Ынтaлaндыpy Ceзiмдi oятy
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy
ҚopытындылayӨзiн-өзi бaғaлay
| 1.Психологиялық дайындық. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанамыз достарым, Арайлап атқан күнге. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Қонақтарға құрметпен, Бас иеміз біз. - Қазір, балалар, қандай сабақ? - Сиқырлы тақтаның көмегімен сабағымызды бастаймыз. Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлерді көрсету(1 слайд) ІІ. Үй тапсырмасын сұрау - Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша 7өткелден өтеміз. Мысықтың қатығын табуға көмектесеміз. Мысықпен бірге тапсырманы орындайық. 1 - сиырдың тапсырмасы: Өткен әріптер мен дыбыстарды есімізге түсірейік. - Дыбыс дегеніміз не? - Әріп дегеніміз не? - һ дыбысы қандай дыбыс, мысал келтір? - Тағы сиыр не сұрайды? 2 - теректің тапсырмасы: Суреттегі заттардың атына дыбыстық талдау жасап, буынға бөлу. Енді балалар тағы да бір тапсырма орындап жіберейік. Ребус шеш ІІІ. Жаңа сабақ Сөйтіп мысық шаршады, ендеше, біз мысықты сергітейік.(Сергіту сәтін орындайық) - Мысық сергіп алып, су іздеуге жолға шығады. Алдарынан кім кездеседі? 3 - қыздардың тапсырмасы: Бүгінгі өтетін дыбыс пен әріп туралы білейік? Ал осы жерде мысыққа мен көмектесіп жіберейін. - Қане, балалар, «Құпия хатты» ашу керек. Ішінде жұмбақ жазылған кішкене қағаз шығады. Бір атым бар Құлын болып тумаған, Құнан болып өспеген. (Велосипед) Велосипед сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс бар? -Олай болса, біздің бүгінгі өтетін дыбысымыз В в дыбысы мен әрпі. В в В в дыбысын хормен айтқызу. –В в сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі және жеке буын құрай алатын дыбыс екен. В в дыбысының таңбасын көрсетіп, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленетіні айтылады. IV. Сурет бойынша оқушыларды сөйлету Суреттерді ата,в дыбысы кездесетін сөздерді тап, оларға сөйлем құра 4 - дүкеншінің тапсырмасы: Жұмбақ шешу 1. Қызыл түсті, мөлдір сулы. Сырты түсті, тасты, құмды. Жасыл түсті балықтар, Әйнек үйде қалықтар. (Аквариум) Бір- бірімен қорап-үйлер тіркесіп, Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп. (Вагон) - Ал, балалар, біз В в дыбысымен, әрпімен таныстық, енді осыны дәптерге көркем етіп жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті. 1, 2, 3 Бойға жинап күш. Қолға қалам аламыз, 4 пен 5 - ке жазамыз V. Дәптермен жұмыс 5 - тауықтың тапсырмасы: В в әрпін жазып үйренейік. Ауада жазу. Жазу жолындағы әріптерді жазу. В в әрпін балалардың әдемі, таза, сауатты жазуларын қадағалау. VI. Ойын. «Адасқан әріптер» 6 - тышқанның тапсырмасы: Сандардың ретімен жасырын сөзді тап Енді, мысық келген жолымен қайта қайтады да, дәнін ала отырып кері жүреді. - Сонымен, ол Мақта қызға келгенде, мақта қыздың тапсырмасы шықты. 7 - Мақта қыздың тапсырмасы: Қандай дыбыспен таныстық? -В дыбысы қандай дыбыс? -В дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? - Міне балалар, осыдан Мақта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр деп ақылын айтыпты. -Ал, олай болса біздер қандай болуымыз керек? - Біз әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, адал болуымыз керек! Сендер ақылды баласыңдар. VIII. Бағалау Балалар, өздерін күнмен бағалау. Ойланайық бір мезет, Бақылайық, байқайық, Бірімізге - біріміз. Күн шуағын сыйлайық. - Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма? - Қандай жұмыс түрлері ұнады? Сұрақ - жауап арқылы сабақтың өту барысы талқыланып, сабақ аяқталады. Қуанышты хабарлама. Сабақта «Күліп тұрған күн» алған балаларды мадақтау. | Бaлaлap шaттық шeңбepiнe тұpып жылы лeбiздepiн бiлдipeдi
-Сауат ашу
Балалар сұраққа жауап береді. -Жапырақ Суреттегі заттардың атына дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі.
Ребусты шешеді.
Сергіту сәтін орындайды. - Қыздар
Жұмбақтың шешуін табады. – В дыбысы.
В дыбысын хормен айтады.
Суреттердің атын атап, в дыбысы кездесетін сөздерді табады, сөйлем құрайды.
Жұмбақтың шешуін табады.
Сергіту сәтін орындайды.
Дәптердегі в дыбысын жазады.
Тапсырманы орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар, өздерін күнмен бағалайды Ойланайық бір мезет, Бақылайық, байқайық, Бірімізге - біріміз. Күн шуағын сыйлайық. |