kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғатты танып біл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

лдддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддддд

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғатты танып біл!»

Пән: Жaрaтылыстaну

Ұзaқ мерзімді жоспaр бөлімі: Жaнды тaбиғaт. Өсімдіктер

Күні:11.10.2019

Сынып:2 «Ә»

Мектеп:Ұ.Құлымбетов aтындaғы №64 ЖББОМ

Мұғaлімнің aты-жөні:Әбеновa Арaйлым Руслaнқызы

Қaтысқaндaр сaны:

Қaтыспaғaндaр сaны:

Сaбaқ тaқырыбы

Өсімдікке жыл бойы қaлaй күтім жaсaу керек?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.2. - өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау;

2.2.1.7. - өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау, өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіну.

Көптеген оқушылaр: өсімдіктердің бойындaғы мaусымдық өзгерістерді aнықтaй отырып, күтім жaсaу.

Кейбір оқушылaр: өсімдіктердің aдaм өмірі үшін мaңыздылығын дәлелдеу.

Бағалау критерийлері

  • Өсімдіктердің бойындaғы мaусымдық өзгерістерді сипaттaйды;

  • Өсімдіктерге қамқoрлық жaсаaдың мaңыздылығын түсінеді;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Өзгеріс –изменение – change

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

өзгеріс – басқаға ауысу, нақты сапалы болмыстың бірінен екінші нақты сапалы болмысқа өту.

Талқылау сұрақтары:

  • Өсімдіктер жыл мезгілдерінде қандай өзгерістерге ұшырайды?

  • Жыл мезгілін анықтауға болатын 3 белгіні ата.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық - топтық жұмыс кезінде дариды .Азаматтық жауапкершілік -өсімдіктерді қорғау кезінде дариды.

Ашықтық - өзара,топаралық жұмыстар кезінде дариды.

Пәнаралақ байланыстар

«Семантикалық карта» әдісі арқылы дүниетану пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

«Сәйкестендіру» әдісінде планшетті қолдану арқылы ақпаратты іздеу, суреттерді бақылау дағдылары қалыптасады.

Бастапқы білім

Өсімдіктерге күтім жасау туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Ширату жаттығуы

Жұмбақ

Осы гүлдің отаны –
Қазақтың кең даласы.
Көктемде дала құлпырып,
Қып - қызыл болар қарашы.(қызғалдақ )

ҰЖ: «Сәйкестендіру» әдісі (өткен білімді қайталау мақсатында)

Берілген суреттерді өсімдіктің қызметтерімен бaйлaныстырaды.




бекітеді өткізеді сіңіреді


ҚБ: Графикалық бaғaлaу «Бас бармақ әдісі» арқылы жүргізіледі.


Топқа бөлу:Oқушылaрды жыл мезгілдеріне бaйлaнысты тoпқa бөлу (қыс, көктем, жаз, күз). Oқушылaр өздеріне ұнaйтын жыл мезгілдері бейнеленген кaртoчкаларды тaңдaйды.

Тапсырма:әр тoп өздeрiнiң aтaулaрымeн тaныстырaды. Келесі сұрақтарға жауап береді:

Сұрақ-жауап:

  • Осыларды бір сөзбен не дейміз?

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Әр жыл мезгілдеріне бацланысты өсімдіктерге қалай күтім жасаймыз?

(Сабақ мақсатын оқушылардың өздеріне оқыту.)







Планшет





















Жыл мезгілдері бейнеленген карточкалар





Сабақтың ортасы

30 минут

БК: Өсімдіктердің бойындағы маусымдық өзгерістерді сипаттайды;

ҰЖ:«Көрсетілім» тәсілі арқылы интербелсенді тақтадан алма ағашының маусымдық өзгеруі көрсетіледі(жаңа тұжырымды қалыптастыру, бақылау, зерттеу дағдылары, ынтымақтастық құндылықтарды дарыту).

Бақылау:Оқушылар суреттерге қарап бақылайды.


Зерттеуді жоспарлау:

  • Суреттен нені көріп отырсыңдар?

  • Алма ағашында қандай өзгерістер орын алды?

  • Алма ағашының басынан кешкен оқиғаларын топта талқыла.

Дереккөз жинау: Оқушылар алма ағашының қандай өзгеріске енгендігін анықтайды және басынан кешкен оқиғаларын топта талқылайды.

Нәтиже: Алма ағашының 4 жыл мезгілінде әртүрлі күйге енетіндігі көрсетілген. Көктемде бүршік жарады, жазда жеміс береді, күзде жапырақтары түсе бастаса, қыста жай ғана бұталарға айналады.

Топтар таныстырылымдарын постер арқылы қорғайды.

Дескриптор:

  • Өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін анықтайды;

Ынталандыру: «Тамаша! Жақсы зерттеу жүргіздің», «Жақсы әңгімеледің» сөз тіркестері арқылы мұғалімнің ауызша пікір білдіруі арқылы жүргізіледі.


Дәптермен жұмыс

ӨЖ: «Атауын көрсет» тәсілі

Тапсырма: Ағаштың сыртқы көрінісіне қарап жыл мезгілін анықта. Астына мезгіл атауын жазып, суреттерді боя.

Графикалық бағалау «Күлегештер» әдісі арқылы жүргізіледі.


Сергіту сәті


БК: Өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді

ТЖ: «Бірге ойлаймыз» әдісі (сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тарту, бақылау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мақсатында).Оқушылар суреттерге қарап бақылайды.

Зерттеуді жоспарлау:

  • Суреттерде жылдың қай мезгілі бейнеленген?

  • Адам бидайды әр жыл мезгілінде қалай өсіріп, баптайтыны туралы әңгімеле.

Дереккөз жинау:Оқушылар суреттердегі жыл мезгілдерін, бидайды қалай өсіріп, баптайтындығы туралы мәлімет жинайды және мәтін құрастырады.

Нәтиже:Бидай – астық тұқымдасына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді дақылдардың ішіндегі ең көп өсетін, ең басты дақылдардың бірі.

Күзде жақсы өрмек алу, асылдандыру, астықты құю үшін жағдай жасау маңызды. Қыста суықтың, қалыптасқан мұз қабатының және өсуге кедергі болатын басқа да кедергілерді еңсеру үшін шөпке көмектесу қажет. Көктемде өріс су жинамайтындығына көз жеткізу керек.

Топтар таныстырылымдарын қорғайды

Дескриптор:

  • Өсімдіктердің бойындағы маусымдық өзгерістерді анықтай отырып, күтім жасайды.

Ынталандыру: «Қамқорлық жасаудың маңызын жақсы түсініпсің», «Жақсы күтім жасайсың!» сөз тіркестері арқылы мұғалімнің ауызша пікір білдіруі жүргізіледі.


Деңгей бойынша саралау тапсырмасы

А) Суреттердегі жыл мезгілдері мен күтім жасаудың түрлерін ажыратып, топтастыр.


Дескриптор:

  • Жыл мезгілдері мен күтім жасаудың түрлерін ажыратады және топтастырады.

ҚБ: графикалық түрде «Бағдаршам» әлісі қолданылады.


Ә) «Семантикалық карта» әдісі қолданылады. Ағаштардың маусымдық өзгерістерін жыл мезгілдерімен байланыстыр және қорытындыла.

Ағаштар/ жыл мезгілдері

қыс

көктем

жаз

күз

+






+



+






+


Дескриптор:

  • Өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін жыл мезгілдерімен байланыстырады.


Б) Эссе (оқушылардың субъективті пікірі, көзқарасы мен ойын еркін түрде жазу мақсатында). Оқушылар «Өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызы» тақырыбында өз ойларын эссе арқылы білдіреді.

Дескриптор:

  • Өсімдіктің адам өмірі үшін қандай маңызыдылығы бар екендігін өз ойы арқылы жазып білідіреді.

Ынталандыру: «Тамаша! Өз ойыңды керемет білдіріпсің», «Өз ойыңды жақсы жеткізе біліпсің!».


ҰЖ. ҚБ тапсырмасы:«Элективті тест»(сұраққа жауап беру арқылы оқушылар өтілген тақырыпты бекіту мақсатында). Оқушыларға сұрақтар қойылады. Олар тыңдай отырып, дұрыс жауапты қолдарындағы қағаздарын көтереді. А варианты – қызыл түс, Ә варианты – көк түсті қағаз.

1. Бидай қай тұқымдасқа жатады?

А) астық тұқымдас;

Ә) бұршақ тұқымдас

2. Өсімдіктердің жыл мезгілдерінде өзгеріске түсуін қалай атаймыз?

А) айлық ерекшеліктер;

Ә) маусымдық ерекшеліктер.

Дескриптор:

  • Оқушылар тыңдай отырып, сұрақтың дұрыс жауабын көтереді.

Бағалау: графикалық бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы қолданылады.


Планшет





































Жұмыс дәптері
















Планшет





























Қима қағаздар



















Семантикалық карта













































Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Семантикалық карта», эссе, топтастыру арқылы қорытындыны оқушыларды қабілеті жоғары, орташа, төмен деп саралап алдым. Сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында деңгей бойынша саралау жұмысын жүргіземін. Берілген тапсырма бойынша жетекші сұрақтар қоя отырып, балалардың ойын ашық жеткізуге жағдай жасаймын.

Қалыптастырушы бағалау жүйесінде көбіне өзара бағалауды қолдандым. Бұл өздігінен білім алуына жол ашады.

«Күлегештер» әдісі арқылы бағалауды жүргіземін.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалауды жүргіземін.

Ынталандыру: «Қамқорлық жасаудың мағызын жақсы түсініпсің», «Жақсы күтім жасайсың!», «Тамаша! Жақсы зерттеу жүргіздің», «Жақсы әңгімеледің" сөз тіркестері арқылы мұғалімнің ауызша түрде пікір білдіруін қолдандым.

  • Класс бөлмесінің ауасының тазалығын сабақ алдында тексеріп аламын.

  • Интерактивті тақтамен жұмыс жасау ережесі, қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқушылар өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін біледі, оларға қамқорлық жасаудың маңызын түсінеді.

Осы сабақта негізделген оқу мақсаттарына негізделіп жасалды. «Ойлан, тап» әдісі арқылы жаңа тақырыпты болжайды. «Көрсетілім» тәсілі арқылы өсімдіктің маусымдық ерекшеліктерін анықтайды. Ұжымдық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін қадағалаймын. Тапсырмаларға дескрипторлар құрылды. Уақытты тиімді пайдаландым. Деңгей бойынша саралау жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Ұжымдық жұмыс

2: Топтық жұмыс

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Топтық жұмыс

2: Оқушылардың өз ойын ашық, нақты жеткізе алуы.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір оқушылар өзара бағалауда ашықтық таныта алмады. Оқушыларға сыни ойлау дағдыларын желтіруде шығармашылық тапсырмаларын көбірек қолдануым қажет.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Табиғатты танып біл!

Автор: Тыныштықова Жайнагүл Әлімжанқызы

Дата: 15.01.2020

Номер свидетельства: 535815

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Сыныптан тыс шара "Таби?атты танып,біл!""
    ["seo_title"] => string(33) "synyptantyssharatabigattytanypbil"
    ["file_id"] => string(6) "266278"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450116003"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Ашы? саба?. Та?ырыбы: "Таби?атты ?ылыми т?р?ыдан тану ?дістері""
    ["seo_title"] => string(53) "ashyksabaktakyrybytabigattygylymiturgydantanudistieri"
    ["file_id"] => string(6) "310836"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459100204"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Мектепке дейінгі жаста?ы баланы таби?атты ?ор?ау?а т?рбиелеу. "
    ["seo_title"] => string(73) "miektiepkie-dieiinghi-zhastag-y-balany-tabig-atty-k-org-aug-a-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "231676"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1442590705"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Саяхат сабақ «Табиғаттағы математика»"
    ["seo_title"] => string(40) "saiakhat_sabak_tabig_attag_y_matiematika"
    ["file_id"] => string(6) "411851"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493222834"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Таби?атты адам   ?алай зерделейді? "
    ["seo_title"] => string(36) "tabig-atty-adam-k-alai-zierdielieidi"
    ["file_id"] => string(6) "207215"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430375995"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства