Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың тақырыбы: Зат есім 317-321-жаттығу. Білімділік мақсаты: Оқушыларға заттың атын білдіретін сөз зат есім екенін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың сөздік қорын толықтыру,ой өрісін,есте сақтау қабілеттерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты :Оқушыларды адамгершілікке,білімді сүйіп құрметтеуге,достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түр: аралас
Сабақтың әдіс- тәсілдері:Сөздік әдісі, түсіндіру,әңгімелеу.сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары,суреттер,кесте,инт.тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) дайындығын қадағалау
б) психологиялық дайындық
-Балалар,бүгінгі сабақ ерекше.Себебі,бүгін бізге қонақтар келіпті.Сонымен қатар «Қасқыр мен қоян» ертегісінің кейіпкерлері келіпті.Біз оларды достастырып,қоянды қасқырға жем қылмауымыз керек.Олардың достасуына көмек береміз бе? (Оқушы жауабы)
-Ендеше,көмектесейік,бірақ қасқырдың тапсырмаларын орындасақ,қоянды жемей,дос болуына уәде беріп отыр.
-Сабағымызды бастамас бұрын алдарындаөздерінді бағалау парақшасы тұр.Соған назар аударып қойыңдар.Әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын смайликтер жапсырып отырамыз.(Яғни,оқушылар өз-өздерін бағалап отырады).
-Келістік пе? (оқушы жауабы)
-Ал,ендеше үй тапсырмасын тексерейік.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
315 – жаттығуды тексеру. Ережені сұрау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Сабақты «Қасқыр мен қоян» ертегісі желісімен өткізу.
Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты- зат есім туралы түсінік беру,тапсырмаларды орындатып,қасырды қоянмен достастыру.
IV. Жаңа сабақ:
«Артық сөзді тап» ойынын ойнату арқылы,зат есімді тауып алып,оған сұрақ қойып,ережесін айтамыз.Зат есімді табу арқылы балалар жаңа тақырыпты өздері ашады.
317-жаттығу.Суреттегі заттардың атын пайдаланып сөзжұмбақты шешеді.
Сөз жұмбақты шешу арқылы сөздерге сұрақ қойып,заттардың не екенін таныстырамыз.
1. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу: Зз Зз Зз
2. Оқулықпен жұмыс.
Бұл жаттығуды топқа бөліп беремін,яғни постер қорғайды.
3.Сергіту сәті.
«Мейрамхана» ойынын ойнату арқылы,ас мәзірінде тапсырмалар жасырынып тұрады.
319-жаттығу.Сызбаның орнына не? сұрағына жауап беретін сөздерді қойып көшіріп жазады. Ит үреді. Қасқыр ұлиды. Қарға қарқылдайды. Әтеш шақырады.
321-жаттығуда ең алдымен артық сөзді тапқызып аламын.Яғни,же сөзі зат есім еместігін балалар айтуы керек.Мысал келтіру.Содан соң зат есімдерге сұрақ қояды.
V. Сабақты бекіту:
VI. Сабақты қорытындылау: Сұрақ-жауап арқылы зат есімді біледі,қасқыр мен қоянды татуластырып,видеоролик көрсетемін.
Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: 320- жаттығу.Ереже жаттау
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт