kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урока литературы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это разработка дана  по литературному чтению. На тему Абылай хан. Дети узнали мног информации о Абылай хане. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урока литературы»



Мұғалімнің аты-жөні: Мушекенова Самал Орынбасаровна

Еңбек өтілі: 7 жыл

Жұмыс орны: «А.С.Макаренко атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

Деңгейі: үшінші (базалық)



































Әдебиеттік оқу

Уақыты:26.11.2016ж

Кабинет: 26

Мұғалім:

Мушекенова С.О.

Сабақтың атауы

Ш.Уалиханов. «Абылай хан»

Сілтеме

Әдебиеттік оқу оқыту әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс, рефлексия жасау

Жалпы мақсаттар

1.Оқушылардың қазақ тарихында үлкен рөл атқарған мемлекет қайраткері, қол бастаған Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте түсіп, ерлік жолдары туралы түсінік беру. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіндіру.

2.Елі, халқы күрескен ұлы адамдар өмірін үлгі ету. Өткен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Тарихи әңгімені түсініп оқуға, тарихи деректерді тиімді пайдалан білуге, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.


Оқыту  нәтижесі

СТО технологиясының стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың ойын толық баяндай білуін, жазба түрде еркін жаза білуін, өз бетінше қорытынды жасап, ойын жүйелей білуге дағдыландыру, Абылай хан туралы білімдерін жетілдіре түсу.

Топқа бөлу

«Мұрагер», «Атамұра», «Шежіре»

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Оқушылар «Қазіргі көңіл күйін қалай?» деген сұраққа түрлі түсті қағаздарды таңдайды.

Ақ қағаз - жақсы, көңілдімін

Сары қағаз - орташа, бір нәрсені уайымдап отырмын.

Қызыл қағаз - онша емес, қорқып, жүрексініп отырмын

Көк қағаз - нашар, ашулымын, ренжіп отырмын.

Алдыңғы оқуды тексеру


1. Абай қайдан келді деп ойлайсың? Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді. Ол баласы Абайды қалай қарсы алды? Құнанбайдың әңгімедегі түр-түсінен, сөйлеген сөзінен қимыл-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма? Абайдың сыпайылығы, байқағыштығы қай әрекетінен көрінеді?

«Мұрагер»: Құнанбайға сипаттама бер.

«Атамұра»: Абайға мінездеме бер.

«Шежіре»: Олардан өзіңе қандай жақсы қасиет алдың?

Қызығушылықты ояту














































Мағынаны тану

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабағымызда Абылай туралы білетінімізді жинақтап, тұжырымдап, оның ерліктерімен танысамыз. Бүгінгі сабағымыз ізденіс сабағы. Себебі, әр топқа Абылай туралы материалдар жинақтау тапсырылған.

«Мұрагер» тобына Абылайдың өмірбаяны берілген.

Абылай хан – қазақ ордасының ханы. Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. Абылай хан (шын аты Әбілмансұр) (1711 – 1781) қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске ұйымдастырады. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болады.

Абылай хан – өктем әкім, айлакер дипломат, өте шешен, үлкен өнер иесі, арқалы күйші. Оның «Алабайрақ», «Ақ толқын», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шаңды жорық», және тағы басқа күйлері осы күнге дейін жеткен. Ресей патшасы, Қытай империясы, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандары Абылай хан тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. Он сегізінші ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығымен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды.

«Атамұра» тобына Абылайдың ерліктері тапсырылған.

Абылай қазақты біріктіруге, оны жаудан қорғауға барынша күш салды. Талай шайқастарда өзінің ерлігімен, тапқырлығымен жеңіс туын желбіретті.

1737 жылы Жоңғарлармен Қазақтар арасында үлкен шайқас болды. шайқас бірнеше күнге созылды, кезек жекпе - жекке берілді. Жоңғар батыры мен шайқасқа түскен Әбілмансұр жауға қарай «Абылайлап» шабады. Жекпе - жек Жоңғар батырының басын алумен аяқталады.

1771 жылы Абылайды қазақ халқы ақ киізге көтеріп, хан сайлайды. Абылай хан болғаннан кейін, бүкіл үш жүздің басын қосып, біріккен күшті қазақ хандығын құрады.

«Шежіре» тобына «Абылай мәңгі ел есінде» тақырыбында материалдар жинайды.

«Атамұра» баспасы қазақ халқының бір туар перзенті, ұлы ханы Абылай ханның бейнесі қай жерде, мәйіті қалай сақталғаны жайында «Абылай хан» атты тарихи зерттеу еңбегін шығарды.

Мүсінші Мәжит Айтбаев алғашқылардың бірі болып, Абылай ханның портретін салды.

Алматы қаласында Абылай ханның туғанына 280 жыл толуына байланысты ескерткіш ашты.

Қазақ кино студиясы шетелдік әріптестерімен бірге отырып «Көшпенділер» фильмін түсірді.

Міне балалар үш топта өздеріне берілген тапсырмаларды толығымен орындап, біздерді Абылай хан туралы қосмыша деректермен таныстырды.

Енді сабағымызды ары қарай жалғастырайық. Бүгінгі сабағымызда біз сендермен Шоқан Уәлихановтың «Абылай хан» атты мәтінімен танысамыз. Алдымен Шоқан Уәлихановтың өмірбаянына тоқталып өтейік.

  • Шоқан Уәлиханов 1835 жылы дүниеге келді.

  • Туған жер Қостанай облысы, Құс мұрын өңірі

  • Әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған.

  • Омбы кадет корпусында оқыған.

  • Қазақтың ұлі ғалымы, саяхатшы.

  • 1865 жылы дүниеден қайтты.

  • Талдықорған өңірі «Алтын емел» баурайында жерленген

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығуоңай-ақ.


Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс


























Диалогқа түсіп, сұрақтарға жауап беру

Топқа бөлініп , пікір таластырады.

«Алтын қақпа» ойыны

Шарты: тас, күміс, алтын қақпаның артындағы сандықта құпия бар, біздер осы 3 қақпаның артындағы құпияны ашуымыз керек. Ол үшін әр қақпаның тапсырмасы берілген.

а) мәтінді оқу.(іштей, жұппен, топпен талқылау)

ә) дәптермен жұмыс

«Тас» қақпасының тапсырмасы

«Мұрагер» тобына - мәтіннен 18 ғасырдағы қазақ елінің өмірін суреттейтін бөлікті табу.

«Атамұра» тобына - Абылайдың ерлігін суреттейтін тұсты тауып оқу.

«Шежіре» тобына - Абылайдың көршілес елдермен жасаған қарым - қатынасы туралы жазылған тұсты тауып оқы.

«Күміс» қақпасының тапсырмасы. Дәптермен жұмыс

Мәтін бойынша «Инсерт» кестесін құру.

Білемін

Мен үшін жаңа

Білгім келеді

Әбілмансұр

Сабалақ

Абылай хан

Ержүрек, сарбаз, басшы, қолбасшы, әділ хан

Абылай хан ұрпақтары жөнінде

1 топ: Абылай ханға мінездеме

2 топ: Қазақ елінің халін суреттейтін сөз тіркесін жазу

3 топ: Қалден - Серенннің қазақ даласын жаулап алудағы мақсаты не?

«Алтын қақпа» тапсырмасы.

а) мәтін бойынша сұрақтарға жауап .

- Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады?

- Халық неден қатты қиналды?

- 1730ж. шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім?

- Абылайдың денесі қай жерде жерленді?

- Абылай өсиетінде кіммен байланысты үзбеу керек деді?

«Абылай» сөзжұмбақ шешу. (Қалмақ, Башқұрт, аштық, Қалдан Серен, Йасауи, Ресей.)

Талдау. Сандықтағы құпия сөзді оқу.

Даналық сөз. (Қазыбек би)

  • Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Елімізден құт - береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп

Найзағайға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм - тұзды ақтай білген елміз.

Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.

Үй тапсырмасы

«Абылай хан» оқу, мазмұндау. «Инсерт» кестесіндегі «Білгім келеді» бағанасын толтыру.


 Бағалау

Формативті бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек

Өзін - өзі бағалау

Кері байланыс

 






































































































Сабаққа рефлексия



  1. Сабақтың мақсаты және өтілуі:

Оқушылардың есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сауатты жазып, оқу дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.


  1. Күтілетін нәтиже:


Есімдік туралы біледі, оның ерекшелігін ұғынады.

Ойын еркін жеткізуге және сөйлеу дағдылары дамиды.

Топпен жұмыс істеуді үйренеді.


  1. Нәтиже:


  • Оқушылар топта жұмыс істеді


  • Бағалау крийттерилері жүзеге асып, өзін - өзі бағалады.


  • Әдіс - тәсілдер және стратегиялар сабақ жоспары жүзеге асты.

  1. Нәтиже бермеді:


  • Уақыттың тапшылығы


  • Жеке оқушымен жұмыс істеу іске аспады


Әдіс - тәсілдерді дұрыс қолдана отырып, уақытты үнемдеуге жұмыс жүргізу.


  1. Жоспардың жүзеге асуына жоспар:


  • Көшбасшылық құру жұмысы


  • Үлгерімі төмен оқушылармен жеке және топпен жұмыс істеуде стратегияларды тиімді пайдалану, уақытты үнемдеу.


  • Әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Урока литературы

Автор: Мушекенова Самал Орынбасаровна

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389503

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(199) "Методическая разработка урока литературы. Русская природа в поэзии А. С. Пушкина. (урок литературы в 6 классе) "
    ["seo_title"] => string(113) "mietodichieskaia-razrabotka-uroka-litieratury-russkaia-priroda-v-poezii-a-s-pushkina-urok-litieratury-v-6-klassie"
    ["file_id"] => string(6) "137366"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417343279"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Межпредметная интеграциия на уроках литературы"
    ["seo_title"] => string(57) "miezhpriedmietnaia-intieghratsiiia-na-urokakh-litieratury"
    ["file_id"] => string(6) "259789"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448820411"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(163) "Урок литературы  «Добро и Зло в трагедиях К.В.Иванова «Раб дьявола» и В.Шекспира «Макбет» "
    ["seo_title"] => string(92) "urok-litieratury-dobro-i-zlo-v-traghiediiakh-k-v-ivanova-rab-d-iavola-i-v-shiekspira-makbiet"
    ["file_id"] => string(6) "237240"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444249572"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "Использование информационно-коммуникационных технологий на уроках литературы "
    ["seo_title"] => string(85) "ispol-zovaniie-informatsionno-kommunikatsionnykh-tiekhnologhii-na-urokakh-litieratury"
    ["file_id"] => string(6) "126234"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415127509"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(215) "Урок литературы в 7 классе по теме  «Долюшка женская» в стихах Н.А.Некрасова. «В полном разгаре страда деревенская …». "
    ["seo_title"] => string(127) "urok-litieratury-v-7-klassie-po-tiemie-doliushka-zhienskaia-v-stikhakh-n-a-niekrasova-v-polnom-razgharie-strada-dierievienskaia"
    ["file_id"] => string(6) "146730"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1419250688"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства