kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі жаста?ы баланы таби?атты ?ор?ау?а т?рбиелеу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Таби?ат,сен-тіршілік т?нып т?р?ан,                                                                                                                     Сен-к?нсі?,к?терілген к?ліп ?ырдан,                                                                                                                          Сен-к?лсі?,Сен-ормансы?,Сен-б?лб?лсы?,                                                                                                             Адам?а с?лулы?ты шын ??тыр?ан.

Таби?атты ?ор?ау- бізді? парызымыз.Таби?атты? ?ажайып ?семдігін к?з алдына елестете отырып,?зі? бір керемет сезімге б?ленесі?.Таби?атты? бар ?семдігін,бар кереметін,оны? ?рбір ?серін с?збен де,жазумен де жеткізу о?ай емес.Оны? керемет к?рінісі жаны?ды тербетеді.Б?лттары аппа? ма?тадай,ш?птері жасыл кілемдей т?селген.Таби?атты танып білу,мектепке дейінгі жаста?ы баланы? бойында таби?атпен эстетикалы? ?арым-?атынас жасауды? базасын ??райтын экологиялы? т?рбиені? ма?ызы зор

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі жаста?ы баланы таби?атты ?ор?ау?а т?рбиелеу. »















































Мектепке дейінгі жастағы баланы табиғатты қорғауға тәрбиелеу.


Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебінің жанындағы шағын орталық тәрбиешісі:Гильманова Маншук Сарсенғалиқызы


Табиғат,сен-тіршілік тұнып тұрған, Сен-күнсің,көтерілген күліп қырдан, Сен-көлсің,Сен-ормансың,Сен-бұлбұлсың, Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Садырбек Хангелдин

Табиғатты қорғау- біздің парызымыз.Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып,өзің бір керемет сезімге бөленесің.Табиғаттың бар әсемдігін,бар кереметін,оның әрбір әсерін сөзбен де,жазумен де жеткізу оңай емес.Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді.Бұлттары аппақ мақтадай,шөптері жасыл кілемдей төселген.Табиғатты танып білу,мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиенің маңызы зор.Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгі барлық адамзат табиғатты аялап,құрметтеп,қамқорлық жасап өмір сүруді адамшылық міндетім деп түсіну үшін барша жұрттың экологиялық білімі жоғары болуы тиіс.Сонда ғана табиғатты аялап,қамқорлық жасап,қорғау арқылы табиғат байлықтарын дұрыс пайдалана алады. Экология деген ұғымда «табиғат» және «тану»деген мағынада түсінген жөн.Балабақшадаға айналаны қоршаған табиғат жағдайындағы,ұғымды қабылдап танысу,серуенге шыққанда табиғаттың құбылысын бақылап зерттеп білу,табиғи байлықтарды қалай пайдалану жолдары түсіндіріледіТабиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың күн сәулесінің нұрын,судың сылдырын,жапырақ сыбдырын,құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.Табиғат бізді қоршаған орта.Адам табиғатсыз өмір сүре алмайдыалықтық тәрбие тағылымындағы асыл мұралардың бірі –табиғатқа үлкен құрмет,зор ілтипатпен қарауы,сондай-ақ,оны көздің қарашығындай сақтап жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер,ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде.Үлкендердің балаларға «көкті жұлма», «құсты атпа», «су анасы-бұлақ», «судың да сұрауы бар»деген сөздерінде мағынасы терең,ауқымы кең философиялық терең ой,тәлім-тәрбиелік бастау жатыр.

Табиғат әсемдігін көріп,сезіне білу балалардың өмір тәжірибесін байытып,олардың эстетикалық талғамын дамытады.Бала сәби шақтан бастап-ақ халықтың бай мұрасын бойына сіңіріп өссе,табиғаттың сұлулығын қадірлеуге ,қорғауға,сақтауға ынтасы зор болатыны белгілі.Бүгінгі күні адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі-өзімізді қоршаған табиғи ортадағы жан-жануар,өсімдік,өзен-су,ауа және орман тоғайларды қолдан келгенше табиғи күйінде сақтап,болашақ ұрпаққа қаз-қалпында қалдыра білу болып табылады.Туған жеріміздің табиғатына жанашырлық жасап аялау және қорғау барлығымыздың міндетіміз,келешек ұрпақ алдындағы парызымыз.Балалар күнделікті табиғатпен және неше түрлі жаңалықтармен кездеседі.Сондықтан балаларға табиғаттың сұлулығын,жаңалығын түсініп,жан –дүниесімен қабылдап және табиғатты сүйіп қорғауды үйрету-әрбір тәрбиешінің басты міндеті болып табылады.

Қазақстаның қай жерлерінде де орман көп.Орманға барған кезде экологиялық ережелерді сақтау қажет.Орманда айқайлауға,қалдықтарды тастауға,от жағуға,құстар мен аңдарды үркітуге болмайды.Жабайы аңдар далада, орманда және таулы жерлерде мекен етеді. Адамдар көбінесе кейде түсінбей,кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан,оған қалай болса солай қарайды.Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер,су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер,ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер-осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар құруына әкеп соғады.Қаскерлердің қолынан қаншасы қырылып жатыр.Сондықтан біз өз табиғатымызды ерекше күтуіміз қажет.Балалардың бойын тәрбиеші осыларды ұғындыру қажет.

Бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн ана, жер ана, ауа және су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмасы тіршілік тоқтайды.

Күн – барлық тіршіліктің қүдіретті тірегі. Оның нұры – сәулесі, құдіретті күші – от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп адам өмірін өркендетіп тұр. Отты халық қастерлеп, «отты баспа», «отпен ойнама», «отқа түкірме» деп ырым, тиым жасап, кесір – қырсықты отпен аластап, отқа табынған.

Халық жер ананы әулие тұтады. «Батпағанға – жер жомарт», «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік» деп жер ананы аялайды.

Жер – жаһандағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет – су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ» дейді. «Судыңда сұрауы бар» деп суды ысырап жасамау керектігін өз ұрпақтарына ескертіп отырған.

Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе – ауа. «Ауа - өмір тынысы» дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені «ауадай қажет» деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.

Туған жер - әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені. Туған жердің барлық табиғи қадір – қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойына тарайды.

Туған жердің тағдыры біздің ата – бабамызды ерекше толғандырған. Олар өз ұрпақтарына осыншама кең алқапты алақанымен аялап, анталаған ата жаулардан аман алып қалған.

Атамекен – жанға жылы саябақ

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау

Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың -

Туған жердің табиғатын аялау

Біздің ата – бабаларымыз бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл еккен. Әрбір ұрпақ үшін ата – бабаның туған жер табиғатын қорғау дәстүрі - әрі өнеге, әрі асыл мұра. Экология – мекен еткен табиғи орта туралы ұғым. Адам баласы ерте кезден өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауланың, көшенің тазалығына көңіл бөлген. Адамдар әрқашан табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын өз қажетіне жұмсаған. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау – міндетіміз. Табиғат таза болса, біздің денсаулығымыз зор болады.Біздің қоршаған ортаныың әрбір кереметін балаларға жеткізіп,олардың санасындағы алуан түрлі ойларын,қиялдарын оятып және одан әрі тәрбиелеу қажет.

Табиғат –сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі,ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады.Ол қаншама рухани байлық,қаншалықты жан дүниені тазартатын жағымды әсер беретінін айтпаса да түсінікті.Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып,табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы,өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі жайлы түсініктерін қалыптастыру ісі жалғастырылады .Сондай-ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы байланысты анықтауға ,табиғат әдемілігін сезініп,сүйе білуге,өсімдіктер мен жануарларға қамқорлықпен сүйе білуге ,өсімдіктер мен жануарларға қамқорлықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Мысалы:гүлдерді баспай айналып өту,кесілген және уақытша жұлынып алынған өсімдіктерді суға салып қою,құстардың және басқа да жануарлардың қасында өзін байсалды ұстау,тірі жәндіктерге қамқорлық жасау.Балаларды жанды –жансыз табиғатпен одан әрі таныстыра отырып,олардың құбылыстары жайындағы бастапқы нақты ұғымдарды қалыптастырады.Ағашты бей берекет кесуге,жылдың құрғақ кезінде от жағуға тыйым салынуы,көктемдежәне жазда балапан шығарар кезде құстарды аулауға тыйым салынуы,жабайы аңдарды қыста қосымша азықтандыру арқылы табиғатты қорғау жүзеге асырылатыны айтылады.Қазақ халқының педагогикасындағы асыл мұраның бірі табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті,қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адам баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдылық та,тәрбиелік те мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлу ерекше қажет.

Табиғат-тіршілік-көзі.Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады.Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру,тіршілік ету мүмкін емес еді.Жыл мезгілдерінің өзгеруі де,табиғатты одан әрі әсерлейді.Әр жыл мезгілі әр қилы.Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды.Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?!Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердіңиісі мұрын жарады.Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады.Аспаннан күннің көзі түскенде,жердің жүзі қуана қыбырлайды.Көлдер қойнын ашса,қаңқылдап оған құстар қонар.Табиғат жайлы өнегелі сөздер,мақалдар мен өлең-шумақтарында жырлаған ақындарымыз көп.Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген.Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа,яғни бізге қалдырып отыр.Біздің әрбір басқан қадамымыз,әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан,оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз.Бірақ,адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер беруде.Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.Үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап,құрмет тұту қажет.Оның бізге қаншалықты қажетекені баршамызға мәлім.

Таза болса табиғат- Аман болар адамзат,-деп ақынымыз

Фариза Оңғарсынова айтқандай,қоршаған ортаның,табиғаттың неғұрлым таза болуы-адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі.Яғни,адамдардың амандығы,көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта,күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланыста.Сондықтан да табиғаттқа немкетті қарау,онымен санаспау-ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Барша байлықтың анасы – Жер.Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп, гүлдендіре білу өз қолымызда деп Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге,ең ұлы қамқоршысы да екенін естен шығармауымыз керек.








Қолданылған әдебиеттер:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл
2. Журнал «Балабақша» 2010 жыл
3. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 жыл 4.Ядышко В.И., Сохин Ф.А.  Мектепке дейінгі педагогика. А.: «Мектеп», 1982. 5.«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.- Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2006.

6.Журнал «Бала тәрбиесі» 2013 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мектепке дейінгі жаста?ы баланы таби?атты ?ор?ау?а т?рбиелеу.

Автор: Гильманова Маншук Сарсенгалиевна

Дата: 18.09.2015

Номер свидетельства: 231676


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства