kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғи жарық көздері 1сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен бастауыш сынып МҰҒАЛІМІМІН. Сонымен қатар биология пәнәнің де дипломым бар. Сабақ беру барысында көптеген кедергілерге кездесіп жатамын. КЕйде оқушылардың психикалық жағдайын түсінбей жатсам кейде оқу материалдарымен басым қатып жатады. Бір сөзбен айтқанда мұғалім болу оңай емес. Мұғалімдер сайты өте көмектеседі. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып білген-түйгендерімізбен бөлісе жүрейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғи жарық көздері 1сынып»

Жаратылыстану

Бекітемін:

Сабақ тақырыбы:

Жарық. Табиғи жарық көздері дегеніміз не?

Күні :


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

СЫНЫП: 1-сынып

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;


Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

Тәуліктің күндізгі және түнгі уақыттарын көрсе­­тетін cюжетті суреттер.

Күтілетін нәтижелер:

әртүрлі жарық көздерінің жарық шығаратынын біледі

табиғи жарық көздерін негізгі белгілер арқылы ажыратады;

күн сәулесінің барлық тірі ағзалар үшін қажет екенін біледі

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Табиғи және жасанды жарық көздері тақырыбына қатысты сөздер мен терминдерді біледі және қолданады:

Табиғи; Жасанды; Жарық; Қараңғы.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,өзін тану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуі тиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс.


І. Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

Ойын «Кім тапқыр?»

Оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Оқушылар шешуін табады.

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі)
  

Қараңғыда жымыңдай жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады  (Жұлдыз)


Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. /Күн/


Қызыл күлше тау асады,

Ыстық нұрын шашады. /Күн/

Кейде орта, кейде толы бір тегене,

Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,

Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,

Балалар, ойлап қара, бұл немене? /Ай/

Су ішінде екі жайын,

Бірі кетсе, бірі дайын./Ай мен күн/


Сығырайып қарады,

Аласарып барады.

Жан-жаққа жарық шашады.

Майы тамшы боп ағады. /Майшам/.



Жарығы күндей,
Таңқалдырар адамды,
Жалындап күймей
,

Төбеде жанып тұрады. /Электр жарығы/

-Балалар, жұмбақтардың шешуі не болды?

Жарық көздері екіге бөлінеді.

Олар Табиғи және жасанды жарық көздері.

-Балалар, біздің кабинетімізде қандай жарық көздері бар?

-Олар жарық көздерінің қай түріне жатады? Неліктен?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

«Жарық қайдан пайда болады?»

-Суреттерге назар аударыңдаршы. Бұл не?

-Бұлардың ортақ қасиетін анықтаңдар.

/оқушылардың жауаптарын тыңдау

Жарық табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Жарық майда бөлшектер ағыны әрі электромагнитті толқын болып табылады.Ай жарығы күн сәулесінің шағылуынан пайда болады.

Күн — қызған газды шар. Күн сәулесіне тура қарауға болмайды.

Жарық — қараңғы” деген ойын өткізу керек. Рет-ретімен тәуліктің күндізгі және түнгі суреттерін көрсету. Oқушылар күнделікті тәжі­рибелеріне­ сүйене отырып, әр уақыттағы адамның­ іс-әрекетін көрсетеді.

-“Неліктен адам қараңғыға қарағанда жарықта тым белсенді болады?”

Оқушылар “жарықта айнала жақсы көрінеді” деген қорытындыға келуі керек. Адам мен жан-жануар­лардың табиғатпен қарым-қатынасын қараңғылық шектейді.

Қараңғыда кейбір тіршілік иелері белсенді өмір сүреді, олардың есту, көру және сезу қабілеттері өте жақсы дамыған. Кейбір адамдар өз мамандығы бойынша (дәрігер, өртсөндіруші, полиция, зауыт және фабрикадағы кешкі кезектегі жұмыскерлер) түнгі уақытта жұмыс істеп, күндізгі уақытта ұйықтап, демалады. Түнгі кезекте жұмыс істейтін мамандық иелеріне назар аударыңыздар.

Оқулықпен жұмыс.

Дүниежүзі бойынша 19 сәуірде Бәйшешек күні атап өтіледі. Бәйшешек гүлі — шуақты күннің бастал­ғанының белгісі. Күндіз жылы және жарық болған кезде гүлдер күлтелерін ашады, ал түнгі уақытта түйіршіктеніп жабылады.

Бәйшешек туралы аңыз

“Ертеде бір Қыс есімді әже өзінің Аяз және Жел деген қызметшілерімен жер бетіне Көктемді келтіргісі келмейді. Бірақ батыл Бәйшешек бой түзеп, жапырақтарын жазып, Күннен көмек сұрайды. Күн ержүрек Бәйшешекті көріп, жер бетіне күн шуағын шашып, Көктемге жол ашады”.


- Ай жарығының Күн жарығынан айырмашылығы­ қандай?­

- “Егер қажет болса, Күннің жарығын қосып немесе сөндіре аламыз ба?”Оқу­шылар табиғи жарық көздеріне адамдардың әсер ете алмайтынын түсінуі керек.

Адамдар, жануарлар және өсімдіктер күндізгі уақытта белсенді тіршілік етеді. Адамдар оқиды, жұмыс істейді, спортпен шұғылданады, белсенді демалады және бір-бірімен араласады. Өсімдіктер өседі, гүлдейді және жеміс береді. Үй жануарлары мен аңдар ойнайды, аунайды.

Ойлан!

-“Дүниежүзінде жарық жоқ деп елестетіңіз. Не болады?”.

Мысалы, “Жерде …(жарықсыз) өмір сүру мүмкін емес. Ай және Күн — … (табиғи) жарық көзі”.

Сабақтың соңы

Дәптермен жұмыс

Қай сурет артық және неге артық ?

Жауабы:Ай, Күн, жұлдыз, найзағай — табиғи жарық көздері. Артығы — түйе. Себебі ол жануар, жарық көзі емес.

Рефлексия:

-Не білдім?

-Не қызықты болды?

-Қандай қиындықтар кездесті?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Жасанды жарық көздерін анықтауда қиналған оқуыларға жеке қолдау көрсету.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

күнделікті өмірде қолданатын жарық көздерін анықтайды

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сергіту сәттерін ұйымдастыру


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Табиғи жарық көздері 1сынып

Автор: Тунгушбаева Дане Садуакасовна

Дата: 04.05.2017

Номер свидетельства: 413164

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Жары?.Жары? жылдамды?ы. Жары? к?здері. "
    ["seo_title"] => string(42) "zharyk-zharyk-zhyldamdyg-y-zharyk-kozdieri"
    ["file_id"] => string(6) "152890"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420914321"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Жары?. Жары? жылдамды?ы. Жары? к?здері. К?н-Ж?лдыз "
    ["seo_title"] => string(55) "zharyk-zharyk-zhyldamdyg-y-zharyk-kozdieri-kun-zhu-ldyz"
    ["file_id"] => string(6) "217010"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433217505"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жарық не үшін қажет?"
    ["seo_title"] => string(25) "zharyk_nie_ushin_k_azhiet"
    ["file_id"] => string(6) "462360"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521363585"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Саба? жоспары "Жары?ты? сынуы.Жары?ты? сыну за?дары" "
    ["seo_title"] => string(56) "sabak-zhospary-zharyk-tyn-synuy-zharyk-tyn-synu-zan-dary"
    ["file_id"] => string(6) "168584"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423247734"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Урок казахского языка в 5 классе "Табу" "
    ["seo_title"] => string(41) "urok-kazakhskogho-iazyka-v-5-klassie-tabu"
    ["file_id"] => string(6) "174343"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424108866"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства