kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сын тұрғысынан ойлау арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

СТО  арқылы бастауыш сынып оқушыларының ой өрісі  сөйлеу  қабілеті кеңінен дамып,басекеге  бейімделіп  шығармашыл ізденімпаз болуға жетелейді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сын тұрғысынан ойлау арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту»

Сын тұрғысынан ойлау арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру

Балтабаева Алмагүл Нұржанқызы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Бәйтерек орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі



Қазіргі заман талабы еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, өз ойын ашық жеткізіп, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау әр ұстаздың міндеті.Сондықтан баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға тәрбиелеу керек,себебі білім негізі бастауыштан басталады. Шығармашылық- адамның өзін-өзі тануы, ізденуі.Шығармашылыққа жол ашатын,баланың ойлауы,бақылауы,пайымдап тұжырым жасай алуына кеңінен қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Білім беру саласында алғашқы «Сын тұрғысынан ойлауға» зерттеу жүргізген Джон Дьюи болды.Ол білім бағдарламасында сын тұрғысынан ойлау тек оқушылар үшін ғана емес қоғам үшін де пайдалы екенін айтты.Сын тұрғысынан ойлау бақылау,тәжірибеден өткізіп,толғанып пайымдау нәтижесінде алған ақпаратын терең ұғынып,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс. Сын тұрғысынан ойлау көбінесі бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс- әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
Қазіргі таңда ұстаздар өз білімдерін жетілдіру курстарына барып алдында отырған шәкірттеріне саналы да сапалы білім беруге күш жігерлерін жұмсап жатыр.Сол көштен қалмай мен де өз білімімді «Педагогикалық Қоғамдастықтағы Мұғалім Көшбасшылығы» Қазақстан Республикалық Педагог Қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын тамамдап,алған білім нәрімді болашақ азаматтарымыз алдымдағы шәкірттеріме үйрету жолында еңбек етіп келемін.Өз іс тәжірибеме «Сын тұрғысынан ойлау » модулін қолданғанда шәкірттерімнің өздерін қандай қырларынан көрсеткені туралы тоқталғым келеді.Жеткен жетістігім бірден бола қойған жоқ.Күнделікті сабақта оқушыларға ойлай білуге үйрететін әр пәнде әр түрлі баланы қызықтыра білетін, өзара бәсекелестікке бағыттап,бірақ бір-бірінің пікірін тыңдауға,ойларын қорықпай еркін жеткізе алатын материалдарды қарастырып отырдым. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдап, иә балалар бұл Азаматтың пікірі, ал басқа оқушылар не айтар екен?- деп
кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
Оқушылардың бір - бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап еттім.Бір-бірін сабақ сонынан келемеждеп,талантты балалардың өз мүмкіндіктерін пайдаланып басымшылық көрсетпеуіне ықпал еттім.Себебі сонда ғана олар бірін-бір бағалап тепе-теңдікті сақтауға үйренеді.Әр оқушы көпшілік алдында сөйлеуге,қателік жасап оны өзі немесе басқалардың пікірін тыңдағанда түзетуге бейімделетінін байқадым.Сабақ үстінде сыныптасының айтып жатқан ақпаратын мұқият тыңдап,алып - қосатын пікірлерін ортаға салып бас бармақ,екі жұлдыз бір тілек айтып отырды.Бұл дегеніміз өзінің де өзгенің де пікірін,ойлау қабілетін бағалауы. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылар осыған байланысты: сенімділікпен жұмыс жасай алады;
бар ынтасымен оқуға беріледі;
пікірлерді тыңдайды және құрметтейді;
өз пікірін ашық білдіре алады;Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру және дамыту үшін, біз мұғалімдер:
-Сын тұрғысынан ойлай білсек,оқушыларға дұрыс сұрақ қоя білуіміз керек.
Оларды ойландыра білуі керек. Мұнда басты назар аударатын мәселе-оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өз ара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрінде көрініс табуын талап ету. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Сонда үлкен жетістікке жетеміз. Мәтінмен жұмыс жасағанда ең басты негізгі айтылайын деп тұрған ақпаратты табуға тырысты, қалай ойлайсыңдар осы мәтіннің аяқталуын басқаша өзгертсек немесе сен осы кейіпкер орнында болсаң не істер едіңдер? Әлде суретпен бейнелеп жеткізіп көрейікші балалар, ертегі желісіне салып көрейік қызықты болсын деген сияқты түрлендірдім. Бір-біріне ұқсамайтын сабақтың мазмұнын ашуда балалар алдына жан салмай пікірлесіп қызығып жұмыс жасайды. Кейбір мәтінді:

-Салыстырады, бөліктерге бөледі.

-Өлең, мақалдар құрастырады

-Кейіпкерге мінездеме береді

-Образға кіреді,рөлге бөлінеді

Әңгімедегі кейіпкерлердің орнына өздерін қойып, жансыз заттарға жан бітіріп, жануарлардың орнына өздерін қойып,сөйлетуге үйрету.Оқушылардың ізденімпаздықпен жұмыс істей білуі, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдану, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге ұмтылу, оқушылардың дербестігін қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады. Шығармашылық дербестік өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен- өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезінде шығармашылық тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады. Шығармашылық оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыдан басшылық жасау нәтижесінде туындайды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сын тұрғысынан ойлау арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту

Автор: Балтабаева Алмагуль Нуржановна

Дата: 27.09.2017

Номер свидетельства: 429883

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Баяндама:    Ойын ар?ылы бастауыш сынып о?ушыларыны? ойлау ?абілетін дамыту."
    ["seo_title"] => string(78) "baiandama-oiyn-ark-yly-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-oilau-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "254669"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447784570"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "О?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту "
    ["seo_title"] => string(39) "ok-ushylardyn-shyg-armashylyg-yn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "227150"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1440612210"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) ""Бастауыш сынып о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру жолдары" атты баяндама"
    ["seo_title"] => string(86) "bastauyshsynypokushylarynynfunktsionaldyksauattylygynkalyptastyruzholdaryattybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "278301"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453051896"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(190) "Баяндама "Бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы жаңа технологияның білім сапасын көтерудегі тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_bastauysh_synypta_p_ndierdi_ok_ytudag_y_zhan_a_tiekhnologhiianyn_bilim"
    ["file_id"] => string(6) "443954"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1513104708"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Сын т?р?ысынан ойлау дегеніміз не? "
    ["seo_title"] => string(37) "syn-t-r-ysynan-oilau-dieghienimiz-nie"
    ["file_id"] => string(6) "104914"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1402769262"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства