kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Топырақтың түрлері және оны қорғау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Табиғатта небәрі екі сантиметр топырақ қабаты түзілу үшін жүз жылдан артық уақыт кетеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Топырақтың түрлері және оны қорғау.»

Сабақтың тақырыбы:Топырақтың түрлері. Топырақты қорғау

Мерзімі:

Сабақтын мақсаттары мен міндеттеі.

1. Білімділік: оқушыларға топырақтың түрлері туралы түсінік беру,

2.Дамытушылық: жерде қандай топырақ түрлерінің кездесетінін, олардың шаруашылыққа маңызын айту,

3.Тәрбиелік: топырақ бөлімі бойынша алған білімдерін тиянақтау,шығармашылықпен жұмыс жүргізу, өз елін, жерін, табиғатын аялай білуге, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, таратпа материалдар, тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақтың әдіс тәсілі: Әңгіме, сұрақ - жауап, көрнекілік.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

А) амандасу.

Б) түгендеу.

II.Негізгі кезең

А) мазмұндау.

Б) сұрақ - жауап.

В) таратпа карточкамен жұмыс.

2. Жаңа білімдерді беру.

А) кіріспе әңгіме.

Б) түсіндірме әңгіме.

В) көрнекілікпен жұмыс, оқулықпен жұмыс.

Г)жаңа сабақты бекіту

Дәптермен жұмыс, сұрақ жауап

III. Қортындылау кезеңі.

А) үйге тапсырма беру.

Б) бағалау.

Сабақ барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

II.Негізгі кезең

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардан үйге берілген тақырыпты сұрау.

Мазмұндау 5-6 бала

Жаңа сабақтың 108 – 111 , беттері.

Топырақтың түрлері. Топырақты қорғау.

Табиғаттағы тау жыныстарының да біртіндеп ұсақталатынын білесіңдер. Оларға тірі тіршіліктің араласуы арқылы өсімдік, жәндік, микробтар топырақ пайда болады. Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі де түрліше болады. Неғұрлым қарашірік көбірек болса, соғұрлым топырақтың түсі қоңырқай тарта береді және оның құнарлығына да арта түседі. Қарашірік бәрінен де қара топырақта көп болады. Топыраққа егілген дәнді дақылдар мол өнім береді. Қара топырақ біздің республикамыздың солтүстік өңірін алып жатады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жауын шашын азаяды. Оның біраз бөлігі буланып кетеді. Өсімдік қалың болып өсуге ылғал жетіспейді. Селдір өсімдіктен қарашірік те аз қалады. Сондықтан топырақтың түсі оңтүстікке қарай бозғыл тарта түседі. Жақсы өнім алу үшін мұндай топыраққа белгілі мөлшерде тыңайтқышты көбірек қосып, суару қажет.

Жауын шашын аз жауатын оңтүстік аудандарда жазғы ыстықтан топырақ қатты құрғайды. Жер астындағы ылғал топырақтың беткі қабатына көтеріледі де, буланады. Ылғалмен бірге түрлі тұздар да жер бетіне шығып қалады. Топырақ бетінде тұрған қар сияқты ақшыл қабыршықтарды талай рет көрген боларсың. Ол сор. Сор топырақ қазақстанның оңтүстігінде өте көп кездеседі. Артық тұз өсімдікке зиянын тигізеді. Сондықтан топырақта өсімдік өте сирек өседі. Егер тұз өте көп болса, топырақ беті өсімдіксіз, тақыр болады. Топырақ зертеуші ғалымдар тұзды топырақты егіншілікке пайдаланудың жолдарын іздестіруде.


Топырақты қорғау.

Табиғатта небәрі екі сантиметр топырақ қабаты түзілу үшін жүз жылдан артық уақыт кетеді. Ал одан бірнеше сағатта ақ айырылып қалуға болады. Егер топырақ беті жалаңаштанып қалса, оны күшті жел ұшырып немесе су шайып алып кетеді. Өсімдік топырақты шайылудан сақтайды. Бұған көз жеткізу қиын емес.

Таулы аудандарда орман топырақты шайылудан жақсы сақтайды. Сонымен бірге тау етегі мен төбелерде жерді беткейге кесе көлденең жырту арқылы да сақтық шараларын жүргізуге болады.

Құрғақшылық ұзаққа созылған жағдайда жыртылған топырақ қатты кебеді де, оның майда бөлшектерін жел оңай ұшырып алып кетеді. Көп жердің топырағын жойып жіберетін шаңды борандар осылай пайда болады. Жел құрғақ топырақты ғана ұшыра алады. Сондықтан онымен күресудің басты бір жолы топыраққа ылғалды мол жинау. Ол үшін қыста қар тоқтату жұмысы жүргізіледі.

Өсімдік жақсы өсу үшін судың қажет екені әркімгеақ белгілі. Суға еріген қоректік заттарды өсімдік тамыры мен тартып алады.

Сұрақ – жауап

  1. Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты?

  2. Қара топырақтың құнарлы болатыны неліктен? Сондай топырақ біздің еліміздің қай бөлігінде көбірек таралған

  3. Сор топырақ қалай пайда болады?

  4. Топырақтың құнарлығын қалай арттыруға болады?

  5. Топырақты шайылудан қалай сақтайды?

  6. Топырақты желдің ұшырып әкетуінен қалай қорғайды?

  7. Не үшін топыраққа тыңайтқыштар қосады?

  8. Өз жерлеріңдегі топырақ қалай пайдаланылады? .

Дәптермен жұмыс

Қорытынды:

Сонымен балалар бүгінгі сабағымызды қортындылайық.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру: 105 - 107 беттерді оқу, мазмұндау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Топырақтың түрлері және оны қорғау.

Автор: Слямова Гүлім Жумабекқызы

Дата: 13.03.2018

Номер свидетельства: 461678

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Д?ниетану.3сынып.Та?ырыбы:Суды ?ор?ау "
    ["seo_title"] => string(41) "duniietanu-3synyp-tak-yryby-sudy-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "234243"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443377942"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері"
    ["seo_title"] => string(48) "topyrak_tyn_ieriekshielighi_zh_nie_onyn_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "412204"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493371714"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Топыра?ты? ерекшелігі ж?не ??рамы "
    ["seo_title"] => string(43) "topyrak-tyn-ieriekshielighi-zh-nie-k-u-ramy"
    ["file_id"] => string(6) "167623"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423123247"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "?аза?станны? топыра? жамыл?ысы."
    ["seo_title"] => string(29) "kazakstannyntopyrakzhamylgysy"
    ["file_id"] => string(6) "283844"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453892809"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) ""Топыра?.Топыра?ты? ма?ызы"."
    ["seo_title"] => string(29) "topyrak-topyrak-tyn-man-yzy-2"
    ["file_id"] => string(6) "318861"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460670113"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства