Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, қазақ тілі, еңбек.
Психологиялық сәт:
Балалар, бәріміз орнымыздан тұрамыз. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік.
Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, адал доссың, қайырымдысың, әдептісің, өнерлісің, еңбекқорсың, ақкөңілсің, ж.т.б.
Осындай сөздерді оқушылар бір-біріне кезекпен айтып шығады.
Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп қатты қуанып тұрмын.
2.Үй тапсырмасын сұрау:
«Ақыл құмырасы»
«Мозайка» ойыны арқылы сынған құмыраны жинап ақылға толтырып ақыл сөздерді өз бойымызға жинап алайық.
«Сиқырлы сандықша» (Музыка ойналады)
Жаман қасиеттерді сиқырлы сандықшаға салып, аузын жабамыз. Бойымызда жаман қасиеттер аулақ болсын.
3. Қызығушылығын ояту
- Ендеше, балалар, біздің сыныпта мақтау, алғыс айту, ризалық күні
- Қандай алғыс, мақтау, ризалық сөздер білесіңдер?
Өзің осылардың қайсысын жиірек естисің?
Кімдерден?
Ал екі есе жиірек есту үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Бейнефильм көрсетіледі жақсы мен жаман қасиеттерге байланысты
Балалар, мына бейнефильмнен не көрдіңдер, ойларыңа нені түйдіңдер?
4. Жаңа сабақ мақсат – міндетін хабарлау
5. Түсіндіру.
1. Автор өмірі туралы мәлімет.
Қастек Баянбай 1936 ж. 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік универститетінде білім алған. Газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген.
Адам баласының бойында жақсы да, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата- анамыз.
Қазақ халқы ерте кезден –ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.
2. Өлеңді екі жолдан тізбектеп оқыту.
3. Әр оқушы оқыған жолы бойынша жақсы, жаман қасиеттерді атау білімді, қамқор, адал, әділ, үлкенге құрмет, уәдесіне берік. Жаман қасиеттер аяушылық жасамайды, өтірік айтады, білімсіз, жалақор,қызғаншақ, тазалық сақтамайды,ұқыпсыз.
- осы қасиеттерге қандай түстер лайық деп ойлайсыңдар?
- Жақсы қасиеттерге сары жұлдызшаны көтеру
- Жаман қасиеттерге қара түсті көтеру. Сұрақ қою. Ой қозғау сұрағы
- Өз бойыңдағы кемшіліктер туралы ойлан. Оны қалай түзетуге болады деп ойлайсың?
- Балалар, біз де жазушы болып көрелік.
- Жақсы, жаман туралы кімдердің шығармаларын оқып едік. Мысалы: Абай Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз»
Бұл өлең жолдарында қандай жақсылық туралы айтылған?
Сергіту сәті
Балалар, қазақ жастарының бойына, әсіресе сендер сияқты кішкентай жігіттер мен қыздардың бойына рух, күш жігер беретін Ерболат ағаларыңның өлеңіне билеп көрелік.
Интерактивті стратегия әдістері. (күй ойнатылады)
Ойын: «Көңіл күйді жаттықтыру әдісі»
Бүгін сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетемін, соны сендер бет – әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
Мысалы: 1. Қабағы түйілген, ашулы адам.
2. Көңілді адам
3. Өлең айтып тұрған адамның сезімін білдіру.
6. Жаңа сабақты бекіту
Бейнежазба (Изограф) әдісі
Мына бейнежазбадан қандай сөздерді оқуға болады?
Мұғалім: Халқымыз жақсы мінез –құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды әдепті бала дейді. Әдепті болу үшін әдемілікті, жақсылықты сезініп, оны бағалап, сол жақсылыққа ұмтыла білуіміз қажет.
«Имидж әдісі» оқушының сабақ үстіндегі іс – әрекетін қимыл қозғалыспен білдіру.
7. Үйге тапсырма:
Жақсы мен жаман мәнерлеп оқу.әңгіме жазу
Өзін – өзі бағалау: Бүгінгі сабақта әркім өзін – өзі бағаласын.
«Бес жұлдыз, бес тармақ» әдісі
Сары түс жұлдызша - егер сабақта белсенді болсаң, сары жулдызшаны көтер