-Балалар,б?гін біз ата-баба еліне саяхат?а шы?амыз.Кез келген адам саяхат?а бар?анда сол жерді? елімен,жерімен танысады.Жа?сы н?рселер болса к?ріп ?йренеді.
Бірінші ауыл ол Білім ауылы
Б?л ауыл сендерді? білімдері?ді тексеру ?шін мынадай с?ра?тар дайында?ан екен:
1.С?йлем м?шесі деген не?
2.Бастауыш деген не?
Бастауышты? с?ра?тары ?андай?
3.Баяндауыш деген не?
4.С?йлем м?шесі нешеге б?лінеді?
5.Т?рлаулы м?ше дегеніміз не?
6.Т?рлаусыз м?ше дегеніміз не?
о?ушыларды? жауаптарын ты?да
ІІІ.Жа?а саба?
Екінші ауыл ол Жа?а ауылы
-Балалар,та?тада жазыл?ан екі ба?анда?ы с?йлемдерді салыстырайы?.?андай айырмашылы? к?ріп т?рсы?дар?
-Д?рыс, бірінші ба?анда?ы с?йлемдер тек ?ана т?рлаулы м?шелерден т?рады,ал екінші ба?анда?ы с?йлемдерде т?рлаулы ж?не т?рлаусыз м?шелер бар.
1)М?з ?атты. 1)?зенге м?з ?атты.
2)Жазушы жазды. 2)Жазушы ?ле? жазды.
3)О?ушы ж?гірді. 3)О?ушы мектепке ж?гірді.
1.Тек ?ана т?рлаулы м?шелерден ??рал?ан с?йлемді жала? с?йлемдеп атайды.
2.Т?рлаулы м?шелерден бас?а т?рлаусыз м?шелері бар с?йлемді жайылма с?йлем деп атаймыз.
-Ендеше б?гінгі бізді? жа?а та?ырыбымыз ?андай?
-Д?рыс, жала? ж?не жайылма с?йлем.
-Ендеше саба?ымызды? ма?саты ?андай?
о?ушылар жауабы
?шінші ауыл ол ?нер ауылы
Б?л ауыл сендерге мынадай с?йлемдер дайындапты: Ас?ар келді. М??алім ма?тады.Боран со?ты.Б?лб?л сайрады.
?нер ауылыны? екінші тапсырмасы ол о?улы?та?ы 3-жатты?уды орындау.
о?ушылар та?тада орындайды
Т?ртінші ауыл ол Т?рт т?лік мал ауылы
Ата-бабамыз ежелден мал ба?уды к?сіп еткен. Себебі,малды? еті,ж?ні,с?ті пайдалы.Ішсе тама?,кисе киім,ж?рсе к?лігі бол?ан.?лкен кісілер амандас?анда «бала-ша?а?,мал-жаны? аман ба?» деп с?ра?ан.
?азір мен сендерге сол жануарлар туралы ж?мба? жасырамын.Сендер шешуіне байланысты жайылма с?йлем ??растырып табы?дар.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Жала? ж?не жайылма с?йлем" »
Естай атындағы орта мектеп, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жолболды ауылы
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Жалаң және жайылма сөйлем»
Сынып:3 қазақ
Пәні:қазақ тілі
Мұғалім:Омарова ГалияТемирболатовна
Сынып: 3 қазақ
Мұғалім: Омарова Галия Темирболатовна.
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың сөйлем,сөйлем мүшелері,олардың байланысы туралы білімдерін нығайту;жалаң және жайылма сөйлем жайлы түсінік беру және оларды ажырата білуге үйрету; 2.Сөйлем мүшелерін ажырата білуін,сөйлемнің мәнін терең ұғынып,мағынасын аша отырып ойлау қабілеттерін жетілдіру; 3.Оқушыларды әдемі жазуға,мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Әдісі:сұрақ,жауап,талдау,салыстыру,түсіндіру,топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Сыныпта 24 оқушы бар.Сондықтан бұл оқушыларды
4 топқа бөлемін.
1-топ Алғырлар
2-топ Тұлпар
3-топ Бәйтерек
4-топ Жігер
Келген қонақтармен амандасу:
Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз.
Сәлем бердік Сіздерге,
Құрметпенен біз.
Психологиялық дайындық.
Қабат-қабат қатталған
Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін (Кітап)
-Кітаптарың дайын ба?
Ұшымен қазық
Торкөзді азық
Үстіне өттім
Асыл сөз жазып (Дәптер)
-Дәптерлерің дайын ба?
Денесі бар шыбықтан
Темір тұмсық құдықтан
Сусын алып ішеді
Ойы із боп түседі. (Қалам)
-Қаламдарың дайын ба?
ІІ.Үй жұмысын тексеру
-Балалар,бүгін біз ата-баба еліне саяхатқа шығамыз.Кез келген адам саяхатқа барғанда сол жердің елімен,жерімен танысады.Жақсы нәрселер болса көріп үйренеді.
Бірінші ауыл ол Білім ауылы
Бұл ауыл сендердің білімдеріңді тексеру үшін мынадай сұрақтар дайындаған екен:
1.Сөйлем мүшесі деген не?
2.Бастауыш деген не?
Бастауыштың сұрақтары қандай?
3.Баяндауыш деген не?
4.Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?
5.Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
6.Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
оқушылардың жауаптарын тыңда
ІІІ.Жаңа сабақ
Екінші ауыл ол Жаңа ауылы
-Балалар,тақтада жазылған екі бағандағы сөйлемдерді салыстырайық.Қандай айырмашылық көріп тұрсыңдар?
-Дұрыс, бірінші бағандағы сөйлемдер тек қана тұрлаулы мүшелерден тұрады,ал екінші бағандағы сөйлемдерде тұрлаулы және тұрлаусыз мұшелер бар.
1)Мұз қатты. 1)Өзенге мұз қатты.
2)Жазушы жазды. 2)Жазушы өлең жазды.
3)Оқушы жүгірді. 3)Оқушы мектепке жүгірді.
1.Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемдіжалаң сөйлемдеп атайды.
2.Тұрлаулы мұшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдіжайылма сөйлем деп атаймыз.
-Ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз қандай?
-Дұрыс, жалаң және жайылма сөйлем.
-Ендеше сабағымыздың мақсаты қандай?
оқушылар жауабы
Үшінші ауыл ол Өнер ауылы
Бұл ауыл сендерге мынадай сөйлемдер дайындапты: Асқар келді. Мұғалім мақтады.Боран соқты.Бұлбұл сайрады.
-Сөйлем мүшесіне талдайық. Ендеше бұл қандай сөйлем?
Өнер ауылының екінші тапсырмасы ол оқулықтағы 3-жаттығуды орындау.
оқушылар тақтада орындайды
Төртінші ауыл ол Төрт түлік мал ауылы
Ата-бабамыз ежелден мал бағуды кәсіп еткен. Себебі,малдың еті,жүні,сүті пайдалы.Ішсе тамақ,кисе киім,жүрсе көлігі болған.Үлкен кісілер амандасқанда «бала-шағаң,мал-жаның аман ба?» деп сұраған.
Қазір мен сендерге сол жануарлар туралы жұмбақ жасырамын.Сендер шешуіне байланысты жайылма сөйлем құрастырып табыңдар.
4-топ Жігер топтары жылқы,қой сөздерінен жалаң сөйлем құрастырады.
Бесінші ауыл ол Қонақ кәде ауылы
Қонақтар тек ішіп,жеп кетпей, ән айтып,ойын ойнайды.Қазақтың ұлттық ойыны –«Асық».Осы асықтарда тапсырмалар берілген, сол тапсырмаларды орындайсыңдар. Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Сурет бойынша мәтін құрастыр.Мәтін ішінде жалаң және жайылма сөйлемдерді қолдан.
ІІ деңгей
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
Суретші бояды.Жел соқты.Арман кірді.
ІІІ деңгей
Жалаң сөйлемдердің астын бір сызықпен,жайылма сөйлемдердің астын екі сызықпен сыз.
Балалар ойнады.Кеше күн жылынды.Қыс келді.Айман далаға шықты.
ІҮ.Сабақты қорытындылау
-Бүгін біз қандай сөйлемдермен таныстық?
-Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
-Жайылма сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
-Мысал келтір.
-Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылығы неде?
-Сабақ сендерге ұнады ма?
Алтыншы ауыл ол Базарлық ауылы
-Балалар,қазақ елі қонақжай ел.Келген қонақты құр жібермейді.Осы ауылдың тұрғындары сендерге үйге тапсырма дайындапты.