Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: ? дыбысы мен ?рпі»
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ә ә дыбысы мен әрпін таныту. Ә ә дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге баулу. Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын даыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру. Достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, буындар, слайд.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а)Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә)Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
2-слайд
Психологиялық дайындық
3-слайд
Өткен сабақты тиянақтау.
- Әр қатардан 1 оқушы шардың ішіндегі әріпті алады, сол әріптен басталатын сөздер айту. (Ее, Кк, Іі)
4-слайд
Е, К, І дыбыстарына сөздер оқыту.
Кеспе буыннан сөздер құрау (Еркін, кеме, немере, білім,іні, кіші)
2.Жаңа сабаққа дайындық
- Балалар, менің қолымдағы қандай кітап?
- Әліппе
- Қай әріптен басталып тұр?
- Ә әрпінен
5-слайд
Сабақ тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі
Хормен айтқызу, баспа, жазба түрімен таныстыру.
Дауысты,дауыссыз екенін өздері ажыратады.
Дауысты дыбыстың ішінде жіңішке екенін түсіндіру.
Бейнебаян
Көрнекілікпен жұмыс.
1 шумақ тақпақ оқыту, ә әрпінің орнын анықтау.
Ә ә дыбысына анықтама беру.
Ә ә − дауысты дыбыс.
Ә ә дыбысы бар сөздер (сурет бойынша)
Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтау.
Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасау.
6 слайд
Жаңа сөздер (таныс емес сөздерге түсінік беру).
әже әсем сәнді ән әнші
әке әдемі дәмді сән әтеш
4.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс. «Әже»
Мәтінді буындап оқу.
Мазмұнын айту.
Жылдамдыққа оқуды жетілдіру
5.Жазу үлгісімен жұмыс.
Ә ә дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Ауада жазу.
Жазу үлгісіне жазу Ә ә
6.Сергіту сәті. (Ән: Әліппе)
7.«Қай әріп жоғалды?» ойыны:
Ә сет, ә нші, е шкі, әйн е к, к і лем, тәул і к
Кеспе буындармен жұмыс.
Буындардан сөз жасау.
Осы сөздерге сөйлемдер құрау.
8.Тақтаға сөздер жазу
Байланыстыра жазу.
Ә Әсем Әсет Әсел
ә әже әке әпке
Ойын «Кім көп біледі?» Кім ұзаққа кетеді, сол жеңіске жетеді.
Екі бала шығарып, ә дыбысынан басталатын сөздер айта отырып қадам аттап жарысады.