietiedi_1"
    ["file_id"] => string(6) "392881"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1487328095"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Міржа?ып Дулатов "?ыс" "
    ["seo_title"] => string(23) "mirzhak-yp-dulatov-k-ys"
    ["file_id"] => string(6) "150609"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420536214"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "М?мкіндігі шектеулі балаларды? ерекшеліктері"
    ["seo_title"] => string(53) "mumkindighi-shiektieuli-balalardyn-ieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "292482"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455283063"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Д?ниетану п?ні бойынша  2-сынып?а арнал?ан тест тапсырмалары"
    ["seo_title"] => string(64) "duniietanu-p-ni-boiynsha-2-synypk-a-arnalg-an-tiest-tapsyrmalary"
    ["file_id"] => string(6) "264082"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1449655905"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Салауаттылы? –?мір салты"
    ["seo_title"] => string(22) "salauattylykomirsalty3"
    ["file_id"] => string(6) "300821"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456807423"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства