Тақырыбы:Топырақ Мақсаты: Білімділік: Топырақ жайлы және оның құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көз жеткізу. Дамытушылық: Оқушылардың байқағыштығын, ойлау қабілетін, түсінгенін жеткізе білу қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа, елін, жерін сүюге баулу. Өзіне деген сенімділікке баулу. Сабақтың типі: тәжірибелі, жаңа сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ Пәнаралық байланыс: ана тілі Сабақта қолданған әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, , вен диаграммасы, топтастыру стратегиясы. Сабақта пайдаланған қөрнекіліктер: тәжірибе жасауға қажет заттар, физикалық карта, суреттер, слайд Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топтарға бөліп алу
Туған жер Туған тілім Туған ел
Әр топ өз топтарына байланысты өлең шумақтар оқиды.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Әр ертеңгі күнге сенімділікпен қарау қажет, сонда ғана адамның алдына қойған мақсаты мен тілегі орындалады. Ол үшін адам өз бойындағы жақсы қасиеттерін аша білу керек. Яғни, мен ақылдымын. Білімділік деген мен, Күш деген мен Табиғатты сүюші мен Отанды қорғаушы мен Сауаттылық деген мен Жастық шақ деген мен Денсаулық деген мен Бәрі біздің қолымызда, ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Суға байланысты жазған шығармасын, мақал - мәтелді, жұмбақтарын оқыту. 2. Судың қасиеттері жайлы, оларды қалай байқауға болатыны туралы жеке - жеке мысалмен дәлелдету арқылы сұрап өту. Өткенді пысықтау. - Қазір балалар, қай жыл мезгілі? - Қыс айларын атайықшы? - Қандай еңбек түрлері атқарылады? Ребус шешу Слайд №1 Ребусты шешу жауап арқылы жаңа сабақ тақырыбы шығады
(Топырақ)
ІV. Жаңа сабақ. Ой қозғау:
- Балалар осы топырақ дегеніміз не? Әрбір оқушының ойын тыңдау Қортынды шығару. Мұғалім түсіндіруі: Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты. Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады.
Слайд№2 Топырақ - құнарлы топырақ, құнарсыз болады екен. Құнарлы топырақ арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өсіп өркендейді. V. Кітаппен жұмыс.
Іштей оқу
Топтар бөліп оқиды Тәжірибелік жұмысқа дейінгі бөлікті оқыту. Ақ қағазға топырақ салып анықтап қарату. Не көріп тұрғанын, не бар екенін сұрау? - Топырақ құрамын мұнан әрі анықтау үшін тәжірибе жасайық? (Қорытындыны тақтаға іліп отыру)
Туған жер тобы 1-тәжірибе. 1 кесек топырақты суға салайық. Не байқадық? Көпіршік шықты? Бұл ауа. Ол қайдан шықты? А У А
Туған тілім тобы 2-тәжірибе. 1 уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қыздырып, бетіне шыныны ұстайық? Не көрдік? Шыны бетіндегі су тамшысы. С У
Туған ел тобы 3 -тәжірибе. Топырақты одан әрі қыздырдық. Көкшіл түтін шығады. Бұл не? Өсімдік қалдық, тамыр жанды. Ш І Р І Н Д І
3 Топпен жұмыс 4- тәжірибе. Шіріндісі жанып біткен топырақты салып араластырдық. Лайланған суды тұндырып қойдық. Стақан түбіне құм, бетіне саз шөгеді. Қ Ұ М С А З VІ. Дәптермен жұмыс. Топырақ құрамын жазғызу. VІІ. Сабақты бекіту. Веен диаграммасы бойынша Су мен Топырақты салыстыру.
VІІІ. Қорытындылау: Сыр бойының атақты күрішшісі Ыбырай Жақаев атамыздың нақыл сөзін айта отырып. Қорек көзі Топырақ Тіршілік бесігі
Жер Картамен жұмыс: - Балалар қарайықшы, картадан қандай түстерді көруге болады? Жасыл, сары, қоңыр, көк, т. б. Олар нені білдіретінін сұрау. - Бұл біздің жеріміздің кең екенін, алуан түрлілігін, табиғатымыздың әсемдігін көрсетеді. Сол үшін біз осы елімізді, жерімізді қорғап, аялап, сүйіп өтуіміз керек. ІХ. Бағалау. Өзіндік бағалау. Х. Үйге тапсырма: Тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындау