kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жақсы мен жаман

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:«Жақсы мен жаман»

Мақсаты:  Жақсы мен жаман  әдет-қылықтарды  ажыратуды,  адамгершілікке, жаман  әдеттерден  аулақ  болуға үйрету.  Балалардың  ой-өрісін  кеңейту,  тіл  байлығын  молайту, ойлану, көру,  сезіну  қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиеші:Балалар,  бізге  қонақтар  келген екен,  қане  қонақтармен  амандасып  алайық.

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Шаттық  шеңбері:Балалар  бір-біріне  жүрекше беру ақылы  жылы сөздер  айтады.

Тәрбиеші: Балалар  қазір  қай  мезгіл? Күз  мезгілі неше айдан  тұрады?  Күз  мезгілі  нешеге бөлінеді?  Күз  мезілі аяқталып қалды  енді  қай мезгіл  келеді?

Балалардың  жауабы.

Тосын  сәт: «Жақсы  бала мен жаман бала»  видеоролик көрсетіледі.

Сұрақ-жауап : Апайды  ішім  ауырды деп  өтірік  айтып сұрануға  болама? Балалар  төбелесуге  болама? Достарыңды  балалар ұрып  жатса  қашып  кетуге  болама? Видеороликтен  коргендей   ата-анасын  тыңдаған  бала қандай  бала болды?  Ал апайын  алдап, жаттауын жаттамаған  бала  ер жеткенде қандай  бала  болады?

Балалардың  жауабы.

Тәрбиеші:Олай  болса  балалар  жақсы мен  жаман  туралы  мақал-мәтелдер  айтып  берейік.

Қарақат:Жақсы  туса елдің  ырысы,

                 Жаңбыр  жауса  жердің  ырысы.

Рауан:Жақсыдан  бақ  қалады,

            Жаманнан  дақ  қалады.

Аяулым:Жақсы мен  жүрсең  жетерсің  мұратқа.

                Жаманмен  жүрсең  қаларсың  ұятқа.

І.Гаухар:Бітер  істің  басына,

                Жақсы  келсін  қасына.

Ақгүлім:Жақсы  кісі  текшіл,

                 Жаман  кісі  кекшіл.

Дидактикалық  ойын:Жақсы мен  жаман

Шарты:Тақтада  көк  түспен  «жақсы»,  қызғылт сары  түспен  «жаман»  сөздері тұрады,  үстел  үстінен   «Жақсы»  және  «Жаман»  сөздерге  байланысты  суретерді ажыратып  айтып тақтаға ілу керек.

Музыкалық сергіту  сәті:«Көңілді күн» 

Тәрбиеші:Сергіп  алсақ  балалар  «Жақсылық  қылсаңда,  жамандық  қылсаңда  өзіңе»  атты  көріністі  тамашалайық.

Көрініс:«Жақсылық  қылсаңда,  жамандық  қылсаңда  өзіңе».

Ертеде  Асан  мен  Үсен  деген  екі  кішкетай  жетім  балалар  болыпты,  ата  -анасынан  жастай  айырылған  екі  жетім  ауыл-ауылды  аралап  қайыр  сұрайды  екен.  Күндердің  бір  күнінде  екеуі  осылай  тентіреп  жүріп  бір  зәулім  үйдің  жанында  өсіп  тұрған  ағаштың  түбіне  демалуға  жайғаса  кетеді.  Қарны  әбден  ашқан  Үсен  ағасының  жеңінен қайта-қайта  атртып;-Ағатай  қарным  ашты,-  деп  маза  бермейді.  Сонда  ағасы  жаңағы  үйдің  есігін  қағып;-Әссалаумағаликум!  Үйде  кім  бар?-деп  дауыстайды.  Сол  кезде  ана  жақтан  ала сиырын айдап  келе  жатқан  әйел  көрінеді (бұл  өзі  сараңдығымен  аты  шыққандықтан  Сараңбике  аталып кеткен  әйелдің  үйі  екен).

-Есікті  неге  тарсылдатып  қағасыңдар  а?  Әлде  менде  әкелеріңнің  құны  қалды ма?  (дейді  ашуланып,  балалардың  кір-қожалақ  үстін  көріп  ашуы  одан  сайын  қозады).

-Сендерге  не керек?  Неге  келдіңдер?  - дейді. Асан  мен Үсен  өздерінің жетім  екендерін  айтып  жүрек  жалғап  алу  үшін  бір  жапырақ  нан  сұрайды.

-Осы  қайыршы  дегендерден  көрдік қой  көресіні;-дейді ( мен  бұларды  келмейтіндей  қылып  күлшеге  байқатпай  у  қосып  береді).

Балалардың  қайыр  сұрап  тұрғанын  көрген басқа  әжей   оларды  үйіне  кіргізіп,  шомылдырып,  қарындарын  әбден  тойғызып  шығарып  салады.  (балалар  күліп  мәз  болады). 

-Аға, бізде мана Сараң әже берген күлше бар еді ғой!

-Сараң әженің берген  күлшесін  ертеңге  азық  қыламыз,- деп  дорбасына  салып қояды.  Сөйтіп  екеуі  ымырыт  үйіріліп  кеткендіктен  осы  жерге  түнейік  деп  баяғы  ағаштың  түбіне  жата  кетеді.   Сөйтіп  алаңсыз  ұйқыға  кеткен   екеуі  танертең  Сараң  бикенің  айғайлаған  дауысы  оятады.

-Ойбай- й - ойбай, ( кешегі  ала сиыр  тенекейіп  өліп  жатыр екен,  сөйтсе  танертең  өріске  шыққан  сиыр  балалардың  бас  жағында  жатқан  дорбадағы  күлшені  жеп  өліп  қалыпты).

-Сендер не істедіңдер менің сиырыма?

-Біз ештеңе істемедік, кешегі сіздің берген күлшені жеп құлап қалды.

-Қап ұят болғанынай. Жұртқа жасаған жамандығым өзіме қайтты. Болды, енді ешкімге, ешқашан жамандық жасамаймын,-деп сөз беріп шығып кетеді.

Жақсылық  қылсаңда,  жамандық  қылсаңда  өзіңе  деген  осыдан  қалған  екен.

Қорытынды сұрақтар қойлып, балалардан жауаптар алынады.

Ал, ендеше сендер бүгін оқу-қызметімізге жақсы  қатысқандарың үшін және жақсы бала болып өсіңдер деп тәттілер беремін.

Балалар, келген қонақтармен қоштасатын уақыт та келген сияқты, қане барлығымыз орнымыздан тұрып, қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жақсы мен жаман»


Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«Арайлым» жекеменшік балабақшасы





«Жақсы мен жаман»


«Бәйтерек» тобы



Тексерген әдіскер:

Арханова А.А___________

Тәрбиеші:Сүндетова М




Мұнайлы-2020


Білім беру саласы:Әлеуметтік

Ұйымдастырылған оқу-қызметі:Өзін-өзі тану

Тақырыбы:«Жақсы мен жаман»

Мақсаты: Жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажыратуды, адамгершілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. Балалардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ойлану, көру, сезіну қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші:Балалар, бізге қонақтар келген екен, қане қонақтармен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Шаттық шеңбері:Балалар бір-біріне жүрекше беру ақылы жылы сөздер айтады.

Тәрбиеші: Балалар қазір қай мезгіл? Күз мезгілі неше айдан тұрады? Күз мезгілі нешеге бөлінеді? Күз мезілі аяқталып қалды енді қай мезгіл келеді?

Балалардың жауабы.

Тосын сәт: «Жақсы бала мен жаман бала» видеоролик көрсетіледі.

Сұрақ-жауап : Апайды ішім ауырды деп өтірік айтып сұрануға болама? Балалар төбелесуге болама? Достарыңды балалар ұрып жатса қашып кетуге болама? Видеороликтен коргендей ата-анасын тыңдаған бала қандай бала болды? Ал апайын алдап, жаттауын жаттамаған бала ер жеткенде қандай бала болады?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:Олай болса балалар жақсы мен жаман туралы мақал-мәтелдер айтып берейік.

Қарақат:Жақсы туса елдің ырысы,

Жаңбыр жауса жердің ырысы.

Рауан:Жақсыдан бақ қалады,

Жаманнан дақ қалады.

Аяулым:Жақсы мен жүрсең жетерсің мұратқа.

Жаманмен жүрсең қаларсың ұятқа.

І.Гаухар:Бітер істің басына,

Жақсы келсін қасына.

Ақгүлім:Жақсы кісі текшіл,

Жаман кісі кекшіл.

Дидактикалық ойын:Жақсы мен жаман

Шарты:Тақтада көк түспен «жақсы», қызғылт сары түспен «жаман» сөздері тұрады, үстел үстінен «Жақсы» және «Жаман» сөздерге байланысты суретерді ажыратып айтып тақтаға ілу керек.

Музыкалық сергіту сәті:«Көңілді күн»

Тәрбиеші:Сергіп алсақ балалар «Жақсылық қылсаңда, жамандық қылсаңда өзіңе» атты көріністі тамашалайық.

Көрініс:«Жақсылық қылсаңда, жамандық қылсаңда өзіңе».

Ертеде Асан мен Үсен деген екі кішкетай жетім балалар болыпты, ата -анасынан жастай айырылған екі жетім ауыл-ауылды аралап қайыр сұрайды екен. Күндердің бір күнінде екеуі осылай тентіреп жүріп бір зәулім үйдің жанында өсіп тұрған ағаштың түбіне демалуға жайғаса кетеді. Қарны әбден ашқан Үсен ағасының жеңінен қайта-қайта атртып;-Ағатай қарным ашты,- деп маза бермейді. Сонда ағасы жаңағы үйдің есігін қағып;-Әссалаумағаликум! Үйде кім бар?-деп дауыстайды. Сол кезде ана жақтан ала сиырын айдап келе жатқан әйел көрінеді (бұл өзі сараңдығымен аты шыққандықтан Сараңбике аталып кеткен әйелдің үйі екен).

-Есікті неге тарсылдатып қағасыңдар а? Әлде менде әкелеріңнің құны қалды ма? (дейді ашуланып, балалардың кір-қожалақ үстін көріп ашуы одан сайын қозады).

-Сендерге не керек? Неге келдіңдер? - дейді. Асан мен Үсен өздерінің жетім екендерін айтып жүрек жалғап алу үшін бір жапырақ нан сұрайды.

-Осы қайыршы дегендерден көрдік қой көресіні;-дейді ( мен бұларды келмейтіндей қылып күлшеге байқатпай у қосып береді).

Балалардың қайыр сұрап тұрғанын көрген басқа әжей оларды үйіне кіргізіп, шомылдырып, қарындарын әбден тойғызып шығарып салады. (балалар күліп мәз болады).

-Аға, бізде мана Сараң әже берген күлше бар еді ғой!

-Сараң әженің берген күлшесін ертеңге азық қыламыз,- деп дорбасына салып қояды. Сөйтіп екеуі ымырыт үйіріліп кеткендіктен осы жерге түнейік деп баяғы ағаштың түбіне жата кетеді. Сөйтіп алаңсыз ұйқыға кеткен екеуі танертең Сараң бикенің айғайлаған дауысы оятады.

-Ойбай- й - ойбай, ( кешегі ала сиыр тенекейіп өліп жатыр екен, сөйтсе танертең өріске шыққан сиыр балалардың бас жағында жатқан дорбадағы күлшені жеп өліп қалыпты).

-Сендер не істедіңдер менің сиырыма?

-Біз ештеңе істемедік, кешегі сіздің берген күлшені жеп құлап қалды.

-Қап ұят болғанынай. Жұртқа жасаған жамандығым өзіме қайтты. Болды, енді ешкімге, ешқашан жамандық жасамаймын,-деп сөз беріп шығып кетеді.

Жақсылық қылсаңда, жамандық қылсаңда өзіңе деген осыдан қалған екен.

Қорытынды сұрақтар қойлып, балалардан жауаптар алынады.

Ал, ендеше сендер бүгін оқу-қызметімізге жақсы қатысқандарың үшін және жақсы бала болып өсіңдер деп тәттілер беремін.

Балалар, келген қонақтармен қоштасатын уақыт та келген сияқты, қане барлығымыз орнымыздан тұрып, қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жақсы мен жаман

Автор: Турашева Айгуль Кошкарбаевна

Дата: 23.02.2023

Номер свидетельства: 626429

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) ""Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері" ?дебиеттік о?удан саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(76) "zhak-sy-mien-zhaman-adamnyn-k-asiiettieri-diebiiettik-ok-udan-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "288300"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454604609"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "С.Арон?лы "Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері""
    ["seo_title"] => string(52) "s-aronu-ly-zhak-sy-mien-zhaman-adamnyn-k-asiiettieri"
    ["file_id"] => string(6) "251982"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447320448"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Разработка внеклассного мероприятия "Жа?сы мен жаманны? айырмасы""
    ["seo_title"] => string(72) "razrabotka-vnieklassnogho-mieropriiatiia-zhak-sy-mien-zhamannyn-aiyrmasy"
    ["file_id"] => string(6) "276699"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452777501"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Ж.Баласа??н «Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhbalasagunzhaksymienzhamanadamnynkasiiettieri"
    ["file_id"] => string(6) "323304"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461859428"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жақсы мен жаман."
    ["seo_title"] => string(21) "zhak_sy_mien_zhaman_5"
    ["file_id"] => string(6) "407613"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491622642"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства