Жаңаны ашу. (Ө.)Жаңаны ашу үшін балалар тәжірибелік жұмыс орындайды. Ол қалай аталады? (Дөңгелек) – Дөңгелекті екіге бүктеңіз. – Ашыңыз. – Қанша бірдей бөлік болды? (2) – Сонымен, біз дөңгелекті тең екіге бөлдік, яғни тең екі бөлікке. Балаларға дөңгелекті тағы да ортасынан бүктеуге тура келеді. Сосын оны ашу керек. –Неше бөлік шықты? Бөлігі қалай аталады: (ширек). Тағы бүктеуге бола ма? – Неше бөлік болды? Сегіздің бір бөлігі – сегізден бір бөлік. "Отшашу" арқылы бағалау Бөлшектердің атауларын уақыт өлшеген кезде де пайдаланады. (Ұ.)Оқулықтағы №1 тапсырмадағы сағаттың макетін қараңыздар. Циферблат неше бөлікке бөлінген? Үлестердің атауларын сағат бөліктерімен де атайтын кездері болады.Математикада үлестерді жазуға болады. (Ұ.)№2 тапсырмадағы сағаттың уақытын қараңыздар. "Бармақпен" бағалау Сергіту сәті."Австралия жаңбыры": 1-саусақтарды жай сытырлату арқылы жаңбырдың басталу тырсылын дыбысын келтіреді; 2-сол қолдың алақанын ашып оң қолдың екі саусағымен алақанды соғу; 3-сол алақанды оң қолдың төрт саусағымен соғу; 4- жылдам екпінмен шапалақтау; 5- екі қолымен екі санын соғу; 6-екі аяқты кезектестіріп соғу; Осы жаттығуларды кері ретпен қайта жасайды. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. (Ж.) №3 тапсырманы қарау, бөлшектердің жазылуына баса назар аудару. Балалар фигураның қай бөлігі боялғанын айтып, жұппен жұмыс жасайды. Жұпта бағалау Өздік жұмыс. Оқушылар №3 (ә) тапсырманы орындайды. Жұпта бағалау |