Просмотр содержимого документа
«Түбір мен қосымша»
Л.Ө. Шарипова
№ 3 Красный Яр көпсалалы
орта мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша.
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға түбір мен қосымша туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; сөз құрамына талдай білуге үйрету; сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуге дағдыландыру. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
- Оқушылардың теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
- Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілік негіздеріне тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: танымдық ойлау әдістері, сұрақ-жауап, талдау, топтастыру,
рефлексия, тірек сызба, СТО технологиясы, тест әдістері,
дамыта оқыту, шығармашылық әдісі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, мазмұнды суреттер, слайд, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, балалар
Қане, дөңгеленіп, түзеліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп түзу боп тұрайық.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса, бәріміз бірге қонақтармен сәлемдесейік.
Хормен: Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
Балалар, сабағымызды сұрақ-жауап арқылы тәлім сәтінен бастайық.
Әрбір адам? – Туыс, дос, жұрағат.
Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Балалар, назарларыңызды маған аударып, бірлесе отырып тақтаға қарайық.
Ертеде бір бұлбұлдың ерке балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол :
Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсың?
Неге алып құстардай ірі болмайсыңдар?
Неге бостан-босқа сайрайсыңдар?-деп ата-анасының мазасын алады. Оны естіген ата бұлбұл:
-Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қарға, тыраулап тырна, бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, -деп өсиет айтады.
Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді.
Ерке бұлбұл ұшып келе жатып айдын көлде жүзген сұлу аққуларды көреді. Әрі қарай не болғанын білу үшін мына тапсырмаларды орындау керек.
ІY. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылырға 4-жаттығудағы жақша ішіндегі сөздерді өзгертіп жазғандарын оқыту. жазғандарын оқыту.
Бір кезде сұңқылдақ аққу керней үнімен ұран салғандай сұңқылдайды. Ал, сыбырлақ аққу естілер-естілмес дыбыс шығарып сыбырлайды. Олардың үні бұлбұлды баурай алмайды. Кішкекнтай бұлбұл әрі қарай ұша жөнеледі.
Ұшып келе жатып ол бүркітті кездестіреді. Ірі денелі алып құсқа қызығып, біраз сыртынан бақылайды.
Өткен сабақты қайталау.
Балалар, өткен сабақта біз сендермен сөз және оның құрамы жайында танысқан болатынбыз. Олай болса, сендер екі топқа бөлініп отырсыңдар. «Біз сендерге, сендер бізге» деп сұраққа жауап ала отырып, өткен тақырыпты топтастырып, жинақтайық. Ендеше 1-ші топтан бастайық.
Сөз дегеніміз не?
Сөз неден құралады?
Сөздерден не құралады?
Сөздерге бөліктерді қосудың қажеттілігі қанша?
Сызба арқылы өткен сабақты бекіту.
Ережелерін айтады.
«Не қажет?» ойынын ойнау.
Екі топқа қосымшалары қалдырылып кеткен карточкалар үлестіріледі. Бөлшектерін тауып, әрі тез, дұрыс жазған топ оқушылары ұтқан болып табылады.
Сөйтіп, бүркіт қанаттарын қомдап тау жаңғырта шаңқылдағанда бұлбұлдың үрейі ұшады. Сөйтіп, бұлбұл ұша жөнеледі. Ұшып келе жатып бұлбұл әуеден тамылжытып салған бозторғайдың шырылың естейді. Дала бозторғайы мен айдарлы бозторғайдың үндері ұқсас екен.
YI. Мағынаны тану.
Жаңа сабақ
Заттық суреттермен жұмыс.
Суреттегі заттардың атауын атайық.
Бұлар қалай аталады? Олай болса, жоғары суреттегі сөздердің алғашқы дыбыстарын 1-ші топ, төменгі суреттегі сөздердің алғашқы дыбыстарын 2-ші топ қосып оқығанда бүгінгі өтетін жаңа сабақтың атын өздерің шығарып аласыңдар.
Олай болса, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыздың аты түбір мен қосымша.
Түйе сөзіне талдау жасата отырып жаңа сабақтың мазмұны мен мақсаты ашылады.
Сөйтіп бұлбұл бозторғайлардан ән айтуды үйренгісі келеді. Бірақ бозторғай оны ұясына кіргізбейді.
Сөйтіп ұша жөнелген бұлбұл құстар табиғатымен жақынырақ танысу үшін орманның ішіне кіреді. Шырша ағашында шырылдап бұтақтан – бұтаққа секіріп жүрген қайшыауыз құсы бұлбұлдың көзіне бірден түседі.
YII. Тірек- сызбамен жұмыс.
Сонымен , балалар , түбір мен қосымша туралы алған білімдерімізді жинақтап сызбаға түсірейік.
Түбір мен қосымшаның ережесін шығарып алу.
Бұлбұл құстың ауызына таңдана қарап, әрі қарай ұшып кетеді. Ұшып келе жатып көкекке кез болады.
YIII. Оқулықпен жұмыс.
Дәптерлеріне бүгінгі күннің жадын жазғызу.
Қол жаттықтыру жұмысы. Көркем жазу жұмысы.
1-топ. 1-жаттығудағы мақалды тақтаға жазу.
2- топ. 3- жаттығудағы тапсырманы өз орындарында орындайды. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, мақалдарды көшіріп жазу.
Ауызша тапсырма.
3-жаттығудағы тапсырманы
«Көкеек» деп өз атын өзі шақыратын көкек құсы жұмыртқасын басқа ұяға салады екен. Табылғанын таңдамай жеп «тамақсау» құс атанған. Бұлбұл көкекпен достасуды қаламай өз жөнімен кетеді.
Ерке бұлбұл ұшып келе жатып ең ірі құсты кездестіреді. Бұл қауырсындары өте әдемі түйеқұс еді. Бұлбұл жүйрік құстың жолын бөгемей ұшып кетеді.
Ерке бұлбұл ұшып бара жатқан тырналардың тізбегіне жолығады. Ұзақ ұшып шаршаған бұлбұл бой сергітіп, дем алуды қалайды.
IX. Сергіту сәті. Суретпен жұмыс.
Тыраулап ұшқан тырналардың басшысы болады екен. Топталып ұшып, қосыла салған әндері өте әсерлі. Бірақ бұлбұл оларға ілесе алмады.
Көп жерлерді аралап ұшып келе жатқан бұлбұл қарлығаштарға кездесті.
X. Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей. Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып сөйлем құрастырып жазу.
Дүкен, бар, Айгүл.
Жылы, құс, ұш, жақ.
2-деңгей. Мақалды жатқа жазу. Қарамен жазылған сөздердің түбірін белгілеу.
3.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі қалай аталады?
А қосымша Ә сөйлем Б түбір
4.Түбірге жалғанған бөлшек қалай аталады?
А Сөз
Ә Қосымша
Б буын
Мен көп тіл білемін, бірақ керемет әнші емеспін-дейді тотықұс. Содан соң энциклопедиясын ашып бұлбұлдан асқан әнші жоқ екенін айтады.
Кішкентай бұлбұл әбден қалжырап шаршайды. Әсем дауысты құсты қайдан іздерін білмей қиналып отырғанда «қия-қия-қия» деп қасына қаршыға келеді. Қарт қаршыға балапанға әсем дауыстықұстың бұлбұл екенін, өзінің де осы құсқа жататынын айтып түсіндіреді. Бұлбұлдың балапанын ұясына дейін шығарып салады.
Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады. Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып.
Туған жерім – қымбат мекен,
Өскен ұям ыстық екен.
Бұлбұл үні- өз тіліме,
Ешбір әуен жетпейді екен,- деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін барлық құстар қызыға тыңдайды. Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге танылады.