kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Үлкенге құрмет - кішіге ізет" тақырыбындағы 9 сыныпқа арналған тәрбие сағатын жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»

Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.

Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту;

Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал-мәтел, суреттер.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар сіздерді бүгінгі

«Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер демекпін.

Бүгінгі өткелі тұрған  тәрбие сағатымызды топтық сайыс түрінде өткіземіз.

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан-дей отыра ортаға оқушыларымызды шақырамыз.

 Кәне, балалар бәріміз бір - бірімізге жақсы тілек тілеп бастайық!  (Жүректен-жүрекке)
1. Әдепті бол!
2. Мейірімді бол!
3. Кішіпейіл бол!
4. Қамқоршы бол!
5. Тәртіпті бол!
6. Инабатты бол!
7. Қайырымды бол!

Барлығы: Біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды ұрпақтармыз!

Мұғалім: Топқа бөлу: Тақырып бойынша (сөйлем құрау)

І топ: Үлкенге құрмет көрсетушілер
ІІ топ: Кішіге ізет көрсетушілер

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз 6 кезеңнен тұрады:

1. Екі топқа талдау
2. Мақал - мәтелдер сайысы
3.Тыйым сөздер сайысы
4. Ойын «Саяхатқа шығу»
5. «Құпия хаттарға» жауап беру
6. Қорытынды.

1. Екі топқа талдау

Мұғалім: Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?

Бейне баян  (Әлеуметтік баян)

Бірінші топқа үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесің?

Екі топқа кішіге ізет дегенді қалай түсінесің?  

(Екі топқа плакат, фламастерлер, стикерлер, әуен жіберу)

І: Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек бұл адамгершілік борыш.

ІІ: Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.

2. Мақал - мәтелдер сайысы
Кішіпейілділік, сыпайыгершілікке байланысты мақалдар айту.  Кішіпейілділік дегеніміз — өзімшілдік пен менмендіктің болмауы. Кішіпейіл адам басқаларды өзінен төмен санамайды. 

1. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

2. Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.

3. Кішіпейілдің абыройы асады,

Тәкәппардың құты қашады

4..кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал.


 

3. Тыйым сөздер сайысы
Мұғалім: Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің белгісі екенін білеміз, осындай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

- Ата-анаңа қарсы келме.
- Үлкеннен бұрын сөйлеме.
- Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
- Жаман әдетті үйренбе.
- Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.

4. Ойын «Саяхатқа шығу» 

Мұғалім: «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет»  көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде 4 үлкен қала бар:
1. Үлкен,       2. Құрмет,     3. Кіші,     4. Ізет

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды?  Ұнаған қала аты жазылған  қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.

4. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

5. «Құпия хаттарға» жауап беру 

Хаттардың мазмұны:

1 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
 

2 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді.  Мен не істеуім керек?

Қонақтарға сөз кезегін береміз.                                                             

Қорытынды:
Мұғалім: Адам бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау-жастарымыз үшін бұлжымас заң.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Үлкенге құрмет - кішіге ізет" тақырыбындағы 9 сыныпқа арналған тәрбие сағатын жоспары»

«Қожанов атындағы ЖОМ»
Пән мұғалімі:
Абсеметова Ақгүл Сейілбекқызы

Тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»

Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.

Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту;

Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал-мәтел, суреттер.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар сіздерді бүгінгі

«Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер демекпін.

Бүгінгі өткелі тұрған  тәрбие сағатымызды топтық сайыс түрінде өткіземіз.

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан-дей отыра ортаға оқушыларымызды шақырамыз.

 Кәне, балалар бәріміз бір - бірімізге жақсы тілек тілеп бастайық!  (Жүректен-жүрекке)
1. Әдепті бол!
2. Мейірімді бол!
3. Кішіпейіл бол!
4. Қамқоршы бол!
5. Тәртіпті бол!
6. Инабатты бол!
7. Қайырымды бол!

Барлығы: Біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды ұрпақтармыз!

Мұғалім: Топқа бөлу: Тақырып бойынша (сөйлем құрау)

І топ: Үлкенге құрмет көрсетушілер
ІІ топ: Кішіге ізет көрсетушілер

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз 6 кезеңнен тұрады:

1. Екі топқа талдау
2. Мақал - мәтелдер сайысы
3.Тыйым сөздер сайысы
4. Ойын «Саяхатқа шығу»
5. «Құпия хаттарға» жауап беру
6. Қорытынды.

1. Екі топқа талдау

Мұғалім: Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?

Бейне баян  (Әлеуметтік баян)

Бірінші топқа үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесің?

Екі топқа кішіге ізет дегенді қалай түсінесің?  

(Екі топқа плакат, фламастерлер, стикерлер, әуен жіберу)

І: Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек бұл адамгершілік борыш.

ІІ: Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.

2. Мақал - мәтелдер сайысы
Кішіпейілділік, сыпайыгершілікке байланысты мақалдар айту.  Кішіпейілділік дегеніміз — өзімшілдік пен менмендіктің болмауы. Кішіпейіл адам басқаларды өзінен төмен санамайды. 

1. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

2. Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.

3. Кішіпейілдің абыройы асады,

Тәкәппардың құты қашады

4. ...кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал.




3. Тыйым сөздер сайысы
Мұғалім: Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің белгісі екенін білеміз, осындай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

- Ата-анаңа қарсы келме.
- Үлкеннен бұрын сөйлеме.
- Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
- Жаман әдетті үйренбе.
- Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.

4. Ойын «Саяхатқа шығу» 

Мұғалім: «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет»  көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде 4 үлкен қала бар:
1. Үлкен,       2. Құрмет,     3. Кіші,     4. Ізет

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды?  Ұнаған қала аты жазылған  қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.

4. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

5. «Құпия хаттарға» жауап беру 

Хаттардың мазмұны:

1 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
 

2 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді.  Мен не істеуім керек?

Қонақтарға сөз кезегін береміз.                                                             

Қорытынды:
Мұғалім: Адам бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау-жастарымыз үшін бұлжымас заң.







Сабақ тақырыбы: Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: – үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
– сыйластықты қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
– үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:дәптер, оқулық, себет, гүлдер, үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін
өте қуаныштымын.Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір – бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.
– Рахмет! Балалар, жаңа бір – бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлем
десу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай – ақ та жымиып бас ию – адамға деген
құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет
үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдеп
тілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін.
Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.
Ендеше , қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге және сабағымызға
қатысып отырған апайларға жақсылық , жарасымды көңіл күй тілей отырып
ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.
Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.
Аспанымыз ашық болсын!
Өміріміз күлкіге толсын!
Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Әр күніміз жарық болсын!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Көк туымыз биікте желбіресін!
Бір – бірімізге мейірімді болайық!
Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!
. Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.
Сабақ тақырыбын хабарлап, дәптерлеріне жаздыру.
Әңгімелесу
• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым – қатынас
жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс
Әңгімені оқып, талдау арқылы адамның әр ісінде, жүріс – тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындыру.
Үш дос М.Төрежанов
• Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
• Бір – бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Ойын – жаттығу. «Құрмет – ізет»
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар
ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса – «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса – «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет,
отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай
ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
Ойын – жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау
– Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондық –
тан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.
Рахмет!Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын.Енді, оқулығымызда берілген жаңа ақпаратпен танысайық.
Жаңа ақпарат
Адамдар бір – бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым – қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бір – бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.
Жаңа ақпаратты дәптерлеріне жаздыру.
Сергіту сәті.Тапсырма
Бүгінгі сабағымызда айтылған ой – пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау
үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
1 топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.
2 топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.Жариялау.
Жүректен – жүрекке.Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Құрметтеп ата – анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі – ініме,
Сыйлымын үлкен – кішіге.Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау – кішілік,
Үлгілі мінез – кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Үлкенге құрмет - кішіге ізет" тақырыбындағы 9 сыныпқа арналған тәрбие сағатын жоспары

Автор: Тажибаева Жанат Умирзаковна

Дата: 19.02.2018

Номер свидетельства: 458402


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства