Адам өміріндегі барлық жақсылық атауы барлық уақытта өзіңе байланысты.
Өзіңді тану – Алтынбек
Жақсы болу – өзіңнен
Жаман болу – өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен , өзіңнен
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын ?-деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын ?-деп ойла .
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар,
«Өзіңді тану пайдасы»
Мұғалім: Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» деген мақал бар .
Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім – қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы – жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Сені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең .
Ең алдымен соларды сыйла .
Әке – асқар тау,
Ана – аққан бұлақ ,
Бала – бауырындағы құрақ.
Менде сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата- анаға көмекші, адамдарға мейрімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін. Бүгін, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» топтық сайысын өткіземіз, әділ қазыларымызды сайлап алайық.
I – топ: Әдептілер
II- топ: Ізеттілер
III– топ: Кішіпейілдер
1 – тур: Мәнерлеп оқу
2 – тур: Мақал - мәтелдер сайысы
3 – тур: Пікір сайысы ( жағдаятты тапсырма )
4 – тур: Капитандар жарысы
1 – тур: Мәнерлеп оқу
1 –оқушы:Ж . Смақов: Апаның тілін алса егер
2-оқушы: М: Мақатаев: Қарттарды сүйем
3-оқушы: Ф . Оңғарсынова Жылулық
ІІ – тур: Мақал – мәтелдер сайысы. Балалар мақал –мәтел айту барысында ,бірінің айтқан мақал-мәтелін, екінші оқушы қайталамау керек .
Би. Қамажай .
Адамдар арасында әдепті сыйласым болуы керек . Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен , көзінен өзінен байқалады . Яғни иманжүзді ,әдепті адам күндей күлімдеп , жарық дүниедей жадырап сөйлейді . Үлкендерді қалай құрметтеу керек . ( оқушылар жауаптары )
Автобуста ( сахналық көрініс )
Автобуста тоқтайтын аядама келдік. Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды .
Екі есігі бірден ашылды . Адам да көп . Бірі мінсе ,бірі түсіп жатты. Алдыңғы есіктен апам екеуіміз ішке кірдік.–Мұнда отырыңыз,-менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.–Рахмет, балалар,-деді анам отырып жатып.-Апа, рақметті не үшін айттыңыз? Кішіпейілдігі үшін. Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған рақмет айтатын болады. Сәлден кейін базарға жеттік.
ІІІ – тур: 1.Пікір сайысы жағдаятты тапсырма
Топтық төбелес болып жатыр, ағасы інісін байқап қалып ( оны қатты соққан): - Әй, мұрынбоқтар жаппай менің ініме тиіскенді көрсетейін ... Мә ,саған , пәле ... деп бір–соққыға екеуін жықты. Сосын інісіне жүр үйге, жуынайық былай-былай тұмсықтан дұрыстап ұрмайсыңба? –дейді .
Осы әңгімеде жөнінде сіз аға ретінде өзіңізді қалай ұстар едіңіз? Пікірлеріңіз ....
2.жағдаятты тапсырма
Екі бала кездесті. Бір бала біреуіне күш көрсетіп , «екінші рет айтылған ақшаны әкелмесең мен саған көрсетемін» -дейді оның үстіне ағасы келіп қалды.
- Не үшін ? –деді
- Біз анада күш сынастық ол жеңіліп қалды, енді 200 теңге ақша әкелуі керек, -деді
Ағасы :
Ол дұрыс екен жеңілдің бе , төле онда! Бар бар жалтырат табаныңды,- деді де
құйрықтан бір теуіп жіберді .
Осы ситуация жөнінде Сіз ағасы болсаңыз не істер едіңіз ? Пікірлеріңіз .....
3. жағдаятты тапсырма
4 –сыныпта оқитын бала бір қыз баланың сумкасын лақтырып, өзін жылатып қойды . Қыз бала ұрған баланың ағасын көріп: «Сәкен аға, Сәкен аға тоқтатыңызшы анау
Маратты, сіздің ініңіз мені мазақтап кетші» деп едім, мені ұрды .. Қой деп айтыңызшы!
Сәкен ( ағасы )
Не, мазақтаса, сенде мазақта, не ұрса, көзің шығып, қолың сындыма ? Сонша айқайлап не бар, баршы өзің жабысқақ пәлесің ғой .
Осы ситуация жөнінде Сіз не айтар едіңіз ? Пікірлеріңіз ....
Би: Әке толғау
5. тур Капитандар жарысы ( Мағынасын сипаттау) Бейтаныс адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді . Шариғатта « Сәлемдесуді тілмен айту –парыз » дейді . Ендеше мақал-мәтел мағынасын сипаттауға берейік .
1. Сәлем беру де-парыз,Сәлем алу да–парыз,
2 . Әдепті елдің баласы Алыстан сәлем береді
3. Ата -асқар тау, Ана–бауырындағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ
Қорытынды: Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.С. Көбевтің «Атасы мен немересі» әңгімесі (Сахналық қойылым)
Ата қартайып, күші кеміді: нашар көретін , нашар еститін болды,ішкен тамағын алдына төгетін болды . Не үшін десеңіз, оның аяқ – қолы кәріліктен қалтыраушы еді . Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады . Олар шалға алдына жаман дастархан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып , бөлек беретін болды . Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды . Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп : «Шырағым, не ғып жатырсың? » -дейді .
Сонда баласы: «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам ұқсап қартайғанда,
сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»,- дейді . Бұл сөзді естіп, шалдың
баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды .
Автор: -Ақсұңқар Ата –Расул Әкесі – Нұрлан Келіні – Қарақат Немересі :- Нұрасыл