Просмотр содержимого документа
«Зат есімді қайталау»
Мақсаты: Білімділігі: Зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2 - сыныпта өткен білімді еске түсіру және кеңейту. Тәрбиелілігі: Оқушылардың бір - біріне деген сыйластық, жылы сезімдері тудыру, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Дамытушылығы: Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорларын, тілін, сауатты жазу, елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту Сабақ түрі: Аралас сабақ Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, қызығушылықты ояту, талдау, жинақтау. Сабақ көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, ереже жазылған плакат, интерактивті тақта.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып ұраны: Қайырлы күн деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтсін күніміз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 7 - жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру. 1. Біз нені білеміз? Өткен тақырыпқа тоқталу Сөз таптары туралы оқушылардан сұрау. Әр сөз табының ережесіне тоқталу, 2 - ші сыныптағы өтілген материалдарды еске түсіру.
2. Ойлан, тап: 3. Ойымызды жинақтайық: Сөздер ------- Дұрыс жауабы --------- Сөз таптары көйлек ----------------------------------- Сын есім оқыды ------------------------------------ Зат есім бесінші ------------------------------------ Етістік суық -------------------------------------- Зат есім қар --------------------------------------- Сан есім
ІІІ. Жаңа сабақ. Зат есім 1 - жаттығу Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың? * Бұл не? Сөйлемде сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы? * Не? Сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді ата. *Кім? Сұрағына қандай сөздер жауап береді?
Оқушылар 2 - ші сыныпта өткен «Зат есім» туралы ережені еске түсіреді. Ереже: Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: аспан, ұстаз, көйлектер, оқушылар.
ІҮ. Сергіту сәті 4. «Кім шапшаң?» ойыны. 2 - жаттығу. Суретке қарап, зат есімдерді тауып айту. - Тапқан зат есімдеріңе қойылатын сұрақтардың әр басқа екенін дәлелдеп көру. Кім? ----------- Не? --------------- Кімдер? ------------- Нелер? бала ----------- қарбыз ---------- балалар ------------- жемістер қыз ------------- кесе ------------- оқушылар ----------- ыдыстар
5. Тақтамен жұмыс. 3 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті. (Ж. Садықов) * Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз. * Зат есімдерге сұрақ қой.
6. Өз бетіндік жұмыс. 4 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, көшіріп жаз. Төрт түлік:...,... Аңдар:...,... Құстар:...,... Отбасы мүшелері:...,...
7. Кім зерек? 5 - жаттығу. Оқы, әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай айтуға болатынын айт. Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -... Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -... Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз -... *Сөздерге сұрақ қой.
Ү. Сабақты бекіту. ЗАТ ЕСІМ ↓ Кім? кімдер? Не? Нелер? Заттың атын білдіреді Жалпы, жалқы Негізгі, туынды