Сабақтың тақырыбы: Қастек Баянбай Жақсы мен жаман
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өмірмен байланыстыра талдау арқылы сөздің мән-
мағынасына философиялық
құдіретіне мән беруге жетелеу.
Дамытушылық: Жазушының бейнелі сөздері мен мысалдарына, тіліне
талдау жасау, мүмкіндігін арттыру, шығармашылық
тапсырмаларды орындау.
Тәрбиелік: Өз бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ
ұстау керектігін ұғынуға жетелеу.Өмірде кездесетін
жамандықтың аражігін салмақтауды үйрету.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын «Имидж» әдісі, изограф әдісі.
Көрнекілігі: автор суреті, жақсылық, жамандық туралы мақал-мәтелдер,
бейнефильм, құмыра, сандықша, тақырыптық суреттер.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, қазақ тілі, еңбек.
Психологиялық сәт:
- Балалар, бәріміз орнымыздан тұрамыз. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік.
