kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??а?али Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда"

Нажмите, чтобы узнать подробности

8-сынып ?аза? ?дебиеті

Саба?ты? та?ырыбы: М??а?али Ма?атаевты? «А??улар ?йы?та?анда» поэмасы

Саба?ты? ма?саты:

1. Сезіммен ?ле? ?рген жыр пыра?ы – М??а?али туралы дерек, поэманы? та?ырыбы мен идеясы, композициясы, к?ркем бейне, поэтикалы? тіл туралы білім беру.

2. А?ын тілімен салын?ан таби?ат суреті ар?ылы о?ушыларды? эстетикалы? тал?амын шы?дау, жас ?спірімдерді? таби?ат?а деген адамгершілік ?арым-?атынасын ?алыптастыру.

3. Эстетикалы? ба?алау ?абілетін дамыту. М?нерлеп ж?не шы?армашылы?пен о?у да?дыларын дамыту.

Саба?ты? т?рі: интеграциялан?ан саба? (?дебиет саба?ын музыка, театр ?нерімен интеграциялау)

Саба?ты? тегі: жа?а та?ырыпты бекіту саба?ы.

Саба?ты? ?дістері:  СТО ?дістемесіні? «Топтастыру», «Болжау» стратегиялары.

Саба?ты? жабды?ы: компьютер,а?ынны? шы?армалар жина?ы

Саба?ты? барысы:

  1. ?йымдастыру. Амандасу, о?ушыларды т?гендеу, сыныпты? саба??а даярлы?ын ба?ылау.

  2. ?й ж?мысын тексеру.

        Ая?талма?ан хронологиялы? кесте (І ?осымша) таратылады. О?ушылар бос торк?здерді? ішін  толы?тырады. Сол ар?ылы а?ынны? ?мір жолы мен шы?армашылы?ынан о?ушыларды? ал?ан ма?л?матыны? ?аншалы?ты екендігі тексеріледі. Та?тада д?рыс жауап шы?арылады.

    -Ендігі кезекте топтастыру ?дісі ар?ылы М??а?али Ма?атаевты? ?зіні? ?андай ?ырлары бар екенін ж?не шы?армаларыны? негізгі та?ырыптарына то?талып ?тейік:

                                             А?ын       аудармашы       м??алім

                             Тілші                                                               диктор                                    

                                                         Еліні? патриоты    

                                       Махаббат        таби?ат      ту?ан жер                      

                                  ?мір                                                    ана тілі                                   

                                                        Адамны? кей ?асиеттері

 

Поэзия! Менімен егіз бе еді? ?

Мен сені сезесі? бе неге іздедім? – деп поэзиямен егіз жаратыл?ан а?ын кие жырды? шапа?атына б?лене білді, сол жырымен б?кіл ?аза?ты? ж?регіні? т?кпірінен орын алды, жыр с?йер ?ауымны? піріне айналды.

  • ??рметті о?ушылар, ?йге а?ын шы?армашылы?ы мен ?мірбаянынан бас?а «А??улар ?йы?та?анда» поэмасынан ?зінді жаттау тапсырыл?ан болатын. Назарлары?а ?аза?ты? та?ы бір с?йікті а?ыныТ?манбай Молда?алиевті? естелігін ?сынамын. Та?тада жазыл?ан естелік о?ылады:

    «М??а?али поэмаларыны? е? асылы, е? биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы» мен «А??улар ?йы?та?анда» деген д?ниесін атаймын. Б?лар – алтын ішіндегі меруерттей с?уле шашатын ?лы д?ниелер. «А??улар ?йы?та?анда» поэмасы 1973 жылы «Жалын» альмана?ында жарияланды. Б?л поэманы о?ы?анда мені? ?з жеке басымны? ?уанышын с?збен айтып жеткізе алмайтын сия?тымын. М??а?алимен кездескенде поэмасын к?п ма?тадым. «Т?маш, осы поэманы ?абит а?а?а апарып о?ыдым. Разы болып, мына алтын ?аламды сыйлады»,- деді М??а?. Мен: «?те д?рыс еткен екенсі?, М??а. ?абе? ?натса, б?кіл халы? ?натты деген с?з» - дедім тебіреніп. М??а?али бір ой?а шомып ?нсіз ?алды.

    О?ушылар, сендерді? де к??ілдері?еб?л поэма м?? сыйла?ан шы?ар. ?ане осы поэмадан кейін ?андай к??іл к?йде болды?дар, соны айты?даршы.

  • Келесі кезекті поэмадан ?зінді о?у?а берелік

    (поэма ?зіндісі к?й ?уенімен, бейне ролик аясында  о?ылады)

    Шы?арманы? композициялы? ??рылысына келетін болса?, ?андай б?лімнен басталады?

    І Экспозиция. О?и?аны? ?тетін жері – Жетімк?л, оны? ма?ы, а??улар.

    ІІ О?и?аны? басталуы. Бала ауырып жатыр. Т?уіп келіп, емін айтты. Ана к?йеуін ж?мсайды, к?йеуі а??уды ата алмайтынын айтады. Ананы? Жетімк?лге ?зі кетуі.

    ІІІ О?и?аны? дамуы. Ананы? ойы, баласыны? есіне т?суі, келген ма?сатын ойлауы.

    І? Психологиялы? шегініс. ?сем таби?ат аясында ананы? екі жа?ты к??іл к?йі.

    ? Шары?тау шегі. Ананы? а??уды атуы.

    ?І О?и?аны? шешімі. Жыл?ышыны? келуі. Абыр-сабыр. Баланы? ?айтыс болуы. Ананы? есіні? ауып кетуі.

    Эпилог. Бір жылдан со??ы Жетімк?л.

    С?ра?тар та?тада жазыл?ан:

    1. Поэманы? та?ырыбы.

    2. «Т?уіп» деген кім?

    3. ?асиетке о? ат?ыз?ан ?андай к?ш?

    4. Жыл?ышы неліктен анадан ?олы?ды ?анатты? ба деді?

    5.  «Киелі» деген ??ымды ?алай т?сінесі?дер?

    6. Хал?ымыз а??удан бас?а ?андай а?-??старды киелі, ?асиетті санайды?

    7. ?андай шы?армаларды білеміз?

    О?ушылар жо?арыда атал?ан с?ра?тар?а жауап береді, ?р?айсы ?з жауабын д?лелдейді.

    Балы? м?тін мазм?ны талдан?ан со?, о?ырман позициясы айтылады, я?ни «Сен а?ынны? орнында болса?, поэманы ?алай ая?тар еді??» О?ушылар?а с?з беріледі.

    Енді саба?ты ?орытындылайтын болса?, мына с?ра??а жауап жазып к?релік. «Мені? ал?ан ?негем» Ша?ын ой-тол?ау немесе 1-2 шума? ?ле?мен ?з ойлары?ды жазы?дар.

    -Естеліктер кітабынан та?ы бір ?зінді:Н?р?иса Тілендиев «М??а?али д?ниеден ?ткен со? ?атты к?йзелдім. Бешпетімні? ?алтасынан хат шы?ты. М??а?алиды? жазуы: «А?а, мен ?ой. Дертім ?озып барады. Не боларын білмеймін. Мына?ан назаз аударып к?рі?із» депті. Б? «Есі?е мені ал?айсы?» ?ні еді. Б?рімізде біртуар а?ын М??а?алиды  еске алып, ?нді орындалы?.

    ?йге: ?адыр Мырза ?ли туралы ізденіс ж?мыстары. ?ле?дерін м?нерлеп о?ып келу.

    І ?осымша

    Хронологиялы? кесте «М??а?али Ма?атаев»

    ?ашан?

?айда?

Не істеді?

д?ниеге келген

1941 жылы

Майдан?а

 орта мектепті ?здік бітіріп,

?аза? Мемлекеттік филология факультетіне о?у?а т?седі.

Лашын?а ?ашы? болып,екеуі ?йленеді.

1950 жылы

Алматы ?аласында

Орыс тілінен саба? береді.

1957 жылы

Алматы ?аласында

«Советтік шекара» газетінде хатшы болып жауапты ж?мыс істейді.

1962 жылы

Алматы ?аласында

«Ильич» атты т???ыш жина?ы басылып шы?ады.

1966 жылы

1967 жылы

?аза?стан Жазушылар ода?ыны? жолдамасымен М.Горький атында?ы халы?аралы? ?дебиет институтына о?у?а барады, «А??улар ?йы?та?анда», «Шуа?ым мені?», «?мірдастан» атты кітаптары жары? к?рді.

1976 жылы

27  наурызда

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??а?али Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда"»

8-сынып Қазақ әдебиеті


Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы


Сабақтың мақсаты:

1. Сезіммен өлең өрген жыр пырағы – Мұқағали туралы дерек, поэманың тақырыбы мен идеясы, композициясы, көркем бейне, поэтикалық тіл туралы білім беру.

2. Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын шыңдау, жас өспірімдердің табиғатқа деген адамгершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.

3. Эстетикалық бағалау қабілетін дамыту. Мәнерлеп және шығармашылықпен оқу дағдыларын дамыту.


Сабақтың түрі: интеграцияланған сабақ (әдебиет сабағын музыка, театр өнерімен интеграциялау)


Сабақтың тегі: жаңа тақырыпты бекіту сабағы.


Сабақтың әдістері: СТО әдістемесінің «Топтастыру», «Болжау» стратегиялары.


Сабақтың жабдығы: компьютер,ақынның шығармалар жинағы


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Амандасу, оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа даярлығын бақылау.

  2. Үй жұмысын тексеру.

Аяқталмаған хронологиялық кесте (І қосымша) таратылады. Оқушылар бос торкөздердің ішін толықтырады. Сол арқылы ақынның өмір жолы мен шығармашылығынан оқушылардың алған мағлұматының қаншалықты екендігі тексеріледі. Тақтада дұрыс жауап шығарылады.


-Ендігі кезекте топтастыру әдісі арқылы Мұқағали Мақатаевтың өзінің қандай қырлары бар екенін және шығармаларының негізгі тақырыптарына тоқталып өтейік:


Ақын аудармашы мұғалім



Тілші диктор



Елінің патриоты



Махаббат табиғат туған жер



өмір ана тілі


Адамның кей қасиеттері





Поэзия! Менімен егіз бе едің ?

Мен сені сезесің бе неге іздедім? – деп поэзиямен егіз жаратылған ақын кие жырдың шапағатына бөлене білді, сол жырымен бүкіл қазақтың жүрегінің түкпірінен орын алды, жыр сүйер қауымның піріне айналды.


  • Құрметті оқушылар, үйге ақын шығармашылығы мен өмірбаянынан басқа «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді жаттау тапсырылған болатын. Назарларыңа қазақтың тағы бір сүйікті ақыны Тұманбай Молдағалиевтің естелігін ұсынамын. Тақтада жазылған естелік оқылады:

«Мұқағали поэмаларының ең асылы, ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы» мен «Аққулар ұйықтағанда» деген дүниесін атаймын. Бұлар – алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1973 жылы «Жалын» альманағында жарияланды. Бұл поэманы оқығанда менің өз жеке басымның қуанышын сөзбен айтып жеткізе алмайтын сияқтымын. Мұқағалимен кездескенде поэмасын көп мақтадым. «Тұмаш, осы поэманы Ғабит ағаға апарып оқыдым. Разы болып, мына алтын қаламды сыйлады»,- деді Мұқаң. Мен: «Өте дұрыс еткен екенсің, Мұқа. Ғабең ұнатса, бүкіл халық ұнатты деген сөз» - дедім тебіреніп. Мұқағали бір ойға шомып үнсіз қалды.


  • Оқушылар, сендердің де көңілдеріңе бұл поэма мұң сыйлаған шығар. Қане осы поэмадан кейін қандай көңіл күйде болдыңдар, соны айтыңдаршы.

  • Келесі кезекті поэмадан үзінді оқуға берелік

(поэма үзіндісі күй әуенімен, бейне ролик аясында оқылады)


Шығарманың композициялық құрылысына келетін болсақ, қандай бөлімнен басталады?


І Экспозиция. Оқиғаның өтетін жері – Жетімкөл, оның маңы, аққулар.

ІІ Оқиғаның басталуы. Бала ауырып жатыр. Тәуіп келіп, емін айтты. Ана күйеуін жұмсайды, күйеуі аққуды ата алмайтынын айтады. Ананың Жетімкөлге өзі кетуі.

ІІІ Оқиғаның дамуы. Ананың ойы, баласының есіне түсуі, келген мақсатын ойлауы.

ІҮ Психологиялық шегініс. Әсем табиғат аясында ананың екі жақты көңіл күйі.

Ү Шарықтау шегі. Ананың аққуды атуы.

ҮІ Оқиғаның шешімі. Жылқышының келуі. Абыр-сабыр. Баланың қайтыс болуы. Ананың есінің ауып кетуі.

Эпилог. Бір жылдан соңғы Жетімкөл.


Сұрақтар тақтада жазылған:

1. Поэманың тақырыбы.

2. «Тәуіп» деген кім?

3. Қасиетке оқ атқызған қандай күш?

4. Жылқышы неліктен анадан қолыңды қанаттың ба деді?

5. «Киелі» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

6. Халқымыз аққудан басқа қандай аң-құстарды киелі, қасиетті санайды?

7. Қандай шығармаларды білеміз?


Оқушылар жоғарыда аталған сұрақтарға жауап береді, әрқайсы өз жауабын дәлелдейді.


Балық мәтін мазмұны талданған соң, оқырман позициясы айтылады, яғни «Сен ақынның орнында болсаң, поэманы қалай аяқтар едің?» Оқушыларға сөз беріледі.


Енді сабақты қорытындылайтын болсақ, мына сұраққа жауап жазып көрелік. «Менің алған өнегем» Шағын ой-толғау немесе 1-2 шумақ өлеңмен өз ойларыңды жазыңдар.


-Естеліктер кітабынан тағы бір үзінді:Нұрғиса Тілендиев «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Бешпетімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назаз аударып көріңіз» депті. Бұ «Есіңе мені алғайсың» әні еді. Бәрімізде біртуар ақын Мұқағалиды еске алып, әнді орындалық.


Үйге: Қадыр Мырза Әли туралы ізденіс жұмыстары. Өлеңдерін мәнерлеп оқып келу.









І қосымша

Хронологиялық кесте «Мұқағали Мақатаев»



Қашан?

Қайда?

Не істеді?





дүниеге келген

1941 жылы

Майданға






орта мектепті үздік бітіріп,

Қазақ Мемлекеттік филология факультетіне оқуға түседі.



Лашынға ғашық болып,екеуі үйленеді.

1950 жылы

Алматы қаласында







Орыс тілінен сабақ береді.

1957 жылы

Алматы қаласында





«Советтік шекара» газетінде хатшы болып жауапты жұмыс істейді.

1962 жылы

Алматы қаласында





«Ильич» атты тұңғыш жинағы басылып шығады.

1966 жылы







1967 жылы








Қазақстан Жазушылар одағының жолдамасымен М.Горький атындағы халықаралық әдебиет институтына оқуға барады, «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмірдастан» атты кітаптары жарық көрді.

1976 жылы

27 наурызда












































Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі









Сабақтың тақырыбы: «Бердібек Соқбақпаевтың

«Менің атым Қожа» повесі»


6-сынып




Пән мұғалімі: А.І.Мұрсалова.






Пән:

әдебиет

Сынып:

6

Сабақтың тақырыбы:


Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»


Сабақтың мақсаты:


1.Білімділік:


Повесть бойынша оқушылардың ойын тиянақтау,Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарасын жүйелі жеткізе білуге үйрету.


2.Тәрбиелік:


Сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу және қарсылыққа дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу.


3.Дамытушылық:


Оқушыларды өз ойын ашық айта білуге, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру.


Сабақтың түрі:

Ойбөліс сабағы, сот сабағының элементері


Сабақтың тегі:

Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы


Қолданылатын

әдіс-тәсілдер:

Сөз, іздендіру, сын тұрғысынан ойлау әдістері, техникалық ақпарат құралдарын пайдалану, тест


Сабақтың жабдығы:


Оқулық, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы, компьютер


Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру

кезеңі

Амандасу,түгендеу


ІІ. Үй жұмысын

тексеру

мәтінді толық оқып келу.

ІІІ. Жаңа тақырыпты

Меңгерту











































































Қорытынды




Бағалау



Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды, Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Қожа секілді кейіпкерімен жадыңда сақталып қалады.

Деңгейлік тапсырмалар:

  1. Қожаның қай сәті бейнеленген, өз пікіріңді қосып әңгімеле, мінездеме бер. «Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген меңіреу халде орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!»

  2. «Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңкеге ұқсар деймін...»

  3. «Көк көз келіншек мені жіберді. Мен сыр білдірмеймін деген оймен әдейі қант сататын жаққа өтіп кеттім. Бірақ қанттың маған түкке керегі жоқ».

«Менің атым - ...» деген тақырыпқа ой толғау.

  • Сендерге қандай есімдер ұнайды?...

  • Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?...

  • Сендер өз аттарына ризасыңдар ма?...

Балаға ат қою дәстүрі туралы айтып өту.

  • Бірақ, амалың нешік, сен қызылшақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып әке-шешең немесе шілдеханаға келіп дуылдай отырған басқа біреу солай деп атап жіберген.

  • Қандай дәстүр туралы туралы айтылған?

  • Шілдехана келгендер «пәлендей әйдік ат» бермегендей айтады кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)

Жаңа сабақ. Ойбөліс.

  • Бүгінгі сабағымызда «Қожа қандай бала?» деген сұраққа жауап іздейміз. Соған байланысты өздеріңді екі топқа бөліп отырмын.

(Әр топ алдын ала өз дәлелдерін, кілт сөздерін дайындап әкеледі).

Даттаушы топ. Қожаның өз атына ренжіп, қайдағы қытайдың ат қоюна қызығып, оны «Әділдік» деп қабылдауы дұрыс емес. Ата-бабаларымыздың ат қою рәсімі бар. Сәби дүниеге келген соң, Қожа айтқандай, «жөргекте жатқандағы ақымақтығын пайдаланып» емес, ауызы дуалы ақсақалдарымыз азан шақырып, құлағына айқайлап сәбидің атын қояды. Ал сол азан шақырып қойған атты алып жүру адамның өзіне байланысты. Меніңше, Қожаберген деген есім керемет әрі лайықты қойылған «Қожабергеннің» құйрығы үзіліп қалуына Қожаның өзі кінәлі.

Жақтаушы топ. Қожа өзіне қойылған есім төңірегінде ой қозғауы дұрыс. Өзі арқылы өзге балалардың да есімдерінің кездейсоқ қойылғанына дау айтады.

Мәселен, Өскембайдың баласына «Тынжыртар» деп ат қойғандай. Ал қытайдың ат қоюына қызықса, оның бізге аксиома ретінде қайткен күнде қабылдауымыз керек деп ұсынып тұрған жоқ. Әр халықтың салтын, әдет-ғұрпын білу – әр адамның өзінің жеке қызығушылығы. Ендеше, Қожа бойында әр нәрсені білсем дейтін ынта бар. Абайша айтқанда, «Ішсем, жесем, ұйықтасам» дейтін бала емес, «Білсем, көрсем, үйренсем» дейтін бала.

Екі топ та ендігі кезкте Қожаның оқулықсатып алудағы әрекетіне өз көзқарастарын білдіріп, пікір таластырады.

Даттаушы топ. Қожа оқулық, дәптер сатып алу үшін кезексіз кимелепдүкенге кіреді. Онымен қоймай өзіне ескерту жасаған адамға «Мен оқулық емес, қант аламын» деп өтірік айтуы – нағыз өзімшілдіктің, әдепсіз баланың қылығы.

Ескерту жасаған «бейтаныс көк көз келіншек» сынып жетекшісі екеніне көзі жеткен Қожа орнына «сылқ» етіп отыра кетпей ме?

Кезінде Майқановаға жөнін де айтпады. Осыдан кейін «Майқанова маған қымс етсе, қаһарын төгіп тұратын болды» деп орынсыз кінә айтуы – әрине, сөкеттік.

Жақтаушы топ. Біз Қожаның бұл әрекетін ақтау үшін нақты дәлелдерге жүгінеміз. Оны Қожаның өз сөзімен келтірсек: «Жаңа оқулықтар, дәптерлер сатып жатыр» дегенді естідім де әжемнен ақша ала салып, самғап дүкенге келдім. Рас, сатып жатыр екен. Бірақ адам деген лық толы. Қайтсем екен деп біраз ойланып тұрдым да, тәуекел деп ішке кезексіз кірмек болдым. Өйткені сонындағыларға жетпей қалатын азабы да болушы еді. Сонан соң көрінгеннің оқулығына мінгесіп жалынасың да жүресін, бұл күн емес. Мен былай деп мақалдаған болар едім: «Оқулығы сай бала – көңілі жай бала».

Қожаның бұл қорқынышы дұрыс, өйткені оқығысы келетін бала кітаптарын түгелдеп алуы керек. Оның үстіне кітап соңғы балаларға жетпей қалатынын да айтып отыр. Қожаның орнында басқа бала болса да дәл осылай істер еді Жақтаушы топ


Қожа- тентек бала Қожа – жақсы бала


Сызбаны тақтада толтыру


Сұрақтар:

        1. Қожаның сотқарлықтарына не себеп болы?

        2. Қожаның әдепті жолға түсуіне не әсер етті?

Төрешінің шешімі айтылады.

Қожаның жиналыста жасаған қаулысына қарап бізде сабақтың қаулысын шығарамыз (Қаулы оқылады)

Оқушыларды бағалау


ҮІ. Үй жұмысын беру

«Бақытты балалық шақ» шағын шығарма

















8-сынып әдебиет

Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры


Сабақтың тақырыбы: «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры

Сабақтың мақсаты:

a) Білімділік: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын , күй өнерінің құдіретін ұғындыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығарма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасап, кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, өз ой-пікірін білдіруге дағдыландыру.

б) Тәрбиелік: Еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге баулу, өнер иелеріне деген саналы көзқарасын арттыру.

Сабақтың түрі: білімді жинақтау

Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекіліктері: флипчарт

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеу

3. Зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау. Жасалған хронологиялық кесте мен топтастыруды пайдалана отырып, жазушы жайында білгендерін ортаға салады. (тақырыпқа байланысты слайд қосымша көрсетіледі)

1923 жылы

Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз ауылында дүниеге келген

1941 жылы

Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады

1948-51

Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған

1951-53 жылдары

“Қазақ фильм” киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы


1953-54 жылдары

“Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы

1954-55жылдары

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы


1955-57 жылдары

Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы


1957-58 жылдары

Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы

1966 жылы

Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді



Редактор


Аудармашы Жазушы


Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Драматург

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ой қозғау


«Нар идірген» күйі тыңдалады.


- Күй өнері туралы не білеміз?

шығу тарихы, өнер түрі домбыра, қобыз , ұлттық мұра, әуен, саз

оқиға, жағдай

Жаңа сабақ «Мағынаны тану» әдісі бойынша басталады.

1) Кейіпкерлерді топтастыр

2) Оқулықтан кейіпкерлер портретін табу

І қатар – Естемес пен Оразымбет портретін табу

ІІ қатар – Жаңыл мен қарт бейнесін табу.

3) Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.

(оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)

Оқиғаның басталуы (экспозициясы

Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.

Оқиғаның дамуы

Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.

Оқиғаның шиеленісуі

Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.

Оқиғаның шарықтау шегі

Жаңа күйдің пайда болуы.

Оқиғаның шешімі

Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.

4) Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)№ кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы .Адамгершілік қасиеті. Кейіпкерлерге баға

1 Естемес. Жоғары, жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді. жақсы

2 Оразымбет. Жоғары, өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт. Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал. жоғары

3 Жаңыл. Жігерлі жан, өз бақытын табудаөжеттік таныта білді. Кішіпейіл, ибалы, өжет. жоғары

4 Қарт. Жоғары, жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан. Көпті көрген, қонақжай, есті кісі. жақсы

5) Тест тапсырмасы (ACTIVote арқылы орындау)

Кімнің сөзі:

1.«Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

2.«Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

3«Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

4. «Сөзім –сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

5. «Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

6.«Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

7. «Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

6) Тест интервью.1 Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай? Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты.

2 Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады? Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты.

3. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді.

4. Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың? Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ.

5 Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?

ІV. Сабақты бекіту:

«Екі жақты күнделік» стратегиясы Әңгімеден алған әсерің? Несімен әсер етті?

VІ. Үйге тапсырма: «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа эссе жазу.

VІ. Бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М??а?али Ма?атаев "А??улар ?йы?та?анда"

Автор: Мурсалова Алмагуль Илдебаевна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 273957


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства