Дамытушылы?:?стеуді с?йлем ішінен ажырата білуге, сауатты жазу?а, іздену да?дыларын ?алыптастыра отырып, логикалы? ойлау ?абілетін дамыту.
Т?рбиелік: ?стеу та?ырыбын т?сіндіру кезінде с?здер мен с?йлемдерді? т?рбиелік м?ніне к??іл б?ле отырып, топпен ж?мыс істеу ар?ылы ынтыма? пен бірлікке, жолдасты??а к?мек к?рсетуге баулу.
?йге берілген тапсырманы о?ыту ар?ылы тексеріп шы?у.
ІІІ.?ткен саба?ты бекіту.
Интерактивті та?тада?ы с?ра??а жауап беру:
Есімдік дегеніміз не?
2)Жіктеу есімдігі деп нені айтамыз?
Жіктеу есімдігіні? септелуі?
ІV.Жа?а саба??а дайынды? :
Ертегі тамашала?анды ?натасы?дар ма?
Олай болса ,экран?а назар аударып ертегіні тамашалайы?
-Ерте,ерте ертеде бір жал?ыз терек ?мір с?ріпті.
-Ух, жаным- ай, жаным- ай! Енді не ?ыламын???рт ауруына шалды?тым, тесіп жеп барады,б?та?тарым сы?ырлайды,жапыра?тарым сыздайды,ж?рдем ете к?рі?дер! –деген дауысты естіген а? к?гершін.
-Терек ата,ауруы?ыз жаман екен.Мен д?рігерді? кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп к?рейін –деп а? к?гершін ?ша ж?неледі.
-Балалар к?гершін емші ??сты тап?анша терекке біз к?мек берейік.Бізді? ?рбір орында?ан тапсырмамыз ар?ылы теректен бір ??мырс?аны алып тастап отырамыз.
Ал?аш?ы тапсырмамыз с?зж?мба?.Б?гінгі ?тілетін та?ырыбымызды мына с?зж?мба?ты шешу ар?ылы табамыз.Біз ?ай п?ннен ма?ал-м?телді к?п пайдаланамыз? Ана тілі п?нінде.
Просмотр содержимого документа
«?стеу ?аза? тілі 4-сынып »
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4 сынып
Күні: 19.05.2013
Сабақ : №133
Сабақтың тақырыбы:Үстеу
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау,үстеу туралы ұғымдарын жетілдіру,сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге үйрету, қатесіз, көркем жазуға баулу.
Дамытушылық:Үстеуді сөйлем ішінен ажырата білуге , сауатты жазуға, іздену дағдыларын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Үстеу тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
Үйге берілген тапсырманы оқыту арқылы тексеріп шығу.
ІІІ.Өткен сабақты бекіту.
Интерактивті тақтадағы сұраққа жауап беру:
Есімдік дегеніміз не?
2)Жіктеу есімдігі деп нені айтамыз?
Жіктеу есімдігінің септелуі?
ІV.Жаңа сабаққа дайындық :
Ертегі тамашалағанды ұнатасыңдар ма?
Олай болса ,экранға назар аударып ертегіні тамашалайық
-Ерте,ерте ертеде бір жалғыз терек өмір сүріпті.
-Ух, жаным- ай , жаным- ай! Енді не қыламын?Құрт ауруына шалдықтым, тесіп жеп барады,бұтақтарым сықырлайды,жапырақтарым сыздайды,жәрдем ете көріңдер! –деген дауысты естіген ақ көгершін .
-Терек ата,ауруыңыз жаман екен.Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін –деп ақ көгершін ұша жөнеледі.
-Балалар көгершін емші құсты тапқанша терекке біз көмек берейік.Біздің әрбір орындаған тапсырмамыз арқылы теректен бір құмырсқаны алып тастап отырамыз.
Алғашқы тапсырмамыз сөзжұмбақ.Бүгінгі өтілетін тақырыбымызды мына сөзжұмбақты шешу арқылы табамыз.Біз қай пәннен мақал-мәтелді көп пайдаланамыз? Ана тілі пәнінде.
Сөзжұмбақты мақал-мәтел арқылы шешеміз:
1) Жақсыдан ……. (Үйрен)
Жаманнан жирен.
2)Өнерлі бала ……… (сүйкімді)
3) Түлік ……….. өседі. ( төлден)
4) Жері байдың-.....бай. (елі)
5) Жыланның …. — тілінде.( уы)
ү
й
р
е
н
С
ү
й
к
і
м
д
і
Т
ө
л
д
е
н
Е
к
і
у
ы
Тігінен қою қара түспен жазылған сөзді оқысақ үстеу деген сөз шығады.
Онда бүгінгі тақырыбымыз «Үстеу» деп аталады.
Үстеудің нені білдіретінін, қандай сұраққа жауап беретінін білу үшін мына жаттығуларды орындаймыз.
VІ.Оқулықпен жұмыс.
66- жаттығу.
Мәтінді оқу.Үстеулерді тауып, сөздерге сұрақ қойып, қай түрі екенін анықтап,мағынасын түсіндіру.Қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.
Көгершін ұшып келе жатып ,биік төбеде отқан сауысқанды көреді де ,терекке жәрдем беруін сұрайды
-Әркімнің өз жұмысы бар,Менің де қолым бос емес,-дейді де ұша жөнеледі.
-Балалар ,сауысқанның орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
67-жаттығу.
Өлеңді жатқа жазу.Үстеулерді тауып, Оларға сұрақ қойып,мағынасын анықтау.
Жаздыгүні,қыстыгүні,жазда қыста.
Мысалы: Былтыр келді,
Мұғалім түсіндірмесі:
Үстеу – іс-әрекеттің белгісін (орнын, мезгілін, амалын,мақсат-себебін) білдіретін сөз табы. Сондықтан да үстеулер қолданылу барысында етістіктермен тіркесіп тұрады
Көгершін ұшып келе жатып ,қырғауылға жолығады.Терекке жәрдем беруін сұрайды
- Менің қолым бос емес-дейді де ұша жөнеледі.
-Балалар ,қырғауылдың орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
68-жаттығу.
Берілген үстеулерді қатыстырып,сөйлем құрап жазу.
Осында,бұрын,ақырын,қазақша.
Ребусты шешу.
Қазір, алда – деген сөздер шығады.Ауызша әр қатарға бір сөйлемнен құрату.
Көгершін ұшып келе жатып ән айтып тұрған бұлбұлға кездеседі.Терекке жәрдем беруін сұрайды
- Менің әнімді адамдар,орман құстары жақсы көреді.Мен соларға ән орындауым керек,қолым бос емес-дейді
-Балалар ,бұлбұлдың орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
VІІ. «Аукцион» ойыны
Шарты: Берілген сыйлықты сатып алу үшін
1-қатар: 2-қатар: 3- қатар:
(қашан?) (қайда?) ( қалай?) сұрақтарына шектеулі уақытта жауап жазыр шығу керек.Қай орталық көп жауап жазса сол орталық жеңіске жетеді.
VІІІ.Жұмбақ шешу.
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (жұлдыз)
Тапсырма: Үстеуді тауып , үстеу екенін дәлелдеу.
Дәлелдеу:
Күндіз , түнде—бұл үстеу.Өйткені—іс- әрекеттің мезгілін білдіріп тұр.
Қашан ? сұрағына жауап беріп тұр.
Көгершін ұшып келе жатып көлде қалықтар жүзген аққуларға кездеседі.Терекке жәрдем беруін сұрайды
- Мен бұл көлден алыс кете алмаймын.Сен оданда осы орманда үйсіз,күйсіз жүрген бір құс бар сол құсты тауып алда өтініп көр-дейді
-Балалар ,аққудың орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
69- жаттығу.Үстеу сөздерді тауып,мағыналарына қарай түрі екенін анықтап,кестеге орналастыру. .
ХІ. «Біріктіре білейік» ойыны
- Балалар сендерге ортақ сұрақ:
-Аққу бізге қандай құс жайлы айтты?Бұны білу үшін көбейту кестесін шешіп көрейік.
-Сонда бізде шыққан қай құс екен?
-Тоқылдақ
-Енді барлығыңа тапсырма: Осы ертегіге әр орталық ойласа отырып ат қою керек
ХІ.Сабақты қортындылау.
Семантикалық картаны толтыру
Сөздер
Мекен
Мезгіл
Сын -қимыл
Ертең
Жоғары
Ілгері
орманда
Төмен
Биыл
алда
Х. Үйге тапсырма: 71-жаттығу. «Биылғы қызық оқиғалар»,"Жазғы демалыс"