Оптика ?ылымы, жары? к?зі, жары? таби?аты туралы к?з?арастар, жары?ты? вакуумда таралу жылдамды?ы, жары?ты? адам ?міріндегі ма?ызы туралы т?сінік беру.
Топпа бірлесіп ж?мыс жасау?а т?рбиелеу.
К?тілетін н?тиже
Жары?, жары? таби?аты туралы білетін болады.
Вакуумда таралу жылдамды?ы, адам ?міріндегі ма?ызы туралы біледі.
Просмотр содержимого документа
«Жары?. Жары? жылдамды?ы. Жары? к?здері. К?н-Ж?лдыз »
Аты-жөні: Мейрманова Құттыгүл Әмірханқызы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, ст. Сапақ
№69 орта мектебі
Тақырыбы: Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн-Жұлдыз
Пән мұғалімі: Мейрманова Қ
Жалпы мақсаты
Оптика ғылымы, жарық көзі, жарық табиғаты туралы көзқарастар, жарықтың вакуумда таралу жылдамдығы, жарықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
Топпа бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Жарық, жарық табиғаты туралы білетін болады.
Вакуумда таралу жылдамдығы, адам өміріндегі маңызы туралы біледі.
Күн сәуле шығару жайлы білетін болады.
Бірлесіп, жұптасып жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар
Жарық бөлшектерін фотон деп атайды.
Фотондар ағыны энергияны жарық көзінен жарықталатын денеге тасымалдайды.
Осы энергияны фотон энергиясы деп атайды.
Жарық жылдамдығы: с=3·108 м/с
1 а. б. (астрономиялық бірлік)≈1,5·108 км
Күннің сәуле шығаруының толық қуатын оның жарқырауы деп атайды.
Ол 3,8·1023 кВт-қа тең.
Күн көлемі Жер көлемінен 1300000 есе үлкен.
Күн шарының отраша тығыздығы 1410 кг/м3.
Күннің орташа температурасы 60000С
Ресурстар
Компьютер, таратпа материалдар, қаламсап, қағаз
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
3. Сергіту сәті (визминутакаға билету)
4. Топқа бөлу. Топ құрамын ауыстыру үшін сыныпқа Жарық пен Күннің суреттердің қиындыларын тарату, суретті құрастыру арқылы екі топқа бөлемін.
Мадақтау (жақсы, тамаша, жарайсың т.б) арқылы бағаланады.
ІІI. Жаңа сабақты меңгерту: (15 мин)
1.Оқулықпен жұмыс
2. «Стикерлер» әдісі
Оқушылар жаңа тақырыпты оқып, стикерлерге өз түсінгендерін жазып қалдырады.. Екі топтың стикерлерін алмастырып, бір-бірінің толықтырып, пікірлерін қорғайды.
1 минуттық эссе
Не білдім. Не түсініксіз болды.
ІҮ. 1 минуттық видео (табиғаттың жарық құбылыстары)
Ү. Топтық жұмыс (10 минут)
«Күн энергиясын қалай пайдаланамыз» тақырыбын ғаламтордан іздеп, тапқан мәтіндерін оқып өз түсінгендірін қағазға түсіріп, топтың атынан бір оқушы қорғайды.
ҮІ. Қорытындылау. Тест ( 3-минут)
1) Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың қай бөлімі қарастырады?
а) оптика в) механика с) электр тогы 2) Вакуумде жарық қандай жылдамдықпен таралады? а) с= 380 000 км/с в) с= 399 000 км/с с) с= 300 000 км/с 3) Жарық көздері неше топқа бөлінеді?
а) 5 в) 2 с) 4
4) Жарық қоңыздары, теледидар экраны, тамырдың шірінділері, судың терең қабатында жүзетін балықтар, т.б. сиретілген газ қай жарық көзіне жатады?
а) плазмалық в) люминесциялық с) дербес
5) Күн центрі неше қабаттарға бөлінеді?
а) 6 в) 9 с) 4
ҮІІ. Сөйлемді толықтыр. ( 5 минут)
Бір оқушыны тақтаға шығарамын, сіздің сыныптастарыңыз материалды қаншалықты меңгергендігіңізге наразылық білдіру үшін сізге бірқатар сұрақтар қояды.
ҮІІІ. Бүгінгі сабақтан алған әсері туралы оқушылардан кері байланыс алу. 3минут