Күні: 01.03.2017ж. Сынып: 1 «В» | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Теңдеу шешу |
Оқу мақсаттары | таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді; қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: жаңа білімді меңгереді. Көбі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: алған білімді өмірде қолдана алады. |
Ресурстар | Әр оқушыға арналған ламинатталған қағаз парағы; маркер; теңдеулер жазылған парақшалар; 0-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған сандық сәуле; әр топқа арналған А4 парағы; сандық колейдоскоп; текше |
Бағалау критерийлері | -әртүрлі теңдеулерді шешкенде амалдың ұқсастығы мен айырмашылығын біледі. -қарапайым теңдеуді шешкендегі өз іс-әрекетін түсіндіре біледі. -теңдеудің шешімін түсіндіре алады |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Сауат ашу сабағы |
Тілдік құзыреттілік | Теңдеу деген сөзді үш тілде айтып көрейік. Теңдеу, уравнение, equation |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут Алдыңғы оқу | Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. Топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы) 1 топ - дөңгелек 2 топ - төртбұрыш 3 топ – үшбұрыш «Ыстық картоп» әдісі арқылы сұраққа жауап алу. Өрнектің қанша түрі бар? Теңдеу дегеніміз не? Белгісіз қосылғышты қалай табамыз? Белгісіз азайғышты қалай табамыз? Белгісіз азайтқышты қалай табамыз? Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі арқылы | Шаттық шеңбері |
Сабақтың ортасы | Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Балалар бүгінгі сабағымыздың мақсаты теңдеуді шешу тәсілін үйрену. Қобдишада неше інжу бар? Теңдеу құрастыр және оны шеш. Оқушылырға суреттегі інжу бойыншы теңдеу құру беріледі. Жұптық жұмыс 1-топ: Текшені пайдаланып теңдеу құрастыр және шеш. 2-топ: «Сандық калейдоскоп» пайдалану арқылы азайтқышы белгісіз болатын үш теңдеу құрастыр және шеш. 3-топ: «Сандық калейдоскоп» пайдалану арқылы азайғышы белгісіз болатын үш теңдеу құрастыр және шеш. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті | Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
| Дәптермен жұмыс Берілген теңдеуді шығарып, сәйкес келетін шелекке сал. | Дәптер |
Аяқталуы Қызықты тапсырма | Топтық жұмыс Ойнайық, балықты тез аулайық! 1-топ: Қосылғышы белгісіз теңдеулерді тап. 2-топ: Белгісіз азайғышы бар теңдеулерді тап. 3-топ: Белгісіз азайтқышы бар теңдеулерді тап Шығарып көр. Сандық сәуленің көмегімен теңдеудегі белгісізді тап. 1-топ: х+7=18 2-топ: 8+у=18 3-топ: а-9=11 | |
Сабақтың соңы | Рефлексия «Еркін микрофон» әдісі Оқушылармен сұхбат
| |
Сабақтың мақсаты орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Жоспарланған тапсырмалар жақсы іске асты ма ? Уақытты қалай пайдаландым? | | |
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты) Өзін- өзі бағалау. 2.Ойын түрін енгізу. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. Ресурстармен тиімді жұмыс жасау, өмірмен байланыстыру. 2. АКТ тиімді қолдану. Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім? 1. Ресурстарды тиімді пайдалану арқылы алға ілгерілеудің жүзеге асатынын білдім. 2. АКТ тиімді қолдану арқылы үдемелі оқудың жүзеге асатынын білдім. |