kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жалаң және жайылма сөйлем

Нажмите, чтобы узнать подробности

3-сыныпқа арналған ашық сабақ тақырыбы: "Жалаң және жайылма" сөйлем

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жалаң және жайылма сөйлем»

Күні: 5.12.17ж. Пәні: қазақ тілі 3 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:1) Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру; Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын қалыптастыру.
2) Іздемпаз, тапқыр, еңбекқор, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
3) Сөз қорын байытып, ауызекі және жазба сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, өз бетінше жұмыс, жазба жұмысы, ізденіс әдісі, ойын.
Көрнекілік: тірек – сызба, слайд, ребус, карточка
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы
І. Алғашқы ұйымдастыру
Қоңырау соғылды,
Сабақ басталды.
Балалар, жиналдық,
Түгендеп құралды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№ 76 жаттығуды орындағандарын тексеру. Жазған өлеңді жатқа айтып ауызша сөйлем мүшелеріне талдайды. Бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ1)
Психологиялық дайындық: Слайдта Ы. Алтынсариннің портреті шығады.
― Балалар, бұл кім? Ол туралы не білеміз? Қандай өлеңін білесіңдер? ― деп хормен айту.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенін алдынан
Іздемей – ақ табылар! - демекші, бүгінгі сабақта оқып білгендеріңді көңілдеріне ықыласпен тоқуларына тілектеспін! Бүгінгі сабағымызға ағай, апайларымыз келіп отыр, білімдеріңді көргелі отыр. Сәттілік тілеймін!
― Ендеше, сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақтан алған білімімізді еске түсіре кетейік. Ол үшін мына мониторда көрсетілген тест― тапсырманы орындау керек.
Оқушылар тест―тапсырманы кезекпен ауызша орындайды.1. Қимыл, іс әрекет.... білдіретін сөзді бастауыш дейді.
А ) сапасын
Ә) иесін
Б) қимылын

2. Бастауыштың ісін қимылын білдіретін сөздерді...... дейді.
А) баяндауыш
Ә) тұрлаулы мүше
Б) тұрлаусыз мүше

3. Бастауыш та, баяндауыш та.... жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.
А ) сан есімнен
Ә) етістіктен
Б) зат есімнен

4. Мына сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап:
Бүгін қар қалың жауды.
А) бүгін, жауды
Ә) қар, жауды
Б) қалың, жауды

5. Мына сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тап:
Балалар әдемі аққала жасады.
А) әдемі аққала
Ә) балалар
Б) жасады

2) Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.―Балалар, алдымен сөйлем туралы білетіндеріңді еске түсірейік. Сөйлемнің негізгі белгілерін атайықшы.
А) сөздер мағыналық байланыста болады.
Ә) аяқталған ойды білдіреді.
Б) бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады.
В) соңына (.), (!),(?) қойылады.
― Өте жақсы!
Слайдтан тірек сызба көрінеді.

3) Оқушылар Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиды. Екеуара әңгімеге сүйеніп, сызбаны толтырады. Қорытынды шығарып,.

4) №79 жаттығуды «Тиісті пойызға орналастыр» ойыны түрінде орындайды.
Сөздерден сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдап, жалаң немесе жайылма екенін анықтайды. Содан соң тиісті пойызға сөйлемдерді орналастырады. Болғанан кейін дұрыстығын слайдтан тексерді.

5) Сергіту сәтіОқушылардың назарын слайдқа аударып, ондағы анимациялық кейіпкерлердің қимылын «Би билейміз» әнімен қайталап сергіту жаттығуын жасайды.
Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір
Бір анда бір мұнда, Өзіңді өзін айнала. (2рет)
Бас аяқты топ, топ, Шапалақта хоп, хоп,
Бір анда бір мұнда, Өзіңді өзін айнала. (2рет)
Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз,
Бір анда бір мұнда, Өзіңді өзін айнала. (2рет)

6) Көркем жазу Ж ж Ж ж Ж ж Ж ж Ж ж
Жадыраның жеңгесі жақсы жаңалығын жұртына жеткізді.

7) 81 - жаттығу. Оқушылар кезекпен тақтада бір жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жазады.

8) 82 - жаттығу. Қима қағаздағы сөйлемдерді балаларға таратып, тақтадағы екі баған, яғни жалаң және жайылма сөйлемдерге ажыратып тұсына іледі. Дәптерлеріне жазып алады. Сөйлем мүшелеріне талдап, тиісті сызықпен сызады.

9) 83 - жаттығудағы ребусты шешіп, мақалды оқиды. Дәптерге жазады. Сөйлем мүшелеріне талдап, сөйлем түріне ажыратады.

IV. Қорытынды10) Слайдта көрсетілген сөйлемді таңдап, сөйлем түріне ажыратып, дәлелдей сөйлету:
Күн шайдай ашылды.
Ешкі лақтады.
Көбелек қонды.
Бақта құстар сайрады.
― Неліктен? Ойынды дәлелде, ― деп оқушыларды ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беру.
11) Слайдтағы сызба бойынша сабақты бекіту. Өз беттерінше бүгін алған жаңа ұғымды сызбаға орналастырады.

V. Үй тапсырмасы.
VІ. Бағалау 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Жалаң және жайылма сөйлем

Автор: Адепбаева Замира Амангельдиновна

Дата: 01.02.2018

Номер свидетельства: 454117

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашы? саба?    "Жала? ж?не жайылма с?йлем" "
    ["seo_title"] => string(42) "ashyk-sabak-zhalan-zh-nie-zhaiylma-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "160276"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422022686"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Жала? ж?не жайылма с?йлем"
    ["seo_title"] => string(26) "zhalanzhniezhaiylmasoiliem"
    ["file_id"] => string(6) "278767"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453131548"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "?аза? тілі Жала? ж?не жайылма с?йлем. "
    ["seo_title"] => string(42) "k-azak-tili-zhalan-zh-nie-zhaiylma-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "207456"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430484665"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "" Жала? ж?не жайылма с?йлем ""
    ["seo_title"] => string(32) "zhalan-zh-nie-zhaiylma-soiliem-5"
    ["file_id"] => string(6) "308068"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458493713"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "конспект урока по тему "Жала? ж?не жайылма с?йлем" "
    ["seo_title"] => string(55) "konspiekt-uroka-po-tiemu-zhalan-zh-nie-zhaiylma-soiliem"
    ["file_id"] => string(6) "145937"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419015356"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства