kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы:Тұманбай Молдағалиев "Гүлдер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: "Гүлдер"Тұманбай Молдағалиев

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Тұманбай Молдағалиев "Гүлдер"»

Светлана Абдыгазымовна Курмашева,

Бастауыш сынып мұғалімі,

Ембі қалалық № 3 орта мектебі,

Мұғалжар ауданы,

Ақтөбе облысы.

Сыныбы:4 «Б»


Пәннің аты:әдебиеттік оқу

Уақыты:13.02.2018

Кабинет:202

Мұғалім:Курмашева С.А.

Сабақтың тақырыбы:

Т. Молдағалиев Гүлдер

Мақсаты:



Күтілетін нәтиже


Сабақтың түрі:

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Сабақтың жабдығы:


Пәнаралық байланыс:

1.Оқушыларға Т.Молдағалиев туралы мағлұмат беру.Гүлдер өлеңінің мазмұнын ашу,мәнерлеп дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру.

2.Оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын,тілін дамыту.

3.Туған жердің табиғатын сүюге,аялауға тәрбиелеу.

Жаңа білім беру сабағы.

Түсіндіру, баяндау,сұрақ-жауап,тіл дамыту.

Т.Молдағалиев суреті,гүлдерге байланысты слайдтар,мәліметтер, кестелер. Интерактивті тақта,электрондық оқулық,суреттер.

Дүниетану,музыка,еңбек,бейнелеу өнері.


Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық


Өнер де,ой да,білім де,

Өркендер ана тілінде.

Ананың тілін сүйгендер,

Саналы білім үйренер.

Алу үшін сапа,білім,

Ардақтаймыз ана тілін.


Шаттық шеңбері «Жылы жүрек-ізгі тілек»

Топқа бөліну.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

«Гүл шашу» Гүлдер шашылады,балалар гүлдерді теріп алып,бірі-біріне гүл сыйлау арқылы жылы лебіз,тілек білдіреді.

Гүлдер арқылы 3 топқа бөлінеді

1-топ: «Бақбақ»

2-топ: «Раушан»

3-топ: «Қызғалдақ»

Қызығушылықты ояту

«Өткенге ой жүгірту»

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? Қыс

-Осы қыстан кейін қандай мезгіл келеді?Көктем

-Ақпан айы қыстың соңғы айы.

-Көктем ерекшеліктері,белгілері туралы не айтуға болады?

-Құстар ұшып келеді,күн жылынады, гүлдер өседі т.б.

-Енді балалар,бізге ең алғаш ұшып келетін қандай құс?Ұзақ

-Ұзақ құсы бізге тапсырмасымен келіпті. «Конверт» сұрағымен келіпті.

-Біз балалар, «Мәуелі бақ»тарауын аяқтадық.Сол бойынша әр топқа сұрақтар беріледі.

-Топ басшысы бағалап отырады.

Мағынаны тану

«Ой қозғау»

-Көктемнің алғаш гүлдерін атаңдар.Бәйшешек,жауқазын, қызғалдақ.

-Тағы қандай гүлдер түрлерін білесіңдер?

-Гүлдер қайда өседі?Далада,бөлмеде,бақшада орманда

- Балалар,қалай ойласыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады ? Гүлдер

-Дұрыс.Авторы кім? Т.Молдағалиев

- «Ти» әдісі бойынша мына кестені толтырыңдар.

-Т.Молдағалиев туралы не білеміз,гүлдер туралы не білеміз соны жазамыз. «Дейін»кестесін толтырамыз.

Дейін

Кейін



-Т.Молдағалиев туралы слайд көрсету

Т.Молдағалиев-ақын,жазушы,аудармашы.Ол 20 наурызда 1935 жылы Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» ауылында дүниеге келді. «Балдырған» журналының редакторы болды.Алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері»1957 жылы жарық көрді.Т.Молдағалиевтің өлең,поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты.Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды.Оның «Құстар қайтып барады», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Ертіс вальсі», «Шақырады көктем» атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған.

-Гүлдер туралы слайд көрсету. Гүл-өсімдік,ол тірі табиғатқа жатады.Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар.Олар адамға үлкен пайда келтіреді.Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Гүлдер ауаны тазартады,кейбірі ауруларды емдеуге өте пайдалы,тіпті олар үйді де әсемдейді.Дала гүлдерінен сабын,сусабын,денеге арналған майлар, әтірлер, әртүрлі заттар жасалынады.Мерекелерде,туған күндерде,жақсылықта гүл сыйлау-үлкен құрметтің белгісі.

-Балалар,гүлдерге қатысты мақалдар білесіңдер ме?

1. «Гүл-өмір қызығы» 2. «Әр атаның өз ұлы бар,

Әр бұтаның өз гүлі бар»

3. «Гүл қайда болса,көбелек сонда»

4. «Гүл ашылмай,бұлбұл сайрамас»

5. «Қыз өссе-елдің көркі,

Гүл өссе-жердің көркі»

-Қазақта қыздарды гүлге теңеген.Біздің ата-аналарымыз гүлдей жайнап өссін деп, әдемі болсын деп қыздардың есімін де гүлдермен байланыстырып қойып жатады.Мысалы, біздің сыныпта қыздардың,қонақтардың есімдері гүлмен байланысты бар ма?Соларды атап көрейіші.

-Ақындарамыз да гүлдерді өлең жырларына қосқан.


Бейне-ролик көрсету: «Али мен Айя»мультфильм .«Гүлдер» Т.Молдағалиев өлеңін тыңдату.


Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс Өлеңді мәнерлеп оқу


1-топ: 1-ші шумақ, 2-топ:2-ші шумақ. 3-топ:3-ші шумақтарын оқиды.Әр шумақта қайталанып тұрған сөздерді атаңдар

1-шумақта- «гүлдер,гүлдер»,2-шумақта-«гүлдер,гүлдер екен,екен» 3-шумақта- «гүлдер,гүлдер тұра берші,тұра берші,ұнайды,ұнайды»

-Енді балалар,қалай ойласыңдар бұл сөздер неге қайталанып тұр?

-Яғни,қайталау-сөз әсерін күшейту.Ақын белгілі бір құбылысты немесе сөзді бірнеше мәрте қайталау арқылы оқырманның назарын өзіне аудару үшін қолданады.


Сергіту сәті. Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән: «Шақырады көктем»


Жеке жұмыс

-Дәптермен жұмыс:өздері білетін гүл атауларын жазу.

Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс.

-Қызыл кітапқа енген өсімдіктер:

Ақжапырақ.Таушымылдық.Қызғалдақ.

-Дәрілік өсімдіктер:алоэ,адыраспан,бақбақ.

-Бөлме өсімдіктері:қазтабан,хлорофитум,жүзжылдық.

-Дала өсімдіктері:бәйшешек,жауқазын, қызғалдақ.


«Қызықты мәлімет» Гүлдер туралы слайдтан көрсету.

-Әлемдегі ең үлкен таяуда ғана Швейцарияда пайда болды,ол гүлдің аты-Титан Арум.Базел қаласының ең ботаникалық бағында ашылған гүлдің биіктігі 2 метрден асады,ал салмағы 100 кг екен.

Топпен жұмыс:

1-топ:Гүл туралы өлең құрастыру.Оқулық бойынша

Гүлдер,гүлдер көп гүлдер,

Қызыл гүлдер,көк гүлдер.

Күлімдейді қарап балаға,

Жүгіріп шыққан далаға.

Жұлып алды біреуін,

Сыйлайын деп анама.

2-топ:Гүлдің суретін салу.

3-топ:5 жолды өлең құрастыру.

1.Не?Гүл

2.Қандай?Әдемі,нәзік,қызыл,көк.

3.Не істейді?Тербеледі,ырғалады,нұрланады.

4.Сөйлем.Әсия гүл өсірді.

5.Түйін.Табиғаты аялауға шақырады.Гүл-өсімдік.


-Енді балалар, «Ти» әдісіне қайтадан оралайық. «Кейін»не білдік соны жазайық.


Ойын «Қырдағы әсем гүлдер» Ойынның шарты:Әр оқушыға әріптер жазылған гүлдер таратылады,сол әріптен гүлге қатысты сөз тіркесін айту.Ол зат есім,сын есім,етістік болуы да мүмкін.Ең бастысы тез айтып гүлді қырға орналастыру.Мысалы:Н-нәзік гүл,Р-раушан гүл Қ-құлпырған гүл.

-Гүл-даламыздың көркі,табиғатымыздың сәні.Сондықтан гүлдерді жұлмаймыз.


Қорытынды:

Жақсылықты қолдаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Гүл егеміз бақтарға

Айналасын қоршаймыз.

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап келу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Гүлдерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



















































Пәні:Әдебиеттік оқу



Тақырыбы:Тұманбай Молдағалиев «Гүлдер»



Сыныбы:4 «Б»



Сынып жетекшісі:Курмашева С.А.















Ембі қалалық № 3 орта мектеп



2017-2018 оқу жылы


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тақырыбы:Тұманбай Молдағалиев "Гүлдер"

Автор: Курмашева Светлана Абдыгазымовна

Дата: 24.02.2018

Номер свидетельства: 459332

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Т?манбай Молда?алиев  "Г?лдер" "
    ["seo_title"] => string(31) "tu-manbai-moldag-aliiev-guldier"
    ["file_id"] => string(6) "189157"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426831827"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Та?ырыбы: Г?лдер.  Т?манбай Молда?алиев. "
    ["seo_title"] => string(41) "tak-yryby-guldier-tu-manbai-moldag-aliiev"
    ["file_id"] => string(6) "197760"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428309030"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "8-сынып?а ?аза? ?дебиетінен саба? жоспары: М??а?али Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда" "
    ["seo_title"] => string(94) "8-synypk-a-k-azak-diebiietinien-sabak-zhospary-mu-k-ag-ali-mak-ataiev-ak-k-ular-u-iyk-tag-anda"
    ["file_id"] => string(6) "195836"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427970936"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "М??а?али Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда""
    ["seo_title"] => string(35) "mukagalimakataievakkularuiyktaganda"
    ["file_id"] => string(6) "273957"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452314716"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Г?лді? ??рылысы (ашы? саба?)"
    ["seo_title"] => string(29) "guldin-k-u-rylysy-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "254066"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447692787"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства