kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері" ?дебиеттік о?удан саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: білімділік - а?ынны? ?мірі туралы ма?л?мат беру, та?ырып?а байланысты жыраулар шы?армаларынан алын?ан ?зінділерді салыстыра отырып талдай білу да?дыларын жетілдіру; дамытушылы? - ?ле?ді м?нерлеп о?у, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту; т?рбиелік - ?ле?ді негізге ала отырып, о?ушыларды? бойына жа?сы ?асиеттерді ?алыптастыру, жаман ?асиеттерден жирендіру, жа?сы мен жаман ?асиеттерді ажырата білуге, ?мірге ?ажетін тандай білуге ба?ыттау. Саба?ты? типі: аралас саба?. Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі саба?. Саба?та колданылатын ?діс-т?сілдер: ?ыс?аша баяндау, с?ра?-жауап, талдау-жина?тау, м?нерлеп о?у, м?тінмен ж?мыс. П?наралы? байланыс: тарих. Саба?та ?олданылатын к?рнекілік ж?не ?осымша ?дебиет: 1) о?улы?, та?та; 2) "Бес ?асыр жырлайды" 1, 2-том; 3) Х.С?йінш?лиев "XV-XVIII ?асыр ?дебиеті". Саба?ты? барысы. I. ?йымдастыру. II. ?ткен саба?ты с?рау, ?й тапсырмасын тексеру. III. Жа?а саба?. Жа?а саба?ты? та?ырыбы, ма?саты, жоспары жазылып т?рады. 1. ХV-ХІХ ?асырда?ы а?ын-жыраулар?а то?талу, ?ле?дерін салыстыру. 2. С?йінбай Арон?лыны? ?міріне шолу. 3. "Жа?сы мен адамны? ?асиеттері" ?ле?ін талдау. 1. О?ытушыны? кіріспе с?зі. ХV?асырда ?аза? ханды?ы ??рылып, ?з алдына жеке ша?ыра? ??р?аннан кейін оны? б?гінгісі мен ерте?іне, ?ткен уа?ытына ба?а берушісі, болжаушысы сахара даналары - а?ын-жырауларды? ?лесіне тиді. Ел билеушілеріні? т??ірегінде ж?ріп, о?ан бір жа?ы а?ылшысы болса, бір жа?ынан замана сыншысы да болды. Сахара т?сінде болып жат?ан ?илы о?и?алар?а танымды? т?р?ыда ба?а беріп, оны? о?ы мен солына тере? талдау жасады. Адам бойында?ы жаман мен жа?сы, ?ділдік пен арамды?, екіж?зділік сия?ты ?асиеттер туралы а?ын-жыраулар ?з ойларын айт?ан. Оларды? айт?ан ойы ?згелерден шо?ты?ы биік екені даусыз. (О?ушыларды? назарын та?та?а аудару, м?нерлеп о?у). Асан ?ай?ы А?айынны? ішінде Бір жа?сысы бар болса, ?аумала?ан к?п жаман Сол жа?сыны к?ре алмас. Жамандарды? басына ?иын-?ыстау іс т?ссе, ?ос ар?ыма? ?ол?а алып, Сол жа?сыны к?нінде К?н-т?н ?атып іздесе таба алмас. Шалкиіз жырау Жа?сыны? жа?сылы?ы сол болар, Жаманменен бас ?осып, С?йлемеске ант етер. Жаманны? жаманды?ы сол болар, С?йлесе д?йім бетін ?ара етер. Бір жа?сы?а басы? ?осып с?з айтса?, Сол жа?сы жаманлы?ы? жа?сылы??а жыр етер. Бір жаман?а басы? ?осып с?з айтса?, Сол жаман сырын са?ламай, ?рдайым д?шпаны?а ?р ісі?ді ?ор етер. А?тамберді жырау Білімді ту?ан жа?сы?а Залал ?ылмас мы? ?ар?а. Жаман ту?ан жігітке Рахатты к?н бар ма? ?з мінін білген жігітті? Т?лімінде мін бар ма? С?йінбай Жа?сы адам алысты жа?ын етер, Беттескен екі тауды? т?р?ысындай. Жамандар ?сек-ая? айтып ж?рер, Ешкімні? білмесе де ?ылмысын-ай. Жаманны? кеудесі ?лкен, с?зі кесек, А?ылы ауыс?ан адамны? жындысындай. Екеуін салыстырып ?дейі айттым, ?ажетін ?олданарсы? т?рмысына-ай. а) А?ын-жыраулар шы?армаларында не туралы жазыл?ан? Асан (ХV?.), А?тамберді жырау (1675-1768), Шалкиіз жырау (1465-1560), С?йінбай а?ын (1815-1898) ХV-ХІХ ?асыр аралы?ында ?мір с?рген а?ын-жыраулар. Олар ?р т?рлі кезе?де ?мір с?рсе де, оларды то?ыстырып отыр?ан -шы?армалары. Ар?алы жыраулар шы?армалары?да жа?сы мен жаман проблемасы к?рініс тап?ан. А?ын-жыраулар жаман, не жа?сыны жырлауда екі ?асиетті? ?алай пайда болатынын айтпайды- Жырауларды? ма?саты жаман мен жа?сы ?асиетті? ара жігін ашып к?рсету, жас ?рпа?ты жаманды?тан бойын аула? ?стау?а ша?ыру болса керек. Жа?сы мен жаман - адам бойында?ы ?арама-?айшылы? ?асиеттер. Адам таби?атында?ы осы ?асиеттерді ашуда С?йінбай Арон?лы да ?ле? жаз?ан. Б?гін біз оны? ?міріне то?таламыз, ?ле?імен танысамыз. 2. С?йінбай Арон?лы 1815 жылы ?азіргі Алматы облысы Жамбыл ауданында?ы ?ара?ыста? деген жерде д?ниеге келген. Ол он т?рт-он бес жасынан бастап а?ынды? ?нерін машы? ете баста?ан. Ал?аш?ы бетте ел аузынан естіген а?ыз-ертегілерді, ?исса-жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып ж?рген. Кейінірек ?зіні? замандас а?ындары ішінен озы? ойы, еткір тілімен ?аза? пен ?ыр?ыз елдеріне аты тарап, ?йгілі бол?ан. С?йінбай - е? алдымен айтысты? ас?ан шебері, ешкімге ж?лде бермеген ерен а?ын. Сонымен бірге ол халы? м??ын м?ндап, ?стем тап ?кілдеріні? ?ділетсіздігін бетіне басып ?шкерелеп отыр?ан батыл да ?діл сыншы. Сонды?тан да М?хтар ?уезов С?йінбай?а ба?а бергенде оны "Он то?ызыншы ?асырда?ы Жетісу а?ындарыны? алтын ді?гегі" деп ата?ан. С?йінбайды? ?лендері 1935 жылы Ілияс Жанс?гіровті? ?зірлеуімен ал?аш жина? болып басылды. 1975 жылы"А?иы?" жина?ы шы?ты. А?ын ?мір с?рген кезе? XIX ?. ?аза?ты? жері Ресей империясыны? ??рамына еніп, ел бас?ару билігін патша ?кіметі ?з ?олына ал?ан, ?аза? ханды?тарыны? жойыл?ан кезі еді. 3. "Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері" ?ле?ін м??алім м?нерлеп о?иды. О?ушылар?а о?ыту. а) ?ле?ні? та?ырыбы, идеясы талданады. ?) О?улы?пен ж?мыс (?р о?ушы ?ле?ді о?ып, д?птерлеріне м?тіннен жа?сы ж?не жаман ?асиеттерді теріп жазады). Венн диаграммасы б) Та?тамен ж?мыс. ?ле?ні? бір шума?ы жазыл?ан. Бір о?ушы ?ле? ??рылысына талдайды. Жа?сы жігіт ел-ж?ртыны? ?аласындай, а 12 Жа?сы ?йел ?мме ж?ртты? анасындай. а 12 Жа?сы?а ешкімні? де жатты?ы жо?, ? 11 К?реді б?рін де ?з баласындай. а 11 Б?л шума? 4 тарма?ты, 3 буна?ты, 11-12 буынды, ?ара ?ле? ?й?асына ??рыл?ан. Біры??ай дауыссыз дыбысты? ?айталануы, аллитерация бар. Те?еу: ел-ж?ртыны? ?аласындай, ?мме ж?ртты? анасындай. О?ушылар ?ал?ан шума?тарды ?здері талдайды (тексеріледі). IV. Жа?а саба?ты ?орыту. 1. С?йінбай Арон?лы кім? ?ай жылы, ?ай жерде д?ниеге келген? 2. Жа?сы ?асиеттер деп адам бойында?ы ?андай ?асиеттерді айтар едіндер? 3. Жаман ?асиеттер деп адам бойында?ы ?андай ?асиеттерді айтар едіндер? 4. ?ле?ні? идеясы не? А?ын ?ле? ар?ылы, жа?сы мен жаманды салыстыру ар?ылы ?а?цай ой т?йіндейді? V. Ба?алау. VI. ?йге: ?ле?ді жаттау; "Жа?сы адамда ?андай ?асиеттер болу керек?" деген та?ырыпта ойтол?ау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері" ?дебиеттік о?удан саба? жоспары»

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

(VIII сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларды құрмалас сөйлеммен таныстыра отырып, оның құрылысы мен құрылымының ерекшелігін ұғындыру; тәрбиелік - оқушылар бойына адамгершілік, достық сезімдерін ұялату; дамытушылығы - ой-өрісін, таным деңгейін кеңейте отырып, еріктілік, өз күшіне сенуін қалыптастыру, өткен тақырып пен жаңа тақырыпты өздігінен іздене отырып байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, сын түрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы, мысал жазылған плакат, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

* Оқушылармен амандасу.

* Кезекшімен сұхбаттасу.

* Сабаққа әзірлік, сыныпты үш топқа бөлу.

* Сабақ жоспарымен таныстыру.

II. Үй жұмысын тексеру.

"Бізге мәлім деректер" бойынша 3 топқа сұрақтар беру.

I топқа: Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?

Жақты және жақсыз сөйлемнің айырмашылығы неде?

II топқа: Жалаң және жайылма сөйлемнің айырмашылығы неден көрінеді?

III топқа: Атаулы сөйлем дегеніміз не?

Қазан айы. Тунерген кеш. Баяу ескен қоңыр жел. Бұл қандай сөйлем?

III. Жаңа сабақ.

"Мұны білген жөн"

* Диагностика сәті.

- Құрмалас сөйлем жайында не білеміз? /Оқушылар "миға шабуыл" әдісі арқылы білетіндерін ортаға салады./

* "Ізденіс тенденциясы" сәті.

Берілген сөйлемдерді "миға шабуыл" әдісі арқылы кеңейтіп түсіндіру үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді.

1. Шіміркентіп ашуландырмайды, көңіл жайлауына қонып тербетеді.

2. Әрі тайымнан айырылып, әрі бөдіктен қалғаныма ыза болып, жасымды тыя алмай үйге бардым.

3. Жас бір қыз, үстінде жұқа ақ көйлек, өрілмеген қою қара шашы екіге айырылып, кеудесіне түскен.

* "Тұсау кесер" сәті.

Әрбір топ өздеріне сөйлемдерді түсіндіріп, мәліметін қорғайды. Осыдан кейін барып жаңа сабақ түсіндіріледі.

- Дұрыс, балалар, құрмалас сөйлем екі не одан да көп сөзден тұратынын, сөйтіп күрделі ойды білдіретінін сендер білесіндер. Білімімізді толықтыру мақсатында қазір мен сендерге әлі де жеткіліксіз жайдан ақпарат беремін. Ол үшін мына Венн диаграммасына назар аударайық.

Мысалы: Зұлқия келген жұмысын баяндап отпыр. Оның алдында бірнеше хаттар жатыр. Басқарма мәжілісінен шығып, Мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем деп атайды.

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады.

Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп, бір-біріне тәуелді болмай, тең дәрежеде байланысады.

Мысалы: Қоңырау соғылды, сабақ басталды.

Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ.

Сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сейлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болып келіп, бірі екіншісіне бағына, сабақтаса байланысады.

Мысалы: Біреу қағаз жазып, біреу іс тігіп отырса, біреу темір соғып, біреу машина жүргізіп тұр.

Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын жона алмайды.

Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлем салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас болып үшке бөлінеді.

Мысалы: Қарт әкенің қайсысын естіп, асыл перзентін жоқтаған ащы зарын тыңдағанда, біздің төбе құйқамыз шымырлады, көзімізден жас парлады.

"Жеңілден күрделіге қарай" (Меңгерту жаттығулары)

I деңгей. "Жас лингвистер" 93-жаттығу.

1. Оқып шығып, мәтіңці құрайтын сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.

2. Тұрлаулы мүшелерін тауып, құрамына қарай талдаңдар.

3. Даналық сөздердің мағынасынан не түйгендерінді топ ішінде анықтаңдар.

II деңгей. "Талдау - табыс кілті"

Берілген сөйлемге морфологиялық талдау, бір сөзге фонологиялық, математикалық тәсілмен мінездеме бер. Шөпті қалың жайып, атам арбаға жайғасты.

III деңгей. "Ойлан!"

1. Берілген жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыр. Айжан ән салды. Мен қалаға бардым. Қыстың ызгары әлі қайтқан жоқ.

2. Психологиялық жаттығу. Мазмұны жағынан байланысы жоқ берілген сөздерді қатыстырып, қызықты әңгіме ытырып көріндер. Мәтінде құрмаластың қандай түрін қолдандың?

Доп, үстел, от, сақал, су, шал, алма, кілем, күлкі, акқала.

(Мысал үшін мен бір мәтіннің үлгісін көрсетемін. Берілген сөздер: маса, қылыш, мысық, сабан, шалбар, дақ, аю, алаша, сарай, күйсандық.)

Бірінші сөз - маса. Мен оның қылыш суйретіп бара жатқанын көремін. Қылыш - бул екінші сөз. Келесі сөз -мысық. Қылышқа қараймын, сабы мысықтың басы бейнелес, мысықтың мұрты сабан іспеттес. Сабаннан шалбар тоқыдым, шалбарға дақ жұқты. Даққа қараймын - аюға ұқсайтын сияқты. Аю алашаның үстіне отырды. Ол шиені ұнататын сияқты, шие сүйегінен өзіме сарай жасадым. Сарайдың ішінде күйсандық көремін.)

IV деңгей. "Өзіндік ізденіс - білім негізі"

Әдебиеттен өгілген М.Әуезовтың "Қараш-Қараш оқиғасын" еске түсіріп, жаза отырып, құрмалас сөйлемді жене оның түрлерін анықтау.

IV. "Қайталау - оқу анасы" /Сабақты қорыту/

Құрмалас сөйлемнің құрамы неше сөзден түрады? Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ұқсастығы. Қандай ойды білдіреді?

Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Құрмалас сөйлем түрлері.

V. Үйге тапсырма. 95-жаттығу.

Көркем әдебиеттен құрмалас сөйлемнің түрлеріне мысал жазып келу.

VI. Бағалау.

Оқушылар өзін-өзі бағалау, топтық бағалау парағымен бағаланады.





МАҚСАТ ПЫСЫҚТАУЫШ

Қазақ тілін оқыту әдісін заман талабына сай, өмір мұқтаждығына тың зерттеулермен толықтыра отырып, жаңаша әдіс-тәсілдермен оқыту әр мұғалімнің парызы деп білемін.

Осы орайда 8-сынып қазақ тілі оқулығы бойынша мақсат пысықтауышты оқытудағы тәжірибемді бөлісуді жөн көрдім.

Сабақтың мақсаты: білімділік - мезгіл пысықтауыш туралы түсінік беру, жасалу жолын, синтаксистік қызметін меңгерту; дамытушылығы - топта жұмыс істей білуге, өз ойларын еркін айтуға, оқушының тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілетін арттыру; тәрбиелік - өз ойын дұрыс айт білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: 1) семантикалық карта, 2) кесінділер, 3) кеспе қағаздар, 4) суреттер, 5) тест материалдары, 6) схема, 7) үлестірмелі кеспелер т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет.

Сабақтың тиімділігі: 1) өз ойын дұрыс айта білуге, өзіндік жұмыстарға баулиды; 2) баяндама жасауға дағдыландырады; 3) ең негізгі мәселелерді сұрыптауға, жинақы, тұжырымды сөйлеуге, қосымша материалдарды іріктеуге, тест материалдарымен жұмыс істей алуға үйретеді.

Сабақтың барысы.

I. Оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау.

Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру. "Қайталау - білім анасы" (қайталау сұрақтары).

Жаңа сабаққа қатысты болғандықтан пысықтауышты "Жұлдызды сәт" ойыны бойынша қайталау.

Тақырыпқа қатысты жазылған шағын шығармаларын ауызша тексеру. 1) Пысықтауыш дегеніміз не?

2)Пысықтауыштың анықтауышқа ұқсастығы және одан айырмашылығы қандай?

3) Пысықтауыштың түрлері қалай жасалады?

4) Пысықтауыш құрамына қарай қалай бөлінеді?

5) Пысықтауыштың жасалу жолдарын атаңыздар.

6) Пысықтауыштар мағынасы мен жасалу жолдарына қарай неше түрге бөлінеді?

7) Ұшақ астанадан ұшып шықты. Ол Алматыға ұшып келді. Зылиқа жасында ажарлы еді. Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады.

Берілген сөйлемдердегі пысықтауыштың жасалу жолы қандай?

8) Есім сөздерден жасалған пысықтауышқа мысал келтір.

9) Барыс, жатыс сешіктерінен жасалған пысықтауышқа мысал келтір.

III. Жаңа сабақ. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу).

Мақсат пысықтауыш қандай сөйлем мүшесі екенін оқуға 3 минут уақыт беремін. Пысықтауыштың мағыналық топтары туралы сұраймын.

Мына төменде берілген мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті сөзін қою арқылы, ол сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін оқушылардан сұрау арқылы ережесін шығарамын.

сауда жасау үшін ағасы

үшін

Баймен қалаға...............(не үшін?) кетті. Фатима..............

(кім үшін?) келді.

Сонымен берілген мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті сөзін қою арқылы оқушылардан не түсінгендері сұралды, ереже шығарылды.

Оқушылар: - Іс-әрекеттің мақсатын білдіретін сөздерді мақсат пысықтауыш дейміз.

- Мақсат пысықтауыш кім үшін, не үшін деген сұраққа жауап береді.

Мысалы: Ол оқу үшін (не үшін?) қалаға келді.

Біз әдейі (не мақсатпен) жарыстық.

IV. Құрастыр (жаңа сабаққа сөйлем ойлау).

Бекіту мақсатында құрамында мақсат пысықтауышы бар 4-6 сөйлем ойлату.

V. Іске асыр (жаттығулар жұмысы).

Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында 4 топқа төрт түрлі деңгейлік тапсырма бердім.

1-топ. 1-деңгейлік тапсырма. Төмендегі үстеулерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Жаздыгүні, таңертең, ендігәрі, шдекімше, әрең-әрең, ауызба-ауыз, алды-алдына, бірте-бірте, жол-жөнекей, біртін-біртін т.б.

Берілген мәтіннен мақсат пысықтауышты теріп жазыңыздар. ("Бейбарыс сұлтан батыр" атты мәтін, 58-бет).

2-топ. 2-деңгейлік тапсырма. Төменде берілген мәтіннен мезгіл жене мақсат пысықтауыштың түрлерін екі бағанға ажыратып жазыңыздар, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер, сұрақтардың дұрыс жауабын айтыңдар (Оқулықтың 57-бетіндегі 4-тапсырманы талапқа сай орындау).

Барыс, жатыс, шығыс септіктердегі сөздер. Бүгін мал біткен аулағыраққа өрістеген. Балапандардың даусы таяудан естіледі.

Есім сөздер. Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті. Ол екі сөйлемейтін. Олар отан үшін қаза тапты.

Еліктеу сөздер. Бұл сөзіме Шәймерден кеңк-кеңк күлді. Олар тасыр-тұсыр жүгірді.

Көсемше. Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады. Қыз енді айқайлап сөйледі.

3-топ. 3-деңгейлік тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден мезгіл, мақсат пысықтауыштарын ажыратыңыздар. Олардың қандай лексика-грамматикалық дара сөздер мен сөз тіркестерінен құралғанын, қандай айырым (іс-әрекеттің не сапа болмыстың басталу кезеңін, қазір болу кезеңін, өткенде болу кезеңін, алда болу кезеңін білдіретін) мағыналарда жұмсалып тұрғанын түсіндіріңіздер, олардың қай сөздерге қатысты екенін айтыңыздар.

1. Қою шаң мен көк түтіннен күн беті қара күңеріп тұр. Жер беті тастай болып қатып қалған, күрек батар емес, окоп қазып ала қою қиын. Көз ұшында қаптаған бронениктер жер бетін жайлап жылжып келеді (Қ.Ж.). Бүгін дем алған тек Айтжан ғана (Ғ.М.).

Артынан Назым келді. Кел, жастар, алға ұмтыл.

4-топқа. 4-деңгейлік тапсырма. Берілген тақырыптарға шағын әңгіме жазу, не өлең шумақтарын құрау (ішінде мақсат, мезгіл пысықтауыштары болуы шарт).

Жазылған шағын шығармадан мақсат, мезгіл, мекен пысықтауыштарын ажыратыңыздар (ауызша).

Сергіту сәті "Кім тапқыр?" ойыны. Мақалдың жалғасын табу.

VI. Нәтиже (тест жұмысы).

VII. Өзіңді бағала.

Тақтаға тестінің жауабын ілемін. Сол бойынша бағаларын шығарамыз.

VIII. Үйге тапсырма.

1. 58-беттегі 3-тапсырма. Өлеңді жаттап алып, анықтауыш пен пысықтауыштарды табыңыздар.

2. Мақал-мәтелдерден құрамында мезгіл, мақсат пысықтауыштары бар 10 мысал қарастырып келу.






САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Сабақтың мақсаты: білімділік - сабақтас құрмалас сейлемнің мағынасын, жасалу жолын, құрамын, интонациясын және тыныс белгілерін түсіндіру, салалас сөйлеммен салыстыра оқыту, теориялық білімдерін практикалық дағдыларымен ұштастыру; дамытушылығы -оқушылардың өздігінен ойлау, бақылау, тұжырым жасай алу қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру; тәрбиелік - шығармашылықпен еңбек етуге, сөйлеу мәдениетіне, мамандықтарына деген сүйіспеншілікке төрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, салыстыру, топтастыру, өзіндік ізденіс, талдау.

Көрнекі құрал: слайд, үлестірме карточка, оқулық, сызба.

Техникалық құрал: проектор.

Сабактың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың көңіл-күйін, сабаққа ынталарын туғызу, амандасу, түгендеу.

I. "Ой козғау" стратегиясы. Жаңа сабақпен байланыс.

Бағдарлаушы сұрақтар

Құрмалас сөйлем туралы не білеміз?

Оқушылардың өткен сабақ материалдарынан не білетіндіктерін "топтастыру" стратетаясы бойынша ой қорытындысын жасауға бағыттау.

Жаңа сабақ.

"Өзіндік ізденіс" жұмыстары. Оқушыларға төмендегі сөйлемдері оқыта отырып, әрқайсысының компоненттерін тапқызып, баяндауыштарының жасалу жолдарына көңіл аударамын. "Тиянақты", "тиянақсыз" баяндауыш дегеннің мәнін ауызша түсіндіремін.

Сөйлемдер

1. Игілік аттарын тоқтаттырып қойып, екеуін де шақырды.

2. Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды біреуге міндет етпе.

3. Жабай жақындап келгенде, Назыкештің көзі оны бір шолып өтті.

4. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

5. Осы іске етене араласпагандықтан, келген жұртқа дәлелді ештеңе айта алмады.

6. Балалар ертеңгі тамағын ішіп болган кезде, қонақтар біртіндеп төсектен тұра бастады.

Сабақтастың сұраққа жауап беретін және баяндауышы тиянақсыз, интонация, мағына жағынан екінші компонентке ұласқалы тұрған компонентін бағыныңқы деп, ал сұрау берілетін және баяндаушы тиянақты, бағыныңқыдағы интонацияны, мағынаны аяқтап тұратын компонеті басыңқы деп аталады.

Сабақтастың бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі істің, оқиғаның қалай, қашан, не үшін, неліктен болып жатқандығын, болуға тиістілігін, болғанын білдіреді. Осыған байланысты сабақтас шартты, қарсылықты, себеп-салдар, қимыл-сын, мезгіл, мақсат бағыңқы болып алтыға бөлінеді.

Сабақтастың компоненттерінің арасына негізінен үтір қойылады.

Сабақтастың компоненттері өзара мағына, қосымша, шылау, интонация арқылы байланысады.

Сабақтастың бағыныңқыларының баяндауыштары жіктелген және жіктелмеген көсемше, шартты райлы етістік, септеулік шылау тіркескен есімше, де көмекші етістігі мен тұйық райлы етістіктер болып келеді.

Сабақтас құрмаластың құрамында екі немесе одан да көп сөйлем болады да, ол күрделі, тұтас бір ойды білдіреді.

(Слайд арқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сызбасы көрсетілді).

Практикалық жұмыстар. Теориялық білімдерін есте сақтау, практикалық дағдыға айналдыру мақсатында жоғарыдағы берілген сөйлемдерге толық лингвистикалық талдау жасатамын.

Шығармашылық жұмыстар. Мақал-мәтелдерден, өздеріне таныс әдеби шығармалардан сөйлемдер ойлатып, сатылай кешенді талдау жасатамын.

"Венн диаграммасы" бойынша салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемдердің өзіндік ұқсастығы мен айырмашылығы жөнінде өздеріне тапқызамын.

Жаңа сабақты бекіту.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер туралы нені оқып, нені үйрендік?

Жасалу жолдары.

Түрлері.

Тыныс белгілері.

Теориялық білімді тәжірибеде пайдалану.

Мәтіннен таба білу.

Салалас сөйлеммен ұқсастыіы, айырмашылығы.

Сабақты қорыту.

Оқушылардың ауызша, жазбаша жауаптарына үлестірме карточкалар арқылы талдау жасау.

Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма беру.

М.Әуезовтың "Абай жолы" романынан он сабақтас құрмалас сөйлем теріп жазып, лингвистикалық талдау жасап келу.












САН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

(VI сынып)

Сабақтың мақсаты: оқушыларды сан есімнің сөйлемдегі қызметімен толық таныстыру, түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу барысында сабақты жете меңгерту.

Білімділік: түрлі ойын, талдау, жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың білімділік, тапқырлық, іздемпазды қасиеттерін қалыптастыру, ынтасы мен ой-өрісін дамыту, тіл ерекшелігін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды ата дәстүрін аялай білуге, халық өсиеттері мен даналық сөздерінен нәр алуға, ана тілін аялай білуге баулу. Дамытушылық: оқушылардың сан есім туралы ой-түсінігін және ойлау қабілеті мен тіл ерекшелігін дамыта түсу.

Сабақтың түрі: бәйге сабағы (білім сайысы).

Сабақтың көрнекілігі: қоржын, үлестірмелі кеспелер, плакаттар, бағалау белгілері.

Қосымша материалдар: 1) газет-журналдар; 2) Е.Сағындықов "Қазақтың ұлттық ойындары".

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен жылы амандасып, сынып тазалығын ескеріп, оқушылар зейінің сабақтың мазмұнына бағыттауға көңіл бөлемін.

Үй тапсырмасын сұрау.

Сан есімнің түрленуіне пысықтау сұрақтар

Сан есімнің білдіретін ұғымы не?

(Сан есімдер сандық ұғымды білдіреді).

Олардың атқаратын қызметі қандай?

Олар екі түрлі қызмет атқарады.

1/ Сандық ұғымды білдіріп, қанша, неше деген сұрақтарға жауап береді.

2/ Санның атауы болып қызмет етеді.

Өз бетімен жұмысын тексеру.

Құрамында сан есімі бар жұмбақ, мақал-мәтел жазып келу. (Әр қатардан 2-3 оқушыдан ауызша сұрау).

Бекіту: сұрақ-жауап әдісімен үй тапсырмасы бекітіледі.

Жаңа сабақ. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сөйлем мүшелерін анықтау. Олар: 1) бастауыш, 2) баяндауыш, 3) анықтауыш, 4) толықтауыш, 5) пысықтауыш.

Мысалы: 1. Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ. (оң қол, сол қол)

2. Атадан алтау, анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай).

3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

4. Біз екі-екіден бөліндік.

5. Білекті бірді жығар,

Білімді мынды жығар. (мақал) Оқушыларды топқа бөлу (3 қатарды 3 топқа бөлу).

Үлестірмелі кеспемен жұмыс.

1-кеспе Жігітке жетпіс өнер де аз. (талдау)

2-кеспе

Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. (сан есімді табу)

3-кеспе

Ұл он беске келгенше, Қолға ұстаған қобызың. Ұл он бестен асқан соң, Тіл алмаса доңызың... (Үмбетей жырау) Оқытудың белсенді формалары.

"Қарлы кесек" оқыта үйрету ойыны бойынша әр қатардан 3-4 оқушы алға шығып орналасады.

Үстелге орналасқан оқушылардың сілтеме көрсеткіштері бойынша бағасы түсіп отырады. Басқа оқушылар оқулықтағы 94-жаттығуды орындайды.

1. Қос қазық, екіжелі, сегіз ноқта, Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра)

2. Көлемді, үлкен алып аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып.

Әр бірінде отыздан бармағы бар,

Құтылмас ешбір адам мұнан қашып. (жыл он екі ай)

3. Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,

Екеуі бірге жүрмесе жоқ қой бізге керегі. (қайшы)

"Білім мен дәстүр" сыны ойыны.

1. Жеті атаңды ата. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене).

Жеті атасын білмеген

Жетімдіктің белгісі.

2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата. (жеті, тоғыз...)

3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

4. Үш мақсатты ата. Сауда мақсаты - ұту,

Жол мақсаты - жету, Дау мақсаты - біту.

5. Әдебиеттегі бес арысты ата. (Ахмет, Жүсіпбек, Шөкөрім, Міржақып, Мағжан)

6. Үш бәйтеректі ата. (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)

"Кім тапқыр" ойыны.

Мақал-мәтел айту.

1-1000

1/ Батыр бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі.

1-1000

2/ Білекті бірді жығар, Білімді мынды жығар.

4-2

3/ Төрт аяқтыда бота тату, Екі аяқтыда бөле тату.

Оқушылардың жауаптары сілтеме көрсеткіштер арқылы қортындыланып, "Ең жақсы ойыншы" атағы беріліп, Жеңімпаздар анықталады, яғни ең көп ұпай жинаған оқушылар алға шығады, бағаланады.

Отырған басқа оқушылардың жаттығулары тексеріледі.

Сұрақ-жауап, тест әдісімен жаңа сабақ бекітіледі.

Үйге: 1) көркем әдебиеттен сан есімге байланысты екі-үш сөйлем жазып келу; 3) синтаксистік талдау жасау.

Бағалау. Тақтадағы плакатқа жазылған белгілері бойынша бағаланады.

























КӨСЕМШЕНІҢ ТҮРЛЕНУІ

(VII сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік - көсемшенің етістіктің ерекше түрі екенін меңгерту; дамытушылығы - көсемшенің түрлену кезінде әр түрлі өзгеріске түсе алатындьиъш білдіру; тәрбиелік - адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық, түсіндірмелі.

Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Есімше дегеніміз не?

ә) Есімше қалай түрленеді?

б) Сөйлем ішінде есімше қандай қызмет атқарады? Жаттығуды тексеру, мақал-мәтелді айтқызу.

Жаңа сабақ.

а) Тақтадағы сөзжұмбақты шешкізу арқылы жаңа тақырыптың атын тапқызу.

Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, ерекше тор көзден "Көсемше" деген сөз шығады, яғни жаңа сабағымыз -"Көсемшенің түрленуі".

ә) Электрондық оқулықтан жаңа сабақты тыңдату.

Көсемше дегеніміз - есімше сияқты екі түрлі мәнде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі.

Көсемшенің жұрнақтары

1) -а, -е, -й: айта, бере

2) -ып, -іп, -п: айтып, беріп

3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі: айтқалы, бергелі. Көсемше жіктеледі.

I жақ. Мен жаза-мын. Біз жаза-мыз.

II жақ. Сен жаза-сың. Сендер жаза-сыңдар.

III жақ. Олжаза-ды. Оларжаза-ды.

III жақта көсемшеге -ды, -ді, -ты, -ті жіктік жалғауы жалғанады.

б) Интерактивтік тақтадан жаңа сабаққа байланысты тапсырмаларды ауызша орындау. (Көп нүктенің орнына көсемшенің жұрнағын қойыңдар).

в) Оқулықпен, тақтамен жұмыс.

197-жаттығуды орындау, 198-жаттығу (жазбаша, ауызша).

г) Тапқырлар жарысы.

Интерактивті тақта арқылы берілген өлең жолдарының авторы мен атын табу. Көп нүктенің орнына етістік қою керек.

ғ) Екі қатарға тапсырма. I қатар "Венн диаграммасы"

Есімше Көсемше

II қатар. Ойтолғау "Мен көсемше туралы не түсіндім?"

д) Бекіту. Ойын-сұрақ. "Не үшін?"

- Екі көзің не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін.

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін.

- Құлақ деген не үшін керек?

- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

- Тіл мен жақ не үшін керек?

- Ақиқатты айту үшін.

- Ал аяғың?

- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

- Ал көсемше не үшін қажет?..

- Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына көсемшенің де үлесі зор.

е) Қорыту.

- Біз бүгін не үйрендік, білім қорымызға қандай мәліметтер қостық?

- Көсемшемен таныстық.

- Көсемшенің жасалу жолдарымен.

- 3 шақта айтылуымен.

Үйге тапсырма. 200-жаттығу жазбаша. 201-жаттығу ауызша. Мақал-мәтелдер.

Бағалау.

























СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ.

"ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАН

АДАМНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ"

(6-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік - ақынның өмірі туралы мағлұмат беру, тақырыпқа байланысты жыраулар шығармаларынан алынған үзінділерді салыстыра отырып талдай білу дағдыларын жетілдіру; дамытушылық - өлеңді мәнерлеп оқу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; тәрбиелік - өлеңді негізге ала отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру, жаман қасиеттерден жирендіру, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, өмірге қажетін тандай білуге бағыттау.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақта колданылатын әдіс-тәсілдер: қысқаша баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, мөнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақта қолданылатын көрнекілік және қосымша әдебиет:

1) оқулық, тақта; 2) "Бес ғасыр жырлайды" 1, 2-том; 3) Х.Сүйіншәлиев "XV-XVIII ғасыр әдебиеті".

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру.

II. Өткен сабақты сұрау, үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, жоспары жазылып тұрады.

1. ХV-ХІХ ғасырдағы ақын-жырауларға тоқталу, өлеңдерін салыстыру.

2. Сүйінбай Аронұлының өміріне шолу.

3. "Жақсы мен адамның қасиеттері" өлеңін талдау.

1. Оқытушының кіріспе сөзі. ХVғасырда қазақ хандығы құрылып, өз алдына жеке шаңырақ құрғаннан кейін оның бүгінгісі мен ертеңіне, өткен уақытына баға берушісі, болжаушысы сахара даналары - ақын-жыраулардың үлесіне тиді. Ел билеушілерінің төңірегінде жүріп, оған бір жағы ақылшысы болса, бір жағынан замана сыншысы да болды. Сахара төсінде болып жатқан қилы оқиғаларға танымдық тұрғыда баға беріп, оның оңы мен солына терең талдау жасады. Адам бойындағы жаман мен жақсы, әділдік пен арамдық, екіжүзділік сияқты қасиеттер туралы ақын-жыраулар өз ойларын айтқан. Олардың айтқан ойы өзгелерден шоқтығы биік екені даусыз.

(Оқушылардың назарын тақтаға аудару, мәнерлеп оқу).

Асан қайғы

Ағайынның ішінде

Бір жақсысы бар болса,

Қаумалаған көп жаман

Сол жақсыны көре алмас.

Жамандардың басына

Қиын-қыстау іс түссе,

Қос арғымақ қолға алып,

Сол жақсыны күнінде

Күн-түн қатып іздесе таба алмас.

Шалкиіз жырау

Жақсының жақсылығы сол болар,

Жаманменен бас қосып,

Сөйлемеске ант етер.

Жаманның жамандығы сол болар,

Сөйлесе дәйім бетін қара етер.

Бір жақсыға басың қосып сөз айтсаң,

Сол жақсы жаманлығың жақсылыққа жыр етер.

Бір жаманға басың қосып сөз айтсаң,

Сол жаман сырын сақламай,

Әрдайым дұшпаныңа әр ісіңді қор етер.

Ақтамберді жырау

Білімді туған жақсыға

Залал қылмас мың қарға.

Жаман туған жігітке

Рахатты күн бар ма?

Өз мінін білген жігіттің

Тәлімінде мін бар ма?

Сүйінбай

Жақсы адам алысты жақын етер,

Беттескен екі таудың тұрғысындай.

Жамандар өсек-аяң айтып жүрер,

Ешкімнің білмесе де қылмысын-ай.

Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,

Ақылы ауысқан адамның жындысындай.

Екеуін салыстырып әдейі айттым,

Қажетін қолданарсың тұрмысына-ай.

а) Ақын-жыраулар шығармаларында не туралы жазылған?

Асан (ХVғ.), Ақтамберді жырау (1675-1768), Шалкиіз жырау (1465-1560), Сүйінбай ақын (1815-1898) ХV-ХІХ ғасыр аралығында өмір сүрген ақын-жыраулар. Олар әр түрлі кезеңде өмір сүрсе де, оларды тоғыстырып отырған -шығармалары. Арқалы жыраулар шығармаларыңда жақсы мен жаман проблемасы көрініс тапқан. Ақын-жыраулар жаман, не жақсыны жырлауда екі қасиеттің қалай пайда болатынын айтпайды- Жыраулардың мақсаты жаман мен жақсы қасиеттің ара жігін ашып көрсету, жас ұрпақты жамандықтан бойын аулақ ұстауға шақыру болса керек. Жақсы мен жаман - адам бойындағы қарама-қайшылық қасиеттер. Адам табиғатындағы осы қасиеттерді ашуда Сүйінбай Аронұлы да өлең жазған. Бүгін біз оның өміріне тоқталамыз, өлеңімен танысамыз.

2. Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарақыстақ деген жерде дүниеге келген. Ол он төрт-он бес жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған. Алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген. Кейінірек өзінің замандас ақындары ішінен озық ойы, еткір тілімен қазақ пен қырғыз елдеріне аты тарап, әйгілі болған.

Сүйінбай - ең алдымен айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын. Сонымен бірге ол халық мұңын мүндап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы. Сондықтан да Мүхтар Әуезов Сүйінбайға баға бергенде оны "Он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі" деп атаған. Сүйінбайдың өлендері 1935 жылы Ілияс Жансүгіровтің әзірлеуімен алғаш жинақ болып басылды. 1975 жылы"Ақиық" жинағы шықты.

Ақын өмір сүрген кезең XIX ғ. қазақтың жері Ресей империясының құрамына еніп, ел басқару билігін патша үкіметі өз қолына алған, қазақ хандықтарының жойылған кезі еді.

3. "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды.

Оқушыларға оқыту.

а) Өлеңнің тақырыбы, идеясы талданады.

ә) Оқулықпен жұмыс (Әр оқушы өлеңді оқып, дәптерлеріне мәтіннен жақсы және жаман қасиеттерді теріп жазады).

Венн диаграммасы


б) Тақтамен жұмыс. Өлеңнің бір шумағы жазылған. Бір оқушы өлең құрылысына талдайды.

Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай, а 12

Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. а 12

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, ә 11

Көреді бәрін де өз баласындай. а 11

Бұл шумақ 4 тармақты, 3 бунақты, 11-12 буынды, қара өлең ұйқасына құрылған. Бірыңғай дауыссыз дыбыстың қайталануы, аллитерация бар. Теңеу: ел-жұртының қаласындай, әмме жұрттың анасындай.

Оқушылар қалған шумақтарды өздері талдайды (тексеріледі).

IV. Жаңа сабақты қорыту.

1. Сүйінбай Аронұлы кім? Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

2. Жақсы қасиеттер деп адам бойындағы қандай қасиеттерді айтар едіндер?

3. Жаман қасиеттер деп адам бойындағы қандай қасиеттерді айтар едіндер?

4. Өлеңнің идеясы не? Ақын өлең арқылы, жақсы мен жаманды салыстыру арқылы қаңцай ой түйіндейді?

V. Бағалау.

VI. Үйге: өлеңді жаттау; "Жақсы адамда қандай қасиеттер болу керек?" деген тақырыпта ойтолғау.




ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН КРЕДИТТІК ЖҮЙЕМЕН , ОҚЫТУ

Еліміздегі білім беру саласы білікті мамандарды даярлауда окытудың жаңа бір сатысына көтерілді. Ол - кредиттік оқыту жүйесі. Бұл жүйенің жақтаушылары да, қарсыластары да баршылық.Бұл - заман талабы. Алматы құрылыс колледжі 2 жылдан бері бұл оқыту жүйесін эксперименттен өткізуде. Аталмыш жүйені қолдану - халықаралық білім беру стандартына сай еңбек нарығына кәсіби мамандарды даярлау, әлемдік білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес ынтымақтаса жұмыс істеу. Түпкі мақсат - білім алушының өз бетінше ізденіп, өз мамандығы саласында ішкі мүмкіндігін ашу, ғылыми ізденістерге баулу. Міне осы талаптар негізінде құрылысшылар мен сәулетші дизайн мамандықтарында оқитын студенттерге "Қазақ әдебиеті" пәні кредиттік жүйемен оқыту талаптарына сай жасалған.

Бұл жүйемен оқыту әр пән оқытушысының үлкен дайындығын қажет етеді. Қолдағы бар барлық материалды әр тақырыпқа сай сұрыптап, әр тақырыптың барлық білім беру көлемін екшеп, ең негізгілерін студентке ұсына отырып, оны өз бетінше ізденуге жетелей отырып түпкі мақсатқа жету - кредиттік оқыту жүйесінің негізгі мақсаты. Ал қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мәселесінде бұл жүйе тың, әлі Hand-outs үлгісінде орта кәсіптік білім беру саласында басылған қосымша оқулық жоқтың қасы. Кредиттік жүйемен оқу - білім алушының өз бетінше ізденіп оқуға, сыни көзқарасын қалыптастыруға, қарым-қатынастың барлық түріне сай келетін коммуникативтік, зияткерлік қабілеттерін дамытуға, өз пікірін, өз бағытын ертерек қалыптастыруға жұмылдырады.

Бөлім

Жалпы білім беру бөлімі

Пәні

Қазақ әдебиеті

Кредит

2, І курс, ІІ семестр, 200.. оқу жылы

Сабақ

(2 с.)

Тақырып

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Өмірі мен шығармашылық жолы

Оқытушы

Мәншүк Тәжібаева


Сабақтың мазмұны. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының жолы үлкен (1858-1931). Әкесі Қүдайберді - Абайдың ағасы. Шәкәрімнің ерекше зеректігін аңғарған Абай өз қамқорлығына алады. Молда сабағынан басқа орысша үйренеді. Ақындық өнерін де таныта бастайды. Жиырмаға толғаннан кейінгі үш жылын Шәкәрім болыс болып, ел басқаруға арнаған. Бастапқы өлеңдерінен-ақ ол Абайдың тіл мәдениетін, ақындық үлгісін пайдаланады. Абай ағасынан кісілікке де, азаматтыққа да үйренеді. Дүниеге көзқарасы да Абай ықпалымен қалыптасады. 1905-1906 жылдары Шәкәрім ел, жер тану сапарымен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралауға шығады. Меккеде болады. Ыстамбул кітапханасында жұмыс істейді. Ой өрісі кеңейіп, өмір, қоғам, жан, тән жайында жаңаша байыптай бастайды. Қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар, адам тағдыры жайында сюжетті дастандар жазады. "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек" сияқты лирика-эпикалық дастандар ақынның алғашқы табысы саналады.

"Қазағым, қам ойлан!"

"Қазақтың жаманы болмас!" өлеңінде:

Жуаны қылады зорлық,

Момыны көргені қорлық,

Теп-тегіс қулық пен ұрлық,

Ал енді қайтіп ел болдық ? - деп ұлтқа тұтас сыни көзбен қарайды.

"Жуандар" өлеңінде ел билеген жуандардың өктемдігі, зорлығы, парақорлығы, "Қулар" өлеңінде ел билеген, қулардың жегіштігі суреттеледі. Ал "Партия адамдары" өлеңінде қазақтың алтыбақан ала ауыздығы, өтірік ант бергіштігі сынға алынады. "Өкіншпі өмір", "Бай мен қонақ", "Бай мен кедей" өлендерінде осы ойлары айтылған.

"Мен жетелеп өлемін өрге қарай қазақты"

"Жастарға" - Шәкәрімнің ағартушылық нысанасын жария еткен өлеңі. Тақырыбы - Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы. Ол өз ортасынан парасатты жан деп Абайды ғана таниды.

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық, - дейді. "Ашу мен ынсап", "Талап пен ақыл" елеңі де осымен мазмұндас. Ақынның ағартушылық идеясын дамыта түсетін бір өлеңі -"Насихат". "Сен ғылымға", "Адам немене" өлеңдері де осы мазмұндас. "Бостандық таңы атты" өлеңінде ақын болашақка үмітпен қарайды. Ал "Адамдық борышың" өлеңінде ақын жас адамға мынау өмірдің мақсаты мен мәнін, бағдарламасын жасап бергендей.

Адамдық борышың –

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, оны біл.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң -

Шын бақыт,

Осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!

Поэмалары

"Қалқаман - Мамыр" (1888), "Еңлік-Кебек" (1891) поэмаларының өзіндік орыны бар. Бұл поэмалар - жеке адамдар ғана емес, бүкіл халық басындағы трагедияны суреттеген реалистік шығармалар. Поэмаларындағы трагедиялық халді, шытырман оқиғаларды баяндау үстінде халық бейнесі арқылы қоғамдық психологияны бейнелеу, жеке адам басындағы ахуалды халық табиғатымен байланыстыру - Шәкәрімнің ақындық шеберлігінің бір сипаты.

Үлкен өнерпаз

Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау, өлең айту, сурет салу, ою-өрнек жасау, тасқа бедер салу сияқты өнер және қолөнер салу түрлерін үйренуге ден қойған. Оның әсем сазғатолы "Жастық", "Шын сырым", "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" т.б. әндері бар.


Бақылау сұрақтары

1. Шәкәрімнің өскен ортасы, ақындық тәрбие мектебі туралы не білесің?

2. Лирикалық туындыларында ел ішіндегі, өз ортасындағы кандай адамдарды сынады?

3. Ақынның насихат өлендерінің көтерген тақырыптары қандай?

4. Өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері туралы не білесің?

5. Шәкәрім Абай реализмін және оның сыншылдық сипатын дамытты дегенді қалай түсінесің?

6. "Еңбек-Кебек" поэмасының жазылу тарихы туралы не білесің?

7. "Еңлік-Кебек" поэмасының кейіпкерлері әрекетінен қандай салт-сана, әдет-ғұрып және қоғамдық-әлеуметтік өмір шындығы көрінеді?

Белсенділендірілген үлестірім кешені (Hand outs)

Сабақтың мақсаты: Шәкәрім өмірі мен шығармашылық жолынан мағлұмат беру; Абай дәстүрін жалғастырушы Шәкәрімнің қазақ әдебиетінің классигі екендігі; сол дәуірдегі Қазақ қоғамының жетістігі мен қайшылықтарын сабақтастықпен қазақ поэзиясында көрсете білген тұлға екендігі; студенттерді Шәкәрім поэтикасы арқылы өзіндік ой қорытуға баулу.


Сабақтың жоспары

1. Өмірі мен шығармашылық жолы.

2. Өскен ортасы, ақындық тәрбие мектебі.

3. Лирикалық туындылары, олардың тақырыптық салалары, көркемдік ерекшеліктері.

4. Поэмалары. "Ендік-Кебек".

5. Поэзиясындағы қоғамдық философиялық ойларды тану және студенттің өз көзқарасын қалыптастыру.

6. Пікірталас.

СӨЖ тапсырмалары

1. Шәкәрімнің "Мұтылғанның өмірі", "Ләйлі-Мәжнүн" дастанын, "Үш анық" философиялық трактатын қосымша оқу.

2. Шығарма / қалаған бір тақырыпқа жазыңыз/

* Абай дәстүрі және Шәкәрім.

* "Мен жетелеп өлемін өрге қарай қазақты"

* "Қазағым, қам ойлан!"

СОЖӨЖ тапсырмалары

1. Оқулықтан Шәкәрім өмірі мен шығармашылығын оқып конспектілеу, өлендерін оқу, өзі қалаған 5-6 өленді тұтастай (не үзінді) жаттау.

2. Бақылау сұрақтарына дайындалу.

3. Тестпен жұмыс.

4. "Шәкәрім - Абайдың сазгерлік ән дәстүрін дамытушы" тақырыбына пікірталасқа дайындалу.

5. "Ой шақыру стратегиясы" бойынша тірек-сызбаны толтыру

Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығына тест

1. 1905-1906 жылдары Шәкәрім оқу сапарымен қайда барады?

а) Мәскеуге ә) Алматыға б) Араб, Түрік, Еуропа елдеріне

2. Ақын қандай сюжетті дастан жазды?

а) "Қозы Көрпеш" ә) "Өмір-Өзен" б) "Қалқаман-Мамыр"

3. Шәкәрімнің алғашқы табысы болып қандай дастандар саналады?

а) махаббат жайында ә) өмір-қоғам жайында

б) лирикалық-эпикалық дастандар

4. Ақын Толстойдың мораль, ар-ұждан, әділдік туралы қандай әңгімелерін қазақ тіліне аударды?

а) "Асорходан патша" "Үш сауал" ә) "Боран"

б) "Қазағым, қам ойлан!"

5. Шәкәрімнің ағартушылық жұмысын әйгілі еткен өлеңі.

а) "Насихат", "Жастарға", "Сен, жастарға" ә) "Үш бақытым" б) "Заман туралы"

6. Ақынның "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" деген әнін қай музыка зерттеушісі нотаға түсірді?

а) Ахмет Жүбанов ә) Мұқан Төлебаев б) А.В.Затаевич

7. "Қалқаман-Мамыр" поэмасының тақырыбы.

а) әйелдің бас бостандығы ә) жер дауы б) соғыс туралы

8. Шәкәрім жастай қандай тілді үйренуге ден қояды? а) қытай

ә) неміс б) орыс, түрік, парсы

9. Шәкәрім кімнің повесін өлеңмен аударды?

а) Пушкиннен ә) Есениннен б) Лермонтовтан

10. Шәкәрім кімнің мектебінен үлгі алды?

а) Абайдың ә) орыс мектебінен б) қытай мектебінен

Негізгі әдебиеттер: Қазақ әдебиеті 10-сынып оқулығы, 20 - 29-беттер.

Қазақ әдебиеті 10-сынып хрестоматиясы, 31 - 45-беттер.

Қосымша әдебиеттер: Шәкәрім Қүдайбердіұлының т.ш.ж.



Резюме

В этой статье рассматривается урок который проведется по кредитной системе обучения.

Resume

In this article the sricemen of the lesson which teaches with requirement of credit system.

























"ОЯН, ТҰРАР!"

(Шерхан Мұртаза. "Тұтқын бала " (үзінді), VІ сынып)

Сабақтың мақсаты: Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" романындағы "Тұтқын бала" тарауы бойынша Тұрар іс-әрекеттерімен танысу.

Сабақтың міндеттері:

білімділік - шығармадағы бала Тұрардың бейнесіне талдау жасай отырып, автор мұратын ұғындыру; дамытушылығы -мәтіннен Тұрардың іс-әрекеттеріне баға беру арқылы өзіндік көзқарасын жетілдіру, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтау дағдысын дамыту; тәрбиелік - шығарма арқауы тарихи шындық екенін түсіңціре отырып, Тұрар бойындағы қасиетер арқылы бауырмалдыққа, шыдамдылыққа, қайсарлыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорыту сабағы.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Оқыту әдісі: талдау, сұрақ-жауап, көрквм мәтінмен жұмыс, Проблемалық ізденіс.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың жабдығы: Тұрар, Рысқүл, Шерхан портреттері, шығармадан алынған цитата ("Рысқұлов жолы тым-тым ауыр. Ол туралы жазудан гөрі кетпен алып тау қопарған оңай"), Тұрардың өмір жолынан тірек-сызба.

Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма: "Тұтқын бала" тарауының бөлімдеріне жоспар құрып, Тұрар іс-әрекеттерін талдау және Тұрар Рысқұлов жөнінде мәлімет жазып келу.

Актуальдау.

Біздің бүгінгі сабағымыз - өткен сабақтарымыздың жалғасы. Қорытынды сабақ.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын "Оян, Тұрар!" деп алуымыздың өзіндік себебі бар. Шығарманың әр тарауы Рысқұл әкенің "Оян, Тұрар! Тұра ғой, балам! Тында әңгімелерді!" деген сөздерімен басталмаушы ма еді?!

Ендеше шығармадағы бар оқиғаның мән-жайына терең "бойлататын әкенің осы сөзін сабағымыздың тақырыбы етіп алып отырмыз.

Бүгінгі сабағымызда біз оқытудың топтық формасы негізінде жұмыс жүргіземіз. Ол үшін алдымен шығармадан көрініс тамашалайық. Сабағымыз одан әрі жалғасын табады.

(Тұрар мен ұстазы Иван Владимировичтің қоштасқан сәтінен көрініс көрсетіледі).

Сұрақ. Тұрар өзі айтпақшы, ол саналы түрде екі қылмыс жасады: бірі - ұстазының хатын оқығандығы болса, екіншісі – куәлігіне шын аты-женін толтырып алуы.

Осы екінші әрекетін сендер қалай бағалайсындар?

Тұрардың бұл ісін қүптаймыз!" дегендерің 1-топқа, "Тұрар ісін құптамаймыз!" дегендерің 2-топқа отыруларыңа болады.

1-тапсырма. Өз пікірлеріңді дәлелдейсіздер.

Окушы пікірі толықтырылады.

Шығармада мынадай жолдар бар: "Тұрар қаршадайынан әкесі Рысқұлды пайғамбарындай сыйлаған. Ол әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тәкәппарлығын, жарлымын деп жасымайтын жігерін көріп өсті. Тұрар үшін Рысқұл - ер біткеннің ішіндегі Одағай оқ жетпесі".

Ендеше, осындай аяулы ең қымбат әкенің атын атай алмағаннан арты қорлық болмас. Шығармада Рысқұл өмірінің жалғасы автор сөзімен айтқанда: "Рысқұл бармаған әрісін болжайтын, ол шешпеген жұмбақты қиялмен барлап шешетін" болашақ ұрпақ - Тұрар".

2-тапсырма.

"Ой шақыру" стратегиясымен жұмыс.

1. Тұрар санасын оятқан түрме сабақтары.

2. Тұрарды ерте есейткенжайлар. "Жасы оннан ассада, бетіне, көзіне қарап жасамыс деп ойлаймыз. Көзқарасында балаға тән алып қашпа мінез жоқ".

Тұрар бойындағы шыдамдылық, өжеттілік, байқампаздық ,ақылдылық секілді қасиеттер әкесі Рысқұлдан дарыды десек артық айтқандық емес.

Әке мен баланың түрмедегі сәтінен көрініс көрсетіледі.

Күй ойналады.

3-тапсырма.

Шығармадан әке мен бала арасындағы сүйіспеншілік сезім суреттелетін жолдарды тауып оқу.

Шығармада Тұрармен жасы шамалас балалар бар ма? (Бар. Олар: Наташа, Аркадий, Атамырза, т.б.)

4-тапсырма.

Венн диаграммасы бойынша салыстырмалы мінездеме беру.

Тұрар мен Аркадий, Тұрар мен Атамырза.

Мұғалім сөзі: Романның I кітабында бала Тұрарды мұқатып, оның кедейлігін бетіне басып жүретін осы Аркадий мен Атамырза романның II кітабында азамат, ел азаттығы үшін күрестің бел ортасында жүрген азамат Тұрардың да алдынан шығады.

Аркадий Приходько - әке жолын қуған, ақ патшаға адал берілген ротмистр. Атамырза Айбаров - шенеунік.

Бұлар Тұрардың нағыз жауларына айналған. I кітапта бала Тұрар қызбалыққа салынып Атамырза қорлығына шыдамай оған жұдырық ала жүгірсе, II кітапта айналасына байыппен қарайтын ойлы Тұрар өзін қағытқан Аркадийді жұдырықсыз-ақ сөзбен бетін қайтарады.

Сұрақ.

- Балалар, әкесі Рысқұл "Оян, Тұрар!" деп әңгіме, сыр шерте отырып, Тұрарынан үлкен үміт күтіп еді. Әке үміті ақталды ма?

(Қоғам қайраткері Рысқүловтың түрмедегі сәтінен көрініс көрсетіледі).

- Үйге Тұрар өмірінен мәлімет жазып келу тапсырылған болатын.

(Хронологиялық кесте).

- Сендер мен көрсеткен жылдардың Тұрар өміріндегі маңызын айтсандар.

("Қызыл жебе" суреті салынған плакатқа Тұрар өміріне қатысты жылдар ілініп отырылады).

- Міне, балалар, Тұрар жүріп өткен жолдарға қарап отырып, оның бүкіл саналы ғұмырын ұлт мүлдесі жолына арнаған ұлы жаңашыры болғандығына көз жеткіздіндер.Оның сонау Голощекиннің солақай саясаты салдарынан қазақ даласын жайлаған сұрапыл ашаршылықпен жанкешті күресінің өзі неге тұрады?!

- Мына тұлпар бейнесі нені білдіреді? (Қызыл жебе)

- Шығарманың "Қызыл жебе" аталуы туралы не айтар едіндер?

Қорыту.

Шығарманың соңы кітабында Тұрар елесі болып сөйлейтін авторда мынадай жолдар бар: "Рысқұлов жолы тым-тым ауыр.Ол туралы жазудан гөрі кетпен алып тау қопарған оңай".

Үйге тапсырма: ойтолғау "Жақсы бала жеткізер мұратқа"

Бағалау. (Оқушыларға өзін-өзі бағалау парақтары берілген болатын).














"АЛПАМЫС БАТЫР" ЖЫРЫН САРАЛАП ОҚЫТУ

Бүгінгі таңда егемен еліміздің келешек жас ұрпағына білімді қалай игертсем, олардың сабаққа деген қызығуын қалай арттыра түссем деген мәселе - әр ұстаздың алдында тұрған басты міндет.

Жеке тұлғаның өзінің іс-әрекетін өз бетімен анықтап, өзін-өзі дамыта алатын дәрежеге жетуі үшін білім беру мазмұнында ғана емес, сонымен қатар оқушылардың білімді бағалау жүйесінде де жаңаша өзгерістерді еңгізу қажет. Осы міндетті атқару жолында мектепте нәтижелі жұмыстар істелуде. Мектеп ұстаздары педагогика ғылымының докторы, профессор Жауынбай Амантұрлыұлы Қараевтың әр түрлі деңгейде саралап оқыту технологиясын сабақтарында қолданып жүр. Ол оқушылардың ойлау өрісін дербестікте танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеруін талап етеді.

Саралап оқыту техналогаясы жайында отандық және шет-елдік ғалым-зерттеушілердің еңбектері баршылық: И.Э.Унт, Ю.Б.Эльконин, Қ.Бітібаева т.б.

Әдебиет сабағында әр түрлі деңгейде саралап оқыту технологиясын "Алтын қақпа" ойыны арқылы өткізуге болады.

Сабақтың тақырыбы: "Алпамыс батыр" жыры (6-сынып).

Сабақтың мақсаты: білімділік - "Алпамыс батыр" жырынан алған білімдерін әр түрлі деңгейде саралау технологиясы арқылы жинақтап бекіту, жырдағы патриоттық сезімдерді саналарына дарыту, бейнелі сөздерге көңілдерін аударып, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін терендету; тәрбиелік - оқушыларды туған жерін сүюге, ана тілін ардақтауға, халқының тәуелсіздігін сақтауға, оны қорғай білуге тәрбиелеу, жыр кейіпкерлері арқылы адал достыққа, бауырластыққа тәрбиелеу, ойын арқылы тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру; дамытушыльғы - "Алпамыс батыр" жырындағы асыл сөз айшықтары арқылы ойлау, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту,ұтқырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.

Сабақтың әдісі: деңгейлік оқыту, сайыстыру жарысы.

Оқыту формасы: саралап оқьпу технологаясы.

Көрнекілігі: тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа, үнтаспа.

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы.

Жоспары

I. Ұйымдастыру.

II. Негізгі бөлім.

"Алтын қақпа" ойыны 1-деңгей. Тас қақпа 2-деңгей. Күміс қақпа 3-деңгей.

Алтын қақпа. Ойыны

1-деңгей. Тас қақпа

2-деңгей. Күміс қақпа

3-деңгей. Алтын қақпа.

III. Қорытынды.

Ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, ойынның ету барысымен таныстыруға болады. Жырды оқып, талдау барысында кездескен таныс емес сөздерге түсінік беру қажеттігі айтылады.

Оқушыларға үйге қосымша алдын ала төмендегідей тапсырмалар берілуі керек.

1. "Алпамыс батыр" жыры туралы ғылыми еңбектерді қарастыру. (4 окушы).

2. Оқулықтан Алпамыс бейнесін ашатын сөздерді теріп алып, поэтикалық талдау жасау.

3. Жырдан бүгінгі кезде қолданылмай жүрген сөздерді сөздік дәптерге жазып келу.

4. "Манас" жыры туралы біліп, оқып келу тапсырылған.

Сайысқа түсу.

Тас қақпадағы деңгейлік тапсырмаларды таратамын. Бірінші деңгейліктапсырма бес сұрақтан түрады.

1-деңгей

1. "Алпамыс батыр" жырының эпостық деп аталуы неліктен?

2. Алпамыстың ерлік, батырлық мінздері қандай әрекеттерінен көрінеді?

3. Манас пен Алпамыстың балалық шақтарында қандай ұқсастықтар бар?

4. Алпамыстың ерліктері жырда қалай суреттеледі?

5. Алпамыс батыр мен Ұлтанға салыстырмалы мінездеме бер.

Бірінші деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаннан кейін тас қақпа ашылып, күміс қақпаның деңгейлік тапсырмаларын таратамын.

2-деңгей

Жырдан үзінділер алынады. Екінші деңгейлік тапсырма бес сұрақтан тұырады. Мүнда түсініксіз сөздерге оқушылар анықтама береді. (Ол сөздер оқулықта берілген).

1. Алтын сапты ақ берен

Деммен тартып тиеді.

Кейбірінің кесіп келдесін,

Кейбіреуін тіледі.

Қалмақтар атқан қалың оқ

Жаңбырдай болып тиеді.

2. Қашып берген Жолайға

Қабыланың найза сұныпты.

Керегі бар, тілі бар,

Қашыры бар, нары бар.

3. Кеудесі болды кепедей,

Мұрны болды төбедей.

Күрек тісі кетпендей,..

Иегі бар сеңгірдей,

Бір батыр болыпты сол күнде-ай.

4. Атбесік салып басына,

Қабірін бұлар түзеді.

Қалған малын сарып қып,

Бүған да үш күн түнеді.

5. ..Талма түстің шағында

Айдын көлдің бойында...

Мыстанға келіп жолықты.

Екінші деңгейлік тапсырмаларды орындай алмай қалған оқушылар оқулықпен жұмыс жүргізеді. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға алтын қақпа ашылып, үшінші деңгейдің тапсырмаларын таратамын.

Үшінші деңгей екі сұрақтан тұрады. Мәтіннің қандай жырдан алынғанын тауып, түсініксіз сөздердің мағынасын ашады.

3-деңгей

1. Қырық шамалы орданы

Атып жатқан кезі екен.

Болпиған балғын

Манастың Шері екенін кім білді.

Жол үстінде сүйретіп

Таңғыттарға жарғызар.

2. Тез өлтірмей Ұлтанды...

Тірсегінен тілдіріп,

Бәйтеректің басына

Салбыратып іледі.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әрқайсысы білім шеруіндегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді.

Оқушылардың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпазды анықтау, белсене қатысқан оқушыларды атау, оқушыларды бағалау.

Үйге: Кейіпкерлерге мінездеме беру

Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер жаттау.



ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ. "НҰР"

(8-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік - ақын өлендерін талдай отырып, идеялық мазмұнын ашу, өлең тілінің көркемдігін жеткізу; дамытушылық - оқушылардың ой көкжиегін дамыту, сөйлеу тілін байыту, ауызша және жазбаша ойларын еркін жеткізуге бағыттау, шығармашылыққа баулу; тәрбиелік -оқушыларды табиғатты қорғауға, мәпелеп баптауға, отан сүйгіштікке және адамгершілік сапаларға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, талдау.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, ақын туралы мағлұматтар, сабаққа керекті сызба-кестелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың ынтасын сабаққа аударып, назарын тақырыпқа бағыттау.

II. Қызығушылығын ояту.

1. Ой шақыру. "Ғажайып алаң" стратегиясы

1. Қадыр қазақтарды кімдерге таныстырды? (Шетелдік қонақтарға)

2. Қадыр кітабының түсі қандай? ("Қызыл кітап")

3. Қадырдың "қазақ тілі" сөзінің синонимімен және "ынсап", "ұят" сөздерінің синонимімен кездесетін өлеңі. ("Ана тілің - арың бұл")

4. Қадырдың қазақтың ұлттық музыкалық аспабымен

аталатын өлеңі. ("Домбыра")

5. Қадырдың өлеңдер жинағының аты. ("Күміс қоңырау)

III. Мағынаны таныту

1. Автор орындығы. Оқушылар арасынан автор шығып, оқушылардың сұрағына жауап бееді.

2. Түсініктеме күнделігі. Өленді оқу. "Нұр" сөзіне түсінік беру. Оқушыларға осы сөздің синонимдерін тапқызу.

Мысалы: Нұр - шуақ - шапақ - сәуле - шапағат т.б.

3. "Джиксо" әдісі. Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. І топ. "Нұр" сөзімен кездесетін мақал-мәтелдер табады.

Мысалы: "Талаптыға нұр жауар", "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" т.б.

ІІ топ. Өлеңнің бір шумағын құрылысына талдайды.

Мысалы:

3 5

Бақ|тың|да||шө|лі|қа|на|ды,|| - а

Бақшаның дөмін||жеп көрдімІІ- б 2 бунақ, 8 буын, шалыс ұйқас Жүздер||жайнапқалады|| - а

Жауыннанкейін||шөптердің|| - б

III топ. Өлеңнен көркемдегіш құралдарды табады.

Мысалы: Арудай - теңеу

ақ жаңбыр, ақ қайың - эпитет

ақ жаңбыр - душ - метафора

жүздері жайнап қалады

жауытан кейін шөптердің - кейіптеу

IV топ. Шығармашылық топ. Табиғат пен ақынның арасында қандай үндестік, ұқсастық бар? (Шығармашылықпен жауап береді).

4. Т - кестесі. Оқушылар проблемалық сұраққа "Иә" болмаса "Жоқ" деп жауап беріп, өз ойларын 3 нақты қритерий бойынша қорғайды.

Сұрақ. Қазіргі кезде ақын суреттеуіндегі табиғат сұлулығы сақталып жатыр ма?

5. "Түйінді сөздер" стратегиясы. Оқушылар ер шумақты мазмұнына қарай қысқаша түйіндеп қорытындылайды. Мысалы: Шалғайын шалқар малшыған

Бұлт келді,

Көктен кір кетті.

Топырлап ұрған тамшыдан

Топырақ иісі бұрқ етті.

(Алғашқы тамшы)

Шілде мен тамыз нышаны

Шаң ғана болса,

Қалдырма.

Терезелер де құшағын

Түгелдей аиггы жаңбырға.

(Сағыныш)

IV. Ой толғаныс.

"РАФТ" стратегиясы. Окушылар табиғат құбылыстарын кейіпкер етіп, олармен ой толғау түрінде тілдеседі.

V.Үйге тапсырма беру. Шығарма жазу. Тақырыбы: "Табиғатты аялағанның тынысы кең"

VI. Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері" ?дебиеттік о?удан саба? жоспары

Автор: Каженова Маруерт Буркитбаевна

Дата: 04.02.2016

Номер свидетельства: 288300


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства