kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Үлкенге - құрмет,кішіге - ізет"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, 
- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: интер тақта, плакаттар,дәйек сөз,  себет, гүлдер, үлкен және кіші ағаш, ақ қағаздар, алма,жеміс-жидек,көбелек,гүл,балық суреттері.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң,Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

Самал жел бізді тербетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

Мұғалім: Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім-қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы –жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді.

Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау- жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын.

Мен де сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата-анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін.

- Ендеше, қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге жақсылық, жарасымды көңіл күй тілей отырып ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.
Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.

ІІ.Топқа бөлу.

Мұғалім оқушыларға гүл, балық, жеміс суретін көрсетеді.Қысқаша талқылайды.Үстел үстіне гүлдер,балықтар,жемістер суретін қояды.Оқушылар өздері қалаған суреттің біреуін алады.Мұғалім үш түрлі сурет арқылы оқушыларды үш топқа бөледі.Оқушылар өз топтарына жайғасқаннан кейін, мұғалім топ атауларымен таныстырады.

Ітоп. «Құрмет»

ІІтоп. «Ізет»

ІІІтоп. «Сыйластық»

Мұғалім үш топқа тапсырма беріп көшбасшы сайлайды.

Ітоп: Сөздерді сөз таптарына топтап айт.Күнделік,құрт,мөлдір,мың,алтыншы,жиналды,жаман,екі,шаңқылдайды.

ІІтоп:Мысалды шығар. 48+5*1

ІІІтоп: Логикалық сұрақ. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

Әр топтан кім бірінші жауап берсе сол көшбасшы атанады.

ІІІ.Тыныштық сәті.

«СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

ІV.Жаңа сабақ.

Миға шабуыл.

Мұғалім:

-Балалар, «Үлкенге – құрмет,кішіге – ізет» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

-Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

-Достарыңның арасында қандай сыйластық бар?

-«Өзгеге жасаған құрметің,

Өзіңе жасаған ізетің» деген дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Балалар сұрақтарға жауап береді.Мұғалім суреттер көрсетіп,балаларға сұрақ қойып,жақсы-жаман қасиеттерді ажыратады.

Мұғалім оқушыларға видеоролик көрсетіп,талқылайды.

V.Шығармашылық жұмыс.

І «Құрмет» тобы: Өлең құрастыру.

ІІ. «Ізет» тобы: Адамның бойындағы жақсы қасиеттерді жазу.

ІІІ. «Сыйластық» тобы: Адамның бойындағы жаман қасиеттерді жазу.

VI. Тыныштық сәті.

VII.Суретпен жұмыс.

Мұғалім:

-Суретке қарап кімді не үшін сыйлау кеек екенін айтып бер.

Балалар өз жауаптарын айтады.

Мұғалім:

-Жарайсыңдар,балалар!Енді мен сендерге мына өлең жолдарын оқып бергім келіп отыр.

Құрметтеп ата - анамды, 
Ардақтап әпке, ағамды, 
Қамқор боп сіңлі - ініме, 
Сыйлымын үлкен - кішіге.

Бәрін де жақсы көремін, 
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік, 
Үлгілі мінез - кісілік.- дей келе,ата-анамызды,бауырларымызды, ұстазымызды,достарымызды,барлығын сыйлауымыз керек.

Мұғалім балаларға видеоролик көрсетіп,талқылайды.

VIII. «Құрмет, ізет» ойыны.

Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар
ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтары таратылып беріледі.Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай
ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау
- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.
Рахмет!Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар.

ІХ. Жаңа ақпарат
Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.

Тапсырма
Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.
«Менің айтар ақылым»
Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі), ініңе арнап ақыл хат жаз.
 «Менің тыңдар ақылым»
Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.

Х. Ойын: «Біз де».Ойынның шартын түсіндіремін.
Мен қазір қайырымдылықты білдіретін және оған керісінше әрекеттерді атаймын. Қайырымдылықты білдіретін әрекеттер айтылғанда балалар «біз де» деп жауап бересіңдер. Ал қайырымдылықты білдірмейтін әрекеттер айтылғанда, үндемей қалады, ал ондай жағдайда «біз де» деп айтқан болса айып төлейді. Айыпқа тақпақ, не жұмбақ айтады.
Ал бастаймыз.
- Жолда өте алмай жатқан қарияны сүйеп өткіздім.
- Біз де
- Сырқат әжейге дәрі бердім.
- Біз де
- Жылап тұрған баланы жұбатпадым
-?
- Қиналып тұрған жолаушының сөмкесін көтерістім.
- Біз де
- Мен інімді ренжіттім
-?
- Көрші атаға күнде азық - түлік әкеліп тұрамын
- Біз де
- Атамның сөзін тыңдамадым
-?

Психологиялық тазару.

- Балалар, қазір мен сендерге қағаз беремін. Сол қағазда өздеріңнің жаман қасиеттеріңді жазасыңдар, жазып болған соң мына қоқыс жәшікке лақтырып тастаймыз. Кәне, бойымыз жеңілдеп, жаман қасиеттен арылғандай болдық па?
Жүректен жүрекке
- Балалар, менің қолымдағы ненің суреті?
- Әрқайсысымыздың осындай жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамның жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. Қане, жүрегімізді қандай екенін көрейікші.
- Балалар, біз қуансақ, біздің жүрегіміз де күлімдеп тұрады екен, ал ренжісек, жүрегіміз де жабырқап қалады. Бізді біреу ренжітсе, өздерің біреуді ренжітсеңдер жүректерің де ренжиді екен. Ал біреу бізге жақсылық жасаса, біреуге біз жақсылық жасасақ, біздің жүрегіміз қуанышқа бөленеді. Сондықтан әрқашан жақсылық жасайық, бір - бірімізді ренжітпейік

ХІ. Қорытынды.

Мұғалім: Адам бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау-жастарымыз үшін бұлжымас заң.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Үлкенге - құрмет,кішіге - ізет"

Автор: Бердимуратова Каламкас Базарбаевна

Дата: 28.12.2017

Номер свидетельства: 447147

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "О, адамдар ?адірлей біл ананы "
    ["seo_title"] => string(30) "o-adamdar-k-adirliei-bil-anany"
    ["file_id"] => string(6) "169007"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423329196"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Мектебім-мені? мерейім " ма?ала"
    ["seo_title"] => string(31) "miektiebimmieninmierieiimmakala"
    ["file_id"] => string(6) "289091"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454738820"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства